1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15710) 5 маусым, сейсенбі 2012
ЛАҢКЕСТЕР ҚЫТАЙДАН КЕЛДI МЕ, ӘЛДЕ ӨЗ АРАМЫЗДАН ШЫҚТЫ МА?
Ел аман, жұрт тынышта 14 шекарашы мен бiр қорықшының оққа ұшуы елдi дүрлiктiрiп жiбердi. Дүрлiкпей қайтсiн ендi, ел шетiне жау тиiп жатса. Бұған басқаша баға беру мүмкiн емес. Маусымның 1-i күнi президент Нұрсұлтан Назарбаев Қы­таймен шекарада болған қанды оқиғаны лаңкестердiң iс-әрекетi деп мәлiмдедi. “Мен мұны тер­рористiк iс-әрекет деп есеп­тей­мiн. Iшкi кикiлжiңдердiң нә­ти­жесi болуы да мүмкiн. Бi­рақ бұлай деуге әлi ерте. Сол­дат­тардың казармасы мен офицер­лердiң үйi өртелген, қаза бол­ғандарды үйiндiнiң астынан аршып алды. Бейбiт заманда мұндай оқиғаның неден болғаны өте мұқият зерттелуi керек.
ҮКIМ ОҚЫЛЫП БIТПЕСТЕН АНАЛАРДЫҢ ЗАРЫ ЗАЛДЫ АЗАН-ҚАЗАН ЕТТI
Жаңаөзен оқиғасы бойынша нау­рыздың 27-сiнен берi жалғас­қан сот процесi 4 маусымда аяқ­талды. Судья Аралбай Нағашы­баев кеше 37 айыпталушыға қатысты сот үкiмiн оқыды. 37 айыпталушының үшеуi толық ақталып, бе­сеуi рақымшылыққа iлiндi. Он алты айыпталушыға шартты жаза кесiл­се, он үш адам әртүрлi мер­зiмге бас бос­тандығынан айырылды. Екi жарым айдан берi сот отырыстары өтiп жатқан Ақтаудағы “Арман” жастар орталығында дүйсенбi күнi таңертең ине шаншыр орын қалмады. Жаңаөзендiктер үкiм оқылатын орталыққа таңғы сегiзден бастап жинала бастаған. Таңғы онда басталатын сотқа әдеттегiден көп полицей тартылды.
Айдай әлем­ге “Алашқа Астана салып берген – Н.Назарбаев” деп бөркiмiздi аспанға атып жүргенiмiз бекер болып шықты. Сөйтсек, “Арман қаланың” бой түзеуiне президент емес ұйғырлар атсалысқан-мыс. Сондай-ақ Қазақтың мәдениетiн көтерiп, қатарға қосқан да сол ұйғыр ағайындар екен. Бұл туралы Ақмола облысы, Аршалы ауданына қарасты Қостомар ауылының тұрғындарымен кездесуiнде “Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы” қоғамдық бiрлестiгiнiң өкiлi Т.Исламов айтқан. Бұл аз десеңiз, қоғамдық бiрлестiк Қостомар ауылының iргесiнен жер алып, 250, ендi бiр дерек бойынша 400 коттедж салмақшы. Яғни ұйғырлар Астананың iргесiндегi шұрайлы жердi иемденiп, өз алдына отау тiкпекшi.
31 мамыр Алматыда оппозиция өкiлдерi саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алды. Еске алу акциясына жүздеген адам қатысты. Олардың арасында «Азат» ЖСДП тең төрағасы Болат Әбiлев, «Жас Алаш» газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы, театр режиссерi Болат Атабаев, саясаткер Жасарал Қуанышәлин, «Ар.Рух.Хақ» ұйымының жетек­шiсi Бақытжан Төреғожина, оппозиция белсендiсi Ермек Нарым­баев­ бар. Олар 1930-жылдардағы саяси қуғын-сүргiн құрбандары мен саясаткерлер Заманбек Нұрқадiлов, Алтынбек Сәрсенбаевтың суреттерi бар плакаттар көтерiп шықты.
