1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №45 (15711) 7 маусым, бейсенбі 2012
19 ЖАСТАҒЫ ШЕКАРАШЫНЫ КIНӘЛI ЖАСАП ШЫҒАРУ КIМГЕ ТИIМДI?
 Президент Н.Назарбаев кешелi берi Қытайда жүр. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитiнде. Содан болуы керек, мемлекеттiк шекараға жасал­ған шабуыл мәселесiн сипай қамшылап өттi. Жөн-ақ, өңшең ығай мен сығай жиналған саммитте жоқ жерден кiмнiң жағасына жармасады? Ондай құдiрет қайда?.. “Бұған қатысты өте маңызды ақпарат бар. Бiрақ, менiң пiкiрiмше, бұл туралы айтуға әлi ертерек. Әзiрге айтарым, “Арқанкерген” шекара бекетiндегi мәселеге сырттан ешкiм араласпаған. Бұл – басы ашылған мәселе, ешкiм келмеген”, – дедi Н.Назарбаев.
Арқанкерген шекара заставасында жұмбақ жағдайда өлтiрiлген 15 шекарашының арасындағы екi солдат – Аға­нас Қамбар мен Мақсатов Әли Ақтөбе облысынан әскер қа­тары­на шақырылған. Әли Мақсатов 19 жаста Ойыл ауданынан, Қамбар Ағанас 20-да Ақ­төбе қаласынан шақырылған. Ата-аналары биылғы жылдың күзiнде үйге оралады деп тағатсыздана күтiп отырған. Бастарына ауыр қайғы түскен Қамбардың ата-анасы Асқар мен Жарқын Сариновтар   Арқанкергенде мамырдың 28-iнен 29-ына қараған түнi не болып не қойғанын әлi бiлмейдi.

Қазақстан мен Қытай шекарасында әзiрше белгiсiз жағдайда, 14 сарбаз бен бiр қорықшы азамат қаза тапты. Жа­ңаөзендегi қанды қырғыннан кейiн қайғы бұлты елiмiзге қайта төндi. Тепсе темiр үзетiн жап-жас азаматтар опат болды. Ата-аналары, бауырлары, туыстары қара жамылып, егiлiп отыр. Ауыр қайғы. Оны ел-жұрт болып бөлiсу керек. “Жас Алаш” газетiнiң ұжымы бас болып, зиялы қауым өкiлдерi, қоғам қайраткерлерi, қала тұрғындары 5 маусым күнi Республика алаңындағы Тәуелсiздiк монументi жанына жиналып, аза тұтты.

АШЫҚ ХАТ
Тәртiп орнатуды Н.Әбiқаевты, Қ.Қасымовты, Н.Мырзалиевтi, Ә.Жақсыбековтi орындарынан босатудан бастаңыз
Нұрсұлтан Әбiшұлы! Ар­қанкергендегi жан түр­шiктiрерлiк алабөтен оқи­ғаны Сiз лаңкестiк деп бағаладыңыз. Содан соң “Iшкi кикiлжiң болуы да мүмкiн” дегендi айттыңыз. Мұныңызды қалай түсiнемiз? Сонда шекарашылар өзара кикiлжiңге келiп, бiрiн-бiрi қырып салған ба? Қылмыстың iзiн жасыру үшiн бекет­тегi үй-жайға өрт қойған ба? Олай болса, бұған қандай баға бересiз? Жемқорлық жайлаған, иесiздiк, сат­қындық белең алған қайран елiмiздегi келеңсiз жағдай бұл ғана емес. Мынау солардың iшiндегi ең сорақысының бiрi. Мұндайға қа­шан­ғы төземiз?

30-31 мамыр күндерi Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында Н.Назарбаев әлемдiк дiндер мен конфессиялардың көшбасшыларын қабылдады. Оған 40-қа жуық елден 87 делегат қатысып,адамдық, моральдық, рухани құндылықтар туралы түрлi мәселелердi талқылады. Бiрақ қарапа­йым жұртшылық кiмнiң келiп-кеткенiн де, олардың не үшiн келгенiн де түсiне алмай дал болды да қалды. Осымен төртiншi мәрте өткен дiнбасылар съезiн құдды бiр жарнама жасайтын жиын екен деп қалдық.

