1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №40 (15706) 22 мамыр, сейсенбі 2012
ҮЛБI ЗАУЫТЫНАН ЯДРОЛЫҚ ОТЫН БАНКI АШЫЛАТЫН БОЛДЫ
Қазақ жерiнен Ядролық отын банкi ашылатынына бәрiнен бұрын “Қаз­атом­өнер­кәсiптiң” басшысы Владимир Школьник мәз. Оның несiне мәз боп жүргенi өзiне аян. “Қазақстан екi нысанды ұсынды: бұл материалмен (уранмен – ред.) 50 жылдан астам уақыттан берi айналысып келе жатқан Үлбi зауыты және № 5 алаң – бұрын ядролық қару сақталған Семей полигоны. Сарапшылар екi нысанды да зерттеп, әрине, Үлбi зауытын қош көрдi. Неге дейсiз бе? Алпыс жыл­ға жуық уақыттан берi үлбiлiктер осы материалмен жұмыс iстеп келедi. Осы уақыт iшiнде Үлбi зауыты Кеңес одағы мен Шығыс Еуропадағы атом станцияларына шамамен 1200 тонна отын дайындап бердi.
19 мамыр күнi Алматыда Ресей мен Қазақстанның бiрқатар құқық қорғаушылары мен қоғамдық ұйым өкiлдерi бас қосты. Ресейден келген қонақтардың қатарында мемлекет­тiк думаның депутаты Илья Пономарев, құқық қорғаушы Лев Пономарев, коммунистiк-жұмысшылар партиясының өкiлi Александр Батов болды. Қазақстандық белсен­дiлер тобын белгiлi құқық қорғаушы Евгений Жовтис бастады. Сондай-ақ басқа да бiрқатар танымал азаматтар адам құқығын талқыға салды. Сот органдарының, телеарналардың және тағы сол сияқты басқа да органдардың тәуелдi екенiн айт­қан Е.Жовтис, мұның бәрi ре­жимнiң әрекетiмен тiкелей қатысты дедi.
Темiртаулық болат құюшылар мен шахтерлердiң жалақыға қатысты дауы шегiне жеттi. “АрселорМиттал” компаниясының қожайыны мен оның жандайшаптары еңбек ұжымдары мен кәсiподақ бел­сен­дiлерiнiң орынды талаптарына осқыра қарап, құлағына қыстыратын емес. Кәсiподақ еңбекке ақы төлеу жөнiндегi мәселенi бейбiт жолмен реттеудiң барлық мүмкiн­дiк­терiн қарастырып баққанымен, Темiртаудағы текетi­рестiң түйiнi таяу уақытта шешi­ле­тiн түрi жоқ. Жалақының “жыры” жетi айдан асып барады. Былтыр 8 қазанда “АрселорМиттал­Темiр­тау” АҚ ең­бек ұжымдарының кәсiподақ конференциясында тарифтiк ставкалар мен лауазымдық кесiмдi жалақыны 2011 жылғы 1 қазаннан бастап 30 пайызға көтеру

Жуырда, дәлiрек айтсақ, 11 мамыр күнi Павлодар облысындағы Қашыр ауданының орталығы Тереңкөл ауылында жергiлiктi шешен-ингуш жастары мен қазақ жастарының арасында болған қақтығыста 23 жасар Дархан Мұқажанов атты тағы бiр жас боздақ оққа ұшты. Бұл оқиғадан республика жұртшылығы құлағдар болғанымен, кейбiр орыстiлдi басылымдар болған жайды бiр жақты ғана баяндап, жанжалға қазақ жастары кiнәлi деген көзқарас бiлдiрiп жатқасын, оқиғаның анық-қанығын бiлмек үшiн Тереңкөлге барып қайттық. Қайғы басып, қара жамылған шаңырақта “аһ” ұрып отырған ана мен кiмге сөзiн өткiзерiн бiлмей, амалы таусылған әкеге кiрiп, көңiл айтып, дұға қайырдық. Көкiректерiн жас жуған екi бiрдей кейуана – Дарханның екi әжесi де осында екен.

