1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15708) 29 мамыр, сейсенбі 2012
ӘКЕЛЕРI СОТТАЛҒАН БАЛАЛАРДАН ХАТ
Президент Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев атаға!
Қадiрлi Нұрсұлтан ата!
Сiз балаларды жақсы көредi, олардың арман тiлегiн, өтiнiшiн орындайды деген соң өзiңiзге осы хатты үлкен үмiтпен жаздық. Бiздiң әкелерiмiздi өткен жылғы 17 желтоқсандағы Шет­педегi оқиғаға байланысты полицейлер үйден алып кеттi. Содан берi жарты жыл уақыт өттi. Бiз әкелерiмiздi әлi көргенiмiз жоқ, қатты сағынып жүрмiз. Үлкен кiсiлер “әкеңнiң жазығы жоқ, ертең-ақ босап үйге келедi. Олар – “Жаңаөзендегi қантөгiс тоқтатылсын” деп талап қойған нағыз батырлар” деп бiздi үнемi жұбатады. Бiз әкелерiмiздi күнде күтемiз. Аналарымыз күн сайын бiзге бай­қатпай жылап алады, оны көрсек бiз де жылаймыз.
МӘСIМОВТI МӘСТЕГIНЕН ТҮСIРУГЕ ҚОЖАСЫНЫҢ ҚҰЛҚЫ ЖОҚ
Кәрiм Мәсiмовтiң үкiметi отставкаға кетсе, жаңа премьер-министр кiм болады? Бұл сұрақ Ақорданы ғана емес, қарапайым азаматтарды да толғандырары сөзсiз. Тапжылмай бес жыл отырған Мәсiмовтiң ендiгi үкi­меттегi басшылық сағаты санаулы дейтiн­дер көп. Жалпы, қазiргi үкiметке” үштен” ар­тық берушiлер кемде-кем. Оған себеп жеткi­лiктi.  Үкiмет пен оның командасы оппозиция мен қарапайым халықтың тарапынан қатты сынға ұшырап, тiптi Алматыда Мәсiмовтiң отставкаға кетуiн талап еткен бiрнеше митинг те өттi. Алайда майлы мұртын шиырған премьер-министр төмендегiлердiң талабына мұрнын шүйiрiп қарады. Қолдаушысы мен қорғаушысы мықты Мәсiмовтi орнынан қозғау мүмкiн болмай тұр. Осыған дейiн премьер-министрдi отставкаға кетiретiн
Мұндай жаза тағайындайтын сотты жәбiрленушiлер “театр ма, кино ма, не екенiн түсiнбедiк” деп бағалады
Өткен бейсенбiде Ақтауда полицейлер iсi бойынша өтiп жат­қан сот процесiнде жарыссөз кезеңi басталған болатын. Прокурорлар “қызмет бабын асыра пайдаланды” деп айыпталып жатқан полицейлер – Өтеғалиев, Бағдабаев, Жолдыбаев, Есберген мен Бақытқалиұлына 7 жылдан 9 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жұма күнi жалғасқан жарыссөзде ақырғы сөзiн айтқан айыпталушылар өз кiнәсiн мойындамады. Ал кеше кешке айыпталу­шы полицей­лердi бес жылдан жетi жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкiмi шықты. 

25 мамыр күнi Ақтау қаласындағы облыстық сотта Жаңаөзен қаласының бұрын­ғы әкiмi Орақ Сарбөпеевке қатысты сот процесi басталды. Iстi қарайтындар – Ақтау қалалық сотының судьясы Р.Тасмамбетов, мемлекеттiк айыптаушылар – Ә.Жанаев, О.Сұлтанов және О.Сарбөпеев­тiң қорғаушылары Ө.Төлебаев пен М.Қозыбағаров. Облыстың әр ауданынан 64 адам шақыртылып, олардың iшiнен 12 адам алқа би ретiнде iрiктелдi. Судья алқа билерге өз құқықтарын түсiндiргеннен кейiн, олар сот алдында ант бердi. Алқа билерге сот залынан арнайы орын бөлiнген. Бұдан соң мемлекеттiк айыптаушы О.Сұлтанов сотталушы О.Сарбөпеевке тағылған айыпты оқып шықты

Жаңаөзенде халыққа полицияның оқ жаудырғаны туралы видео YouTube-ке Saule540 деген атпен шықты. Видеоның кейiпкерi оқ тиiп, полицейлер сойылы астында қалған 20 жас­тағы Жанболат Жаманқараев Астанаға барып емделетiн қаржы таппай отырғанын айтты. Мамырдың 1-i Қазақстан халқы бiрлiк мерекесiн тойлап жатқанда Жаңаөзендегi Тәуелсiздiк алаңы бос тұрды. Тұрғындардың айтуынша, Жаңаөзенде бiр жылға дейiн мерекелер атап өтiлмейтiн болған. 
Бiз Жанболат Жаманқараевтың үйiне бардық. Ол да Saule540 видеосы түсiрiлген 33-үйде тұрады екен. Жанболаттың сөзiн алғаш сәуiрдiң 27-сi күнi Ақтауда, полицейлер сотын­да естiген едiк.

