1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (15720) 10 шілде, сейсенбі 2012
ҚР президентi Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға
Бiз ұлымызды ұяға, қызымызды қияға ұшырған, көпбалалы, алтын алқа иеленген батыр аналармыз. Алдымыз кешегi соғыс ке­зiнде жеңiс үшiн еңбек майданында тер төккен, талай қиын қыстауды бастан өткiз­ген, көптi көрген абыз әжелермiз. Бiздiң Алладан тiлейтiнiмiз – елiмiзге тыныштық, халқымызға бейбiтшiлiк, балаларымыздың бақытты ғұмыр кешуi. Елiмiзде болып жатқан жақсы жаңалықтарға сүйiнiп, келеңсiз оқиғаларға күйiнiп отырамыз. “Жас Алаш” газетiнiң өткен №42 санындағы “Сiз бiздi жылатпаңызшы” атты шетпелiк балалардың жазған хатын оқығанда көзiмiзге ерiксiз жас алдық.
Билiк қаласа, қара­пайым қала күнiнен (дұрысы президенттiң туған күнi - автор) ұлттық мереке жасай алатынын көрсеттi. Күнi кеше өткен аста-төк той-ду­мандар бiздi осы ойға жетеледi. Мәселен, ең қасиеттi болуы тиiс Тәуелсiздiк пен Ұлыстың ұлы күнiн бұл мереке екiншi қатарға ысырды. Сөйтiп, көл-көсiр ақшаның арқасында елiмiздегi №1 мереке дәрежесiне Астана күнi ие болды. Қала күнiнiң “отыз күн ойын, қырық күн тойын” өткiзуге Астана қалалық әкiмдiгi мықтап да­йындалыпты. Елорданың бiрне­ше жерiнде өткен әр түрлi iс-шараларға халық көптеп жиналды.

“Желтоқсан ақиқаты” қоғамдық бiрлестiгiнде дау туды. Дауға ұйым құрылтайшылары мен ұйым төрағасының арасындағы кикiлжiң себепшi болды. Осы уақытқа дейiн ұйымды басқарған төраға Бейсенғазы Нүкен ұйым мүшелерiн жәбiрлеп, кемсiтiп, онымен қоса, кейбiреулерiне қол көтерiп, ойына келгенiн iстеп келсе керек. Өткен аптада танымал марафоншы, желтоқсаншы Аухан Мұқатановты да соққыға жығып, зәбiр көрсеткен. Нәтижесiнде басынан қатты соққы алған марафоншының миына зақым келген. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында ұйым құрылтайшылары мәлiмдедi.

 
– Қазiр Назарбаев екеумiз бiтiспес жауға айналдық. Ол менi үздiксiз қудалауын қояр емес. Несiне жасырайын, өзiм құрметте­мейтiн адамды құттықтап, сайқалданғым келмейдi. Тiптi туған күнi болса да. Мен тек Назарбаев 72-ге келген шағында елдi қайда сүйреп апарғаны жөнiндегi, оның билiк құрған уақыты төңiрегiндегi ойымды ғана айта аламын. Сендiм деп айта алмаймын. Өйткенi оның адамгершiлiгiне күмәндандым. Естерiңiзде болса, 1989 жылы Тбилисиде үкiмет үйiнiң алдында оппозиция өткiзген митингi аяусыз
Кеше Ресейде қаралы күн жарияланды. Өткен аптада Ресейде екi бiрдей қаралы оқиға болды. Краснодар аймағында су тасқынынан кемiнде 171 адам қаза тапты. Украинаның Черниговск облысында жол апатынан 14 адам көз жұмды. Өткен сенбiге қараған түнi Краснодар аймағында толассыз нөсер жауды. Қырым, Геленджик, Новороссийск қалаларында су тас­қынынан 5 мыңға жуық үй су астында қалып, 24 мың адам зардап шектi. Жергiлiктi билiк пен төтенше жағдайлар қызметi түн ортасында шырт ұйқыда жатқан тұрғындарға су тасқыны болады деп хабарламаған.
