1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15715) 21 маусым, бейсенбі 2012

Маусымның 18-iнде Қазақстан шекарасында тағы да төтенше жағдай болды. “Шығыс” өңiрлiк басқармасына қарасты “Терiсайрық” шекара бекетiнiң жедел қызметтегi 11 сарбазы бекеттi тастап қашып кеткен. Бастапқыда төтенше жағдайды бекет басшысы өз бетiмен шешпек болып, қашқын сарбаздарды iздестiредi. Алайда мұнысынан түк шықпаған соң, бұл жағдай туралы басшылыққа маусымның 18-i күнi кешке баяндаған. Нәтижесiнде шекара қызметiнiң, Iшкi iстер департаментiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлерi iздестiру шараларына жұмылдырылды. Маусымның 19-ы түс қайта Зайсан шекара жасағындағы 11 шекарашының барлығы табылды.

Шекарашылар өлiмi ҰҚК төрағасы Нұртай Әбiқаевқа қатысты болжамдарды қайта көбейттi. Басы жемқорлық жөнiндегi дауға iлiксе де, “жемқорлық тамырына балта шабам” деп мәлiмдейтiн 65 жастағы “сұр кардиналдың” қызмет жолы мен хоббилерiн бiр шолып шықтық. Арқанкергенде болған оқиғадан соң “Әбiқаев қызметiнен кетуi тиiс” деген ой айтылды. Ал Төлеген Жүкеев “Ақтөбеде, Таразда, Жаңаөзенде болған жағдайға полиция жауап бердi. Ал ұлттық қауiпсiздiк комитетi тек сырттан бақылады. Бұл – Әбiқаевтың жауапкершiлiктен жалтаруы” дейдi.

Бiз бiлетiн дамыған мемлекет­тердiң бiрде-бiрiнде президентi­нiң туған күнi ұлан-асыр тойланып жатқанын естiмеймiз. Ал Қазақстанда жылда маусым айынан бастап шендi-шекпендi мен басшы-қосшы бiткен қарбалас тiрлiкке кiрiседi. Тiрлiк деп отырғанымыз, мемле­кеттiк маңызы бар шаруа емес, президенттiң туған күнiне дайындық. Ел басшысының көңiлiнен шығатын қандай сыйлық тартуды таппай талайының басы қататын тұс та осы кез.

Шығыс Қазақстан облысында баданадай-баданадай бұршақ жау­ды деп хабарлайды   Total.kz облыстық тө­тенше жағдай департа­мен­тiне сiлтеме жасап. Қалың бұршақтың кесi­рiнен Тарбағатай ауданына қарасты Қызыл-Кесiк ауылындағы 345 үйдiң шатыры бүлiнген. Қатты жауған бұршақтан ауылдық мектеп, мә­дениет үйi мен балабақшаның да терезелерi сынған.
Бұршақтан Ойшiлiк ауылдық округi де зиян шектi. Ауылдық әкiм­дiк, мәдениет үйi, дәрi­герлiк амбулатория, мек­теп, балабақшаның шатыры шұрық-тесiк болыпты. Құмкөл ауылында 5 үй бүлiнiп, жарық пен байланыс үзiлiп, ауызсу тоқтаған.

“ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiрлестiгiнiң бастамасымен өтетiн “Шалкөде – елдiң жайлауы” халықаралық фотокөр­месiне қатысушы қазақ фотогерлерi “Жас Алаш” газетiнiң редакциясында бас қосты. Оған ҚХР және Моң­ғолиядағы қандастарымыз бен елiмiздiң бiрқатар беделдi кәсiби фотосуретшiлерi қатысып, қазақ фотожурналистикасының кем-кетiгiн, мұң-мұқтажын айтты. Бұл жиын – қазақ фототiлшiлерiнiң тұң­ғыш бас қосуы.

