1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15721) 12 шілде, бейсенбі 2012
“Арқанкерген” шекара бекетiндегi он төрт сарбазды қырып тастады деп айыпталған Владислав Челах ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiне қарасты республикалық психиатрия және психоте­рапия ғылыми тәжiрибе орталығында (РППҒТО) тексеруден өтiп жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ ақпараттық агенттiгi хабарлады. В.Челахқа тексеру барысында ешқандай дәрiлiк препараттар берiлмеген. “Тексеру-сараптама жүргiзу кезiнде пациентке ешқандай дәрi-дәрмек берiлмейдi. Зерттеу-сараптама қорытындысы объ­ек­тивтi әрi нақты болуы үшiн осындай талаптарды сақтауға тиiспiз”, —  дейдi орталық директоры Сағат Алтынбеков агенттiкке берген сұхбатында. Сондай-ақ РППҒ­ТО-ның басшысы тексерiлуге жiберiлген шекарашы В.Челахтың бiр ай бойы сараптамадан өтетiнiн айтады.
“Арқанкерген” шекара бекетi­нен табылған үш мәйiттiң нақты аты-жөнi 13 шiлде күнi жариялануы мүмкiн. Бұл туралы ҚР Бас әскери прокуратурасы “Жұма күнi нақты белгiлi болады: нәтиже шығуы мүмкiн немесе әрi қарай уақытты ұзартуы ықтимал”, – деп мәлiмде­дi. Әйтсе де әскери прокуратураның “нәтиже шығуы мүмкiн немесе әрi қарай уақытты ұзартуы ықтимал” деген сөзi көңiлге кiрбiң ұялатуда. Өйткенi үш сарбаздың ата-анасы Германиядан келген мамандардың сараптамасын бiр жарым айдан (45 күн өттi – автор) берi сар­ғайып күтiп жүр.

Сейсенбi күнi Серiкболсын Әбдiлдин, Ғазиз Алдамжаров, Петр Своик және Жасарал Қуанышәлин баспасөз мәслихатын өткiздi. “Танымал режиссер Болат Атабаевты Ақтаудағы түрмеден досы Ермек Тұрсынов шығарып алды. Оған мұндай мүмкiндiк ҚР ҰҚК тарапынан берiлдi. Досын түрмеден босатып алу үшiн ҰҚК-нiң төрағасына ресми арыз жазған Е.Тұрсынов мақсатына жетiп қана қоймай, тергеу iсiмен танысып, түрмедегi режиссермен төрт сағаттап сөйлескен. Заң бәрiмiзге ортақ.

“ОЙНАҚТАҒАН ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРI” НЬЮ-ЙОРКТI ӘЛI ДҮРЛIКТIРIП ЖАТЫР
Қазақстан президентi­нiң отбасы мүшелерi туралы айтпас бұрын күнi кеше ғана жария болған бiр деректi оқырман талқысына салуды жөн көр­дiк. Оңтүстiк Корея рес­пуб­ликасының прези­дентi Ли Мен Бактың бауыры Ли Сан Дык тұт­қын­далды! “Сейсенбi күнi Сеул орталық аймағының соты прокуратураның өтiнiмiн қанағаттандырып, президент Ли Мен Бактың бауыры, Ұлттық кеңестiң бұрынғы депутаты (билiк партиясы “Сэнури” арқылы сайланған – Е.Р.) Ли Сан Дыкты тұтқындауға санкция бердi.

“Еуразиялық одақты” құру идеясы бүкiл ресейлiк шенеунiктердiң ойын жаулап алған сияқты. Қазақстан президентi бастап, оның “одақтас жолдастары” қостап, халықтың миына бұрынғы “бауырластар” ұғымын мықтап сiңдiруге кiрiскендей. Беларусь пен Қазақстанға қарағанда, Ресей тарапы әсiре белсендi. Назарбаевтың 1994 жылғы одақты құру идеясы орыстар үшiн “дайын асқа – тiк қасық” болды. Бiрте-бiрте қазақ билiгiн өзiне қаратып, экономиканы және басқа да саяси жүйенi өз қолына ала бастаған орыстар, ендi қазақ тағдырын да өздерi шешпекшi.