Қазiр интернет беттерiнде ресми үкiметке балама ретiнде пайда болған “Азаматтық үкiмет” ұғымы қызу талқыға түсiп жатыр. Бұл – қоғамдық ұйым iспеттес негiзде ерiктi белсендiлердiң бастамасымен құрылған арнайы топ. Оның өкiлдерiнiң айтуынша, аталған топ ресми билiк пен азаматтардың, халықтың арасындағы байланысты реттеушi арнайы дәнекер рөлiн атқарады-мыс. Бiрақ бұл бастаманың күмәндi жақтары да жетерлiк.. Қазiргi кезде ашылар ұйымдар ашылып, бiраз уақыт өткен соң қайта жоғалып кетiп жатыр. Ал әлеуметтiк желiдегi бел­сендiлердiң бастамасымен құрылмақ болып жатқан “азаматтық үкiметтiң” болашағы қандай? Оның да сол бұрынғы ғайып болған саяси ұйымдар сияқты iз-түзсiз жоғалуы мүмкiн ақ?
Алматы қаласы Жетiсу ауданы Айнабұлақ ықшамауданында тұрып жатқан төртемнiң ата-анасы балаларына әлеуметтiк қолдау қажет екенiн айтады. Ал әкiмдiк өкiлi жәрдемақы бiр жасқа дейiн ғана төленедi деген уәж келтiредi. 2010 жылы наурыздың 9-ы күнi дүниеге келген Бегайша, Гүлайша, Жанайша және Нұрайшалар екi жастан бiрер ай асты. Алды бiр жарым килограмм, соңы 900 грамм болып туған төртемнiң тiлдерi шыға бастапты. (Төрт Айша туралы Азаттық радиосы бұған дейiн де арнайы мақала жазған болатын). Төртемнен кейiн дүниеге келген Нарқыз есiмдi сәби тағы бар. Қазiр бес баланың күтiмi нағашы апалары Күләйхан Ыбырайқызының мойнында.
Маусымның 2-сi күнi Алматыдағы Республика сарайында өткен “Ретро-айтысқа” жиналған жұрт “айтыс өнерi – жастыққа тән қасиет” деген оймен тар­қасты. Айтыс басталған сәтте сахнаға көтерiлген Жүрсiн Ерман сарайдың жартысын ғана толтырып отырған жұртты көрiп: “Апта басында Алматы әкiмшiлiгi осы айтыс­тың өтуiне қарсы болып, бес күн бойы билет саттырмай қойды. Ақыры министрлiкке хабарласып, әрең рұқсат алдық. Талай адам билет ала алмай, ақыры айтысқа келе алмай қалды”, – дедi. Билеттен түскен қаражаттың “бар-жоғы 120 мың теңге” болғанын айтқан Жүрсiн Ерман: “Залды үш жарым миллион теңгеге жалдадық. Үш миллионын бас демеушi Исламбек Салжанов төледi.
V Астана экономикалық форумында Эдвард Прескот мұнайдан түскен ақшаның бiр бөлiгiн қазақстандықтардың депозитiне аударуға болатынын айтқан едi. Ендi тағы бiр экономист қазақстандықтарды байлықпен жарылқаймын деп отыр. Яғни бiр жылдың iшiнде екi есеге байытуға қытайлық Генри Лю дейтiн экономист үлес қоссам дейдi. Ол атақты Рокфеллерлер отбасының және Нью-Йорк қаласы әкiмдiгiнiң кеңесшiсi қызметiн атқарған. “Мен Қазақстан үкiметiне өз қызметiмдi ұсынып отырмын – дейдi ол. – Шын мәнiнде жағдайды 3-6 айда жақсартуға болады. Бұл шағын мемлекет қой, жүйенi өзгерту оңай.
ЖЕМ ДЕПОСЫ МЕН ДӘРIГЕРЛЕР МАШИНИСТIҢ ӨМIРIНЕ НЕМКЕТТI ҚАРАУДА
ҚР Денсаулық сақтау министрi С.Қайырбекова ханымның назарына!
