1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (15718) 3 шілде, сейсенбі 2012
КӘРIМОВТIҢ ТӘУЕЛСIЗДIККЕ ЖАНАШЫРЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН БИЛIГIНЕ ҮЛГI БОЛА МА?
Өзбекстан тәуелсiздiгiн нығайту қамына кiрiстi. Өткен аптада өзбек ағайындар ҰҚКҰ (ОДКБ) елдерiнiң төбесiнен жай түсiрерлiктей мәлiмдеме жасады. Ресеймен жақындасудың қауiп-қатерiн жазбай танитын Ислам Кәрiмовтiң бұл әрекетi Қазақстан билiгiне үлгi боларлықтай. Кремль мен Ақорда бастаған топ “бiздер бiрiгiп қана сыртқы агрессиядан қорғана аламыз!” деп дабыралап, өз әскерiне сенiмсiз боп жүргенде, өзбектер “бiз өзiмiз-ақ қорғанамыз!” деп жұлқынып алға шықты...
15 маусым күнi режиссер Болат Атабаев пен тәуелсiз журналист Жанболат Мамайды қорғау жөнiнде “Араша” комитетi құрылып, қоғамның жас белсендiлерi ҰҚК-нiң уақытша тергеу абақтысының алдында пикет өткiзген-дi. Осыған байланысты Алматыдағы әкiмшiлiк сотында “Рух пен Тiл” клубының белсендiлерi И.Иманбай мен А.Әбiлдаеваға заңсыз шеру өткiздi деген айып тағылып, он тәулiкке қамау жөнiнде шешiм шықты. Тәуелсiз елдiң қыздарын соттау, қамау, күш көрсетудiң талайы Қазақстанда болып жатыр.
Өткен аптаның бейсенбiсi күнi кешкiсiн Астанада толассыз жаңбыр жауып, “көз тартар” ғимараттардың төбесiнен су сорғалады. Мәселен, “Солтүстiк шұғыласы” көпқабатты тұрғын үй кешенi мен “Астана Медиа Орталық” телерадио кешенiнiң iшi суға толды. Сонымен қатар қала көшелерiндегi жаяу жүргiншiнi айтпағанда, тiптi автокөлiктердiң жолда жүруi мүмкiн болмады. Мәселен, моторына су тиген автокөлiк­тер көшенiң қақ ортасында iстен шығып, қаңтарылып қалды.
Мұхтар Шаханов –70
Орыс тiлiнде жазатын қазақ ақындарының ара-тұра өздерiнiң ата-бабаларымен “сырласатыны” бар. Осындай өлеңдердi, яғни “О, дед мой...”, “О, аксакалы...” деген өлең­дер­дi, не болмаса олардың ұлы Абайға, Шәкәрiмге, Махамбетке арнаған өлеңдерiн оқыған сайын бiзге бiр ой келедi. Абайдың, Шә­кә­рiмнiң, Махамбеттiң, не болмаса бұлардың өз өлеңдерiнде аты атал­ған ата-бабаларының өмiрден өтiп кеткенiне де 100 жылдан асыпты. Абайдың да, Шәкәрiмнiң де, Махамбеттiң де қазақша жырлағаны, сол сияқты бұлардың ата-бабаларының да қазақша сөйлегенi, қазақша
– Бiреулердiң нақ осылай шатасарын бiлiп ем, –
Дедi Шындық екiншi бiр қайсар ақын үнiмен. –
Жалғандыққа өр мiнезiн шекара ғып кiмде-кiм
Қоя алмаса – ұтылғаны, ұқпауы бас мiндетiн.
Жұртты қалай тоқтатпақпыз әдiлетсiз бағадан?
Қазiргi ең қадiрлi қарт – өз пiкiрi жоқ адам.
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Б.Ә. Бекназаров, ҚР бас прокуроры А.К.Дауылбаев мырзаларға
А Ш Ы Қ  Х А Т
 Түркiстан (Қоқан) автономиялық республикасының төрағасы, Орталық Азияда азаттық орнатуға ерен еңбек еткен ұлы күрескер Мұстафа Шоқайға байланысты Өс­кемен қаласындағы соттың шешiмiн қоғам сыбайлас жемқорлыққа батқан судьялардың былығы деп қа­былдады. Ешқандай нақты дерек көздерi­не сүйенбей, Данилевский, Макеев сияқты маргинал жорналшылардың М.Шоқайды “фашистердiң құйыршығы” деген жаласын қолдап отырған соттың шешiмi НКВД-нiң бұрын­ғы қызметкерi Шәкiбаевтың “Үлкен Түркiстанның күйреуiндегi” оған жапқан жаласына негiзделген.

