1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (15716) 26 маусым, сейсенбі 2012

Сенбi күнi Ақтөбе қаласының “Малышка” деп аталатын ескi бөлiгiндегi Краснощеков көшесi №46 үйдi полиция арнайы жасағы жергiлiктi уақытпен түскi сағат 2-лердiң шамасында қоршап алды. Бұл жерде бұрынғы көлiк жуу бекетiнiң ескi ғимараты тұрды. Түс мезгiлiнде сол маңдағы үйлердiң тұрғындарын түгелдей сыртқа шығарып, төңiрек тегiс қоршауға алынды. Қалың жауған жаңбырға қарамастан тұрғындар балаларын жетектеп, асығыс түрде алысырақ жаққа кетiп жатты. 40-тан астам қаруланған арнайы жасақ әскерi келдi.

ОНЫҢ СОҢЫНАН ЕРГЕНДЕРДIҢ СОРЛАЙТЫНЫ АНЫҚ
Қазақтың бейшаралығы орыс мүддесiне жұмыс iстеуде. Ұлтты, мемлекеттi, азаттықты жою идеясы күннен-күнге өрiсiн кеңiнен жайып, толысып, толығып келедi. Бұл тұрғыда Путиннiң империялық амбициясы мен жалпы ресейлiк­тердiң қазаққа қол салу пиғылын айтпағанның өзiнде, өз iшiмiзден де ұлттық идеяға арандату жасаушылардың, қазаққа қарсы дүбәралардың арамшөптей қаптап бара жатқанын айта кеткен дұрыс. Өткен аптада қазақтың ұлттық болмысына, бiтiмiне, мемлекеттiлiгiне қарсы саясаттың желi парламент жақтан естi.
АЛАЙДА ОНЫСЫ САРБӨПЕЕВТI СОТТАУҒА ЖАРАМАЙ ҚАЛДЫ
22 маусымда Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкiмi Орақ Сарбөпеевке қатысты сот үкiмi шықты. Сарбөпе­евтiң сотын қайта жалғастырған жаңа судья Лесхан Байғұлов бұрынғы әкiмдi кiнәсiз деп тапты. Бұған дейiн судья Руслан Тасмамбетовтiң төрағалығымен өткен сот процесi тоқтап қалған едi. Сот шешiмi шығатын күнi прокурор алқа билердiң әрекетi күмән тудыр­ғанын мәлiмдеген. Бұған дейiн жарыссөзде экс-әкiмге 13 жыл жаза кесудi сұраған мемлекеттiк айыптау­шылар кейбiр алқа билердiң Сарбөпеевтiң жақындарымен жанасып кеткенiн байқап қалыпты. Осылайша 5 маусым күнi сот үкiмi оқылмай қалды.
Болат Атабаев, Жанболат Мамай және басқа да қоғам қайраткерлерi мен белсендiлердi қорғау жөнiндегi “АРАША” Халықтық комитетiнiң
МӘЛIМДЕМЕСI
15 маусым күнi танымал қоғам қайраткерлерi Болат Атабаев пен Жанболат Мамай тұтқындалып, қатаң тәртiппен Маңғыстауға жөнелтiлдi.Осыдан бiраз уақыт бұрын оларға “әлеуметтiк араздықты қоздырды” деген айып тағылды. Оларды осылайша кiнәлау негiз­сiз екенi анық, өйткенi Жаңа­өзенде болған нақты оқиға­лар­дың түп негiзi мүлдем басқа және оның әлеуметтiк араздыққа еш қатысы жоқ.
ӨЗБЕК ЕЛI ӘУЛИЕЛIКТЕРДI  ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОТЫР
Өзбекстан Республикасы Науаи облысы Нұрата ауданындағы Сейiтқұл қажы – Әйтеке би кешенi толығымен аяқталып, бiр топ қазақстандық делегация осы тарихи кешеннiң ашылу рәсiмiне арнайы сапарлап барып қайтты. Делегация құрамында болған Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөнiндегi мем­лекеттiк инспекциясының директоры Бекарыстан Мырзабайдан осы жө­нiнде сұрап бiлгенбiз. – Науаи облысындағы 3 мың жылдық тарихы бар көне Нұрата қорымында жерленген “Сейiтқұл қажы-Әйтеке би” кешенiнiң аяқталуына қатысып қайттыңыздар.
