1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (15707) 24 мамыр, бейсенбі 2012
Бiр кездердегi жоны күдiрейген, мұрты жылтыраған Кәрiм Мәсiмов қазiр “кiм көрiнгеннен” таланып қалып жүр. Оның себебiн көпшiлiк Мәсiмов үкiметiнiң таяу күндерi отставкаға кететiнiмен байланыстырады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев та оған бұрынғыша араша түспейтiн болды. “Ләппай, тақсыр!” деп зырылдап жүрген “көмекшiнi” тым өлiмшi еткiзiп талатпайтыны да белгiлi. Дегенмен де “көмекшiден” “көкесiнiң” де көңiлi қала бастағандай. Жақында мәжiлiс депутаттары Мәсiмовтiң үкiметiн (Мәсiмовтi деп түсiнiңiз – С.Ж.) желкеден ала түстi. Орағытпай-ақ, турасын айтсақ, бюджет қаржысының жұмсалуына көңiлi толмаған мәжiлiсшiлер Мәсiмовтiң үкiметiн отставкаға жiберудi талап еттi.
Кiрдiк-ау ақыры! “Қайда кiрдiк?”, “Не үшiн кiрдiк?” деп таңданып отырған шығарсыз? Кiргенде былай ғой, бiрден атойлап қойып кеткен жоқпыз. Алдымен бас сұқтық, алды-артымызды аңдадық, кiм бар, кiм жоқ дегендей. Мына iргедегi өзбектер мен қырғыздардың жоқ екенiне көз жеттi әбден. Олардың көлеңкесi де көрiнбейдi. Оны айтасыз, әрi-берi iздеп, әншейiнде кеуде соғатын орыстарды да таппадық бұл елулiктен... Билiктегiлер ең биiк мiн­берден Құдайдың құтты күнi мезi етушi едi ғой жұртты, “елулiкке әне кiремiз, мiне кiремiз!” деп. Ал құтты болсын ендеше... бiр “елулiктi” еңсердiк – еттi ең көп жейтiн

 

Он жылдан аса әлемде халқының санына ешбiр ел жете алмайтын қаптаған қалың қытайдың абыройын қорғаған қазақтың қара баласы, елге келудi армандады. Қытай елiнiң қызыл паспортын ұстап жүрiп, екi жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. 2007 жылы Чикаода өткен әлем чемпионатында қола медаль еншiлеген ол арада бiр жыл өткенде Бейжiң олимпиадасының қола жүлдегерi атанды. Ханзулардың төрт жылда бiр рет өтетiн елiшiлiк спартакиадасы бар. Өздерi спарта­киа­даның дақпырты мен даңқын әлем чемпионаты мен Олим­пиа­да ойындарынан артық көредi. Мiне, Қанат сол дүбiрлi спартакиаданың алтын медалiн 2005 және 2009 жылы жеңiп алды.
Бес ай бойына Жаңаөзен туралы жазып келемiз. Ме­нiң­ше, алғашқы қорытындыларды шығаратын кез келдi. Олар неге кеп саяды? Алғашқысы – моральдық, керек десеңiз, адами сипатта. Дүниенi дүр сiлкiндiрген 16 желтоқсандағы мылтық дүмпуiнен кейiн ел iшiн емiн-еркiн кезiп келген бiр аңыздың күл-талқаны шықты! “Иә, билiктiң кемшiлiгi шаш етектен. Иә, оны өзгерту керек шығар. Бiрақ ол адамгершiлiктiң ала жiбiн аттамайды: ешқашанда өз халқына оқ атпайды!” – деп жүрген Ақорданың адвокаттарының аузына Маңғыстау өңiрiнiң кейде аспанға көтерiлiп, айналаны әлемтапырақ етiп жiбе­ретiн құмы құйылды! Бiрақ аңыздың ақыры кеп қалды деп, бетi қызарып, ақталып жатқан билiк жоқ!

Биыл – қазақтың қанын судай ағызған 37-нiң зұлматына 75 жыл. Ұлтымыздың бiртуар азаматтары мен тұтас халықтың арасындағы бас көтергенiн, ұлттық мәселелердi ту еткендердi, “көсемге” табынбағанды жайпап кеткен Сталиндiк зұлмат – ұлт үшiн үлкен қасiрет. Орны толмас қайғы. Тәуелсiздiк алып, өз қолымыз өз аузымызға жетсе де, бұл тарихи қасiреттiң бағасы толық берiлген жоқ. Осыдан 15 жыл бұрын президенттiң қаулысы бойынша 31 мамыр – саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi болып белгiленген. Сондай-ақ Алматы қаласының қақ ортасынан еске алу белгiсi ретiн­де ескерткiш тас орнатылды. Алайда ол да сол тас күйiнде қалды.

