1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (15712) 12 маусым, сейсенбі 2012
ЖАЗЫЛМАҒАН ЖАРАҢА У СЕБIЛГЕН СОҢ КҮНIҢ НЕ БОЛМАҚ?
Өткен аптада жанашыр жұрттың төбесiнен жай түскендей болды. Ұлттық тәуелсiздiкке қатер төндiрген бiрнеше жағдай қатарынан болып, көпшiлiктi әрi-сәрi еттi де тастады. Алдымен Ресейдiң атақты “Известия” газетiнде “Путин Назарбаевтан жердi тұрғындарымен қоса жалға алуды сұрайды” деген мақала жарық көрiп, қоғамды бiр шулатты. Дәл осы жағдайдан кейiн, Путин Қазақстанға келген бойда Ресейдiң Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонынан ұшқан «Тополь» құрлықаралық баллистикалық зымыраны Қазақстандағы Сарышаған полигондағы шартты нысанаға дәл тидi. Қазақтың қасиет тұтқан жерi тағы қиянатқа ұрынды.
Елiмiзде ұлттық бiрыңғай тестiлеу (ҰБТ) сынақтары басталғалы бiр аптадан асты. Осы уақыт iшiнде оған қатысуға 118 772 оқушы өтiнiш бiлдiрiп, олардың 101-i тәртiп бұзғаны үшiн сынаққа жiберiлмеген. Жылдан-жылға бұл тестiлеудiң соры қалыңдап, сорақылығы артып барады. Ботадай боздаған оқушы мен әдiлетсiздiкке жаны күйген ата-ананың саны да жыл санап көбеюде. Ұлттық бiрыңғай тестiлеу елiмiздiң бiлiм саласына алғаш рет 2004 жылы енгiзiлдi. Қазақстандағы бiлiм сапасы мен оқушылардың әлеуметтiк жағдайын, оқу құралдарының базасын қаперге алған бiлiм және ғылым ми­нистрлiгi болмады. Өркениеттi елдерде осындай сынақ жақсы нәтижесiн беруде деп, бiлiм жүйесiне енгiзiп тас­тады.
Қазақ-Қытай шекарасындағы қанды қасап­қа қатысты мәселе ушығып барады. Ушықпағанде ше, билiктегiлер әлдененi бүлдiрген­дей бүгежектей берсе. Құзырлы органдар шындықты жасырған сайын өсек өршiп, оның жалыны президент Н.Назарбаевтың өзiне де тиiп жатыр... 14 шекарашы мен қорықшының өлiмiне қатысты ресми ақпаратқа ешкiм сенген жоқ. Тiптi “тордағы бұлбұл” Ертiсбаевтың өзi де. Той-томалақ пен өлiм-жiтiмдi талғай бермейтiн ертiсбаевтар “Норвегияда Брейвик деген бiреу жетпiстен астам адамды бiр өзi қырып салмады ма?!” деп өрекпiгенiмен, өз өтiрiгiне өзi сенбейтiнi көзiнен көрiнiп тұрды.
Алматыда “Абай” деректi драмасының тұсаукесерi болды. Фильм авторлары осыған дейiн Абайдың “Сегiз аяғы” деп айтылып келген ән Шәкәрiмдiкi, Абайдың өзiнiң “Сегiз аяғын” ендi таптық дейдi. “Түпнұсқа” жұрт назарына ұсынылды. Маусымның 6-сында Алматыдағы жазушылар одағында “Қазы­ғұрт” кино студиясы түсiрген “Абай” деректi драмасының тұсаукесерi болды. Фильм басталмас бұрын әншi Ерлан Төлеутаев келген жұртқа Абайдың “Сегiз аяқ” әнiнiң “түпнұсқасы табылғанын” хабарлады. “Түпнұсқа” Алтынай Жорабаеваның орындауында саунд-трек ретiнде көрсетiлдi.  Фильм басталмас бұрын жиылған жұрт Арқанкерген постында опат болған шекарашыларды үнсiз­дiкпен бiр сәт еске алды.