Кеше Шетпе оқиғасы бойынша айыпталып жатқан 12 аза­мат­қа қатысты сот үкiмi шықты. Тәуелсiз қоғамдық комиссия мүшесi Рысбек Сәрсенбайұлының хабарлауынша, судья Бер­дiбек Мырзабеков айыпталушылар Қасым Ермұханұлы, Бекберген Жылқышиев, Дүй­сен­бек Сәдiғұлов, Асылбек Төлеев, Есенқос Дұрысбаев, Жұмабек Мырзатаев, Ержан Мәмбетов және Асан Әдиевке екi жылға бас бостандығынан айыру жазасын кестi. Бiрақ Қазақстан тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына байланысты қабылданған рақымшылық заңына сәйкес бұл азаматтар сот залында босатылды. 

Өткен аптада Германияның беделдi Der Spiegel басылымы “Террористiк айып – Гете лауреатына қатер төндiруде” деген тақырыпта мақала жариялады. Қазақтың белгiлi режиссерi, қоғам қайраткерi Болат Атабаев­тың үстiнен қозғалған қылмыстық iске алаңдаушылық бiлдiрген журнал, “Авторитарлы президент Назарбаев оған қарсы “террористiк” айып тағуға жол беруде” деп жазады. Б.Атабаевтың ержүректiлiгi мен батылдығына ерекше тоқталған немiс басылымы оның өткiр әрi ашық сөздерi мемлекеттiк билiк үшiн аса қауiптi екенiн айрықша атап өтiптi.

Мамырдың 17-сi күнi “guljan.org” сайтында Жаңаөзен оқиғасы бойынша құрылған Тәуелсiз қоғамдық комиссия өкiлдерi Гүлжан Ерғалиева, Рысбек Сәрсенбайұлы, Болат Әбiлев және Әмiржан Қосанов Ақтаудағы сотқа қатысты бiрқатар сұрақтарға жауап бердi. Осы онлайн-конференцияның жазбаша нұсқасын ықшамдап, оқырман назарына ұсынып отырмыз. Гүлжан Ерғалиева: “Жалпы, ереуiл басталған алғашқы кезде-ақ шиеленiстiң алдын алып, қанды оқиғаға жол бермеуге болар ма едi, қалай ойлайсыздар?” деген сұрағына Болат Әбiлев: “Кез келген шиеленiстi келiссөздер арқылы, бейбiт түрде шешуге болады. Жаңаөзенде 2006, 2007, 2008, 2010 жылдары мұнайшылардың жалақыны көтеру
«КЕМЕҢГЕРКЕҢЕСШТОНИГЕ КҮНIНЕ 5 МЛН. 300 МЫҢ ТЕҢГЕ ТӨЛЕЙДI
Соңғы кезде зиялы қауым өткiр сынның өтiнде қалды. Өмiрдегi, қоғамдағы, тiптi үл­кендi-кiшiлi одақ, ұжым... атау­лыдағы оң-терiс iс-қимылдың бәрiн дерлiк бастайтындар оқыған-тоқығаны бар көзi ашық, көкiрегi ояулар, яғни зия­лылар болған соң, жұртшылықтың аңсары соларға ауып, небiр қиын-түйiн мәселенiң шешiмiн солардан күтуге дағдыланған. Зиялы қауымның ол сенiмдi қашанда ақтап келгенi де аян. Тым арыдан тартпай, жан-жақтан iздемей, шәкiрт шағымдағы ортадан-ақ мысал келтiрсем: бiздiң “Қызыл ту” атты колхоздың (ұжымшардың) орталығы “Тоқсанбай ауылында” сутасушыдан бастыққа дейiнгi жас-кәрi ерекше iлти­патпен құрметтейтiн бiр кiсi болды.
Айша Оразбай президент Назарбаевтың анасы атындағы “Әлжан Ана медресесiн” салу үшiн премьер-министр­ден жәрдем сұрады. 2002 жылы өткен дүниежүзi қазақтары құрылтайынан “Назарбаевтың рухани әйелi” болып оралғанын айтқан Айша Оразбай: “Өзге еркек шабуыл жасамас үшiн Әбiшкелiнi аталдым. Президент менi қорғады” дейдi. Астанадағы “Айша” қоғамдық қо­рының жетекшiсi, өзiн “Айша қа­жы Әбiшкелiнi” деп атайтын Айша Оразбай 2012 жылы наурызда премьер Кәрiм Мәсiмов­тiң блогына: “Елбасымыз Нұрсұл­танның анасы Әлжан Ана медресе­сiн аяқтауға көмек сұраймыз” деп жазыпты. Азаттық тiлшiсiне сұх­бат берген Айша Оразбай Мәсiмовтен қолдау болмағанын айтып:
Өскемен қалалық сотында “Мұстафа Шоқай жолымен” деп аталатын деректi фильмнiң авторы әрi режиссерi Қасымхан Бегмановтың өскемендiк журналистерге қарсы түсiрген талап-арызы бойынша шешiм шықты. Адвокаттың сөзiне қарағанда, судья “мақаладағы терiс пiкiр - фильмнiң авторына емес, кейiпкерiне қатысты” екенiн айтып, Бегмановтың арызын қанағаттандырмаған. Сотқа себеп болған – фильм авторы Қасымхан Бегмановтың “Flash!” га­зетi бас редакторы Денис Данилевский мен журналисi Сергей Михеевке байланысты жазылған арызы. 