 31 мамыр – саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi. (1997 жылы ҚР президентiнiң қаулысымен ресми түрде бекiтiлген). Таяуда осыған байланысты бiрқатар ел азаматтары мәлiмдеме жасап, халыққа үндеу жолдады. Саяси қуғын-сүргiн мен аштықтың зардаптары Қазақстанның миллиондаған адамдарын жалмады. Биыл голощекиндiк аштық апатына 80 жыл толады. Бұл дәуiрдiң қасiретi туралы аз айтылып, аз жазылмады. Сондай-ақ биыл қазақ интеллиген­ция­сын аяусыз қырып, қатыгез­дiк­пен жоқ еткен 1937 жылғы қырғынға 75 жыл толады.

Қазақ елi мен Белорусь сондай-ақ Ресей бастаған үш мемлекет бiрлесiп құрған Кеден одағы туралы қоғамда әртүрлi алып-қашпа әңгiмелер айтылуда. Мәселен, бұқараның басым бөлiгi “Кеден одағы экономикалық тәуелсiздiкке ұрындырады” деп шырылдаса, ендi бiр тарап оның зиянынан пайдасы көп екенiн айтып көпшiлiктi сендiруде. Мiне, осы даулы мәселе V Астана экономикалық форум шеңберiнде өткен “Кедендiк одақ мемлекеттерi: Бiрiңғай ауылшаруашылық хаб” атты дөңгелек үстел отырысында да сөз болды. “Қазақстан мен Ресейдiң iрi астық өндiрушi мемлекет екенiн жақсы бiлесiздер. Ал Белорусь болса, сүт өнiмдерiн шығарудан алдына жан салмайды.
Журналистiк зерттеу жүргiзген швед­тiк тiлшiлер “Швецияның Teliasonera компаниясы Орталық Азия елдерiне (iшiнде Қазақстан бар) азаматтарды аңдитын техника жабдықтарын сатып жатыр” деп хабарлайды. Олар бұл жайында деректi фильм түсiрдi. Швециялық үш журналист барлық коммуникация­ның арнайы қызмет орындарының қолында екенiн анықтады. Олар “Teliaso­nera компаниясы диктатуралық елдерге қара жәшiк сатуда” деген деректi фильм түсiрдi.“Қара жәшiк” деп Teliasonera компаниясы өзiнiң операциялық орталықтарына қауiпсiздiк қызмет органдарының орнатуына рұқсат берген құрал-жабдықты айтады.
Елдiң лайықты дамып, өсiп-өркендеуi жолында ең бiрiншi кезекте ұлттық элитаға қатаң талаптар қою қажет. Кездейсоқ адамдар мен бас пайдасын барлық мүддеден жоғары қоятындар ешқандай өзгерiс жасай алмайды, жаңалық енгiзуге олардың қауқары жетпейдi. Өкiнiшке қарай, бiздiң басқарушы элитада мұндайлар аз емес. Инновациялық серпiнмен саналы түрде қандай да бiр қозғалыс жасау мемлекеттiк басқарушы таптан жоғары деңгейдегi жаңа мәдениеттi талап етедi. Бүгiнгi күнгi басқарушы элита мұндай деңгейге жеткен жоқ. Жаңа деңгейге көтерiлуге талпыныс та байқалмайды. Басқарушы топтың өз iсiне адал әрi жауап­кершiлiктi болуы жеткiлiксiз, олар сонымен бiрге өз iсiнiң бiлгiрi болуы тиiс.

Ұрпақ тәрбиесiн қашан да алдыңғы кезекке қоятын үлкендерiмiз ауылда жетiм болса, үлкен-кiшi бiрiгiп, есейiп кеткенше ерекше қамқорына алатын. Бұл үлгi тұтар ұлағатты iс қазiргi кезде де жалғасын тауып келедi. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” деген. Жақында Атырау облысының әкiмi Бергей Рысқалиев интернаттың бұрынғы 40 түлегiне баспана берiлетiнiн айтып, жұртты қуантып тастады. “Биыл Атырау қаласында 3000 пәтер салынып жатыр. Таяуда “Самұрық-Қазына” әл-ауқаттық қорымен келiсiп, тағы да үш мың үй салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, алдағы уақытта жетiм балалардың да баспана мәселесiн шешпекпiз”,– деген ол жағымды жаңалығын әкiмдiктiң алқалы жиынында хабарлады.