Open Dialog халықаралық қоры Жаңаөзен оқиғасына байланысты тергеу жайлы есебiн жариялады. Есеп «Ақтау­дағы сот процестерi: тергеу барысындағы азаптау­лар туралы куәлiктер» деп аталады.  Азаттық тiлшiсi Польшадағы Open Dialog қорына хабарласқан едi. Ұйым төрағасының орынбасары Людмила Козловска маусымның 19-ы күнi жарияланған есепке «Қазақстан тарапынан ешқандай реакция болмағанын» айтты. Есеп «Еуропарламентке жолданып, сол күнi талқыланған». 
Маусымның 22-сi күнi Ақтөбе облысындағы Темiр ауданының орталығы Шұбар­құдықта 2011 жылы шiлде айындағы Шұбарши оқиғасы кезiнде қаза тапқан бес полицейге ескерткiш тақта орнатылды. Аудандық iшкi iстер басқармасы ғимаратының алдындағы гранит монументке полиция сержанттары Нұрлан Алпысбай, Айдос Боранбаев пен аға лейтенант Руслан Жолдыбаев, майор Айболат Иман­баев, капитан Рүстем Кенжалиннiң есiмi қашалып жазылған. Шұбарши оқиғасы былтыр шiлденiң 1-не қараған түнi Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаевты қарулы топ атып тастаған соң басталған. Нұрлан Алпысбайдың жесiрi
ЖҮСIПБЕК АЙМАУЫТОВ ТУРАЛЫ ТЫҢ ДЕРЕКТЕР
Қазақ прозасының классигi, қара сөздiң теңдессiз шеберi, қазақ әде­биетiндегi роман жанрының негiзiн салушы Жүсiпбек Аймауытовты Баян­ауыл – Қызылтау елi «Оймауыттың Түсiпбегi» деп атаған. Жүсiпбек жайлы бүгiн бiлемiз деп те, бiлмеймiз деп те айтуға болады. Бiлетiнiмiз – қысқаша ғұмырбаяны, оның бүгiнге жеткен шығармалары. Ал оның ата-бабасы, өскен ортасы, өмiр жолының кейбiр бұрылыс-бұлтарысы әлi де көзден тасада қалып келедi. Жүсекеңнiң шыққан тегi жайлы айтар болсақ, Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы былай дейдi:
Бiздiң әлемiмiзбен бiрге тағы бiр қатарлас әлемнiң өмiр сүруi мүмкiн екенiн ежелгiлер айтып кеткен. Бұл әлемнiң бiзбен қандай байланысы бар? Осы күнге жеткен әңгiме-зерттеулерге қарағанда, ол бiзден тәуелсiз. Ал көлемi жағынан ол шағын географиялық аймақтан тұтас ғаламға дейiнгi аумақты алып жатуы мүмкiн. Ондағы құбылыстар физика заңдарына бағына бермеуi ықтимал. Қайбiр деректерде бiзбен қосақтас әлемде түрлi сиқырлы құбылыстардың болатыны жазылған. 2007 жылдың тамызында астронавттар ғарыштан үлкен бос кеңiстiктi көргендерiн мәлiмдедi. Бiздiң ғалам бiртектi емес. Сондықтан ғарыштағы бос кеңiстiктер – кәдуiлгi құбылыс. Алайда ғарышкерлер анықтаған ойықтың көлемi тым үлкен, сондықтан оны қатардағы бос кеңiстiкке жатқызуға болмайды.
Студент кезiмiзде бiзге бiр оқытушы жантанудан дәрiс оқитын. Сауаттылығы мен кәсiбилiгi өз алдына, адамгершiлiгiн де қатты бағалайтынбыз. Сабаққа дайын еместерге қырын қарау, қыр соңына түсу дегеннен мүлде ада едi. Оқыған дәрiстерi де ерекше, кез келген студенттi баурап алатын. Күндердiң күнiнде осы оқытушының беймәлiм қырын байқадық. Әдеттегiдей дәрiс оқылып жатқан уақыт. Бұл жолы оқылған дәрiс бiртүрлi қияли, адам сенгiсiз болып көрiндi. Оқытушы жантанудан гөрi қиял-ғажайып әлемiне енiп кеткендей болды.