БӘЛКIМ, БIЛГЕН СОҢ ДА СОЛАЙ БОЛЫП ЖАТҚАН ШЫҒАР
2011 жылды тарихқа өшпестей етiп iз қалдырған, ананы аңыратып, боздақты босытып жiберген Жаңаөзендегi қанды қасаппен шығарып салып, ұлу жылын масқара, сорақы сайлаумен қарсы алдық. Содан берi жарты жыл өттi. Ендi осы алғашқы жартыжылдықты жаппай қуғындау, айыптаумен, оған қоса орыстың құшағына кiрiп, тәуелсiздiгiмiздi тәрк етумен бiтiрiп, қалған алты айдың есiгiн президенттiң туылған күнiмен аштық. Осынау жарты жылдың iшiнде-ақ президенттiң автократтық жүйесi одан әрi қатая түсiп, қаһарына мiнген. Ендi одан түскiсi жоқ. Бiрақ мәңгiлiк ештеңе болмасы анық...
Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнi және Астана күнiне орай өздерiнiң құттықтауын жеткiзбек болған “Рух пен Тiл” клубының бiр топ белсендiсiн алматылық полиция тұтқындады. 6 шiлде күнi Алматыдағы “Қазпоштаның” бас бөлiмшесiнiң алдында өтуге тиiс болған шараға ұйымдастырушылардың өзi қатыса алмады. Себебi жас белсендiлердi полицейлер дiттеген жерiне жеткiзбей, ертерек ұстап әкеткен. Белсендiлер – Саламат Омаш, Диас Бейсенбек, Шернияз Шағатай, Мұратбек Ораз, Сырым Баймұхан және Руслан Жұмабай
Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттiгiнiң төрағасы Талғат Ермегияевтiң ойынша, Лондон олимпиадасында ауыр атлеттер Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин, теннисшiлер Галина Воскобоева, Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин, боксшылар Серiк Сәпиев, Әдiлбек Ния­зымбетов, Данияр Елеусiнов жүлде алуы тиiс.  Агенттiк төрағасы Лондон олимпиадасына арналған баспасөз мәс­­лихатында “олимпиада ойындарында үш алтын медаль аламыз” дедi. Қытайдағы олимпиада ойындарында екi алтын алдық. Биыл алтын саны бұдан аз болмауы тиiс. Көздегенiмiз – үш алтын. Бiрақ бұл – ең төменгi меже.

Осыдан бiраз бұрын Астанада өткен Назарбаев пен Путиннiң екiжақты басқосуына нөкерлерiн ерте келген Ресей президентi көкейiн кернеп жүрген мәселелерге мардымды жауап алып, мәз-мейрам боп қайтысқан болатын. Соның бiрi – бiздiң елде атом электр стансасын салу идеясы. Әншейiнде халықтың бақайын басып көрiп, былқ етпесе, ойына келгенiн орындай беретiн бiздiң президент осы стансаны бiздiң елге салудан бас тартпайтынын жеткiздi.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1985 жылдан берi жүз­ден астам кiтап “жазды”. Саясаткер 1997 жылы шыққан бiр кiтабында “қаусап қалса да, СССР-дi 18 жыл басқарған” Лео­нид Брежневтi сынаған едi.  Президент Назарбаев 1999 жылы “Тулаған толқында” деп аталатын кiтабы жарық көрген кезде баспасөз өкiлдерiне: Бұл кiтаптың мен үшiн мән-маңызы ерекше. Мен оны өзiмдi тарихымдағы тұңғыш президентi етiп сайлаған туған халқымның алдындағы бiр перзенттiк парызымды өтеу үшiн, қазағымның ұлы мен қызына жүрегiмнiң сөзiн жеткiзу үшiн жаздым, –  деген.
Алмасты мүсәтiр деп татып алдым.
Дерт шалды, өне бойды жатып алдым.