СОНДА ҰЛТ МҮДДЕСI ҮШIН ҮЛКЕН IС ТЫНДЫРУҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ
Жексенбi күнi ұлтым, қазағым деп соққан жүрегi бар, қазақтың қамын жеген алаш азаматтары бас қосты. Зиялылар қауымымен қатар шалғай аймақтардан келген қонақтар да болды. Олардың көбiсiнiң аты қазiр әлi алашқа таныла қоймаған. Десек те, қазақтың ұлттық мүддесi үшiн, ұлттық дүниетанымы, менталитетi, идеологиясы үшiн қаны мен жанын беруге дайын тұрған азаматтардың басқосуы кездейсоқтық емес. Бұл да бiр қоғамның жаңаруы.
Ақын жанын кiм түсiнген, Кiм ұққан,
Ұлықпандай iргесi аулақ ұлықтан?
“Кенейсiң” деп сылтау iзде сынықтан,
“Кедейсiң” деп кездескенде күлiп қал!
Күл, Мазақта, Келемежде, Без менен!
Сен бездi деп серiк болман өзгемен.  
Қайықшы ма қатер барын сезбеген?
Қайыршы ма кең дүниенi кезбеген?!
ШАЛҒАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ БАЛАСЫНЫҢ МҰҢЫ
Қазiргi кезде арнаулы, жоғары оқу орнын бiтiрiп, жұмысқа орналаса алмай жүрген жастар көп. Оның үстiне қазiр оқу бағасы да арзан емес. Ал оқу бiтiрiп, жiгерi тасып тұрған жастардың жұмысқа орналасуы тiптен қиын. Бiр жерге бара қалсаң, жұмыс тәжiрибеңдi сұрайды. Ендi ғана жұмыс iздеп жүрген адамда қайдағы жұмыс тәжiрибесi? Не керек, «екi қолға бiр күрек» деп қалай болғанда да жұмыс табуға тырысасың. Кiмнен барып жұмыс сұрарын бiлмеген жастар Астана қайдасың деп қолды бiр-ақ сiлтеп жолға қамданады. Ол жақта да жағдай оңып тұрған жоқ. “Бәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ” дегендей ол жақта да
Қазiр студенттер үшiн оқудың нағыз қызып тұрған шағы. Емтиханның қызуы әлi басылмаған уақыт. Емтихан тапсыру сәтi жақындаған сайын студентi де, оқушысы да жанын шүберекке түйiп отыратыны белгiлi. Адам бойын үрей мен қорқыныш билеп, өзiн-өзi бақылауды жоғалтып жататын кездер де болады. Психологтар осы қорқынышты жеңудiң бiрнеше әдiс-тәсiлдерiн анықтапты: Үрейдiң алдын алу. Адамның емтиханға дейiн ештеңеге бой үйренiсе алмауы қалыпты жағдай. Әсiресе, дайындық деңгейi әлсiз болса, жағдай тiптен қиындай түседi.Мұндай уақытта, бәрiн өз қалпына салып, уақыт пен күш жiгердiң жұмсалуын бiрнеше бөлiкке бөлiп қойған жөн. Яғни, дайындық жоспарын белгiлеп, оқу уақытын
СТУДЕНТТЕР БАЙҚАУЫНА ҰЛТТЫҚ БАНК БӘЙГЕ ТIКПЕК
ҚазАқпарат агенттiгiнiң хабарлауынша 21 мамырдан бастап, Алматыда ҚР Ұлттық банкi  атаулы шә­кiр­т­ақысын беру үшiн iзденушiлер тобын iрiктеу бойынша байқау  жариялады. Оның негiзгi мақсаты – жоғары оқу орындарының талантты сту­дент­терiн ынталандыру. 17 маусымға дейiн студенттер комиссияға өз жұмыстарын ұсынуы керек. Олардың тақырыбы: “Капиталдың трансшекаралық  әкелiнуi мен әкетiлуi: Қазақстан  үшiн басымдықтар мен тәуекелдер”, “Қазақстан Республикасының алтын нарығы. Проблемаларды (заңнамалық, әкiмшiлiк, салық және стратегиялық сипаттағы) талдау, перспективаларды бағалау және одан әрi дамыту жолдары”;