Алла адам етiп жаратқан соң, сезiм, түйсiк берген соң, амалсыз арагiдiк от басы, ошақ қасынан биiгiрек тұрған “қоғам”, “мемлекет”, “ел” деген мәселелерге ой жүгiртесiң. Ой жүгiртесiң де “Қойшы, бүлiнiп жатқан дүниеге ер-азаматтардың ақылы жетпей жатқанда мен кiммiн?! Алдыңдағы бала-шағаң мен артылса шығармашылығыңмен айналыс” деп өзiңдi де, ойыңды да тежейсiң... Өзiм еш партияда жоқпын, сонымен қатар оппозицияға да қатысым жоқ. Әйел болған соң ба, әлде жасықтық па, “оппозиция” деген сөз мен үшiн үрей тудырады. Кезiнде Дариға қызымыз “Асар” деген партия құра бастағанда
ТҰЛҒА
Бұдан бiрнеше ғасыр бұрын Бұхарада аты әлемге әйгiлi Әбу Әли Хусейн ибн Абдолла ибн Сина атты ғалым өмiр сүрдi. Оны Еуропа елдерi Авиценна деген атпен таниды, ал Хорезм мен Нишапурға, Бұхара мен Самарқанға өз есiмiмен, яғни Әбу Әли Хусейн ибн Сина деген атпен танымал. Әбу Әли Хусейн өз заманында медицина, математика, физика, астрономия, логика, химия, биология, тiл, геология және тағы да басқа ғылымның көптеген салаларымен айналысты. Оның “Дәрiгерлiк ғылымның ережесi” (“Канона врачебной нау­ки”) деген кiтабы латын тiлiне аударылып, бес ғасыр бойы Еуропаның көптеген медициналық универ­ситетiнде осы кiтаптан студенттерге дәрiс оқылды.
Кәдуiлгi табиғат құбылысы – найзағайдың тылсым қасиеттерi бар екенiн бағзылар бұрыннан бiлген. Ежелгi грек мифологиясында найзағай Құдайдың құдiреттi қамшысы ретiнде суреттеледi. Одан берi сан ғасыр өтiп, адам баласы найзағайды “бағындырып”, жайтартқыш жасап шығарғанына қарамастан, бұл құбылыстың ашылмаған құпиясы әлi де көп. Найзағайдан өлген адам саны да жылдан‑жылға артып келедi. Жарқ‑жұрқ ойнаған найзағайдың адамды соғып кету ықтималдығы өте болмашы. Ол 2 миллионнан бiр жағдайда ғана адамға тиiп, жазым етуi мүмкiн. Ғылым әлi күнге дейiн керанография құбылысын түсiндiре алмай келедi.
Ғылым күннен-күнге қарыштап дамып жатыр. Медицина туралы да осылай деуге болады. Дегенмен ғасырлар бойы жинақталған бiлiм әлi күнге дейiн табиғаттың кейбiр қырларын, адам тағдырын түсiндiрiп беруге қауқарсыз. Сол­т­үс­тiк Африкада өмiр сүре­тiн Ханум бойжеткен жылаған кезде оның көзiнен жас тамшылары емес, бриллиант тастар ағады. Бiрақ қыздың болашағына алаңдаулы туыстары Ханум жайлы ақпаратты көзiнiң қарашығындай сақтап, ол туралы ешкiмге тiс жармауды құп көрiптi. Бала күнiнен еш қам жемей өскен қыз бой жеткенге дейiн бiрде-бiр рет жыламаған дейдi. Анасына асханада көмектесiп, пияз тураған сәтте Ханумның көзiнен күрiш дәнiндей қатты жас түсiптi.
