1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №43 (15709) 31 мамыр, бейсенбі 2012
31 мамыр – саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi
Авторитарлық билiк жүйесi қа­шанда өзгеше ойлайтындардан, азаматтық құқығын аяқасты етуге көнбейтiндерден сеске­не­дi, қорқады. Күштiк құрылымдарды халықты басып-жаныштауға пайдаланып, қисынсыз жазалау шараларын қолданады. Прези­дент Н.Назарбаевтың мемле­кет­тiк билiктен ажырап қалмау үшiн сталиндiк сондай тәсiл­дер­ге жүгiнуiн ойлы азаматтар, демократияны жақтаушылар iште де, сыртта да аяусыз айыптап жа­тыр. Саяси қарсыластарын атқызған, қаматқан, қудалаған мемлекет басшыларының бәрi де, қайсыбiр елде болмасын, халықтың қарғысына ұшыраған. Өзiн кезiнде аса құдiреттi санағандардың бiрде-бiрi тө­гiлген қанның, аққан көз жастың обалынан құтылмаған.
Өткен аптада Украина парла­ментiнде үлкен дау-жанжал болып, мұның арты төбелеске ұласты: жаға жыртылды, бас жарылды, әртүрлi жарақат алған бiраз депутат ауруханаға түстi. Мұның бәрi не үшiн? Украин тiлiнiң мәртебесi мен мерейi үшiн! Орыстiлдi депутаттар орыс тiлi туралы арнайы заң жобасын жасап, осы жобаны парламентке талқылауға ұсын­ған болатын. Бұл нендей жоба? Мұнда не айтылған? Ендi осыған тоқтала кетелiк. Украинада бiр ғана мемлекеттiк тiл бар. Ол – украин тiлi. Бұған ешкiмнiң дауы жоқ. Бiрақ Украинада 10 миллионға жуық орыстар тұрады. Украинада 20-дан астам облыс бар болса, әлгi 10 миллион орыс осы республиканың үш-төрт облысында өте тығыз қоныстанған.
АШЫҚ ХАТ
Әдiлеттi жақтаңыз. Жазықсызды жазалаттырмаңыз
Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!
Өзiңiзге аян, былтырғы жылдың 16 желтоқсанында, яғни тура Тәуелсiздiктiң 20 жылдық мерейтойы күнi, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында, өздерiнiң тиесiлi еңбекақыларын талап ету мақсатымен бейбiт ереуiлге шыққан қатардағы қарапайым мұнайшыларға қарсы тәртiп қорғау органдары тарапынан оқ атылып, қанды оқиға болды. Соның салдарынан 16 адам қаза тауып, 100-ге жуық адам жарақаттанды. Оған осы оқиғадан кейiнгi Жаңаөзенге барған арнайы сапарыңызда өзiңiз де көзiңiздi әбден жеткiзiп қайттыңыз. Және сол сапарда Сiз: “Мұнайшылардың талаптары заңды”, – деп ереуiлшiлер iсiнде заңға қайшы келерлiктей еш
Газетiмiздiң өткен нөмiрiнде шетпелiк бiр топ баланың “Сiз бiздi жылатпаңызшы!” деген хаты жарияланды. Әкелерiнiң жолын күтiп, жаутаңдаған балалардың iшкi сағынышы мен президенттен сұраған арашасы, тiлегi сол хатта жазылып едi. Редакцияға хабарласқан семейлiк 82 жастағы Жадыра Ғадiлбекова апамыздың сөздерi бiздi бей-жай қалдырмады... – Әкесiз өсудiң қандай боларын жақсы бiлемiн. Ал әкесiне жала жабылып, нақақтан күюдiң қасiретi өз басымнан өттi. “Халық жауының” қызы болып, айналамның түрткiсiне түстiм. Қаншама жыл мұндай әдiлетсiздiктiң шыр­мауы­на шырмалдық десеңшi! Менiң әкемдi көз алдымызда қолын байлап әкеткен.
“АУЗЫНАН ОТ ШАШҚАН АЛТЫ АЯҚТЫ ИТ” НЕСIБЕМIЗДI ЖЕП ЖАТЫР. АЛ ҚОҒАМ ӘЛI ЕНЖАР
Сейсенбi күнi Милан соты Eni компаниясына қатысты жемқорлық iстi қарауды бастады. Бұл компанияға “қазақстандық шенеунiктерге 20 миллион доллар пара берген” деген айып тағылғанын газетiмiздiң өткен сандарының бiрiнде жазғанбыз. Егер компанияның Қазақстандағы шенеунiктерге пара бергенi дәлелденсе, сот компанияның Қашаған жобасына қатысуына тыйым салуы мүмкiн. Батыс басылымдары “Eni компаниясы президент Н.Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа 20 миллион доллар пара берген” деп шулатып жатыр әлi. Компанияның атқарушы директоры Паоло Скарони де күдiктiлердiң қатарында.