Осы уақытқа дейiн көрсетiлiп жүрген қазақы менталитетке жат, қазақтың емес, өзгенiң сойылын соғатын, жiгерсiз, ұлтсыз жастардан құралған ұсқынсыз телебағдарлама бар. “Наша Казаша” дейтiн. Қазақтың тiлiн күлкi етiп, “шалақазақтар” түсiнiгiн қоғамға одан әрi сiңiруге талмай еңбектенiп жүр бұлар. Оның үстiне жемқорлықты да жастарға үлгi еткендей қайта-қайта көрсететiнi бар. Оны қанша жерден әзiлдеп, қалжыңмен түсiндiргенмен, ол адамның бойына қалыптасып, соған үйренiсiп қалатыны белгiлi. Мұндай ұлтты да, қоғамды да арандататын телебағдарламалардың түкке де қажетi жоқ.

13 ЖАСАР АЛЫП
Волгоград қаласының тұрғыны 13 жасар Саша Пехтелеев туралы бүкiл әлем бiледi. Жоқ, ол дүние жүзiне танымал болатындай әлем чемпионы бол­ған жоқ, Гиннестер кiта­бына да енген жоқ, бiреудi құтқару үшiн отқа түсiп, суға секiрген де жоқ. “Сонда ол несiмен ел-жұртқа танымал болды?” – деген заңды сұрақ туындайды. Саша Пехтелеев – 180 келiлiк алып бала. Бұл жерде бiз “алып” деп оның күш-қайратын айтайын деген жоқпыз, өзiнiң жасына лайықты емес бiтiмiн, салмағын айтып отырмыз. Сашаны ваннадан шығару үшiн құтқарушылардың көмегi керек болыпты. Ол өз­дiгiнен қозғала алмайтын. Алып-баланы ауруханаға жеткiзу үшiн қайратты 13 жiгiт шақырылған.
Жексенбi күнi өткен футболдан ел бiрiншiлiгiнiң 12-тур ойындары турнир кестесiне айтарлықтай өзгерiс енгiзген жоқ. Топ басындағы клубтар ұпайларын еселеп,   алға ұзап алса, көш соңындағы клубтардың бiразы тағы да азулы командалардың талауына түстi. Алдымен елордада өткен ойын жөнiнде. Мирослав Беранек баптайтын “Астана” клубы “Ақтөбенi” әупiрiммен еңсердi. “Астана Арена” стадионында өткен ойында жалғыз голды Сергей Остапенко соқты. 52-минутта соғылған гол алаң иелерiне үш ұпай әкелдi. Былтыр күмiс жүлдеге қолы жеткен талдықорғандық “Жетiсу” биылғы бiрiншiлiкте жүрiсiнен жаңылды. Жиi жеңiлiске ұшырап, бас бапкерiн де ауыстырған жетiсулықтар бұл жолы да ұпайдан қағылды.
Польша мен Украинада өтетiн Еуропа чемпионатында қатысатын құрамалар бес қар­уын сайланып, сақадай сай тұр. Бас бапкерлер тiзiмдi түзiп бол­ған соң, төрт жылда айналып соғатын құрлық чемпионатына қатысатын кейбiр командалар жолдастық кездесу өткiздi. Чехия құрамасы Израиль футболшылармен тартысқа түсiп, 2:1 есебiмен жеңiске жеттi. Норвегия футболшылары Англия құрамасына 0:1 есебiмен жол бердi. Ойындағы жалғыз голды Янг 9-минутта соқты. Швейцариялықтар “немiс мәшинесiн” тоқтатты. Екi ел құрамаларының арасындағы жолдастық кездесу 5:3 есебi­мен Швейцария футболшыларының пайдасына шешiлдi.
4-ОРЫН БҰЙЫРДЫ
Италияда басталған “Джиро д’Италия 2012” велобәйгесi мәреге жеттi. Биылғы бәйгенiң басты жүлдесi канадалық Райдер Хе­сьедал­ға бұйырды. Ол соңғы 21-кезеңде барын салып, жалпы есепте көш бастап келе жатқан испан шабандозы Хоаким Родригестен 16-секундқа озып кеттi.  Италияда топ жаруға тиiс “Астана” клубы семiз сөйлеп, арық шықты. Жүлде алады деген елордалық клубтың мүшелерi соңғы кезеңде көңiл көншiтпедi. 19-кезеңде топ жарып, жалпы есептегi көрсеткiшiн жақсартып алған Роман Кройцигер соңғы сында болдырып, мәреге     83-iн­шi болып жеттi. Команданың үздiгi нөпiр арасында қалса, қал­ғандары қайтiп оңдырсын.