Қызылорда облысындағы ауызсудың азабын тартқан ауылдардың бiрi – Арал ауданындағы Ақбасты елдiмекенi. Ақбастылықтарды бұл тығырықтан құтқару үшiн қыруар қаржы бөлiндi, бiрақ бiткен бiр iс жоқ. Әкiмдер болса, есеп берген сайын “Ақбастыға су тұщытқыш орнаттық” деп әлi күнге омыраулатады. Оны өз ұяттарына қалдырдық. Айтайын дегенiмiз... Осыдан бес жыл бұрын ауыл шетiндегi жерасты суының көзi бiтелiп, ел малға беретiн су (оның өзi тұзды су) таппай қиналды. Адам iшер суды 20 шақырым қашықтықтан тасып iшкен ақбастылықтарға “жығылған үстiне жұдырық” болды бұл жайт.

Қытай Халық Республикасы мен шекаралас Алакөл ауданының құрамына 1997 жылы қосылған бұрынғы Үй­гентас ауданының тұрғындарын ата-бабадан мұра болып қалған, табиғаты жер бетiн­дегi байлықтың қайнар бұ­лағы саналатын елдi-мекендердiң бос қалуы қатты алаңдатады. Осы Үйгентас ауданына қарасты Ойжайлау жерiне табаны тиген қазақтың бiртуар ұлы, әйгiлi жиһангез ғалым, географ Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өз күнделiгiнде Шұбарағаш – Ойжайлау жөнiнде жазған. 

28 маусым күнi “Рух пен Тiл” клубының белсендiлерi Инга Иманбай мен Анар Әбдiлда Жанболат Мамай мен Болат Атабаевтың қамауға алынғанына өз наразылықтарын бiлдiрiп, шеру өткiзгенi үшiн Алматы қалалық әкiмшiлiк сотының шешiмiмен 10 тәулiкке қамалған болатын. Өткен аптаның соңында жас белсендiлер қамаудан босап шықты. Олар өздерiнiң көзқарасының да, пiкiрiнiң де өзгермегенiн, керiсiнше жаңа рухпен шыққанын жеткiздi.

Жыл басында халықаралық кәсiпқой футболшылар одағы (FIFPro) “Шығыс Еуропаның қара кiтабы” атты жинақ шығарды. Қазақстан “Қара кiтаптың” қара тiзiмiне енiп, футболы жемқорлық жайлаған ел ретiнде екiншi орында тұр. FIFPro Қазақстан футболындағы жемқорлықты анықтау үшiн арнайы тәуелсiз зерттеу жүргiзген. Бұл шараға қазақстандық 220 футболшы қатысып, сауалдарға жауап берiптi. Сауалнамаға қатысқан қазақстандық футболшылардың 33,3 пайызы келiсiлген ойындарға қатысқанын айт­са, ойыншылардың 44,1 пайызы “Қазақстанда келiсiл­ген матчтар бар” деп жауап берген. 
Алматы облысы Қарасай ауданына қарас­ты Абай ауылының маңын уақытша мекен еткен жұрт есек арбаны жалға берiп, күн көрiсiн айырып отыр. “Барлық” базары мен “Алтын таға” базарының арасындағы ат шаптырым аумақ темiрмен қоршаулы тұр. Жұрттың айтуынша, бұл аумақтың иесi қоршаудың iшiнде кiрпiш те өндiредi, темiр-терсек те қабылдайды. Ауланың әр бұрышында бос тұрған арбалар, қодығын ерткен бiр топ есек жүр. Алты-жетi арбаны қатарластырып қойған шеткi үйге жақындап барған едiк, ошақ жанынан қарсы алған әйел отағасы үйде жоқ екенiн, ауруханада жатқанын айтты.

Бұл менiң кiшкентай, тiптен кiшкентай кезiмде болған оқиға. Еңiсi, қыраты, дөңi көп күздеуге көшiп келген кезiмiз. Үйден таяқ тастам жерде жыңғылды тоғай. Еңiс қуалап ағатын жылға. Оның жие­гiндегi құрақ, қамыс, қоға, сек­сеуiл қайтқан құстың әуенiне қосылып шулап жатады. Жыңғылдың ақ, қызыл, қызғылт гүлдерi шоқтанып, топтанып көз тартады да тұрады. Апам оның қабығы мен тамырын алып терi бояйды. Қабық терiп келуге менi жұмсайды. «Сеңгiр­лекпен шатастырып алма!» дейдi. Сең­гiрлек – ақ таспа. Тоғайға келгенде әдемiлiк­тен басым айналады.

