1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (15713) 14 маусым, бейсенбі 2012
ҒАНИ МҰРАТБАЕВ – 110
Қазақтың даңқты батыры, қолбасшы Бауыржан Момышұлы былай деген: “20 жас – тарихи ерлiктер жасайтын жас”. Бұл сөз бекерге айтылмаған. Бiрақ бүгiнде 20 жас түгiлi, осы жиырманың екi-үшеуiне жетсе де, елдiк, мемлекеттiк, ұлттық мақсаттар мен мүдделерге қол қусырып, бейжай қарайтындардың саны көп. Дегенмен, бұл күнде аға буынға қарап отыратын да кез емес, жиырма бiрiншi ғасыр – жастардың жалындай лапылдап, ұшқын шашып, суырылып алға шығатын ғасыры. Ұлттың сөзiн сөйлейтiн, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, ұлттық мүдделердi ту етiп көтеретiн жастардың уақыты. Бiрақ...
Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың қисық-қыңыр мiнезiн БАҚ өкiлдерiнiң көпшiлiгi жақсы бiледi. Бас банкир елдi шулататын мәлiмдемелер жасап, сарапшылар қауы­мына шүйлiкеннен айызын қандырып, байыз табатынына журналистердiң етi үйренген. Соңғы баспасөз мәслихатында да Г.Марченко осы “дәстүрдi” аттап кетпей, “ар-ұяттан жұрдай” журналистердi бiр түйреп өттi. Бәрi әдеттегiдей жур­на­­лис­тер қойған сұрақтан басталды. “Сiз ерлер мен әйел­дердiң зейнет жасын теңестi­рудi әлi де қолдайсыз ба?” деген сауалға Ұлттық банк төрағасы кә­дiм­гiдей шамданып . “Зейнет жасын теңестiру жөнiндегi ұсыныс бұрыннан бар.
Күнi кешеге дейiн Үшарал дегенде қаланың бүйiрiн соғып жат­қан “ала-құла” Алакөл еске түсетiн. Мамырдың соңынан берi Үшарал туралы айтыла қалса, неге екенiн қайдам, Бермуд үштағаны көз алдымда көлбеңдей беретiн болды... Өткен жылы шiлiңгiр шiлдеде АҚШ-қа жол түстi. Құлақ естiге­нiмен, әлi көз көрмеген жерге бару үшiн Атлант мұхитын кесiп, Бермуд үштағанын айналып өтедi екенбiз. Бермуд үштағанын құлақ шалған. Ол туралы естiсең, зәрең ұшады: “пәленше деген ұшақты жүздеген адамымен жұтып қо­йыпты...”, “түгенше деген алып кеме жоғалып кетiптi...”. 

Мектеп кезiнде сабаққа дұрыс дайындалмай келсек ұстаздарымыз “Министр болып кеттiң бе?” деп ұрсып алушы едi. Бұл – министр бiткеннiң бiлмейтiнi жоқ, мiнсiз екен деп ұққандықтан қалыптасқан жайт. Әйтсе де осы ойым арада бiрнеше жыл өткен соң, яғни, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi Нұрлан Қаппаровты көрген соң өзгердi. Өйткенi мәжiлiстегi Үкiмет сағатына келген министрдiң мiңгiрi – атағынан ат үркетiн қызметiне жараспады. Жараспағаны былай тұрсын, тiптi тегiс жерден сүрiнiп, журналистерге күлкi болды. Ал дана халқымыз “Күле бiлу – өмiр, күлдiре бiлу – өнер, күлкi болу – өлiм” дейдi.

