1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (15719) 5 шілде, бейсенбі 2012
3 шiлде күнi режиссер Болат Атабаев бостандыққа шықты. Оның шығуына әрiптесi, көптен бергi досы, режиссер Ермек Тұрсынов ықпал еткен екен. Түрмеден шыққан күнi Ақтау қаласынан Алматыға бiрден жол тартқан Атабаев пен Тұрсынов кеше ұлттық баспасөз клубында арнайы мәслихат өткiздi. Атабаевты қолдауға оның достары мен қызметтегi әрiптестерi жиналды. Алдымен сөз алған Болат Атабаевтың босаты­луына көмектескен Ермек Тұрсынов оны шығару үшiн жұмсалған күштiң аз емес­тi­гiн, оңай болмағанын айт­ты. “Атқарылған жұмыстар оңайға соққан жоқ, әрине. Өте көп күш жұмсалды. Бi­рақ, ең бастысы – Болат аға босатылды. Оны қамағанда мен өте алаңдағанмын.
Түрмеде жазылған күнделiк
15 маусымда, 24 жасқа толған туған күнiнде тұтқындалған жас саясаткер Жанболат Мамай қамауға алынған сәтiнен бастап Ақтау камерасына жеткiзiлгенге дейiнгi бастан өткендерiн, түрмеде көрген-түйгендерiн күнделiк етiп жазыпты. Күнделiгiне түскен алғашқы он күннiң өзiнен түрменiң кермек дәмi сезiледi. Бiрақ өзi бос­тандықтан айырылса да, ой-санасы еркiндiкте, рухы жаншылмаған, жiгерi мұқалмаған. Бүгiн Жанболаттың қапаста отырып жазған дүниесiн оқырманға ұсынуды жөн көрдiк.
Астанада өткен индустриялық форумда Қазақстан президентi бiрнеше мәселеге қатысты пiкiр айтып, ел халқын таң-тамаша еттi. Таңғалтқаны сол, осыған дейiнгi өзiнiң бұйрықтары мен тапсырмасына немкеттi қараған шенеунiктен гөрi Н.Назарбаев бұл жолы көбiне-көп қарапайым жұртқа қатты шүйлiккендей көрiндi. Индустрияландыру күнiне арнал­ған бүкiлхалықтық телекөпiрде президент еңбек дауларының алдын алу мен оны реттеу тетiктерiнiң әлi күнге жетiлмегенiн, «әлеуметтiк және еңбек дауларын ушықтырғандарды» құқықтық жауапқа тарту жағының әлсiздiгiн айтып шүйлiк­кенi еңбек дауын тудыратын «арандатушылар мен паразиттердiң» сазайын тарттыруды аңсайтындай көрiндi.

Бұған дейiн мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шенеунiктердiң қымбат автокөлiкпен жүруiне қарсы екенiн бiрнеше рет айтқан-ды. Күнi кеше өткен ҮИИДМБ-нi (Үдемелi индустриялық-инно­вация­лық дамудың мемлекеттiк бағдарламасы) iске асыруға арналған индустриялық форумда президент бұл мәселенi тағы да көтердi. Өзi тағайындаған шенеу­нiктердiң мәдениетсiздiгi мен құнсыздығына қамыққан президент бұл бассыздықтың қашан тоқтайтынын үкiмет басшысынан сұрады. Ал Кәрiм Мәсiмов болса, “үндемеген үйдей бәледен құтылады” дедi ме, ләм-мим демедi.

“Әлемдiк нарықтағы тұрақсыз волотильдiлiк алдағы тоғыз айда сақталады. Бiрақ мұнай баррелiнiң бағасы 40-50 долларға дейiн түсуi екiталай. Алайда мұнай құны құлдырап кеткеннiң өзiнде оған төзе аламыз. Ұлттық қор сондай қиын-қыстау күндер үшiн құрылды”, – дедi Григорий Марченко сәрсенбi күнi өткен баспасөз мәжiлiсiнде. БАҚ өкiлдерiне арналған ай сайынғы жиынын әдеттегiдей қаржылық көрсеткiштердi жария етуден бастаған бас банкир өткен айдағы инфляция 0,3 пайызға жеткенiн мәлiмдедi. Жылдық көрсеткiштегi инфляция – 4,9 пайыз көлемiнде.

Мамыр айында Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округiнiң әкiмi сыбайлас жемқорлыққа байланысты мультфильм түсiргенде “Е-е-е, естi әкiм екен” дестi жұрт. Парақорлыққа қарсы күрестi нығайтудың тың жолын тапқан әкiм өз туындысының тұсауын қалалық әкiмшiлiкте кестi. Таптаурын емес, тәп-тәуiр дүниенiң әкiмшiлiкте көрсетiлуiн жақсы ырымға баладық. Баладық та, бала-шағаға емес, үлкендерге көрсеткенiне қуанып қалдық. Мазмұнына үңiлсек, негiзгi кейiпкер пара алам деп, темiрторға түсiп тынады.