Шалқар ауданының тұрғыны, 55 жастағы азамат Құдайберген Калинин “Жас Алаштың” есiгiн қағып, жәрдем сұрайды. Бұл кiсi қазiр аяғынан жүрiп-тұруы қиын мүгедек, оның үстiне емделiп жүргенде С вирусты гепатитiн жұқтыр­ған. Ол – бұрынғы тепловоз машинисi­нiң көмекшiсi. 2006 жылдың 20 тамызында Ақтөбе облысы Жем пайдалану локомотив депосында тепловоз жөндеу кезiнде 4 метрлiк құдыққа түсiп кетiп өндiрiстiк жарақат алған. 6 жылдан берi азаматтың көрмеген азабы жоқ. Бейне­тiне бейнет қосылып, 4 рет ота жасалынды, осылардың бiрiнде С вирусты гепатитiн жұқ­тырғаны кейiн анықталды. Ендi дәрiгер­лер бастарын алып қашып отыр: қай жерде, қай ауру­ха­на­­да С вирусты ге­па­титiн жұқ­тырғаны белгi­сiз.
Жыл басынан берi жалғасып келе жатқан “нарзылар жиыны” саябырсып қалғандай. Наурыз айының соңында “Ақ жебе” деген желеумен өткен митингiден кейiнгi наразылық шаралары маусымның екiсi күнi жалғасын тапты. Оған елуге жетер-жетпес адам ғана қатысып, орыс тiлiнде “Еркiн Қазақстан!”, “Мұнайшыларға бостандық!” деген ұрандар айтылды. Бұл жиын әдеттен тыс жағдайда өттi. Яғни бұрынғыдай ескерткiштiң айналасын қоршаған полиция қызметкер­лерiнiң қарасы көп көрiнбедi. Және ескерткiштiң алдын жауып тастаған темiр қоршауларды да көрмейсiз. Жиынның тағы бiр ерекшелiгi – митинг дәл Абай ескерткiшiнiң түбiнде өттi.
ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ
Халқымыздың аса көрнектi жазушысы Шерхан Мұртаза осыдан бiраз жыл бұрын былай деген едi: “Бауыржан Момышұлы туралы айтушылар көп. Жазып жүрген­де­рi де жетедi. Бiрақ, көбiнесе, көңiлге қона қой­майды. Көбiк. Қоспа. Осылар әйтеуiр өз атын шығарып қалуға әуес пе, бiл­меймiн... Тiптi “жанына iлесiп жүрiп едiк”, “қолына су құйып едiк” деп кiсiмсiп жүргендер қаншама?! Батыр туралы жазу үшiн батыр мiнез керек. Бiтiмнiң туыстығы керек. Олай емес екен, бiртуар қаһарманды аласартып аласың. Жөнсiз лепiрме, беталды лақпа. Түйсiкпен айт. Түсiнiп сөйле. Тектiнiң тереңiне бойла...”
Қазақтың иесi – Көк Тәңiрi, киесi –Домбыра! Аспан астында Алаш дейтiн киiз туырлықты ұлан-ғайыр ұлыс пайда болғалы осылай болған. Осылай бола бередi. Жұмыр жердiң жартысына әмiрiн жүргiзген сайыпқыран Шыңғыс ханның аңда жүрiп, асау тарпаң теуiп өлтiрген ұлының қазасын тiрi пенде тiл қатып, естiрте алмағанда, қаралы хабарды осы Домбыра жеткiзген деседi. Домбыра барда қазақ дейтiн халықтың тарих сахнасынан iз-түзсiз жоғалып кетуi мүмкiн емес. Домбыра болмаса... оны бiр Құдайдың өзi бiледi. “Ақсақ құлан” аңызы – сонау Шың­ғ­ыс хан заманының бiр көрiнiсi.
ҰЛУ АДАМҒА ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ
31 жастағы вьетнамдық азаматтың бiр аяғы iсiп кетедi. Уақыт өте келе iсiк 91 келiге дейiн ұлға­йып, әлгi адам тұп-тура ұлуға ұқсап қалады. Мұндай сұмдықты көрген журналистер дереу телеарналардан көрсетедi, баспасөз беттерiне суретi басылады. Вьетнамдық жiгiтке ұлу адам (человек слезняк) деген қосымша ат та тағылды. Сөйтiп, бүкiл әлемнiң назары ұлу адамға ауады.Жақында Хи Ши Мин қаласында ұлу адамға бiрнеше сағатқа созылған операция жасалды. Операцияны АҚШ-тың тәжiрибелi хирургы жасады.
