1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (15717) 28 маусым, бейсенбі 2012
дейтiндердiң қатарына қазақтарды да қоспақ. Егер, Ресей бастаған ҰҚКҰ (ОДКБ) Сирияға кiрсе, соғыс басталуы мүмкiн дейдi сарапшылар
Батыс мемлекеттерiнiң авторитарлы режимдердi демократияландыруға бағытталған iс-әрекеттерi жалғасып келедi. Ливия, Египет сияқты диктаторлардың қолына шоғырландырылған мемлекеттердi азат еткеннен кейiн, батыстың бұл процестi тоқтатпақ ниетi жоқ. Осыдан бiр жылдан астам уақыт бұрын Сирияда басталған халық пен президент Башар Асадтың арасындағы текетiрестiң қызуы басылар емес. Тiптi, Сирия әлем алпауыттарының тартысына түстi де кеттi. Дамаск алаңдары Батыс пен Шығыстың шиеленiс аймағына айналып барады.
Шекара қызметiнде төтенше жағдайлар толастамай тұр. Дүниенi дүр сiлкiнткен “Арқанкергендегi” қырғыннан кейiн, Шығыс Қазақстан облысындағы “Терiсайырық” бекетiнде 11 сарбаз әлiмжеттiктiң салдарынан шекараны ашық-шашық тастап кеттi. Ендi мiне, қазақ-өзбек шекарасынан да тағы бiр шу шықты. Жалпы, қазақ-өзбек шекарасында бұзақылыққа, жанжалға, кiсi өлiмiне жеткiзген оқиғалар жиi болып тұрады. Есiмiзде қалғаны:
“ҚУДЫ ҚУ ТАБАДЫ, ШҰҚАНАҚТЫ СУ ТАБАДЫ”. РАХАТ ӘЛИЕВ ПЕН ОНЫҢ ТОҚАЛЫ БҰРЫНҒЫ АДВОКАТЫМЕН СОТТАСЫП ЖАТЫР
“Жүрген жерiне шөп шықпайтын” Рахат Шораз (Рахат Әлиев – ред.) ендi Мальтаны шулатып жүр. Бұл туралы жақында мальталық Malta Today газетi жазды. Мақала “Адам өлтiрдi деп айып тағылған қазақ миллионерi полицияның қарсылығына қарамастан Мальтадан тұрақ тапты” деп аталады. Мақала авторының жазуынша, Интерпол мен жергiлiктi полиция наразылық танытқанына қарамастан, Мальта үкi­метi қа­зақ ұлттық қа­уiпсiздiк қызметi­нiң бұрынғы басшысы Рахат Шораз­ға резидент деген мәртебе берiптi. 
Қазақстанның Ресейдегi елшiлiгi дауға қалды. Мәскеу­дегi Чистопрудный бульварындағы елшiлiк ғимаратының бiр бөлiгiн алаяқтар иемденiп алып, кафе жасап қойыпты. Осының салдарынан бiздiң елшiлiк 120 миллион сомға тақырға отырып, Мәскеудiң орталығынан президент Н.Назарбаевтың резиденциясын салу мүмкiндiгiнен айырылған. Жиырмасыншы ғасырдың басында салынған тарихи ғимарат Ресей би­лiгiнiң шешi­мiмен тоқсаныншы жылдардың ортасында-ақ Қазақстанның меншiгiне өтуi тиiс болған. Мер­зiмi келгенде бел­гiлi бол­ғаны – ғимараттың жертөлесiн “Осетинские пироги” кафесi жайлап алған. Ал ғимараттың меншiк иесi тiптi басқа адам болып шыққан.
НЕМЕСЕ АРАЛДАҒЫ БIР ЖҰТЫМ СУДЫҢ ЗАРЫ
Баяғыда бiр елдiң қаһарлы ханына көршi елдiң басшысы: – Ең мықты ел – халқы өз пiкiрiн еркiн айта алатын ел. Оны ертедегi талай данышпандар дәлелдеп кеткен. Егер сiздiң ел, шынымен де, мықты ел болса, халқыңыздың өз пiкiрiн еркiн айта алатындығын дәлелдеңiзшi, – дептi. Сонда қаһарлы хан халқын шақырып: – Мен сендердiң барлығыңды қазiр дарға асамын! – дептi қаһарлана. Ондағы ойы: “Басқаға қарсы пiкiр айта алмаса да, өлiмге қарсылық бiлдiрер” деу екен.