Құдайдан тура келсе арманым не
Ажалды ақша берiп сатып алдым.
Өлiмдi ойламаған сорлы басым
Дүрмекке елтiп жүрiп қапы қалдым.
Әсеттiң “Ақырғы сөзiнен”
“МҰҚАҒАЛИДЫҢ ШЫНДЫҒЫ”
М.Мақатаев туралы жаңа фильм жарық көрдi. Оны ҚР Мәдениет ми­нистрлiгiнiң тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясы түсiрдi. Кинотуынды “Мұқағалидың шындығы” деп аталады. Белгiлi журналист, абайтануға үлес қосып келе жатқан қаламгер Серiк Жанболат сан алуан сұрақтардың дұрыс шешуiн тарқатуға ден қойған. Мұқағали тағдыры – нағыз ақынның өмiр-тiршiлiгiнiң оңай болмайтынын тағы бiр көрсеттi. “Өлең деген тулайды қайшылықта” дегенi шымырлаған хас шындық.
ЖIГIТКЕ МЕ? ЖIГIТТIҢ АТА-АНАСЫНА МА? ЖОҚ ӘЛДЕ ҚЫЗДЫҢ ӨЗIНЕ МЕ?
“Отбасы” қосымшасы арқылы сырымды бөлiсiп, ақыл-кеңес сұрағым келедi. Жасым жиырманың бесеуiнен асты. Жақында тұрмыс құрмақ ниетiм бар. Тек көңiлiмдi алаңдататын бiр жайт туралы сұрасам деп едiм. Қатар құрбыларымның көбi үйленгенге дейiн жiгiтiңмен жақын қарым-қатынаста болу керектiгiн айтады. Және олардың барлығы жiгiттерiмен ерлi-зайыптыдай күн кешуде. Менiң “босағаны адал аттау керек” дегенiме бiрi күлсе, ендi бiрi таңырқай қарайды. Осыған дейiн сөз айтып, кездесуге шақырған жiгiттер де менiң осы түсiнiгiме жатырқай қарап, көп ұзамай, “қарасын батырған”.
ҮШ ЖАСҚА ДЕЙIН ҰЛҒАЙТУДЫ ҰСЫНДЫ
Мәжiлiсшi Айқын Қо­ңы­ров бала күтiмiне байланысты жәрдемақы төлеу мерзiмiн үш жасқа дейiн ұлғайтуды ұсынды. Ол: «БҰҰ сарапшылары Қазақстанды жедел қартайып келе жатқан елдердiң қатарына жатқызды. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай елдегi қарт адамдардың үлесi 25%-ға дейiн артпақ. Қазақстан үшiн бұл – демографиялық апат», – деп алаңдаушылық бiлдiрдi. Оның сөзiне қарағанда, бүгiнде республикада қиын жағдай қалыптасып отыр, бала сүйгiсi келмей­тiн­дердiң қатары көбейген, ал босанғандары соған шүкiршiлiк етедi немесе баласын тағдыр тәлкегiне тастайды.
Қолыма қалам алып осы хатты жазып отырғанымда, көршi бөл­меден баяғы айғай-шу естiлiп жатты. Баяғы дейтiнiм, мен ес бiлгелi бiздiң үйiмiзден әкем мен шешемнiң бiтпейтiн ұрыс-керiсi үзiлген емес. Мектеп бiтiруiме аз қалды. Сол күндi асыға күтiп жүрмiн. Қолыма аттестатымды алған күнi басым ауған жаққа кетемiн. Бұл нақты және соңғы шешiмiм. Шынын айтсам, әкемдi де, шешемдi де түсiнбеймiн. Екеуiнiң қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенiн дөп басып айта алмаймын. Бiр бiлерiм, үйдегi бұл береке­сiздiктен әбден жалықтым. Кейде достарымның үйiне бара қалсам, ата анасының өзара қарым- қатынастарын көрiп, қызығамын, қызғанамын.