Кеше Алматыдағы Ғ.Мүсiрепов мұражайында жазушының “ҚАЗақпарат” баспасынан жаңа ғана шыққан таңдамалысының тұсаукесерi өттi. Тұсаукесердi С.Мұқанов пен Ғ.Мүсiрепов мұражайларының директоры, белгiлi ақын, әдебиетшi Әдiлғазы Қайырбеков ашты. Жиында “ҚАЗақпарат” баспа корпорациясының президентi Қонысбек Ботбай, Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Берiк Шаханов, “Қазақ газеттерi” ЖШС-ның бас директоры Жұмабек Кенжалин, Ғ.Мүсiреповтiң қызы Гүлнәр Мүсiрепова сөйлеп, өз пiкiрлерiн ортаға салды.

Шыңғысұлы Жақайым – ХIV-ХV ғасырларда өмiр сүрген, қазақ тарихында ерек есiмi қалған, бүгiнгi ұрпақтары Қазақстанның барша аймағына тараған тарихи тұлға. Қыр мен Сыр Шектiлерiнiң: “Жақайым – аға баласы!” деп ерекше қадiр тұтуы Жақайымның әкесi Жаманақұлы Шыңғыстың да беделi мен қоғамдағы орнын айқындай түседi. Жақайым Бабаның бауырынан Бәйiмбет, Құл, Жылқайдар, Жылқаман, Толыбай, Тойқожа сияқты батырлар; Байжан, Құрым, Байсалбай, Сартай, Жетестей қара қылды қақ жарған билер; Тiлеулес, Дәрменқұл, Рамбердi, Қосыбай, Ермұхамбет, Сасықбай сияқты ишан, ахундар; молда Бәйiм, Бiтiмбай, Еспембет, Нұртуған, Нұрмағамбет, Құлжан сияқты
САХНА АБЫЗЫ АТАНҒАН АЙША АБДУЛЛИНА95 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТI
Айша Абдуллинаның дүние есiгiн ашқан кезде қойылған шын есiмi Бибiғайша екен. Алматы қаласында туылған. Балалық шағында Күләш Байсейiтова екеуi бiр көшеде тұрыпты. Өнер жолына мұны жетектеп әкелген ағасы Пiрмұхамед едi. Әлi есiнде, ағасы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрға ертiп әкелiп, емтиханды сәттi тапсыртып, театр жанындағы екi жылдық студияға оқуға түсiрдi. Осында Әмина Өмiрзақова, Хадиша Бөкеева, ағайынды Абдуллиндермен бiрге бiлiм алды. 1933 жылы аталған театрға актриса болып қабылданды.
Көпшiлiк асыға күткен есткерткiш көңiлдi май iшкендей еттi. Ескерткiш­те аштықтан өлген анасын жоқтап, жылап отырған бала, шаңырағы ортасына түскен киiз үй көрiнiс тапқан. Мұның несi жаман дерсiз. Ұлттың қасiретiн бейнелейтiн қазақы көрiнiстi тастан қашап, мүсiн етер деп күткен үмiтiмiз алданды. Ескерткiштегi шалқасынан жатқан, басы жалаңбас, шашы жайыл­ған, қос кеудесi томпайған, аяғы ашық-шашық, жалаңаяқ қазақ әйелi­нiң, ананың мүсiнiн көргенде күйiнбей қайтесiз?!  Жалпы, аштық құрбандарына ар­налғ­ан ескерткiш қандай болуы керек, ол қала iшiнде қай жерге орналасуы керек? 
Он сегiз мың ғаламның иесi Алла Тағала жер мен көктi және екеуiнiң арасындағы дүниенi алты күнде жаратқаны мәлiм. Бiр аптада жетi күн болса, соның әрқайсысының өзiндiк қадiр-қасиетi бар. Ендi соны таратып айтсақ: Дүйсенбi. Сауда жасауға, сапарға шығуға қолайлы күн. Сауда-саттық оңынан келiп, сапар сәттi болады. Сейсенбi. Бұл күнi сабырлы, сақ жүрген дұрыс. Өкпе-ренiш тууы мүмкiн. Сәтсiздiктердiң сабақтасып кетуi мүмкiн. Сәрсенбi. Өте сәттi күн саналып, жолға шығуға, жаңа iстердi қолға алуға болады. Бұл күнi көңiлдi жүрсеңiз, iс-әрекеттерiңiз өнiмдi, жемiстi болады.

