1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (15714) 19 маусым, сейсенбі 2012
РЕСЕЙДIҢ ИМПЕРИЯЛЫҚ ПИҒЫЛЫ ҚАЙТАДАН БАС КӨТЕРДI
Қазақстанның тәуелсiздiгiне төнген қатер жыл санап емес, күн санап, тiптi сағат санап артып келедi. Басты қауiп Қытайдан деп шулап жүргенiмiзде, негiзгi қатер солтүстiктен төндi. Ресейден соққан дауыл қазақтың туын құлатуға айналды. Күнi кеше ғана Ресей прези­дентi В.Путин келiп Н.Назарбаевтан Қазақстанның 446 629 шаршы шақырым жерiн (Ақ­төбе облысы мен Қостанай облысын қос­қандағы көлемi) жалға алып кетiп едi. Еуразиялық одақты ту еткен қазақ басшылығы қит ете алмай қалған. Ендi Ресейдiң империялық пиғылы шектен шығып, қазақтың азаттығын тәрк етуге таяды. Маусымның 15-i күнi Ре­сейдiң солтүстiк астанасы Санкт-Петерборда бизнес-форум өттi. “Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк: Өндiрiстiк дамудың жаңа мүмкiндiктерi” деген тақырыпта. Оған Қазақстан, Ресей, Белоруссияның үкiмет басшылары қатысып, Кедендiк одақ аясындағы мәселелердi көте­рiп, кәсiпкерлiк, өндiрiстiк даму перспективаларын талқылады.
ҚАМАУДАҒЫ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДI ҚОРҒАУ КОМИТЕТI ҚҰРЫЛДЫ
Ақорданың оппозиция өкiлдерiне қарсы қуғындау саясаты үдеп барады. Билiк органдары алдымен мұнайшылардың iсiн тындырып, ендi оппозициялық белсендiлерге құрық сала бастады. Өткен жұма күнi танымал режиссер Болат Атабай мен жас саясаткер Жанболат Мамайды ҰҚК қызметкерлерi қамауға алды. Саяси қайраткерлердi тұтқындау туралы сот шешiмi олардың өздерiнiң қатысуынсыз, яғни сырттай қабылданған. Бұл туралы белсендiлердiң өздерi де, олардың адвокаттары да бiлмейтiн болып шықты.
“АЛҒА!” ПАРТИЯСЫ ҮЙЛЕСТIРУ КОМИТЕТIНIҢ МӘЛIМДЕМЕСI
Әдетте жұрт шiлiңгiр шiлдеде саясатта өлi тыныштық болады деп есептейтiн. Алайда биыл олай болмайтын сияқты. Қоғам қайраткерi, режиссер Болат Атабаев пен жас саясаткер Жанболат Мамайды тұтқындағаннан кейiн осылай деп ой түюге әбден болады. Жаңаөзен соты В.Козловтың тұтқындалу мерзiмiн тағы бiр айға созды. Мұны оның адвокатына ескертпеген. “Алға!” пар­тиясынаң жер-жердегi белсендi­лерiн ҰҚК жаппай тергеуге алып жатыр. Алда сойқанды соттар күтiп тұр: әлеуметтiк араздықты қоздыру, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, конституциялық тұрақтылықты шайқау, тағысын-тағылар.

Өткен аптада әскери прокуратура қоғам назарына ұсынған Челахтың “мойындау” бейнежазбасынан кейiн айыптау күдiктiнiң қылмысты басыбүтiн мойнына алғанына негiзделетiнi түсiнiктi болды. Өйтпегенде ше, он бес адамды жайратып салған қылмыскердiң өзi қандықол қасапты мен жасадым деп тұрса. Челахтың “мойындауын” елге мойындату үшiн әскери прокуратура оның тауда жасырынып жүрiп түсiрген бейнежазбасын қоса көрсеттi. Бiрақ бұдан қандықол қылмыскер Челах екенiне көз жеткiзудiң орнына күдiк‑күмән онан бетер күшейе түстi. Бiрiншiден, Челахты мұндай жауыздыққа не итермеледi?