Мамырдың 29-ы күнi “Қазақалтын” АҚ-ның құрамына кiретiн Бестөбе кенiшiнде жұмысшылар наразылығы өткенiнен республика жұртшылығы құлақтанып қалды. Анығырық айтсақ, осы жердегi екi кенiштiң бiрi “Западный” шахтасында кеншiлердiң бiр тобы бiрiншi кезекке шықпай қалған. Наразылыққа себеп болған барлық жердегiдей бiр ғана мәселе – еңбекақының төмендiгi. Қазiргi уақытта шахта басқармасы кеншiлердiң орташа айлық табысы 92 мың теңге деген мәлiмет берiп отыр. Бұл, әрине, барлығын, яғни бiрнеше жүз мыңдап жалақы алатын кенiш басшылары мен жай жұмыскерлердi қоса есептегендегi көрсеткiш.
“Полицейлер соты” аяқталды. Үкiм шықты. Бiрақ аса қатыгездiкпен халыққа қарсы жасалған қылмыстың көп ақиқаты бүркеулi қалпында қалды. Тергеу орындары, прокуратура, сот Астананың берген тапсырмасын орындап, жаңаөзендiктерге оқ атуға  кiмнiң бұйрық бергiзгенiн айт­қызбады. Жәбiрленушiлердi қорғауға алған, ел-жұртымызға өзiнiң кәсiби бiлiктiлiгiмен, азаматтығымен, әдiлетке құштарлығымен кеңiнен таныла бастаған Абзал Құспановтың жарыссөзге дайындаған сөзiн ықшамдап жариялауды жөн көрдiк. Соттың қалай өткенiне, ненi анықтауы тиiс екенiне көпшiлiктiң көзiн жеткiзу үшiн.
“Ақтөбеде мектеп оқушыларын жезөк­шелiк­пен айналысуға мәжбүрлеген қала тұрғыны мен оның үш сыбайласы қолға түс­тi” деп хабарлайды жергiлiктi полиция.  33 жастағы күдiктi әйелдiң үстiнен полицияға 14 ата-ана шағым түсiрген. Ақтөбе облыстық iшкi iстер департаментi баспасөз қызметiнiң бастығы Алмат Иманғалиев «Ақтөбеде оқушы қыздардың жез­өк­­ше­лiкпен айналысатыны туралы ақпаратты полиция рас­тады. Бiрақ ол “5 мың оқушының тән саудасына салынғандығы туралы ақпарат жалған” дейдi. Мұның алдында жергiлiктi басылымдардың бiрi ұйымдас­қан қылмыстық топтың әре­ке­тiнен зардап шеккен оқу­шы қыздардың саны –   5 мың деген ақпарат таратқан едi.
Шетпе тұрғындары 2011 жылы желтоқсанның 16-сында болған Жаңаөзен оқиғасының ертеңiнде пойыз тоқтатып, “Қырғын тоқтатылсын”, “Жаңа­өзенмен телефон байланысы қосылсын”, “Жаңаөзенге баратын жол ашылсын” деген үш талап қойған едi. Азаттық тiлшiсi Отпан таудың етегiнде тұрған Шетпеге барып қайтты. Сол оқиғамен айыпталған 12 шет­пелiктiң соты мамырдың 21-i аяқталды. Төртеуi түрме жазасына, бiреуi шартты жазаға кесiлдi, алтауы рақымшылыққа iлiндi, бiреуi ақталды. Аңыз бойынша, ел шетiне жау келгенде халық Отпан тауда алау жағып, белгi берген екен. “Отпан таудан от көргенде батырлар атқа қонатын” дейдi аңыздың бiрi.
Бұл не деген заман болды?! Құдайдан қорықпай, адамдардан ұялмай, бiздiң қазақта өз халқын өзi жамандайтын, өз ұлтын өзi кемсiтетiн, “қағынан жерiген құлан” нигилистер көбейiп барады. Ондайлар аяқтары аспаннан салбырап өздерi түсе қалғандай, қазақ деген халықтың сан ғасырлық тарихы бар ел екенiн де, сол елдiк жолында сандаған ата-бабаларының құрбан болғанын да бiлмейдi, яки бiлгiсi де келмейдi. Ең жаманы – заманнан заман озып, дүние де, қоғам да өзгерiп жатқанына қарамастан, ондайлар әртүрлi ұрпақтардың буынында да бар болып шығып отыр...
ҚАЗIР Д.ҚОНАЕВТАЙ ТҰЛҒА ҚАЖЕТ-АҚ...