Солтүстiк өңiрдегi Степногорск қаласы мен Бестөбе кентiне жолдың шалғайлығынан журналист ағайындар ат басын бұра бермейдi. Сондықтан елең еткiзетiн әлдебiр оқиға болмаса, былайғы жұрт бұл жақтың тыныс-тiрлiгiнен көп хабардар емес. Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Қызылту ауылында ашылады делiнген молибден кенiшi жайлы мәселенi “Жас Алаштың” бетiнде екi мәрте көтергенбiз.

НАУҚАСҚА НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАҒАНДАР ЖАЗАСЫН АЛА МА?
Құтырмадан қайтыс бол­ған 21 жасар жiгiттiң қазасы қазақтың бұрыннан “Құтыр­ғаннан құтыл­ған” деген бар сөзiн ерiксiз ойға оралтты. Мар­құмның анасы Рая Ерубаева “ұлымның өмiрiне дәрi­герлер жүрдiм-бардым қарады” деп, кiнәнi соларға артады. Облыстық прокуратураға дәрiгерлер үстiнен шағым да берген, бүгiн де тексеру жүрiп жатыр. Қайғы жұтқан ана “ақ халаттылардың өз мiндетiне салғырт қарауы кесiрiнен болашақта мұндай оқиға қайталанбаса екен” дейдi. 5 мамыр күнi ұлым Ержан Қалмағамбет қасында 2 жолдасымен бiрге кешкi 11-лер шамасында Ғани
Ұмытпасам, “Ақ жол” деген партияның Азат Перуашев дейтiн төрағасының сөзi ғой деймiн. “Қазақстанда көлiктердi техникалық тексеру өткiзудi тоқтату керек!” дегенi. Жөн-ақ. Бiрақ қалай тоқтатады? Оны айтпайды. “Жақында мен аса iрi бизнесмендермен, аса iрi банкирлермен, аса iрi шенеунiктермен сөйлес­кенiмде бұл мәселеге ешкiмнiң қарсы емес екенiне көзiм жеттi. “Қолымызды қайда қояйық” дейдi бәрi”, – дедi Перуашев зыр-зыр етiп. Көтерiлген мәселе дұрыс қой, әрине, техникалық тексеру деген қарапайым жұртшылық үшiн бас ауруға айналғалы қашан.

Жуырда Ақмола облысының Еңбекшiлдер ауданына қарасты Үлгi ауылының (бұрын­ғы Казгородок) бiр топ адамы сол жерде шошқа өсiрiп отырған шаруашылықтың iс-әрекетiне наразылық бiлдiрiп, осы оқиғаны КТК телеарнасы республика жұртшылығына жария еткенiн бiлемiз. Сөз басында айта кетейiк, бұл аймақ Арқа даласының нағыз бiр шұрайлы пұшпағы болып саналады. Оның үстiне атақты Бiржан салдың елi. Үлгiден 30 шақырымдай жерде кәдiмгi Бурабай шипажайы, халықтың демалыс аймағы тұр.