Құқық қорғаушылар мұны қаңтар айында қабылданған “Телерадио хабарларын тарату туралы” заңның “алғашқы жемiсi” деп бағалайды. Ал әкiмшiлiк «тәрелкелер қала көркiн бұзады» деп санайды. Жаңаөзен қаласында көпқабатты үйде тұратын Айгүл Бөлекбайқызы (есiмi өзгертiлдi – ред.) маусымның 1-i күнi үйдiң шатырында тұрған спутник тәрелкесi ұшты-күйлi жоқ боп кеткенiн, оны кеше сынған күйде қайта тапқанын айтады. Тұр­ғынның айтуынша, пәтер иелерiнiң кооператив өкiлдерi “әкiмшiлiк жауап бередi” деп жергiлiктi атқарушы билiк органына сiлтесе, әкiмшiлiк кооперативке бару керектiгiн айтып тұрғынды әуре-сарсаңға салған. 

Қазақстан Тәуелсiздiкке қол жеткiзген алғашқы жылдары рухани кеңiстiгiмiзде де ғаламат бiр серпiлiстер мен қайта ояну сипаты байқалды. Ол сан жылдар бойы үрей мен бодандыққа әбден тұншығып қалған ұлттың өзiмен-өзi ашқарақтана қауышуы едi. Сол кездерi “Қазақстан” Ұлттық арнасының эфирiнде отандық тарихымыздың ақтаңдақ беттерiн экран тiлiнде тiрiлткен “Алашорда” деректi фильмi    қоғамда жоғары сұранысқа ие болды. Сөз жоқ, бұл отандық жоба қазақ халқының өз тарихын танып бiлуде әбден шөлдеткен тақырыпты эфирге бiрiншi рет батыл түрде дер кезiнде алып шығуымен құнды едi. ГүлжиҺан Қасымжановамен сұхбатымыз қазақ телевизиясының кешегiсi мен бүгiнгiсi турасында өрбiдi.   

Түрменiң онсыз да тар терезесi­нiң сыртынан аузын аспанға қарата қалпақ кигiзiлген. Бергi жағы жiлiк­тей сым те­мiрмен торланған терезеден түсетiн жарық та шамалы. Терезенiң аспанға қараған қалпағының үстiнен көгiлдiр көктiң бiр тұсы ғана көрiнедi. Кей-кейде сол алақандай тесiктен мамырлап жылжыған бұлттардың шетi көзге түс­кенде Сәкеннiң жан дүниесi алай-түлей боп, қазақтың мәңгi үзiлмеген көшi, ескен самал, бұлдырап бара жатқан киiктер, иен далада сансыз сурет сал­ған сағым көз алдына елестейдi. Сәкен күрсiндi. Сол жақ қабағының үстiндегi шодырайған iсiктi алақанымен сипады. Әлгi бiр жылан көз орыс писто­леттiң дүмiмен ұрған. Сiрә, маңдай сүйегi де жарыла сынған
Келмеске кеткен Кеңес дәуiрiнiң соңғы жылында тышқанша қағаз кемiрiп, әрең қорғаған химия ғылымдарының кандидаты деген дәрежем тәуелсiздiк алып, егемендi ел болғанымызда көк тиын құрлы керегi болмай қалды. Өзiм дәрiс берiп жүрген жоғарғы оқу орнындағы алатын жалақым мардымсыз болған соң, амалдың жоқтығынан жайма базарға шықтым. Алғашқы күндерi өткен-кеткеннен ұялып, ыңғайсызданғаным рас, бiрақ үш күнде көрге де үйренесiң деген шындық болып шықты. Күнi бойы аяғымнан тұрып сататын заттарым – кiтап және ескi-құсқы дүниелер. Бүгiн де бiреу трактормен зорлап, сүйреп әкелгендей базарға әрең келдiм. Үлкен жайма базардың кiре берiсiндегi бос орынға шашы желкесiне түскен, алабажақ киiнген жас жiгiт орналасып жатты
ӨТЕЖАН НҰРҒАЛИҰЛЫНЫҢ 2 ТОМДЫҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДI
Жырдан сұлу сарай соққан қазақтың аса көрнектi ақыны Өтежан Нұрғалиұлының 2 томдық таңдамалы шығармасы жарық көрдi. Шерлi шайырдың, әсiресе, “Соғыстың соңғы жазы” атты қасiреттi жылдардың поэтикалық панорамасындай болған классикалық шығармалары бұдан 30 жыл бұрын, Кеңес өкiметi тұсында әбден паршаланып, 3-4 бөлiкке бөлiнiп, талай рет қиянат көрдi. Өзi дүниеден өткеннен кейiн осы туындылардың толық нұсқасы тұңғыш рет оқырман қолына тиiп отыр.