САРАПШЫЛАР МҰНЫ ТАЗА САЯСИ ШЕШІМ ДЕП БАҒАЛАДЫ
1 шiлдеден бастап жанар-жағармай бағасы арзандамақ. Бұдан былай АИ-92 және АИ-93 маркiлi жанармайы – 106 теңге, АИ-80 – 86 теңге, ал дизельдi отын құны 90 теңгеге дейiн түседi. Сарапшылар мұнай бағасы 40 пайызға құлдырағанда жанармай құнының бар-жоғы 6 теңгеге төмендеуiн қисынсыз десе, жанар-жағармай құю бекеттерiнiң иелерi арзан отын қалтамызды қағады деп шарқ ұрды. Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң хабарлауынша, жанармай бағасы қара алтын құны төмендегендiктен арзандайды.
1920-30-жылдардағы идеялық тартыстан кейiн құрылған жазушылар одағы cовет өкiметiмен бiрге қилы кезеңдерден өтiп, тәуелсiз Қазақстанның “биiгiне” шықты. Қазiр одақ мүшелерi бiр адамның ұзақ төраға болуына қарсы – бiрақ шексiз ел билеудi орынды деп санайды. 1934 жылы Қазақстан совет жазушыларының 1-съезi өттi. Бұл кезде қазақтың жартысы аштан қырылып жатқан едi. 1935 жылы одақты мемлекет қаржыландыруға кiрiстi. Ол өкi­меттiң идеологиядағы оң қолына айналды. Қазақ ақын-жазушыларын бiр ұйымға бiрiктiру мәселесi 1925-30 жылдары қаламгерлер арасында тартысқа түстi. Зерттеушiлер дерегiнше, алғашқы қадам 1922 жылы жасалды.
Театр режиссерi Болат Атабаев пен «Рух пен тiл» ұйымының жетекшiсi Жанболат Мамай маусымның 24-i Ақтауға жеткiзiлдi.
Маусымның 25-i Болат Атабаев пен Жанболат Мамайдың Ақтау тергеу абақтысына жеткiзiлгенi хабарланды. Сол күнi “Ақсарай” театры қамаудағы жетекшi­лерiне қолдау бiлдiрiп “Көшкiн” спектаклiн тегiн қойды. Адам көп келдi. “Әдетте әр қойылымды Болат ағаның өзi сөз сөйлеп, бастайтын” деген оның шәкiрттерi, “бүгiнгi жағдайдың басқа” екенiн айтты.
Ә.Әлiмжанов әлемi
“Намысы оянбаған ел”. Осындай тiркестi алғаш рет Жүсiпбек Аймауытовтың шығармасынан кезiктiргенде “Апыр-ай, “намысы оянбаған сабаз”, не болмаса “намысы оянбаған жiгiт” (әйел, бейбақ, адам және т.б.) десе бiр сәрi, ал ендi “намысы оянбаған ел” дегенi артықтау емес пе екен?..” деп ойлаған едiк. Артынан көзiмiз жеттi ғой, намысы оянбаған ел тұрмақ, намысы оянбаған халықтар, намысы оянбаған мемлекеттер де болады екен ғой. Әрине, бұлардың ғұмыры ұзақ болмайды. Қор болып, сорлап, әркiмге көзтүрткi болып, жем болып, жер бетiнен жойылып кете барады...
«ТҮСIНIКСIЗ СӨЗ»
Журналистер, ақын-жазушылар, жалпы қолына қалам ұстаған қауымның ортасы әзiл-қалжыңның кенi саналады. Сондай әдемi әзiл, қазақы қалжыңдарды қағазға түсiрiп, “Оңтүстiк” баспанасынан “Қаламгерлер қалжыңы” деген атпен кiтап етiп бастыртып шығарған Слам Нұрмағанбетұлы жуырда пайғамбар жасына толып, өзi iстеген “Оңтүстiк Қазақстан” газетiнен құрметтi зейнет­керлiкке шықты. Слам Нұрмаханбетұлы жинақтаған оңтүстiктегi қаламгерлердiң қалжыңынан үзiндiлердi сүйiктi басылымыма ұсынсам деп едiм.