ҚЫРҒЫЗДАР ҚАЙТАРҒАН КӨМIРДI ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖАҒЫП ТАСТАПТЫ
Басқаны қайдам, Жамбыл облысының жағдайын Қожахан Жабағиевтiң жақсы бiлетiнiне елдiң күмәнi жоқ. Қожахан Жабағиев ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты болып сайланғанға дейiн Жамбыл облысында екi ауданның әкiмi қызметiн атқарып, бәрiн өз көзiмен көрдi. Елiмiздiң картасында жалпақ жатқан Жамбыл облысының экологиялық жағдайы дабыл қағарлық. Соңғы уақытта ауаның ластану көлемiнiң артуы салдарынан өңiрде тұрғындардың тыныс алу жүйесi ауру-сырқауы күрт көбейiп барады. Қоғамды алаңдатқан экология мәселесiне байланысты маусымның 11-i күнi Парламентте өткен Үкiмет сағатында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi Нұрлан Қаппаров
Украинаның жоғарғы радасы ана тiлi үшiн арпалысып, бiр-бiрiне жұдырық жұмсап жатыр. Ал бiздiң парламенттегi партия қалаулылары төбелеспек тұрмақ, бiр-бiрiне мәндi сөз айтуға шамасы жетпейдi. Бұған қарап оларды аса мәдениеттi екен деп әсте ойлауға болмайды. Аталған жағдай мәжiлiсшiлердiң өз позициясы үшiн қандай      да бiр батыл әрекетке бара алмайтын, әлжуаз екенiн көрсетедi. Парламентте жаға жыртыспақ түгiлi, мәжiлiсшiлер өз кемшiлiктерiн бiр-бiрiне батырып айта алмайды. Мәселен, күнi кеше мәжiлiсшi Айткүл Самақова мектеп бағдарламасына жыныстық ағартушылық сабақтарын енгiзудi ұсынады.
Жезқазған-Ұлытау аймағын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың таяудағы бес жылға арналған кешендi бағдарламасында “Жезқазған-Бейнеу” жобасы аясында қашықтығы 517 шақырымдық “Жезқазған-Сексеуiл” темiржолын салу қарастырылған. Келешекте “Жезқаз­ған-Бейнеу” желiсi Қазақстанның орталық аймағы мен Қытайдың шекарасындағы “Достық” стансасынан жүктi тiкелей батыс бағытына шығаруға мүмкiндiк бередi, қазiргiге қарағанда жолдың қашықтығы 500 шақырымға дейiн қысқарады... Үкiмет ақпанның аяғындағы кезектi отырысында жуырда жүзеге асырылатын аса ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың қатарында “Жезқазған-Бейнеу” темiржолы құрылысына

Елiмiздегi саяси партиялардың сайлаудан кейiнгi белсендiлiгi артып, сайлаушылардың сенiмiн ақтай алды ма? Әлде саяси ұйымдардың беделi бес тиын болып, үйiп-төгiп берген уәделерiн орындай алмай жүр ме? Аталған сауал “Нұр Отан” ХДП Парламентаризм институтының әлеуметтiк қызметiн қатты мазаласа керек. Таяуда билiк партиясының жанынан құрылған институт осы сұрақтарға шарқ ұрып жауап iздеп көрдi. Сценарий бойынша “Нұр Отан” партиясы алда, ал қызыл коммунистер “Ақ жолдың” аузын аңқитып кеттi.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын ағайын екiншi деңгейлi банктен қарыз алу үшiн қияметтiң қайымын көредi. Әу баста банк оларға сенбейдi. Сөйтедi де кәсiпкерлердi түп-тұқиянынан бастап тексередi. Олардың қарыз қайтару қабiлетi растал­ғанда ғана қарыз берушi әрiптестiкке әзiр екенiн бiлдiредi. Алайда кәсiпкерлердiң қолына ақша оңайлықпен тие қоймайды. Банк оларға алған ақша үшiн кепiлзат қою, сан түрлi құжат жинау туралы шарт қояды.