ДЕНИС КАННЫҢ ТУЫСТАРЫ СОТҚА НАРАЗЫ
23 жастағы Денис Канды 18 жерiнен жарақат салып жауыздықпен өлтiрген қылмыскерлер жеңiл жазамен құтылды. Әуезов аудандық сотының судьясы Жәния Темiрхан­қызының бұл iске қатысты шығар­ған үкiмiне Д.Канның туыстары наразы. Төрт қылмыскердiң үшеуi жазадан сытылып кетсе, бүкiл кiнәнi мойнына алған жұмыссыз Нұрмұхамбет Даумбеков 8 жылға сотталды. Ал Денис Канның өлiмiне тiкелей себепшi болған қаржы полициясының майоры Ғалым Шәйдекерiмов рақымшылыққа iлiнiп, сот залынан бостандыққа шықты.
Мәскеуде мыңдаған халық Ресей президентi В.Путиндi жерден алып, жерге салып жатса да, оның көршiлерге ықпалы күштi. Әсiресе, Қазақстанға. Күш жинап алған Путин Қазақстанға дегенiн iстетiп отыр. Еуразиялық одақты желеу етiп, бiрте-бiрте өз елiнiң шекарасын кеңейтiп келедi. Соңғы уақыттарда тiптi белсендi. Бiрақ бiздiң әңгiменiң төркiнi осы болғанымен, әлқиссасы басқа. Жақында Қазақстандағы “Саяси шешiмдер институты” әлеуметтiк сауалнама жүргiзiптi. Сауалнамаға Қазақстанның 14 облыс орталығындағы, Алматы және Астанадағы халықтың 2 500-ге жуық тұрғыны қатыс­қан. Сөйтсе, олардың 61,2 пайызы Путиннiң жүргiзiп отырған саясатын қолдайды екен.

Халық өлеңiнде “Оразаң былтыр кеткен биыл келдi...” деп айтылатындай, мiне қасиеттi Рамазан айы да кеп қалды. 2012 жылдың 20 шiлдесi – қасиеттi Рамазан айының бiрiншi күнi. Осы күнге орай Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесiнiң төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербiсәлi министрлiктер мен түрлi сала жетекшiлерiне, облыс, қала, аудан басшыларына, кәсiпкерлер мен жалпы ел халқына үндеу жариялады. Онда былай делiнген: “Мұсылман үшiн отыз күн ораза ұстау – ұлық ғибадат.

Батыс Қазақстан облысы Шың­ғырлау ауданында туып-өскен Жанат Есентаев қазiр осы облыстың Ақсай қаласында тұрады. Жасы 41-ден асқан әншi өлеңдi 15-16 жасынан жаза бастағанын, “осыған дейiн мыңнан артық өлең жазғанын”, “қазiр соны кiтап қылып шығарғысы келетiнiн” айтты. – Алғаш 1995 жылы билiктi сынап ән айттым. “Қазақстанның демократиялық таңдауында” болдым. Сосын “Әдiлеттi Қазақстан” қозғалысында болдым. Қазiр Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясындамын. Шындығын жоғалтпаған адамдармен әрқашан бiргемiн, – дейдi әншi.
“МЕН IШПЕГЕН У БАР МА?”
22-23 маусымда М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, ақын, драматург Иран-Ғайыптың “Мен iшпеген у бар ма?” спектаклiнiң тұсаукесерi өтедi. Қойылым режиссерi ҚР еңбек сiңiрген қайраткерi, “Құрмет” орденiнiң иегерi, профессор Оразхан Кенебаев. Қоюшы суретшiсi – Мұрат Сапаров. Композиторы – Б.Нұрқасымов. Режиссердiң ассисентi – Б.Тұрыс.

Оның жүрiс-тұрысынан, киiм киiсiнен, сөйлеу мәне­рiнен зиялылықтың лебi есiп тұратын. Бiрақ оның ата-анасы да, арғы аталары да қарапайым жұмысшылар едi. Әкесi тоқу фабрикасының механигi, ал анасы балабақшада тәрбиешi болып жұмыс iстейтiн. Айтпақшы, Вячеслав Тихонов өз ес­телiгiнде ата-анасының мұның актерлiк мамандықты таңдауына қарсы болғанын, осы үшiн үйлерiнде кейде айқай-шу да болғанын жазған-ды. Бұл талас-тартыс­қа нүкте қойған мейiрбан әжесi болып шықты. “Валя, – дептi асыл әжесi Вячеслав Тихоновтың анасына қарап, – Слава жас бала емес.