Таяуда көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, үш мәрте Социалистiк Еңбек Ерi, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигi,техника ғылымдарының докторы, қазақтың ардақты ұлы Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығына арналған “Д.А.Қонаев және оның дәуiрi” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өттi. Оған Димекеңнiң жақындары мен тамыр-таныстары, үзеңгiлес серiктерi, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Франция елдерiнен келген арнайы делегаттар қатысты. Ал мамырдың 26-сында Қонаев атындағы университеттiң жаңа ғимаратының ашылу салтанаты болды.
“АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ” ИЕГЕРЛЕРI АНЫҚТАЛДЫ
Кеше Алматыда жур­налистика саласы бойынша “Алтын жұл­дыз” жалпыұлттық сый­лығының иегерлерiн марапаттау рәсiмi өттi. Биыл бұл құрметке “Егемен Қазақстан” газетiнiң тiлшiсi Айнаш Есалы, павлодарлық фототiлшi Владимир Бугаев және “Алматы­кiтап баспасы” директорлар кеңесiнiң төр­айымы Элеонара Баталова ие болды.  Ал “Ана тiлi” республикалық газетiнiң бас редакторы Самат Ибрагим, “Портрет недели” бағдарламасының жүргiзу­шi­сi, тележурналист Сергей Понамарев, “Но­вая газета – Казахстан” басылымының бас директоры  Амантай Дәндiғұ­лов  Қазақстан журналистер академиясының толық мү­шесi болып сайланды.
Ғани Мұратбаевтың туғанына – 110 жыл
Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында биыл­ғы жыл аудан әкiмiнiң шешiмiмен “Ғани жылы” болып аталды. Қазалы қаласында Ғани Мұратбаевтың мемориалдық мұражайы бар. Мерейтой қарсаңында қордағы Ғани туралы материалдарды тағы да парақтай отырып, баспасөз беттерiнде жарияланбаған материалдарға үңiлдiк. Солардың бiрi – Ғанидың немере ағасы Ағыбайдың естелiгi. Ендi содан үзiндi келтiрейiк. “...Ғани Мұратбаев – менiң немере iнiм. Ол ағасының – Мұратбайдың, мен iнiсiнiң – Салықбайдың баласымын. Мұратбайдан Жанат, Базаргүл, Гүлбарам, Ғани деген балалар өрбiдi. Ғани 1902 жылы бидай орағы кезiнде Қазалы ауданындағы Қарақұм­ның “Арғымақ ” деген жайлауында туылған.
Жақында “Оқырман хаттарынан” оқыған “Неге “Сосновка”, “Миндалевый”, “Елушки”, “Сиреневый”, “Ясеневка”..?” (№39, 17.05. 2012 жыл) деген мақалаға орай өз ойымды бiлдiрейiн. Елорда әкiмiне Айжан есiмдi қызымыз осы сұрақты қойыпты. Өте орынды және уақытында қо­йылған сұрақ. Кейiннен бұл атауларды өзгерту үшiн, қыруар қаржы жұмсап, референдум өткiзуiмiз қажет болуы мүмкiн. Ендi әкiмнiң жауабына келейiк. “Айжан, бұл – ықшамаудандардың емес, тұрғын үй кешендерi­нiң атауы. Ол атауларды мәслихат емес, салушы компаниялар қоя­ды, бiрақ бiз

Жаңаөзен қаласындағы Қашаған Күржiманұлы атындағы орта мектептi 1992 жылы және 2002 жылы бiтiрген түлектер 20 жылдық, 10 жылдық кездесу өткiзудi жөн санадық. Жыр алыбы Қашаған атамызды еске алып, мекте­бiмiздi сағынып, ұстаздарымызға барып сәлемдесудi азаматтық парызымыз деп түсiндiк. Мектебiмiзге келетiнiмiздi алдын ала ескертейiк деген оймен мектептiң қазiргi директоры Қалдыбике Мадиярқызына жолыққанбыз. Бiрақ бұл кiсi мектепке келуге рұқсат етпей қойды. Мұны қалай түсiнуге болады? “

Қазiр әрбiр үйде теледидар бар. Ендi осы күнделiктi теледидар бағдарламасынан бiр-бiрiнен айырғысыз телешоулар, түрiктiң бiтпейтiн сериалдары, одан кейiн барып Батыстың атыс-шабыс кинолары. Жалпы, өте арзандап, жеңiлтектенiп кеттi. Мәндi, маңызды, салмақты мәсе­лелердi көрсетудi қойды. Шолжаң жiгiттер мен тәйтiк қыздардың “шоуына” айналды... Бiрақ, бiз, Қазақ радиосына ризамыз. “Шалқардың” бағдарламасында да жақсы концерттер, рухани әңгiмелер, имандылыққа, инбаттылыққа шақыратын келелi тақырыптар бар. Рақметтен басқа айтарымыз жоқ.