Қайрат Ердебаев пен Ғалым Ағелеуов жексенбi, маусымның 18-i күнi қамаудан шықты. Маусымның екiсi күнгi митингiге қатысқаны, сол жерде сөз сөйлегенi үшiн екi азаматты Алматы қаласы Медеу ауданаралық әкiмшiлiк соты жазалап, оларды он бес тәулiктiк қамауға алған едi. Бостандыққа шыққан азаматтарға арнайы хабарлас­қанымызда, жiгерлерiнiң жасымағанын, күрестен бас тартпайтынын байқадық. “Уақытша қамау абақтысының адам төзгiсiз жағдайын айтып жеткiзу мүмкiн емес. Туыстарымыз және адвокатымызбен телефонмен сөйлестiрмедi.
Азаттық радиосы маусымның 13-i (қамауға алынарынан 2 күн бұрын – ред.) театр режиссерi Болат Атабаевпен онлайн-конференция өткiздi. 
– Сiз “лидер керек емес” дей­­сiз. Бiрақ қазаққа халық болып көтерiлейiн десе, бiрiктiре­тiн бiр күш керек сияқты. Не дейсiз?
– Отыр ғой ресми лидер! Түк iс­тегiсi келмейтiндерге лидер керек, “жағдай тумады” дейдi, “су­ық” дейдi, “ыстық” дейдi. Баламыздың болашағын ойлайықшы! Одан ар­тық қандай қозғаушы күш керек!? Қазақтың iшкi жауы – үрейден арылуымыз керек!

Қытайдағы шетелдiк студенттердiң бiр-бiрiмен өзара араласуы және көптеген жағдайда түсiнiсiп кетуi тез де, ал керiсiнше осы елде қанша ұзақ жүргендiктерiне қарамастан, солардың басым бөлiгiнiң қытайлықтармен соншалықты сiңiсiп кетуi қиын. Және бiр байқағаным – бәрiмiз бiр қазақтың баласы болсақ та, Қазақстанның қазағы мен Қытай қазақтарының тiл табысуы да көп орындала бермейтiн құбылыс. Бейне бiр екi ел арасындағы шекара бiздiң сана-сезiмдерiмiз бен ой-түсiнiгiмiздiң де арасын бөлiп тұрғандай... Нелiктен бұлай?! Жақсы, мұның себебiн бiрi – орыстiлдiлер де, екiншiсi – таза қазақтiлдiлер деп түсiндiрейiк.

Былтыр металлургтер мен кеншiлер қалаларының арасындағы автокөлiк жолының жиегiн жарықтандыру қолға алынғанда, басқасын қайдам, екi қаланың қақ ортасындағы жол апаты жиi болып тұратын “Кеңгiр” ауылының тұрғындары қатты қуанғаны анық. Бiрақ сол қуанышқа жететiн сәт сағыздай созылып кеттi. Жарым-жартылай баған тартылды да, былтыр бiтедi деген “жарықтандыру мәселесi” тынды. “Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының арасындағы жол жиегi қашан жарықтандырылады?” деген сауалдың жауабын iздеп Жезқазған қалалық әкiмдiгiне барып едiк, ондағылар: “Одан хабарымыз жоқ” деп ат-тонын ала қашты.