Келесi жылдың ақпан айында “Қазақ” газетiнiң ал­ғашқы санының шыққанына бiр ғасыр толады. Алаш қозғалысының саяси ұстанымдарын жариялап тұрған басылым жаңа қазақ тiлiнде шынайы кәсiби газет стилiн қалыптастырды, зор ағартушылық рөл атқарды. Бiрiншi болып 1870-82 жылдар аралығында Ташкентте “Түркiстан уалаятының газетi” шықты. Түркiстан генерал-губернаторының ресми үнқағазы – “Туркестанские ведомости” газетiне қосымша ретiнде қазақ және өзбек тiлдерiнде алма-кезек шығып тұрды. Бұл басылым жабылған соң, 1888 жылы Дала генерал-губернаторының Омбыдағы кеңсесi жанынан “Дала уалаятының газетi” деген атаумен екiншi басылым жарық көре бастады.
Газеттердiң бiрiнен “Сарбаздар қандай ән салып жүр?” деген мақала оқы­дым. Бұл мақалада жас жауынгерлердiң, журна­листер­дiң, тарихшылардың, композиторлардың, көптеген мамандық иелерiнiң пiкiрлерi келтiрi­лiптi.   Осы ретте   өз ойымды да ортаға салсам деймiн. Әскерге бару керек пе, жоқ па? Әскерге бару борыш па, мiндет пе? Мұндай пiкiр мұсылман баласында, мұсылман дүние­сiнде талқыға түспеуi керек. Қазақ халқында ербаланың орны бөлек. Ол – ұрпақ жалғастырушы.
«Ыңғорс қорс, ыңғорс қорс... Тон-то, тун, то-то-оон...» Кешiрiңiздер, бұл бiздiң телеарнаның жаңалық басталар алдындағы әуенi ғой... Құрметтi көрермендер,   ендi бiздiң жексенбi күнгi жексұрын жаңалықтарымызға қаңылтырдай құлақтарыңызды тоса қойыңыздар:  – Шымкенттен Алматыға қатынайтын “Шымкент – Алматы” жүйрiк пойызына билеттер сатылып кеткенiмен, пойыз жүрмейдi. Өйткенi, пойыздың бас вагоны Алматыдан басталып, соңғы вагон Шымкентке дейiн жеткен. “Жолаушылар “билет жоқ” деп жынданбасыншы” деген нақұрыс ниетпен темiржол басшылары вагондарды тiркей берсе керек, тiр­кей берсе керек...
ДОМБЫРАНЫҢ 20-ДАН АСТАМ ТҮРЛЕРI БАР
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң көркемсурет факульте­тiнiң сәндiк қолөнер кафедрасының профессоры Жолаушы Тұрдықұлов былай дейдi: – Қазiргi күнi  домбыраның 20-дан астам түрлерi бар. Олардың iшiнде  – ән мен күй домбырасы, торсық, тұмар, кең шанақты (екi нұсқасы), балдырған, балашық, шiңкiлдек, аша, үш iшектi, қуыс мойын, шертер, оркестр домбыралары: қоңыр дауысты (альт), жiңiшке дауысты (прима), ащы дауысты (секунда) бас домбыралар (екi нұсқасы) бар.  
(Он төрт шекарашының қазасына)
Қайғылы да, қаралы да күн бүгiн,
Қайғы жапты қалың қазақ түңлiгiн.
Қара рояль үн шығарды қаралы,
Қара көзден қан ағарын бiлдi кiм?

Әскери салада қызмет атқару ықылымнан беделдi саналатын. Алайда дәл қазiргi қазақ әскерiнде қызмет ету былай тұрсын, әскери борышын өтеп, аман оралу мұңға айналды. Жаңадан барған сарбазға қысым көрсету, әлiмжеттiк жасау, әскери қызметкер тарапынан болатын озбырлықтар әлi күнге тыйылмай келедi. Соған қарамастан қорғаныс министрi Әдiлбек Жақсыбеков әр жиын сайын бұл саланы жер-көкке сыйғызбай дәрiптейдi. Отан алдындағы борышын өтеуге жiберген баласының мәйiтiн құшақтап қалған қаншама отбасы бар елiмiзде. Өкiнiшке қарай, министр бұл жайтты әркез сипай қамшылап өтедi. 

Ғабит Мүсiрепов атындағы Қазақ мемлекеттiк академия­лық балалар мен жасөспiрiмдер театрында, маусымның үшi күнi “Адырна” ұлттық-этнографиялық бiрлестiгi” қоғамдық қоры ұйымдастыруымен әншi Үкiлi Ыбырайға арналған ән кешi өттi. Кешке қазақтың халық әндерiн нақышына келтiрiп орындайтын әншiлер қатысып, Ыбырай Сандыбайұлының ел аузында жүрген “Гәкку”, “Қаракөз”,“Қараторғай”, “Бабыңды, дүние сенiң, ешкiм таппас”, “Желдiрме”, “Харарай” әуендерiмен қоса, әлi күнге дейiн ешкiм орындамаған, халыққа беймәлiм “Қоштасу”, “Аңшы”, “Кiдiк-ай” сияқты тың әндерiн орындап, көрермен қошеметiне бөлендi.