“Ақсарай” театрының көркемдiк жетекшiсi, саясаткер Болат Атабаев Жаңаөзен қаласында өтуге тиiс тергеу амалдарына өз еркiмен бармайтынын мәлiм­дедi. Б.Атабаевтың сөзiне қарағанда, оның үстiнен әлеуметтiк араздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық iс қозғалған. Осыған дейiн оны Алматы қаласындағы ҰҚК-нiң уақытша қамау абақтысында тергеген. Мамырдың 29-ы күнi Б.Атабаев пен Ж.Мамайға ҰҚК өкiлдерi Жаңаөзенге бару бағытына әуе билетiн тапсырған-ды.

Қоймаларға астық сыймай қалған сәттерде, нанның бағасы қымбаттай қалса, “Азық - түлiк келiсiм - шарт” корпорация­сын iздей бастаймыз. Олар не бiтiрiп отыр деген сұрақтың астына аламыз. Аты дардай, атағы таудай бұл ұлттық компанияның тындырған шаруасы қандай, қалай жұмыс iстеп жатыр? Осы тақылеттес сұрақтарды аталған акционерлiк қоғамның басқарушы директоры – коммерциялық директоры Марат Секенұлы Сейсеновке қойған едiк. 2011 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кеңейтiлген отырысында мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшiн, белгiлi бiр оперативтiк және жүйелiк шараларды

Жаңаөзен қаласының iстi болған бұрынғы әкiмi Орақ Сарбөпеевтiң соты соңына жақындап барып, кiлт керi шегiндi. Мемлекеттiк айыптаушылар алқа билердiң кейбiрiнiң сотталушының қорғаушысымен, жақындарымен жанасып кеткенiн байқап қалып, оны бейнетаспаға, суретке түсiрiп алған көрiнедi. Жарыссөзде О.Сарбөпеевке 13 жыл жаза сұраған прокурорлардың аяқ астынан өзгере қалғаны әдiлет iздегендiк пе, әлде айыпталушының тағдырына жоғарыдан ара түскендер табылды ма, ол жағы белгiсiз.