Ал екiншi кiтапқа сонау 1960-жылдардағы мақалалар, 1997-2009 жылдар аралығындағы қайсар ақынның қалыпқа сыймайтын сұхбат-толғамдары, мерзiмдiк басылымдарда жарияланған
Президент Жамбыл облысына барған сапарында мемлекет қазынасына қол сұққан шенеунiктердiң бастарын жұлам дедi...
Электронды сайттардан
Болады деп ойлап едi кiм бұлай,
(Жебiрлердi жөнге салсын бiр Құдай!)
Пара алатын шенеунiктiң Елбасы:
“Басын жұлам!” – деп айтыпты, сұмдық-ай!
Түнiмен iшiм бүрiп, көз iле алмай шыққан соң, таңертең Мықтыгүлдiң ақылымен сүйретiлiп емханаға келдiм. Арқанша созылған ұзыннан-ұзақ кезектiң соңынан iлiгiп, әйтеуiр түс ауа дәрiгердiң де төбесiн көрдiм-ау. Менiң ұсқыныма көңiлi толмады-ау деймiн, көзәйнектiң үстiнен сүзiле қараған дәрiгер мырза тiл қатуға да ерiнiп, не ғып жүрген адамсың дегендей, жай ғана иек қақты.
– Мен... не, ептеп асқазаным ауырып.., – деп бастадым батылсыздау.
– Так, асқазан, значит. Не жеп едiңiз?
– Қара шай, содан кейiн аздап қара нан...

Биылғы Еуропа чемпионатының да топтық кезеңдегi ойындары тартыспен басталды. Польша мен Украина – футболдан Еуропа чемпионатын тiзе қосып өткiзушi үшiншi ел. 1960 жылы өмiрге келiп, 1968 жылдан берi Еуропа чемпионаты деген атауға ие болған дүбiрлi дода 2000 жылға дейiн әлеуетi зор елдерде өтiп келсе, сол жылы Бельгия мен Нидерланды мемлекеттерi тiзе қосып чемпионатты өткiздi. 2008 жылы Австрия мен Швейцария 4 жылда айналып соғатын футбол тойын ұйымдастырып бердi. Ендi мiне, поляктар мен украиндықтар тонның iшкi бауындай байланыс ұстап, чемпионаттың тiгiсiн жатқызып, УЕФА артқан сенiм үдесiнен шығуға барын салып жатыр.

“ҚҰБЫЖЫҚТЫ” ҚҰЛАТҚАН ҚАЗАҚ!
Астанада аралас жекпе-жектiң бушидо түрiнен ҚР Президентiнiң кубогы үшiн халықаралық турнир өттi. Елiмiздiң намысын бұл сында “Alash-Pride” клубының спортшылары қорғап, Ресей, Жапония, Түркия, Оңтүстiк Корея, Молдова, Литва, Румыниядан келген мықтылармен темiр қоршау iшiнде айқасты. Турнирдiң басты кездесуi америкалық Боб Сапп пен жерлесiмiз Төлеген Ақылбеков арасында өттi. Жарыс алдындағы баспасөз мәслихатында бойы – 2 метр 5 сантиметр, салмағы – 170 келi Боб Төлегенге алая қарап, алғашқы раундта мәселенi шешетiнiн айтқан болатын. Бiрақ ол семiз сөйлеп, арық шықты.