«ТОРНАДО» АҚТАУЛЫҚТАРДЫҢ ЗӘРЕ-ҚҰТЫН ҚАШЫРДЫ
Ақтау әуежайының маңында Қазақстанда бұрын-соңды болмаған табиғат құбылысы – торнадо бай­қалды. Ақтау тұрғындарының бiрi мұны бейнекамераға тартып алған. Алып құйынның бейнежазбасы 20 маусым күнi сағат 14.30-да түсiрiлген. “Лада.kz” басылымының жазуынша, бұл құбылыс әуежай маңындағы тұрғындарды бiраз дүрлiктiрген. Бiрақ оның қалай пайда болғаны мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Футболдан Еуропа чемпионаты да мәресiне тақады. Сан қилы сұрыптау мен қысаң, қыспағы көп кездесулерден сүрiнбей жеткен төрт құрама суырылып жартылай финалға өттi.  Бұл ойында Роналду дегенiне жеттi. Қырсық көзiн байлады ма, Португалия құрамасы капитанының екi бiрдей соққысы Чехия құрамасының капитаны Чехтен сытылып кеткенiмен, қақпа дiңгегiнен қайт­ты. Алайда әлемнiң ең қымбат, әрi үздiк футболшылардың бiрi

Осымен 14-рет жалауы желбiреген футболдан Еуропа чемпионатының да екi-ақ айналымы қалды. 8 маусымда көмбеге қарай көсiлген құрлықтың таңдаулы 16 құрама командасынан төрт құрама қара үзiп, мәреге таяп келедi. Бiрақ жеңiмпаз – жалғыз. Биылғы чемпионаттың кубогы қай құрамаға бұйыратынын оқырмандардан сұрау мақсатында бәйге жарияладық. Жеңiмпаз команда жалғыз болғандықтан, жүлде де жалқы. Ендеше, қапы қалмай “Жас Алаштың” жорамал бәйгесiне сөзiңiздi қосыңыз.

“ҚазАгро” холдингi” АҚ бюджеттiк несие есебiнен көктемгi және күзгi егiс науқаны кезiнде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге (АШТӨ) берiлетiн несиенiң мөлшерлемелерi жөнiнде жұртшылықты хабардар етудi ұйғарды. 2011 жылы “ҚазАгро” холдингi” АҚ бюджеттiк несие есебiнен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi 1552 ұйым қаржыландырылды. Осының есебiнен 3,8 млн. гектар алқапта көктемгi және күзгi егiс науқанын уақтылы жүргiзiлдi. “ҚазАгро” АҚ холдингi директорлар кеңесiнiң шешiмiмен бекi­тiлiп берiлетiн несиенiң жылдық сыйақы мөлшерi 2%-дан 5%-ға де­йiн.
САЛМАҒЫНА ТАҒЫ ДА САЛМАҚ ҚОСПАҚШЫ
Жақында дүниежүзiнiң ең семiз әйелi күйеуге шықпақшы. Американдық Сьюзан Эманның жасы 33-те, салмағы – 343 келi. Ал оның ұнатқан адамы – бас аспазшы Паркер Кларк. Паркер Кларк Сьюзаннан екi жас үлкен. С.Эманның айтуынша, Паркер екеуi бап қосылған. Себебi, бiрi та­мақ iстегендi жақсы көрсе, екiншiсi оның дайындаған тамағын жегендi ұнатады. Сьюзан арықтауды ойламайды, “Паркер менi осындай, яғни семiз қалпымда ұнат­ты емес пе?!
Чехияның Прага қаласында дзюдодан Еуропа кубогы аяқталды. Бұл сыннан елiмiздiң дзюдодан ерлер және қыздар құрамасы 1 алтын, 1 күмiс, 2 қола медаль еншiледi. Қыздар арасында 75 келiден жоғары салмақта белдескен Гүл­жан Иссанова iрiктеу сынында қарсы­лас­тарын қоғадай жапырып, жартылай финалда алжирлiк Сони Асселдi алып ұрды. Финалда нидерландылық Тесси Савелкоулсты да тiзерлетiп, Еуропа кубогының жеңiмпазы атанды.
Жұмыстан оралғаны сол едi, есiк ашқан әйелi: “Ақылдасатын шаруа бар”, – дедi. “Жақсы” деген Азамат жуынып-шайынып ас бөлмеге беттедi. Сол-ақ екен, әйелi Арайлым   әңгiмесiн бастап кеткен. – Үйге   күрделi жөндеу керек. Мына көршiлердiң бәрi бастап кеттi. Сантехника қирап жатыр. Құбырдан су кетедi. Сантехник шақырсаң бәрi қарайған ақша. Үй қабыр­ғасындағы түс қазғаздар қобырап тұр. Есiк-терезелердi де алмастыратын уақыт жеттi. Бiр сөзбен айтқанда,   үйге күрделi жөндеу жүргiзетiн   кез келдi. Қазiр жөндеп алмасақ, ертең жаз басталады.