“Көктем шақырады, мен шақырамын...” деп елiмiздегi әр арнадан гүлдей жайнаған Халық әртiсi Роза Рымбаеваның концертi жайлы хабарлағалы бiр ай болды. Сәтi түсiп, соңғы қатардың билетi бұйырып, 17 мамырда жөндеуден өткелi алғаш рет Республика сарайына мен де аяқ бастым. Сағат тұп-тура кешкi 17.30. Үш мың адамдық сарайға жұрт лезде толды. Ине шаншар бос орын жоқ. Концерт әбден күткiзiп, ауылдың тойын еске салғандай зарықтырып 1 сағатқа кеш басталды. Хош дейiк, жұрт қол шапалақтап қоймаған соң жанды дауысты сүйемелдейтiн симфониялық оркестр сахнаға шықты. Олар Розасыз үш композициямен жиналған елдi тағы 15 минут алдаусыратты.
КСРО-ның халық артисi, Қырғыз елiнiң Тоқтоғұл атындағы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Бибисара Бейшеналиева – қырғыздың балет өнерiн дүниенiң төрт бұрышына танытқан адам. Ол – Қырғыз елiнiң ең алғашқы балеринасы. Қыр­ғыз хореографиясының одан әрi дамуына, балет өнерiнiң қалыптасуына Бибисара Бейшенәлиеваның қосқан үлесi зор. ...Ленинградтағы (қазiргi Санкт-Петербор) хореографиялық училищенiң мұғалiм­дерi Кеңес Одағының түк­пiр-түкпiрiне барып, дарынды балаларды жинайтын. Мiне, Бибисара оқып жат­қан бiр түкпiрдегi 7 жылдық мектепке де сондай комиссия келедi. Әлгi комиссияның бiрi мектеп директорымен әңгiмелесiп тұрып, аулада бiр топ қыздың iшiнен талдырмаш келген Бибисараны көредi.
Бүгiн Алматыдағы Достық спорт кешенiнде күрес түрлерiнен (грек-рим, еркiн, қыздар күресi) жас­тар арасында Азия чемпионаты басталды. Төрт күнге созылатын құрлық бiрiншiлiгiне 16 елдiң бал­уандары қатысуға ниет бiлдiрiптi. Бұл сын елiмiздiң балуандары үшiн де маңызды. Өйткенi Азия чемпионы атанған балуан халықаралық дәрежедегi спорт шеберi атағын қоса иемденедi. Құрамадағы балуандарға бағыт-бағдар беретiн аға бапкерлердiң алдына үлкен мiндет қойылды, жалпыкомандалық есепте топ жару көзделген са­йыста
Бүкiләлемдiк бокс сериясының биылғы маусымында жолортада қалған “Астана арландарының” алыбы Руслан Мырсатаев Лондонға баратын болды. Олимпиадаға емес, әрине.  Биылғы WSB сериясының жекелеген салмақтағы финалдық ойындары 9 маусым күнi Лондон қаласында өтедi. Былтырғы маусымның финалына бiздiң елiмiзден Қанат Әбутәлiпов пен Ержан Мүсәпiров шыққан едi. Биыл “арландар” жартылай финалда Мәскеудiң “Динамо” клубының боксшыларына “таланып”, жекелеген боксшылар да финалға жолдама ала алмаған болатын.
Футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасы 1 маусымда Қырғызтан, 5 маусым күнi Армения құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткiзсе, Слободан Крчмаревич баптайтын жастарымыз келесi жылы өтетiн Еуропа чемпионатының iрiктеу кезеңiндегi ойындарын өткiзедi. “Астана Арена” стадионында 8 маусым күнi Франция жастар құрамасымен, 12 маусымда (осы стадионда өтедi) Латвия жастарына қарсы алаңға шығатын құрамадағы ойыншылар белгiлi болды. Слободан бапкер екi кездесуде мына ойыншыларға сенiм артып, арқа сүйемек:

Астанада “Бiр атаның балалары футбол ойнайды” деген атаумен жанұялар арасында шағын футболдан республикалық турнир “Sport” (қазақша) және “Спорт” (орысша) апталықтарының (директор-бас редакторы Несiп Жүнiсбайұлы) мұрындық болуымен өттi. Спорттық шараның жанкүйерлерi мен жанашырлары артып келедi екен, соған қуандық. Мәселен, осы доданы тамашалауға келген ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттiгiнiң жа­уапты хатшысы Әлiшер Пiрметов келесi жылы турнирдiң өтуiне агенттiк басшылығы да атсалысатынын айтты.