Әйелдердiң зейнетке шығу жасын ұзарту туралы әңгiме шыққалы берi талай қарапа­йым қазақ әйелдерiнен маза кеттi. Шынымен-ақ жасымызды ұлғайтпақшы ма? Үкiмет неге бiздiң жағдайымызды жақсы деп ойлайды? Мәселен, менiң жасым 52-де. Зейнет жасына жете алмай зорға жүрмiн. Айналайындар-ау, 63-ке өлсек те жетпеймiз. Неге бiздердi Ұлттық банктiң әйелдерiмен, депутат қыз-келiншектермен салыстырады? Мен соны түсiнбей-ақ қойдым. Олардың бейнетi мен бiздiң бейнеттi неге салыстырады? Зейнетке қашан шығу керектiгiн қара халықтан, мұғалiмдерден сұрасын үкiмет.

Бiрде “Жас Алаштан” жазушы ағамыз Герольд Бельгердiң “Қазақ дәптерi” деген кiтап жазғанын оқыдым. Жазушы тiл туралы айта келiп, қазаққа жетiспейтiнi ұлттық сана мен ар-намыс дептi. Ертеректе Гер-ағаның бiр журналға берген сұхбатында айтқанын оқығаным бар. Онда “қазақтарда намыстан басқаның бәрi бар” деген. Ойлап отырсаңыз, ауыр-ақ сөз. Бiрақ шындық. Ендi сол сөзiне ұлттық сананы қосыпты. Ол кiсi қазақтың ар-намысына неге тиiсiп кеттi деп қоям iшiмнен. Қашанда қазағының намысын қайрап жүретiн жазушыда басқа ой болмауға тиiс. Өзiмiз кейде ағамыздың ұлты басқа екенiн ұмытып кетiп риза болғанда “қазақ болса Гер-ағадай болсын” деп айтып жүремiз. Ойлап отырсам, менiң күдiгiм қате екен.

Таяуда жолым түсiп, Беларусь елiне барып қайттым. Сол жақта бiр аптаға жуық болып, шағын мемлекеттiң жағдайымен танысып, еңбекқорлығына таңғалдым. Халқының саны он миллионның ар жақ, бер жағы екен. Ауылшаруашылық саласындағы жетiстiктерi туралы айтып тауысудың өзi қиын. Бәрiнен жаныма батқаны, Кедендiк одаққа кiрген үш елдiң бiрi Беларусь елi болса, сол Беларусь Қазақстан мен Ресейдi етпен, сүтпен жарылқап отырғаны болды. Сонда деймiн-ау, бiз әлгi одаққа не мақсатпен кiрдiк? Былтырдың өзiнде Кедендiк одақтың аясында Ресейдiң экономикасы миллиардтаған пайда түсiргенiн бiлемiз. Ал Қазақстан ше?

Көршiлес Өзбекстанда тек қана өзбек тiлiнде сөйлейтiн 4 телеарна бар. Украинада олардың саны оннан асып кетедi екен. Ата-бабасының жерiнде өмiр сүрiп келе жатса да 20 жылда ана тiлiнде сөйлейтiн бiр арнаға әрең қол жеткiзгендей болып едiк. Әттең, не шара, қуанышымыз су сепкендей басылды. Себебi “Қазақстан” арнасына орыс тiлi қайта оралды. 8 маусым күнi Еуропа чемпионатының ашылу салтанаты мен алғашқы матчы (Польш – Грекия) қазақ тiлiнде жүргiзiлдi. Бiрақ сол күнгi Ресей – Чехия матчынан бастап қалған ойындар екi тiлде жүргiзiлiп келедi.
Кәсiпқой бокстың елiмiзде қанат жайғанына да жиырма жылдың жүзi болыпты. 1989 жылы “Қазақстан” кәсiпқой клубы құрылып, қазақ боксшыларының да қарымы 12 раундқа жететiнiн, өкпесi күймей күш көрсете алатынын әлемге жария еттi. 1992 жылы кәсiпқой бокс федерациясының жұмысы жанданды. Нәтижесi де көп күттiрмедi, қазақтың жуан жұдырық жiгiттерi биiктердi бағындырды.  Кәсiпқой боксшылардың алдыңғы буыны арасында Қанат Сиқымбаевтың есiмi ерекше. Ол – Паназиялық бокс ассоциациясының (РАВА) чемпиондық атағын екi мәрте иеленген. Осыдан он жыл бұрын Сиқымбаев­ қазақтың көз алдында жүрдi. Қалай рингтен кеттi, өзi айтқандай, “халыққа керек болмай қалды”.