“Ақсарай” театрының көркемдiк жетекшiсi Болат Атабаев пен “Рух пен тiл” ұйымының белсендiсi Жанболат Мамайды ҰҚК 30 мамырда Жаңаөзен қаласына тергеуге шақыртты. Болат АТАБАЕВқа хабарлас­қанымызда, ол Жаңаөзенге не се­бептi шақыртылғанын түсiн­бейтiн болып шықты. Адвокатының туысы қайтыс болғандықтан, оның Жаңаөзенге бару-бармауы да екiталай екен. Шақырту қағазында “жауап алу” деп жазылыпты. Сондықтан тергеу амалдары шығар деп ойлаймын. Маған әлi айып тағылған жоқ. Қаулы бойынша олар айып тағуы керек. Бiрақ оны Алматыда да жасауға болады. Қысқасы, түсiнбей­мiн. Жоқ әлде 31 мамырда және 2 маусымда Алматыда өтетiн митин­гiлерге қатыстырғысы келмей, сөйтiп, Алматыдан аулақ кеткенiмдi қалай ма?
«Тенгриньюс» агенттiгiнiң 23 сәуiрдегi таратқан “Үкiмет оралмандарға арналған квотаны белгiлi мерзiмге дейiн тоқтатты... Үкiметтiң 2011 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен 2011-14 жылдары жыл сайын 10 мың отбасыға квота бөлiнетiн болған. Бiрақ үкiмет бұл қаулыны белгiлi бiр уақытқа дейiн қайтарып алды” деген хабары атамекенге жете алмай, алыста тарыдай шашырап, зарығып жүрген қандастарымыздың төбесiнен жай түсiрдi. Соңғы бес-алты жылдың көлемiнде қазақ көшiнiң қарқыны тым баяулап қалғаны баршаға аян. Тiптi тоқтап қалды десек те артық айт­қандық емес. Басқаны қой­ғанда, өткен жы­лы осы бөлiн­ген квотаның 36 пайызы ғана игерiлгенi – соның айғағы.
Еуропа парламентiнiң депутаты Пол Мерфи БҰҰ-ға «Жаңаөзенде тәртiпсiз­дiк ұйымдастырды» деп айып­талған адамдар мен куәлiк берген азаматтардың азапталғанын Қа­зақстан үкiметiне жеткiзуге көмек­тесуiн сұрап хат жазды. Еуропарламент депутаты Пол Мерфи БҰҰ-ның азаптау жөнiндегi арнайы өкiлi Хуан Мендеске мамырдың 21-i күнi жазған хатында 15 адамға қарсы жалған куәлiк беруден бас тартқан жаңаөзендiк айыпталушы Қайрат Едiловтi ұлттық қауiп­сiздiк комитетiнiң (ҰҚК) қызметкерлерi тұншықтырып, басына тапанша тақағанын, итке талататынын айтып қорқытқанын мысалға келтiредi.
Boxoffice агенттiгiнiң хабарлауынша, Саша Барон Коэннiң “Диктатор” фильмi бiр аптаның iшiнде Солтүстiк Америка аймағында 17 мил­лион 400 мың АҚШ долларын жинаған. Ал бұл картина қазiр Қазақстан кинотеатрларында күнiне 3-4 сеанстан көрсетiлiп жатыр. Прокатка шыққалы “Диктатор” “сұранысқа ие фильмдердiң” бестiгiне енген. Қазақстандықтар Саша Барон Коэндi “Борат” деген атпен жақсы бiледi. Оның жаңа комедиясындағы мемлекеттi авторитарлық тәсiлдер­мен билейтiн генерал Алладин – диктаторлардың жиынтық бейнесi. Фильмнен әлемге белгiлi автократ билеушiлер – Ливияның бұрын­ғы көсемi  – Муаммар Каддафи, Ирактың бұрынғы басшысы Саддам Хусейн, “Түрiкменбашы” – Сапармұрад Ниязов образын аңдауға болады.
АЛМАТЫҒА КIРГЕН IЗI БАР...
Осы бiр ат жақты, ашаң жүздi азаматты   “ Аспантаудың Естайы едi” деп, өткен шақпен айтайын десең, Естайдың бұл пәниден өткенiн көрген адам да, пәнилiк болғанын дәлел­дейтiн айғақта таба алмайсың. Өз қо­лымен қойып, көңiлдерiн   суыта алмаған өксiктi аға­йын-туыстары iштегi таусылмайтын армандарын айтып “аһ” ұрады. Ауылдастары болса, намысқой азаматтың көз ал­дыларында ұшты-күйлi жоқ болып кеткенiне сенгенмен, ойларын ашық айта алмай   күмiлжiп, жерге қарай бередi. Түбiне көз жетпейтiн иiрiмдi тағдыр бар екенiне мойынсұнып, “Естай мұғалiм тiрi, ортамызда жүр” дейiн десек мiне, 15 жылдың жүзi болды, “кебенек киген келедi”