“Теңге бағамына алаңдауға еш негiз жоқ. Ресей рублi бағамының төмендеуi мен мұнай бағасының құбылуы теңге бағамына әсер етпейдi”, – дейдi Ұлттық банктiң төрағасы Григорий Марченко. Сәрсенбi күнi өткен ай сайынғы баспасөз мәслихатында бас банкир валюталық нарықтағы ахуалды егжей-тегжейлi түсiндiрiп, БАҚ өкiлдерiнiң сұрақтарына әдеттегiдей кекесiнге толы әжуамен жауап бердi. БАҚ өкiлдерiне арналған дәстүрлi баспасөз мәслихатын макроэкономикалық көрсеткiштердi тiзуден бастаған Г.Марченко мамыр айын­дағы инфляция 0,7 пайызға жеткенiн мәлiмдедi. “Жыл басынан бергi инфляция – 2,4 пайыз.
“Әдiл сөз” сөз бостандығын қорғау ұйымы “Қазақстан президентiнiң саяси, адами беделiн, ар-абыройын қорғауды мақсат ететiн” интернет-қауымдастығынан “ерекше” хат алғанын жазады. Бiрақ хатта аттары аталған мекемелер ондай қауымдастықты бiлмейтiнiн айтады. “Қайырлы күн, сiздерге “Kazakhstan Online” интернет-қауымдастығы жазып отыр. Бұл қауымдастық Қазақстан Республикасының президентi – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың саяси, адами беделiн, ар-абыройын интернет кеңiстiгiнде қорғауға бағытталған.
Жаңаөзенде “Шаң ауыл”, “Бай ауыл”, “Арам ауыл”, “Сыған ауыл”, “Жыңғылды” деген ауылдар бар. Бұл атауларды түсiндiрген олар “Бай ауыл” мен “Арам ауылдың” қайдан шыққаны атынан-ақ көрiнiп тұр емес пе?” дейдi. Ақтаудағы соттарда жәбiрленушiлер мен куәлер осы бейресми атауларды жиi қолданды.  Азаттық тiлшiсi сәуiрдiң 28-i Жаңаөзенге барғанда осы халықтық топонимдермен бiршама таныс болып қалды. Оқ атылған Жаңаөзен алаңының қапталында ескi “Опель” көлiгiн сүртiп жатқан егде кiсi мен 50-60 жастағы екi адамның әңгiмелесiп отырғанын көрдiк.
Елiмiз тәуелсiздiк алған тұста Шымкент қаласына, кейiн Жамбыл облысына басшылық етiп, төрт рет депутат (екi рет жоғарғы кеңеске, екi мәрте мәжiлiске) болған қоғам қайраткерi Амалбек Тшан Республикалық спорт кол­леджiн 2008 жылдан берi басқарады. Жақында Амалбек ағамен әңгiмелесiп, елiмiздегi спортшыларды шыңдайтын жалғыз колледждiң бүгiнгi-жай күйiнен хабардар болдық. Үш айлық жазғы демалыста мектеп оқушылары алаңсыз тынықса, түлектер мен 9-сыныпты аяқтаған кей оқушылар мамандық таңдау мәселесiмен бас қатырары сөзсiз. Сiз басқаратын республикалық спорт колледжiнде бiлiм алғысы келетiн жастардың да көп екенi белгiлi.
ОСЫ АЙДАЙ АҚИҚАТҚА КӨЗ ЖЕТКIЗЕТIН ДЕ УАҚЫТ БОЛДЫ, ӘЙТСЕ ДЕ...
Мен тарихшы да, тарихи тақырыпқа қалам тартқан жазушы да емеспiн. Мен оқырман ғанамын, бiрақ тарихтың саясат саласына үңiле жүрудi, ондағы өзiмнiң көзiм жеткен дұрыстықты да, бұрыстықты да айтуды жөн көремiн. КСРО мен Ресейдiң тарихын бүлдiрген алаяқтың бiрi – Н.С.Хрущев. Н.Хрущевтiң СОКП-нiң ХХ съезiнде жасаған баяндамасы (әсiресе, Сталин туралы айтқандары) тұтас дерлiк “өсек-өтiрiктен құралғанын” соңғы жылдары тарихшылар айта бастады. Мәселен, кезiнде барлаушы болған генерал-полковник, жазушы В.Жухрай былай дейдi: “АҚШ ғалымы Говард Фрер мынандай зерттеу жүргiздi. Н.С.Хрущев СОКП-ның ХХ съезiнде Сталиндi әр қырынан 61 рет сынапты.
“МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛIГIНIҢ МӘДЕНИЕТКЕ ДЕ, БИЛIККЕ ДЕ КӨК ТИЫНҒА КЕРЕГI ЖОҚ”
Ресейдiң жақында ғана тағайындалған 32 жастағы Мәдениет министрi Владимир Мединский жөнiнде қилы пiкiрлер айтылып жатыр (Бұл министрдi Д.Медведевтiң өзi бес кандидатураның iшiнен таңдап алыпты!). Мәселен, жазушы Д.Быков былай дейдi: “Дәл қазiр қандай уақыт? Қазiргi уақытта Мәдениет министрлiгiнiң мәдениетке де, билiкке де көк тиынға керегi жоқ. Билiк министрден мынаны ғана талап етедi: “Бiздiң iсiмiзге араласпа!” Сондықтан да Мединский билiктiң iсiне араласпауға тырысып бағады.
Қоғамдық көлiктерде қарт адамдардың бос орынның жоқтығынан белi бүкiрейiп, әрең түрегелiп тұратыны жиi кездесiп қалады. Мұны көрмеген сыңай танытқан кейбiр аналар ұлдарын, не қыздарын iрге жағына тығып алып, “қозғалма, отыра бер” деп иығынан басын қояды. Қарт адамға орын берудi өтiнсең, “балам ауырып отыр” деп түлкi бұлаңға салады. Орын бермес үшiн кейбiр жастарымыз өтiрiк “ұйықтайды”. Бiрде ауылда кешкi мал өрiстен қайтқан мезгiлде екi-үш жылқы бiр қарттың жеке меншiк жоңышқасына түседi.