...Мен бұдан 12 жыл бұрын елге көшiп келгенмiн. Балаларымның көпшiлiгi Қазақстанның басқа облыстарына жайғасты. Тағы да көшiп келгiсi келетiн қалған балаларым тоқырауға байланысты келе алмай отыр. Қалай келсiн, Дүниежүзi қазақтар қауымдастығын басқарып отырған Т.Мамашев деген “оралмандарды ұрғаным бар” десе. Осындай сөздердi естiгендер Отанына оралмайды. Оның үстiне азаматтық алу, орналасу қиын. Көшi-қонды басқарып отырғандар жемқорлықтың батпағына батқан болса, қалай тәуекел етедi?..

Аралас мектеп балалардың ойы мен бойына ұлттың қасиет-мәйегiн сiңiре алмайды. Мұндай мектептi бiтiрген балалар ұлттық қасиеттен жұрдай болып, мәңгүрттiң нағыз өзi болып шығады. Жасөспiрiмдер арасындағы қылмыстың етек алып өршiп бара жатқанының бiр ұшы осында ма деп ойлаймын. Тәуелсiз қазақ елiнде таза қазақ мектебi 50 пайызға жетпейдi. Астанамыздағы 66 мектептiң 20-сы орыс, 21-i қазақ, 25-i аралас мектеп. Осындай кезде есiме Кеңес дәуiрiнде ұзақ жыл еңбек етiп, о дүниелiк болып кеткен ардагер ұстаздар Жанұзақ Ескенов пен Ф.И.Лукьяненконың балалар туралы айтқан пiкiрлерi есiме түседi.

Жуырда қармақшылық Жарболсын Құндақбаев ақсақал кiр тасын көтеруден әлем чемпионы атанды. Әлемнiң бiлектi қарттарын жинаған Беларусь бәсекесi жерлесiмiзге 3 алтын медаль бұйыртты. 100 келiге дейiнгi салмақта сынға түскен ол 1 минутта 12 келi кiр тасын 26 рет серпе, 27 мәрте жұлқи көтердi. Екi алтынды еншiлеткен осы көрсеткiштер. Сондай-ақ Еуропа чемпионатының алтынын да қанжығаға басты. Ақсақал наурыз айында Архангельск қаласында өткен әлем және Еуропа чемпионатынан да 6 медаль олжалаған болатын.

ҚАЗЫ-ҚАРТА ДОПИНГ ЕМЕС
27 шiлде күнi басталып, тамыздың 12-сiне дейiн жалғасатын Лондон олимпиадасына қатысушы елiмiздiң спортшылары Олимпиада кезiнде қазы-қарта жейтiн болды ақыры. Бұған дейiн ақпарат құралдарында қазақтың ұлттық тағамы қазы-қартаны Ұлыбритания шекара агенттiгi Лондонға кiргiзбейтiнiн жазған болатын. Тұманды Альбионға алып өтуге рұқсат етiлген ет өнiмдерiнiң арасында қазы-қартаның жоқтығын желеу еткен келеңсiздiкке қатысты елiмiздiң Спорт iстерi және денешынықтыру агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов “Экспресс К” газетiне берген жауабында былай дедi

Қызым Ақжарқын Амантайқызы Мапутова өткен жылдың қаңтар айында аяқ астынан ауыр дертке шалдықты. Ұзақ тексеруден кейiн облыс­тың бiлiктi дәрiгерлерi мен профессорлары қызыма бiздiң елде сирек кездесетiн «жайылмалы склероз» деген диагноз қойды. Бұл диагнозбен ауырған адамдар шетелдерде ғана емделедi екен. Жақында Ресейден 5 миллион теңгеге осындай операция жасауға болатыны туралы хабар алдық. Бұл хабар сөнуге айналған үмiттi үрлегендей болды.