2011 жылдың көктемi Маңғыстау мұнайшылары үшiн өте қиын кезең болды. Мұнайшылар басшыларынан еңбекақысын әдiл есептеп төлеудi талап етiп, ереуiлге шығып жатқан кез едi. Мұнай қо­жа­йындары мұнайшылармен ере­гесiп, ереуiлге шыққан мұнайшыларды шетiнен жұмысынан қысқартып жатты. Сол қысқарту науқаны Сәбит Тоқтарбайұлы қызмет ететiн “Қаражанбасмұнай” АҚ “ArgymakTransServise”ЖШС серiктестiк ұжымына да келдi. Басшылары Сәбитке қарамағындағы ереуiлге шыққан ондаған жұмысшыны жұмысынан қысқар­туын талап еттi. Ал Сәбит: “Мен ереуiлде тұрған жұмыстастарымды өз қолыммен жұмыстан шығара алмаймын. 

Бiлiм және ғылым министрлiгi сейсенбi күнi мәжiлiсте “Мемле­кет­тiк бiлiм берудiң жинақтаушы жүйесi туралы” заң жобасын таныс­тырды. Егер бұл заң жобасы қабылданса, елiмiзде халықтың бiлiм алуға арналған салымдары пайда болады. Бұл депозиттiң өзге салымдардан айырмасы, ол бойынша мемлекет төлейтiн па­йыздық сыйақы мөлшерлемесi әр­түрлi болмақ. Әлеуметтiк тұр­мы­сы төмен салымшыға берiлетiн мөлшерлеме 7 пайызға жетсе, қалған салымшыларға 5 пайыз шамасында болатын көрiнедi. Бас­тап­қы жарна сомасы кемiнде үш айлық есептiк көрсеткiш көле­мiн­де болуы тиiс. (бiр айлық есептiк көрсеткiш – 1618 теңге).

Елiмiз егемендiк алғаннан кейiн Одақ кезiнде әскери-сынақ полигоны болған Азғыр, Семей аймақтарының мәселесi оң шешiмiн тапса, Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы “Тайсойған” әскери сынақ полигонының бүгiнгi күнге дейiн мә­селесi шешiлген жоқ. Ақпарат құралдарының мәлiметтерiне жүгiнсек, “Тайсойған” әскери полигонның тағдыры Ресейдiң қолында көрiнедi. Егемен­дiк алғанымызға 20 жыл болса да өз жерiмiзге толықтай ие бола алмай ке­ле­мiз. “Тайсойған” полигонның кезiнде тұрғындар­ға қандай зардап келтiр­генiн және болашақ ұрпақтарға қандай зардап “тарту-сый” әкелетiнiн бiлемiз. Тағдырымызды басқа ел­дiң қолына неге беремiз?!

Математика сабағын оқытып жүрген ағайымыз Қалмырза Iзтiлеуұлы геометриядан “Трапеция және оның қасиеттерi” тақырыбын оқытқанда трапецияның бұрыштарының шамасы мен қабырғаларының ұзындықтары бойынша төрт түрi болатынын айтты. Олардың әрқайсысының анықтамаларын бердi. Ал бiздiң қолымыздағы оқулықтар, математикалық анықтамалықтар мен энциклопедиялардың барлығында “тең бүйiрлi трапеция” мен “тiк бұрышты трапеция” туралы ғана айтылған. Оның үстiне кейбiр оқулықтарда “бiр бұрышы тiк болып келген трапецияны тiк бұрышты трапеция деп атайды” деп қате анықтама берiлген (тiкбұрышты трапецияда екi тiк бұрыш болады).

...Су iшкен құдығына түкiрдi демей-ақ қоялық, тойып секiрген талай ұлттың өкiлдерi тарихи отандарына көшiп кетiп, ендi қайта оралып жатқандарын жанұшыра жарнамалап жатқанымызға не жорық? Бұл ендi президенттiң “төл туындысы” – ассамблеяның арқасы. Грекия, Германия, Ресей сияқты тарихи отаны бар, ал Қазақстанда ассамблеясы бар ұлттар қандай бақытты десеңiзшi! Қазақ билiгiнде қазақтар мүлдем керек емес сияқты көрiнедi. Мысалы, Мақтаарал ауданының халқы қолдан жасалған қиянаттың құрбанына айналды. Қайран Мақтаарал бiр кездерi әлемге әйгiлi болатын. “Мақтаның аралы” деп мақтанатынбыз. Қазiр төрт жағы түгел қоршауда қалды.