Былтырғы жылдан берi қызу жарнамаланған “Халықтық IPO” бағдарламасы күзге таман бастау алмақ. Қазiр билiк халық арасындағы түсiндiру жұмыстарына кiрiсiп кеттi. Бағдарламаға сәйкес ең алдымен “ҚазТрансОйл” компаниясының акциялары сатылым­ға шығарылады. Бағдарламаға жауаптылар жер-жерде түсiндiру жұмыстарын жүргiзуде. Бұған дейiн насихаты нашар “Халықтық IPO” бағдарламасының жеке сайты жасалды. www.halyk-ipo.kz сайтында бағдарламаның мән-мазмұны бүге-шiгесiне дейiн жазылған. Үкiмет бұған дейiн бағдарламаның үгiт-насихат жұмыстары мардымсыз болғандықтан, халық бейхабар десе, ендi жұрт
Астанада әлеуметтiк желi­лердi қолданатындар кезде­сетiн антикафе пайда болды.  Келгендер антикафеде өт­кiзген уақытына ғана төлейдi, тамақты алып келуге болады.  “Бiздiң орын” антикафесiнiң промоутерi Ербол Кушугуловтың айтуынша, әзiрге келушiлер аз. Мұнда келушiлердi “қонақтар емес, дос­тар” дейдi. Мекеменiң концепциясында солай жазылған. Осы жерге керек екенiңiздi сезiну үшiн ғана ақша төлейсiз. Бiз сiзбен әңгiмелесiп, шай беремiз. Жоғары сортты шай мен кофе бар.
Мемлекеттiк БАҚ “Батыс пен капитализмнiң дағдарысы” жайлы “қоғам қайраткер­лерiнiң” пiкiрiн жиi бере бастады. Кейбiр жергiлiктi сарапшылар билiк ресейшiл болған са­йын, Батысқа қарсы риториканың күшейе түскенiн айтады. Батыстың жағымсыз образын қалыптастыру науқанына Назарбаев та үлес қосып келедi. Шiлденiң 3-i күнi индустриалық форумда сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев “Қазiр экономикалық дағдарыс жайлаған АҚШ-тан бастап, бүкiл Батыстың жағдайы мүшкiл екенiн” айтты. Қазақстан президентi Батыс елдерi тұрғындарының жұмысты аз iстейтiнiн мегзеп:

Қаламгер дегенiмiз кiм? Қаламгер дегенiмiз – халқы үшiн жанын пида етуге қашанда дайын қайраткер, күрескер-азамат. Алаштың арыстары бұл ұғымды өздерiнiң талайлы тағдырлары арқылы дәлелдеп, ұрпаққа үлгi-өнеге, үрдiс етiп, орнықтырып кеттi. Аруақтарыңнан айналайын Ахаң мен Жақаңдар бастаған, Сұлтанбек, Мағжандар қостаған лек, айтары жоқ, мықты екен-ау, мықты екен! Әрқайсысы ұлт мүддесi жолында шейiт болып, қайталанбас тұлғаға айналған арыстардың ұстанған жолы – жол-ақ едi! Ал бұларға бағыт-бағдар берген, бұларды идеялық тұрғыдан шыңдаған ұлы ұстаз кiм едi? Ол нағыз көсем болатын.

“Жақсы, апа мен кеттiм...” Бұл сөз менiң 17 жасар қызым Мөлдiрдiң ең соңғы сөзi болатынын, құлағыма емес, жүрегiме мәңгi жазылып қалатынын бiлмедiм ғой... Әттең-ай! Жүрегiм жамандықты сезгенiнде ең соңғы рет құлынымның бетiнен сүйiп, бауырыма басып, гүлдей жайнаған жүзiне қарар едiм... Осы жылдың 14 қаңтар күнi қасына 5 жасар iнiсiн ертiп, кешкi сағат 18-19 шамасында мектеп жанынан ашылған саябаққа барып, үйге қайтып келе жат­қанда “Рахат-2” ықшамауданының 9-көшесi 49-үйдiң алдындағы тас жолдың бойында қызымды мемлекеттiк нөмiрi R 687 FNM “SAAB” автокөлiгi қағып кетiп

Бiздiң 3 ауыл (Жаңа талап, Жаңа ауыл, Ахмет бұлақ) аудан орталығынан – 230 шақырым, облыс орталығынан – 530 шақырым жерде орналасқан ең шалғай, көршiлес ҚХР-мен шекаралас елдiмекен. Ауылымыздағы жастар жұмыс жоқ болғандықтан қаладағы туыстарына, таныс-жолдастарына көшiп кеткен. Ауылда бюд­жеттiк мекемелерде жұмыс iстейтiндер, зейнеткерлер, балаларына аз да болса жәрдемақы алатындар, күн көрiсi төмен отбасылар ғана тұрады. Жаппай қысқарту жылдарында ауылымыздың тұрғындарына жұмыс та болмай, не зейнет­керлiкке шығуға жасымыз да жетпей екi ортада сенделiп қалдық.