Адам ағзасы 50-70% судан тұратынын естен шығармаңыз. Денедегi су термен бiрге бөлiнiп кететiн­дiктен суды белгiлi бiр уа­қытта iшiп жүрiңiз. Америка қоғамдық-ғылыми журналының зерттеулерi бойынша, адам ағзасына минералдар тамақтан, ал бiр пайызы судан келедi екен.Денедегi минералдар сыртқа шығарылмаған жағдайда адамның iшкi ағзалары зақымдануы мүмкiн. Сондықтан су iшудi ұмытпаған жөн. Өз үйiңiздегi қайнатылған суды iшiп, ағзадағы зиянды заттарды бүйрек арқылы шығарып отырған абзал. Мамандар суды белгiленген уақытта тұтынғанды жөн санайды.
 
1. Ата-анаң сенiң достарыңды бiле ме?
2. Ата-анаңмен сырыңды бөлiсiп, жеке мәселелерге  байланысты ақыл-кеңес сұрайсың ба?
3. Ата-анаңның жұмысына қызығушылық бiлдiресiң бе?
4. Достарың сiздiң үйде болып тұра ма?
5. Үй шаруасына көмектесесiң бе?
6. Серуендеуге шыққың келетiндей iшiң пыса ма?
“Ұстаздан шәкiрт озады” дегендi әлем журналистикасы тарихында аты мәшһүр медиа-магнат Уильям Рэндольф Херст (William Randolph Hearst) тағы бiр дәлелдедi. Ол әйгiлi баспасөз иесi саналатын Жозеф Пулитцердi өзiне сырттай ұстаз тұтып, оны ерiнбей зерттедi. Жозефтiң әрбiр жетiстiгiн таразылайды. Ақырында Ж.Пулитцерден де асып түсiп, медиабизнесте патшалығын құрды. Уильям Херст 1863 жылы Сан-Франциско қаласында дүниеге келдi. Шешесi әл-аухаты мықты, бiлiмдi, тектi ортадан шыққан. Ал әкесi еңбек жолын алтын қазудан бастап, кейiн өте мол дәулет жиған, қаржы саласының қитұрқы қулық-сұмдықтарын терең меңгерген
Елiмiздiң жеңiл атлеттерi Лондон олимпиадасының 25 жолдамасын жеңiп алды. Бiрақ Олимпиада сайын жолдаманы уыстап алатын атлеттер жарыс жолында шаң қауып қалатыны өкiнiштi. 1960 жылы Рим олимпиадасында 4х100 метрге эстафеталық жүгiруден күмiс жүлдегер атанған қазақтың құсқанат ұлы Ғұсман Қосановтың бағындырған асуын әлi бiрде-бiр қазақ баласы қанжығасына бөктере алмай келедi. 1996 жылы Атланта олимпиадасында допингпен басы шатылып, жарыстан шегерiлген Ольга Шишигинаның 2000 жылы Сиднейде саңлақ атанғаны жеңiл атлеттерiмiздiң абырой-беделiн биiкке көтерiп тастады.
“ЖЕТIСУ” ЖЫҒЫЛДЫ
Футболдан былтырғы ел чемпионатының күмiс жүлдегерi талдықорғандық “Жетiсу” клубы Еуропа лигасының iрiктеу кезеңiнде сәтсiздiкке ұшырады. Алғашқы кездесуiн сырт алаңда өткiзiп, Польшаның “Лех” клубына 0:2 есебiмен жол бердi. Қарымта ойын 12 шiлдеде Талдықорғанда өтедi. Еуропа лигасының iрiктеу кезеңiнде шымкенттiк “Ордабасы” мен “Ақтөбе” клубтары алғашқы ұпайын еншiледi. “Ордабасы” футболшылары сербиялық “Ягодина” клубын 1:0 есебiмен ұтса, ақтөбелiктер грузиялық “Торпедо” клубмен тең ойнап, 1:1 есебiмен тарқасты.