Солтүстiк Қазақстан облысына жолым түсiп, ауыл-аймағын араладым. Өзге өңiрлерге қарағанда, бұл жақтағы қандастарымыз өзгеше ғой. Мiнезi мен қылығы да басқалар­ға ұқсамайды. Сөз қолдану ерекше­лiктерiн айтпағанда, салт-дәстүрдi ұстанулары да бөлекше. Талай жыл бойы арамыз алыстап кеткен нағашы жұртымызда жарты айдай қыдырып, қонақ болдық. Тәуелсiздiктен кейiн тұралап қалған ауылдың қиқы-жиқы көрiнiсiн бұл аймақтан да көзiм шалды. Баяғы тоқал тамдардың еңсесi әлiге дейiн тiктеле қоймағандары бар. Жайылымы тарылып, малы мен егiнiнен мән кеткен. Бидайлы алқаптарды аралап, шаруалардың жыл сайынғы жанайқайы есiме түстi.

...Мен қазiргi жастарға қайранмын. Таңғалмасқа шарам жоқ. Айтып, түсiндiрiп, мысалдар келтiрiп шаршадым. “Менiң балаларымды, яғни сендердiң күйеулерiңдi енем баққан. Шектен шыққан еш­қайсысы жоқ. Әрқайсысы өз отбасыларын асырап отыр. Ендi неге мен немерелерiме тәрбие бере алмаймын?” – деймiн келiндерiме енемдi мысалға келтiрiп. “Еркелетiп жiбердiңiз...”. Үлкен келiнiм де, кiшiсi де соны айтады. Бi­рiнiң аузына екiншiсi түкiрiп қойғандай. Әңгiмемдi басынан бастайыншы. Мен көп жылдар бойы мектеп-интернатта тәрбиешi болдым. Үйдiң бетiн көрмедiм десем де болады. Бес баламды да енем бақты, оларға тәрбиенi де сол кiсi бердi.
Жақында Киев облысы, Бродянка қаласында “Чернобыль батырларының кубогы” үшiн футболдан алғаш рет ТМД-ның жоғары оқу орындары студенттiк құрама командалары мен ашық студенттiк мемлекет­тiк лигасының I турнирi өттi. Осы турнирге Қазақстан – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi (Алматы), Молдава – Молдавияның техникалық университетi (Кишинев), Ресей – Туланың мемлекеттiк университетi (Тула), Украина – Чернобыль батырларының өрт қауiпсiздiгi академиясы командалары қатысты. Турнирдi ұйымдастырушы – жергiлiктi Украина студент­те­рi­нiң
Оқырман шығармашылығынан
Бөкенбасы Айырмүйiздiң сақиналана бiткен қос мүйiзi күнмен жарқырап, даланың керiмсал ауасын мол танауымен тыныстады. Жалды жұп-жұмыр денесi мен сом тұяқтары тектiлiгiн аңғартып, соңынан жетiм лақ, жетiм ешкi қалдырмай үйiрдi шұбарта жөнелдi. Көп ұзамай шөбi шүйгiн, ырзығы ырғын, қайырлы қоныс­қа да келiп жеткен. Осы маң Жәнiбек ауданы, Борсы мен Жақсыбай ауылдарына етене жақын шұрайлы алқап болатын. Жаңа жайылымға iлiнiп-салынып жеткен әлсiздерi тұра қалып аузымен шөп қармай бастады. Буаз шыбыш Аймаңдай тұяғымен жер қопсытып, жатар шұңқыр жасады. Мамыр айының бел ортасына таман көп қиналмай лақтады.

Бала кезiмiзде өмiрдiң қызығы мен қиындығы қатар жүретiнiн бiлмеушi едiк. Өйткенi жанымызда дүниедегi бар адамнан ардақты қамқоршы әкемiз бен мейiрбан анамыз болатын. Бар тапқан-таянғандарын бiздiң аузымызға тосқан, нәпақаларын адал еңбекпен тапқан ата-анамыз бiздi қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсiр­ген едi. Бiз қашанда парасатты тұлғасын үлгi тұтуға ұмтылатын әкемiздiң ақыл сөздерiн тыңдаудан, ал анамыздың мейiрiм шуағына бөленуден жалықпайтынбыз. Отбасындағы балалар есейiп, әрқайсысымыз өз жолымызды тауып кеткенiмiзбен де, екеуi­не әлi де балаша еркелеушi едiк. Болмашы нәрсеге көңiлiмiз түсе қалса, бәз-бая­ғыша қос бәйтерегiмiзге арқа сүйеушi едiк.