Шiлденiң 1-iнен бастап Қазақстанда жанармай арзандады. Ал Алматы қаласының метрология және техникалық реттеу департаментi сапасыз бензин сату жиiлеп кеттi дейдi. Жанармай бағасының арзандайтыны туралы өткен аптада табиғи монополияны реттеу агенттiгi хабарлады. Агенттiктiң 25 маусымда шығарған бұйрығына сәйкес, дизель жанармайының бiр литрi 95 теңгеден 90 теңгеге төмендедi. Аи-80 маркалы бензиннiң бағасы 91 теңгеден 86 теңгеге, Аи-92 және 93 маркалы жанармайдың бағасы 112 теңгеден 106 теңгеге арзандады.
“Тыңайтқыш ретiнде тезек сатып аламын немесе сатамын” дейтiн жарнама интернетте жиi жолығады. Ал қостанайлық кәсiпкер мал тезегiнен биогаз алатын құрылғыны биыл iске қосты. Бiрақ  ол газдан электр қуатын өндiру үшiн рұқсат ала алмай отыр. Қостанай облысы Қарасу ауданындағы кәсiпкер Серiк Қажиев мал тезегiнен метан газын алып, оны электр қуатына айналдыратын құрыл­ғыны Қазақстанға 2009 жылы әкелiптi. – Еуропада биогаз технологиясы 30 жылдан берi жүзеге асып келедi. Олар көбiне шошқаның қиын қолданады. Ал бұл – Қазақстандағы алғаш­қы биогаз құрылғысы, – дейдi кәсiпкер.

Маусымның 20-24-i аралығында “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен халықаралық фотокөрменiңарнайы түсiрiлiмi өттi. Бұл фотокөрменiң негiзгi мақсаты – елiмiздiң әсем табиғатын және ата-баба салт-дәстүрiн сақтау, оны келер ұрпаққа насихаттау, туризмдi дамыту. Түсiрiлiм барысында Жетiсу өңiрiндегi атақты Шалкөде жайлауының тыныс-тiршiлiгiн суреттер арқылы көрсете отырып, елiмiздiң тарихи маңызы бар өңiрлерiн жұртшылыққа жақын таныстыру басты жоспарға алынды. 

Тұлға
Ежелгi грек философы Сократ Афиныда ғұмыр кешедi. Сократтың әкесi Софрониск – тас қалаушы, ал анасы Фенарета жүктi әйелдердi босандыратын болған. Сократтың бойы тапал, бет-әлпетi ұсқынсыз болыпты. Әйтсе де ол өзiнен көп жас кiшi Ксантиппаға үйленедi. Одан Лампрокл, Софрониск және Менексен деген үш ұл дүниеге келiптi. Әкесiнен қалған мұраны дұрыс пайдалану Сократтың ойына кiрiп те шықпайды. Сондықтан болар, өмi­рiнiң соңында ол таза кедей болып шыға келедi.
Астанада белгiлi ға­лым-публицист Ақселеу Сейдiмбектiң 70 жылдық мерейтойына арналған биль­ярдтан дәстүрлi турнир өттi. Турнир қорытындысы бойынша, аға буын өкiлдерiнен бас жүлде 75 мың теңге сыйлықты жазушы Қажығали Мұхамбетқалиұлы қанжығасына байлады. Жастар тобынан бас жүлде фото­тiлшi Шүкiр Шахайға бұйырды. Алматыда Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының 2012 жылғы жүлдегерлерi марапатталды. Қазақстан фотожурналистикасының дамуына қосқан үлесi үшiн “Қазақстан-ZAMAN” Халықаралық газетiнiң Рахымбай Ханалы атындағы сыйлығы Шүкiр Шахайға берiлдi.
Финал. Испания – Италия, 4:0 Голдар: Силва – 14, Альба – 41, Торрес – 84, Мата – 88.
Испания футбол тарихында бiр емес, бiрнеше тұңғыштар тудырды Польша мен Украинада өткен 14-шi Еуропа чемпионатында. Испания футболшылары Еуропа чемпионатының тарихында екiншi рет 2008 жылы топ жарған-ды (1964 жылы өздерi өткiзген чемпионатта испандар финалда СССР футболшыларын ұтқан болатын). Сол атағын арада төрт жыл өткенде тағы да қорғап қалды. Әзiрге 1960 жылдан берi өтiп келе жатқан Еуропа чемпионатында мұндай құбылыс жасаған құрама жоқ. Екiншiден, құрлық бiрiншiлiгiнiң финалдық ойынында бұған дейiн дәл осындай iрi нәтиже тiркелген де емес.