Таяуда Шығыс күре жолының Боғас бұрылысынан қазақ-қалмақ соғысының бас қаһарманы, қазақ қолының бас қолбасшысы Қаракерей Қабанбай бабамызға зәулiм ескерткiш орнатылмақ. Осы салтанаттың құрметiне қалталы қазақтар үлкен ат жарысын ұйымдастырмақ. Менiң айтайын дегенiм, қазiргi заманның байларының көбi атқа құмар, анығында ат әкелген баққа құмар. Олардың ұстайтын аттары өз сөздерiмен айтқанда “чистокровка”, бiздiңше, араб пен ағылшынның қуыршақ аттары. Шабатын қашықтығы ұзағанда 25 шақырымнан аспайды. Аламан бәйгеге Президент белгiлеп берген 31 шақырымның өзiн олар әртүрлi себептермен қысқартып тастап жүр.

Айдың күннiң аманында елiмiздiң шекарасын тас қамал етiп күзетедi деп сенiм артқан, бес қаруы сай, соғыс iсiне машықтан­ған шекарашыларымыздың бәрiн әлдекiмнiң (не болмаса әлдекiмдердiң) бiр түнде өлтiрiп, өртеп, арттарында iз қалдырмай кетуi неден болды? Мұның бәрi бiздiң үлкен жауапсыздығымыз бен жайбасарлығымыздың кесерiнен болды. Бүгiнгi таңда iшкi және сыртқы дұшпандарымыз қоғамның, елдiң, әскердiң қырағылықты ұмытып, өз мiндеттерiне салғырт қарайтынын әбден бiлiп алған.

БҰЛ ЖАҚСЫ БОЛДЫ
Биылғы оқу жылындағы маңызды сынақ – ҰБТ-да өттi. Биылғы ҰБТ жылдағыдан өзгеше болды. Бақылау күшейтiлдi. Бұрынғы жылдардағыдай мектеп бiтiрушiлерге сырттан көмектесу, iштен сыртқа, сырт­тан iшке қағаз лақтыру, ұялы телефон қолдану, SMS арқылы жiберу, оның сыртындағы “бармақ басты, көз қыстылар” болмады. Әрине, ондай лас тiрлiктердi ұйымдастыруға әрекеттер жасалғанымен, жол берiлмедi. Терезелердiң әйнегi сынып, бiраз әбiгерге де түстiк, бiрақ ҰБТ әдiл әрi таза өттi деуге болады.
Жуырда Маңғыстау ауданына қарасты “Боздақ” елдiмекенiне барып қайттым. Барғаным сол, вокзалына қарап “тiптi адам көретiн жерi жоқ” дегiң келедi екен. Қоғамдық орын деген аты болмаса, iшi-сырты әктелмеген. Одан әрi, баратын үйiме жақындадым. “Боздақта” бар болғаны екi қабатты төрт үй, қалғаны қазақ үйлер. Екi қабатты үйлердiң де сәнi кеткен. Есiктерi тозған, балшығы мен iргетасы сөгiлген, iшiне кiруге де ойланып қаласың. Ауыл тұрғындары: “Бұл ауылда 350 тұрғын бар, олардың түгелге жуығы темiр жол стансасында қызметте, ал қалғаны iрi қара мал шаруашылығымен айналысады.
Егер сiз таңертең аман-есен орныңыздан тұрсаңыз, сiз онда ендiгi аптаға да жетпейтiн 1 миллион ауру-сырқау адамдардан бақыттырақсыз. Егер сiздiң тоңазытқышыңызда әрдайым тамақ мол болып, киiмiңiз бүтiн, басыңызда баспана, тұрақты жұмысыңыз болса, онда сiз әлемдегi 75 пайыз кедей адамдардан бақыттырақсыз. Егер сiз ешқашан соғысты көрмесеңiз, жалғыздықты сезiнбесеңiз, түрмеге түспеген болсаңыз, зорлық пен аштықты көрмесеңiз, онда сiз әлемдегi 500 миллион адамдардан бақыттырақсыз.
Менiң атам Батал би, ал нағашы атам Минат болыс болған. Сондықтан да бiзге куәлiк бермей, жұмысқа алмай, түрмеге отырғызған. 1930-жылдан басталған қуғын-сүргiн, бiздi Қытайға қашуға мәжбүр еттi. Қытайда Шәуешек, Сарсүм­бе деген жерге келсек, базарда қазақтар аштан өлiп жатыр екен. Әкем Фазылжан еңбекқор, ал шешем Нүрила өте iсмер адам едi. Дүнген­дердiң жұмысын iстеп, әрең аман қалдық. Сол жақта үкiметтен қашқан қазақтарды тауып, күзде Зайсан қаласына көшiп келдiк. “Кендiрлiк” совхозында жұмыс iстеп, әрең дегенде куәлiк алдық қой. Мен онда 5-6 жаста едiм.
Өмiр бiздi ерте есейттi.