ҰШҚЫШ ТАБАҚШАЛАР КҮНДI АЙНАЛСОҚТАП ЖҮР
Жақында NASA сайтында жарияланған бейнематериалдардың бiрiнен Күн ғаламшары маңында ұшып жүрген әлдебiр нысанның сұлбасы анық көрiнедi. Мұны байқаған ғаламтор қолданушылары лезде бұл бейнетүсiрiлiмдi YouТube сайтына салып жiбердi. Күн ғаламшарын айналсоқтап ұшып жүрген табақшаның суретiн SOHO (Solar and Heliospheric Observatory) күн обсерваториясы түсiрген. “Комсомольская правда” басылымы пiкiр сұраған сарапшылардың бiрi “белгiсiз нысан сандық камера матрицасы ақауының салдарынан суретке түсiп қалған болуы мүмкiн” деген пiкiр бiл­дiрiптi. Камераның бiрнеше пикселi iстен шыққандықтан, ұшқыш табақшаны суретке түсiп қалуы әбден ықтимал.
УЕФА Чемпиондар лигасының 2011-12 жылғы маусымы да мәресiне жеттi. Германияның Мюнхен қаласындағы “Альянс Арена” стадионында жергiлiктi “Бавария” лондондық “Челсимен” чемпиондық атаққа таласқан. Тартысты өткен ойын екi сағатқа созылды.  Көпшiлiк финалдық тартыс бас­талмас бұрын чемпиондық атақты мюнхендiк клубқа ұстатып қойған. Өйткенi “Бавария” клубы Чемпиондар лигасының финалына осымен тоғызыншы мәрте шықты. Төрт рет жеңiмпаз атанды. Осындай сыралғы клубтың финалға әупiрiммен жеткен “Челсидi” “шайнамай жұтатына” кәмiл сендi. 2008 жылы тарихта тұңғыш рет финалға шыққан лондондық клуб содан берi бұл биiкке беттей алмай келдi.
Өткен аптаның жексенбiсiнде футболдан ел чемпионатының 11-тур ойындары өттi. “Ақтөбе” өз алаңында “Атырауды” еңсердi. Ойын­дағы жалқы голды Хайруллин 56-минутта соқты. Қаскелеңнiң “Сұңқары” қарағандылық “Шахтерге” жол бердi. Финонченко 85-минутта есеп ашса, Көкеев ойынның негiзгi уақытына қосылған қосымша минутта пенальтиден гол тоғытып, есептi еселедi. Топ басындағы “Тобыл” 11-турда тұсалды. Тараз қаласында жергiлiктi клубқа қарсы шыққан қостанайлықтар Перичтiң 51-минутта соққан голына қарымта қайтара алмай, ұпайдан қағылды.
Қытайдың Циньхуандао қаласында бокстан қыздар арасында әлем чемпионаты аяқталды. Бiр аптаға созылған сайыстан елi­мiздiң ұлттық құрамасы да қанжығасын майлап қайтты. Олар 1 күмiс, 1 қола және Лондон олим­пиа­дасының 1 жолдамасын ие­лендi. Вадим Присяжнюк баптайтын құрамадан 48 келi салмақта Назым Қызайбай әлем чемпионатының қола медалiн иелендi. Назым жартылай финалда қытайлық боксшы қыз Сю Шигиден аса алмады. 81 келi салмақта Юлдыз Мамыатқұлова финалға дейiнгi қарсыластарын еңсерген, алайда әлем чемпионы атағы үшiн қытай қызы Ли Юнфейге 21:13 есебiмен есе жiберiп, күмiстi мiсе тұтты. 
ҚОЛАҒА ҚАРҒЫП ЖЕТТI
Қытайдың Шанхай қаласында өткен жеңiл атлетикадан “Гаухар лигасында” жерлесiмiз Марина Аитова қола жүлдегер атанды.  Марина биiкке қарғудағы алғашқы мүмкiндiгiнде 1,80 метрдi бағындырды. Екiншi­сiнде 1,84 метр биiктен шалқалай қарғыды. Соңғы сәтiнде 1,88 метрмен шектелдi. АҚШ-тың жеңiл атлетi Шанта Лав пен қытай қызы Хинчжан Ченг 1,92 метр биiктен ырғыған. Төрешi­лер америкалық атлеттiң өнерiн жоғары бағалап, алтын медаль Лавқа бұйырды, қытайлық атлет күмiспен күптелдi.