Қазақстанның басқа жағын қайдам, өзiмiз күнде ауасын жұтып, суын iшiп жүрген, қазақылықтың қаймағы бұзылмағанын, iс қағаздарын жүргiзу 2002 жылы мемлекеттiк тiлге көшiрiлгенiне ресми түрде шешiм қабылданғаны жалпақ жұртқа жарияланғанын мақтан тұтатын облыс орталығы – Шымкентте орысша, шетелше жарнамалардан көз сүрiнедi. Сорайған бильбордтар жоғарыдан қазақшаға мұрнын шүйiрiп қарайтын болды. Кәсiпкер­лердiң көшеге орнат­қан көрнекi ақпарат қондырғыларын мiндеттi түрде мемлекеттiк және ресми тiлдерде жазылу тәртiбiн мүлдем “ұмытқанына” көз жеткiзу қиын емес.

Кеңес одағын көп адам жақтырмайды. Ал шындығына келсек, ол кезде тәртiп бар едi. Үлкендi сыйлау, кiшiге iзет, мейiрiмдiлiк, адамгершiлiк және тағы да басқа қасиеттер әр отбасы мүшелерiнде бар едi. Егер қызбала күйеуiнен ажырасып келсе, ауыл оны жақтырмайтын. “Қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман” деген осыдан шықса керек. Әке-шешесiне қол жұмсаған баланы қара есекке терiс мiнгiзiп, ауылды аралатып жүрiп ұратын. Ал қазiр ше?.. Қазақтар бұрын туған күндi тойламаған. Мүшел жасты киелi деп санаған. Мүшел жаста жетiм-же­сiрге садақа берген. Қа­зiргi кезде кiшкентай баладан еңкейген кәрiге дейiн туған күндерiн тойлайды.
Бiз немерелерiмiздiң жазғы демалысқа шығуын асыға күтемiз. 2-сыныпқа көшкен немерем Абзал кiтапты өте жақсы оқиды, есептi де жақсы шығарады. Бiр күнi Абзалға 10, 11-сыныпқа арналған оқулықтағы батырлар туралы поэмаларды оқытып көрдiм. Немерем ежiктемей, кiдiрiссiз, еркiн оқыды. Есептi де тез шештi. Әжесi Бәтина: “Балам, құлағым нашар естидi, қаттырақ оқышы ” –   деп немересiн одан ары талаптандырды.  Ойлап қарасақ, 1-сыныпты бiтiрген немеремiздiң есепке де жүйрiктiгiн, кiтап оқуға ынталы екенiн де мұғалiмiмен байланыстырдық. Яғни апайы Гүл­бархан Сүлейменоваға рақмет, ол балаларды оқу­ға қызықтыра бiлген.
Бiр тақырыпқа екi хат
Менiң жасым 56-да. Жұмыс iстемеймiн. Iстегiм-ақ келедi, бiрақ 15 жылдан берi жұмыс таба алатын емеспiн. Бұрын жұмыс iстеген жерiм жабылып қалған. Ең болмаса, ыдыс-аяқ жуатын немесе еден жуатын жұмысқа да қабылдамайды. “Ыдыс-аяқ жууға шамаңыз келмейдi”, – дейдi. Бойымның қысқалығын айтады да. Қазiр немерелерiмдi бағып-қағып отырмын. Бiрақ ертең болмашы ғана зейнетақы алатынымды ойласам, төбе құйқам шымырлайды. Сонымен қатар әйелдердiң зейнетақы жасын ұлғайтады деген де сыбыс шықты. Сонда бұл не бол­ғаны?
ҚАЛТ-ҚҰЛТ ҚҰРАМА
Футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасы 5 маусым күнi Армения құрамасына қарсы   жолдастық кездесуде 0:3 есебiмен жол бердi. Беранек алаңға негiзгi құрамда белдi футболшыларды шығарғанымен, Вардан Минасян баптайтын армяндар адымын аштырған жоқ. Алғашқы голды Казарян 9-минутта тоғытты. Сол Казарян 39-минутта есептi 2:0-ге жеткiзсе, Мовсисян 43-минутта үшiншi голды соғып, алғашқы таймда-ақ тапсырманы тиянақты орындап тастады. Ал бiздiң футболшылар ФИФА рейтингiнде алдыңғы 50 құраманың қатарындағы (47-сатыда тұр) армяндардың мықтылығын мо­йындады.