Берiлген сандардың көмегi арқылы жұмбақты шешкен адам елiмiзге танымал әншiлердiң есiмдерiн оқи алады.

Польша мен Украинада басталған Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған 8 құрама белгiлi болды. Түн ұйқысы төрт бөлiнiп, екi елге (Польша, Украина) қонаққа келген меймандардың бiразы отанына қайтты. Еуропа чемпионатына қатысып, топтан шыға алмаған Дания ұлттық құрамасының шабуылшысы Николас Бентнер Португалия құрамасына қарсы ойында гол соғып, қуанышын бөлiсу мақсатында дамбалын көрсеткен едi. 
ДРОГБАНЫҢ ДӘУIРI ҚЫТАЙДА ЖҮРЕ МЕ?
Кот-д’Ивуар ұлттық құрамасы мен лондондық “Челси” клубының шабуылшысы Дидье Дрогба ақыры Қытайға кететiн болды. Ханзулардың “Шанхай Шенхуа” клубына ауысатыны туралы гулеген сөз расқа айналды. Agence France-Press басылымының жазуынша, Дрогба клубтың қожайыны Чжу Джунмен келiсiмшартқа қол қойыпты.  2004 жылы Лондондық “Челсиға” ауысқан ивуарлық ойыншы 8 жыл iшiнде толағай табысқа қол жеткiздi. 3 рет Англия бiрiншiлiгiнде топ жарды, 4 мәрте Англия кубогын иелендi. Биыл Чемпиондар лигасында қара үздi.
Қазақстан Республикасы – көмiрсутек шикiзатының елеулi ресурстық қорының иесi. Қазақстан көмiрсутектердiң ресурс­тық қорын одан ары дамытуды Каспий шельфiн игерумен байланыстырады.  Қазақстанның теңiз кенiштерiн игеру – “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы үшiн негiзгi мiндеттердiң бiрi. Оны жүзеге асыру үшiн арнайы “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының 100% еншiлес ұйымы “ҚазМұнайТеңiз” теңiз мұнай компаниясы (ҚМТ) құрылған. Жер қойнауын пайдалану бойынша шельфтiк операцияларды жүргiзу технологиялық күрделiлiгiмен және жоғары капитал сыйымдылығымен ерекшеленедi.

Ел мен Жердiң жақсы атын шығаратын игiлiк аз емес. Бiрақ көп деп те айтуға ауыз бармайды. Соның бiрi – жер­асты қазба байлықтары десек, ол жер басып жүрген жандардың ырысы мен игiлiгiне айналған кезде ғана нағыз дәулет. Әлi күнге дейiн негiзгi табыс көзi мұнай мен газ саналып отырған Қазақстан соңғы жылдары уран өндiрiсiмен де әлемге танымал бола бастады. Жай танылып қана қойған жоқ, 1,7 млн тонналық барланған уран қорына ие және дүниежүзiнде Австралиядан кейiнгi екiншi орында тұратын елiмiз 2009 жылы табиғи уран өндiру жөнiнен әлемдiк көштiң алдына шықты.