Қызылорда облысының әкiмi Б.Қуандықовтың назарына!
Қазiргi уақытта мемлекет қомақты қаржы бөлу арқылы кәсiпкерлiктi өркендетуге бар жағдайды жасап жатыр. Бизнес өркендесе, жұмыссыздық азаяды, халықтың әл-ауқаты артады. Мемлекеттiк тапсырыстың келiсiм­шартын­да көрсетiлгендей, мемлекет кәсiпкерге мемлекеттiк тапсырыспен қатар жұмысшылардың әлеуметтiк жағдайын бiрге тапсырады. Осы жа­уап­кершiлiк екi тарапқа бiрдей болғанымен, басты жауапкершiлiк мемлекеттiк тапсырыс берушiнiң мойнында. Десек те, бүгiнгi күнi iс жүзiнде тапсырыс берушi тапсырыстың орындалуын қадағалағанмен, басты мiн­дет – жұмыспен қамтуға назар аудармайды.
Биыл кiшi қызым бес жасқа толады. Осыған байланысты отбасымызда үлкен бiр мәселе туындап отыр. Қызымызды не қазақ мекте­бiне, не орыс мектебiне беру жағын шеше алмай далмыз. Өзiмiз аудан орталығында тұрамыз. Үлкенiмiз жоғары оқу орнының үшiншi курсына өттi. Қалған екi балам әлi мектеп қабырғасында. Үйiмiзде орыс, қазақ мектебiне байланысты туған дау осы балаларымыздың қазақша оқуынан басталды. Тәуелсiздiк алған жылдары мемлекеттiк тiлге байланысты ендi ешқандай кедергi болмайды деп сендiм. Кезiнде өзiмiз орыс тiлiн бiлмей, талай құқайды көрдiк қой.

Нарықтық заманның кiмге де болса жеңiл тимегенi анық. Әлеуметтiк сұраныстың салдарынан еңкейген қариядан, буыны қатпаған баламыз да нәпақа табуға бет бұрды. Жол жиегiнде отырып, сағыз, кәмпит пен оны- мұнысын сатқан кемпiр-шалдар бүгiнгi тiршiлiктiң үйреншiктi көрiнiсiне айналды. Ал мектеп жасындағы баланың шыжыған жаз айларындағы сауда-саттықпен айналысуын қалыпты жағдайға балайтын болдық. Десек те, күнделiктi ақша табудың жолына түскен жастарымыз да аз емес.

Футболдан Польша мен Украина елдерiнде басталған Еуропа чемпионаты қызып келедi. Топтық кезеңнiң соңғы ойындары өтпестен-ақ кейбiр құрамалар чемпионатпен қош айтысуы бек мүмкiн. Бiз бүгiн “А” тобындағы құрамалардың екiншi кездесуi мен “D” тобындағы құрамалардың топтық кезеңдегi бiрiншi кездесулерiн саралаймыз. Қорғаушы Аврам Пападопулос­тың жарақаттанып, чемпионаттан шет қалуы гректерге оңай соққан жоқ бұл ойында. 2004 жылы Португалияда өткен Еуропа чемпионатында тұңғыш рет топ жарып, кубокты олжалаған құраманың биылғы бiрiншiлiкте жүрiсi өнбей келедi. Алғашқы ойында поляктармен тең нәтижеге қанағат бiлдiрiп, 1 ұпайдан олжалаған гректер топтық кезең ойындарының екiншi турында чехтарға жол бердi.
12 маусым күнi күллi кубалықтар қара жамылды, дәл осы күнi олимпиада ойындарының үш дүркiн чемпионы, үш рет әлем чемпионатында топ жарған әйгiлi боксшы Теофило Стивенсон ауыр науқастан көз жұмды. 1952 жылдың 29 наурызында Кубаның Пуэрто Падре (кейбiр деректе Ямайкада туған дейдi) қаласында қарапайым шаруаның отбасында жарық дүние есiгiн ашқан Теофилоға боксты алғаш әкесi Паттерсон үйреткен екен. Үйдiң кенжесi болғандықтан ба, жастайынан бетi қайтып, меселi қаймығып көрмеген қайсар ұлын әкесi жетi жыл баптайды. Ары қарай кәсiби маманның қолына табыстап, келешекте ұлы боксшы боларына имандай сенген әкенiң үмiтi алдамапты.
ЖАРЛЫҚТАН КЕЛIСIМ КҮШТI
2010 жылдың қыркүйек айы­нан бастап “Қазақстан” ұлттық арнасын президент Нұрсұлтан Назарбаев тәулiк бойы тек ана тiлiмiзде хабар тарататын арна болсын деген жарылыққа қол қойғаны белгiлi. Польша мен Украинада өтетiн Еуропа чемпионатына дейiн маңызы жоғары бiрнеше жарыстарды тек қазақтiлдi комментаторлар тiзгiндеп келген едi. Ал биыл­ғы Еуропа чемпионатының алғашы ойындарынан бастап комментаторлар екi тiлде жүргiзедi. Ұлттық арнаның басшылығы нелiктен орыс тiлiнде комментаторлық етудi жүзеге асырғанын түсiндiрдi. “Қазақстан” ұлттық арнасы директорының орынбасары Мәди Манатбек “Азаттық радиосына” берген сұхбатында