Бiздiң Қызыларайда өткен ғасыр­дың 60-70-жылдарында Боздақтың Әубәкiрi деген ақсақал ғұмыр кеш­тi. Жауырыны жерге тимеген пал­уан. Кеудесi – жыр-дария. Сол Кеңес өкiметi кезiнiң өзiнде бәй­бiше-тоқалы – екi әйелi бар. Жасында сал-серiлерше дәурен кешкендей. Бұ дүниеде Әсет деген ақынның барын мен алғаш осы ақсақалдың ау­­зы­нан естiп едiм. 60-жылдары он-он екi жасар бала едiк. Өлең­дерiмiз аудандық “Қызыл ту” (ке­йiннен “Арқа еңбеккерi”), ара-тұра облыстық “Орталық Қазақстан”   газет­терiне шыға бастаған. Сәкен, Iлияс, Бейiмбеттер жаппай ақталып, кiтаптары дүкен сөрелерiне қаптай түсiп жатқан кез. Әскерден жаңа ке­лiп, бiзге сынып жетекшiсi болған қа­талдау Қапан мұғалiм маған Iлиястың бiр томын сыйлап:
“Қазығұртфильм” киностудиясы 5 бөлiмдi “Абай” деректi-драмалық фильмiн түсiрдi. 2 сағатқа жуық деректi туындыда “Қазақтың бас ақынының” өмiрге келген шағынан ғұмырының соңына дейiнгi аралық қамтылған. Осы деректi фильмнiң сценарийiн жазған әншi, өнертанушы Ерлан Төлеутай Абайдың “Сегiзаяқ” деп аталатын әнiнiң тұпнұсқасы табылғанын айтты. ҚР Жазушылар одағында өткен деректi фильмнiң тұсаукесерiнде әншi Алтынай Жорабаева “Сегiзаяқтың” жаңа түрiн орындады. Абайдың “Сегiзаяқ” әнiнiң зерттеушiлер, композиторлардың әр жылдары жазып, елге таратқан 8 нұсқасы бар.  
Сауалнама
Қазақтың дәулескер күйшiсi, композитор Нұрғиса Тiлендиев қазақтың көне аспаптарын қатты қадiрлеген. Өзi құрып, аяғынан тұрғызған “Отырар сазы” ұлт аспаптары оркестрiне ұмытылып бара жатқан “жел­буаз” аспабын арнайы телiптi. Ондағы мақсаты – қазақтың көнеден келе жатқан аспабын кейiнгi буынның жадына тоқу. Үрмелi аспаптар тобына жататын, көнеден келе жатқан ұлттық аспап желбуаз бертiнде оркестрдiң аспаптары арасынан сызылып қалған.
ТАБЫЛ ЕНДI ТАНЫМАЛ
Астанада Ұлттық академиялық кiтапханада сирек талант, бард ақын, Табыл Досымовты еске алуға арналған “Гитарадан төгiлген жыр” атты әдеби кеш өтiп,   Атырау облыстық телеарнасы әзiр­леген деректi фильм кө­рермен назарына ұсынылды.  Сан қырлы таланты ашыл­­май, құпиясын бауырына бүккен күйi бақилық болған тұлғаның ақындық үнi, шығармашылық даралығы туралы айтқан әдебиеттанушы ғалымдар, қаламгерлер кешке көп келдi. Жазушы Таласбек Әсемқұлов тiрiсiнде насихаты кемшiн болған таланттың ән жинағын шығаруды, Табылға ескерткiш орнатса, артық болмайтынын айтса, жазушы Айгүл Кемелбаева
ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДIҢ ҮЛКЕН ТОБЫ ҰСТАЛДЫ
Франция мемлекетiнiң тарихында бұрын-соңды болмаған үлкен қылмыстың бетi ашылды. Рас, Еуро­одаққа қарағанда жыл сайын Францияда мұндай қылмыстың 30-40 түрi ашылады. Бiрақ бес жыл бойы жал­ған ақша жасап келген­дер­дiң үлкен тобы бiрiншi рет ұсталды. Agence France-Presse-нiң хабарлауынша, қылмыскерлер 2007 жылдан берi 20 және 50 еуроның 350 мыңын, яғни 9 миллион еуродан астам жалған ақша шығарып үлгерген. Бұл банкноттардың 90 пайызы – Францияның, ал қалғандары көршi мемлекеттердiң айналымында болған.
Еуропа чемпионатының топтық кезеңiндегi соңғы ойындар “А” және “В” тобында өттi. Нәтижесiнде биылғы чемпионаттың сөресiнен қатар шапқан 16 құраманың төртеуi жарыстан шығып қалды. Бiрiншi топтағы екi ойын да бiрдей нәтижемен аяқталды. Ресей құрамасының бас бапкерi Дик Адвокат гректерге қарсы алаңға шығарда құраманың поляктармен тең тарқасқанына қарны ашатынын, бiрақ топтық кезеңнiң соңғы турында қалайда жеңiске жету керегiн айтқан. Тiптi “Бiзге “А” тобынан бiрiншi болып шығу маңызды емес, бастысы плей-офф ке­зеңiне жолдама алсақ болғаны.