ҚР Қарулы күштерiнiң құрылғанына – 20 жыл
Ермектi әскери ортада танымайтындар кемде-кем. Өйткенi ол – кейiнгi алты жылдың шамасында әскерге қатыс­ты барлық iс-шаралардың ортасынан табылып жүрген шебер фото­суретшi. Әлбетте, кейбiр әскери жиындарда кез келген фотографтың еркiн жүрiп суретке түсiруiне тыйым салынатын кездер де болады. Бiрақ Ермекке “жетi қат жердiң астындағы құпияны” бейнелеуге рұқсат берiлген. Ерекең сонысымен де ерекше фотограф. Өз iсiн өте жақсы бiлетiн, ұқыпты, кәсiбiне жан-тәнiмен берiлген азамат.

Жуырда Абай атындағы ҚазҰПУ-дiң музейiнде көркем-сурет факуль­тетiнiң 2-курс студентi Азамат Айымбетовтiң жеке фотокөрмесi өттi. Онда Азаматтың әр кезеңдерде түсiрген фото­суреттерi қойылды. Әсiресе “Қызғалдақтың отаны – Қазақстан” атты фотосеминардан түсiрген табиғаттың әсем көрiнiстерi көрермендердi таңғалдырды. Фотокөрменiң ашылуында сөз сөйлеген факультеттiң деканы, педагогика ғылымдарының докторы Берiкжан Айтқұлұлы, ФОТОӨНЕР қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Асылхан Әбдiрайымұлы және белгiлi суретшi Марат Нисупов фотокөрменiң иесi Азамат Нұран­ұлына шығармашылық сапарына сәттiлiк тiледi.

ФОТОӨНЕРДIҢ 100 СҰРАҚ-ЖАУАБЫ
“Фотоөнер бiлiмiнен 100 сұрақ-жауап” деп аталатын бұл кiтап – әйгiлi фотосурет маманы, журналист, ҚХР фотосуретшiлер одағының тұрақты мүшесi, салт-сана фотосуретiнiң докторы, Түсiпбек Сiләм­құлұлының 30 жылдан бергi ғылыми тәжiрибесiнiң жинағы. Оқырмандарға түсiнiктi болу үшiн сурет түсiру барысындағы аса маңызды 100 түрлi техникалық тәсiл сұрақ-жауап түрiнде берiлiп, фотосурет­тiң қоғамдағы маңызы мен рөлi, дәстүрлi фотоаппарат пен қазiргi кездегi көп қолданылып жүрген сандық фотоаппараттардың жалпы құрылысы мен қолданылу жолдары таныстырылған.
Алматыдағы “Достық” спорт кешенiнде күрес түрлерiнен жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Елiмiздiң бал­уандары төрт күнге созыл­ған құрлық бiрiншiлiгiнде ел абыройын асырып, жүлдеге қол жеткiздi. Дегенмен Азия құрлығында бiздiң балуандардың жолын көбiне-көп иран спортшылары бөгедi.  Еркiн күрес балуандарынан 50 келiде Владимир Кудрин кiлемге бiрден ширек финалдан шықты да, алдымен   жапон Такаки Кио­хи­дi жықты, жартылай сында үндi Деви Сингтi тiзерлеттi де, финалға жеттi. Азия чемпионы атағы үшiн Владимир иран балуаны Халилебат Хамидпен белдесiп, жеңiске жеттi.
Мирослав Беранек баптайтын ұлттық құрама биылғы жылдағы кездесуiн жеңiспен бастады. Алматыдағы “Орталық стадионда” ұлттық құрама Қырғызстан футболшыларымен жолдастық кездесу өткiзiп, жеңiске жеттi. Алаңдағы бас қазы Олим Талибжановтың (өзбекстандық) ысқырығы естiлiсiмен, бiздiң жiгiттер алаңдағы басымдықты өз қолдарына алды. Команда капитаны Нұрдәулетов 2-минутта-ақ есеп ашып, алматылықтарды бiр желпiнтiп тастады. Екiншi голды да бiздiң футболшылар көп күттiрмей тоғытты. Дәуренбек Тәжiмбетов 11-минутта нәтиженi еселедi. Қырғыздар екi гол жiберiп алған соң ғана жинақы ойын жүйесiне көштi.