ҚР “Бiлiм туралы” Заңының 7-тарауы “Педагог қызметкерлердiң мәртебесi” деп аталады. Бұрынғы заңдарда бұл жоқ едi.
51-бап “Педагог қызметкерлердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi” делiнедi. Оның 4-тармағында “ҚР-ның заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлердi өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлерiне тартуға жол берiлмейдi” деп айқын жазылған. ҚР Президентiнiң 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекiтiлген “ҚР-да бiлiм берудi дамытудың 2011-20 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына” да педагог мамандығының беделiн көтеру жайлы мақсат қойды.

Мемлекеттiк “Сыбаға” бағдарламасы бойынша шаруаларға жеңiлдетiлген несие берiп жатыр деген соң, сол несиенiң соңында жүргенiме 1 жылдан асты. Осы уақыт iшiнде “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының” Қызылорда бөлiмiнiң бастығы Мәди Ибадуллаев мырзаның табалдырығын тоздырдым. Менiң ауылым мен Қызылорда қаласында орналасқан “Қордың” арасы 130 шақырым. Аязда да, аптапта да салпақтап шаба беруден мен де шаршамадым, бiресе “транш” түспей жатыр, ақша жоқ, бiресе сенiң ауылдағы үйiңдi де, малыңды да, жерiңдi де “залогқа” алмаймын, Астанадан, Алматыдан, ең болмағанда Қызылорда қаласынан “кепiл” тап деп керi қайтарудан ол да шаршамады.  

Жақында құдамның кенже баласының үйлену тойына бардық. Құрметтi қонақ ретiнде төрге шығарды. Бiз отырған үстел басында бiр депутат, елге танымал бiр жазушы әйелдерiмен отырды. Әлгi депутаттың шашына көзiм түстi. Шашының түрi қара дейiн десем қара емес, қоңыр дейiн десем қоңыр емес. Бiртүрлi шаш... Тұп-тура менiң кемпiрiмнiң ақ шашын бояғандағы түсi. Сонда деймiн-ау, әлгi депутат ақ шашын қара түске бояғаны ма?.. Жазушыға қараймын, оның да шашы қап-қара. Әжiм түскен бетке анандай қара шаш жарассашы?! Түрлерiне қарап, күлкiмнiң келгенi-ай... Осынша жасқа кеп, еркектiң шашын бояғанын алғаш рет көруiм.

Лондон олимпиадасының басталуына 22 күн қалды. Әлемнiң 210 елiнен қатысатын спортшылар арасында қазақ ұлтының даңқын асыруға 114 атлет аттанбақ. Олар спорттың 25 түрiнен сын­ға түседi. 1992 жылы Барселонада өткен жазғы олимпиада ойындарында елiмiзден қатысқан 22 спортшы ТМД құрамасының намысы үшiн жарысқа шықты. 11 спорт түрi бойынша күш сынасып, 1 алтын, 2 күмiс, 2 қола медаль еншiледi.  
МИЛЛИОНЕР АТАНУҒА МҮМКIНДIК
ХХХ жазғы олимпиада ойындарында чемпион атанған спортшыға елiмiздiң қазынасынан 250 мың АҚШ доллары көлемiнде бiр реттiк сыйақы берiледi. Күмiспен күптелген атлетке – 150 мың, қола жүлдегерге – 75 мың доллар тиедi. Жүлделi орыннан тыс қалғанымен, жоғары нәтиже көрсетiп, 4-орынға тұрақтағанға – 30 000, 5-орын иесiне – 10 000, 6-орын алған спортшыға ­ 5000 АҚШ доллары сыйға тарту етiледi. Осыдан 17 жыл бұрын Атланта олимпиадасында чемпион атанған Василий Жиров, Юрий Мельниченко, Александр Парыгинге бар болғаны 5 мың АҚШ долары көлемiнде сыйақы берiлiптi.
ЕКIНШI РЕТ “ОЯНА” АЛМАДЫ
Екi жастағы бразилиялық сәби Келвин Сантос өкпе қабынуынан қайтыс болады. Дәрiгер­лер ата-анасына баланы поли­эти­лендi пакетке салып бередi. Байғұс ата-ана түнi бойы жылап-сықтап табыттың қасында отырады. Ертесiнде, қоштасу рәсiмi кезiнде табытта жатқан бала кенеттен басын көтерiп әкесiнен су сұрайды.  Қорқып кеткен туыстарының жан айқайы шығыпты, ал анасы байғұс қуанғаннан “Ұлым бұ дүние­ге қайта оралды” деп жылап жiбередi. Су сұрағаннан кейiн кiшкентай Келвин қайтадан табыт­қа құлайды. Бұдан соң ата-анасы баланы тездетiп ауруханаға жет­кiзедi.