1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (15722) 17 шілде, сейсенбі 2012
КЕЛЕТIНI КIМ: ДҮТБАЕВ ПА, ШАЯХМЕТОВ ПЕ, ӘЛДЕ ТӘЖИН БЕ?
“ҰҚК-нiң қазiргi төрағасы Нұртай Әбiқаевты президент Нұрсұлтан Назарбаев кабинетiне шақырып алып, әбден сөгiптi...”. “Президенттiң талай жылдан бергi серiгiне сенiмсiздiк бiлдiруiне туып-өскен өңiрiндегi жарылыс себеп болыпты...”. “Мемлекет басшысы Әбiқаевқа “сен шаршадың, ендi демал” дептi...”. Ел арасындағы абың-күбiң әңгiме осыған саяды. Бұған себеп – мемлекет басшысының ҰҚК-нi (ҰҚК төрағасын деп түсiнiңiз – ред.) қатаң сынауы.
ЖАНБОЛАТ МАМАЙ ЕНДI АЙЫПТАЛУШЫ ЕМЕС
Шiлденiң 13-i күнi қамаудан босатыл­ған тәуелсiз журналист, “Рух пен Тiл” клубының жетекшiсi Жанболат Мамай Алматыда баспасөз мәслихатын өткiздi. Жиынға Мамайдың шығуына көмектескен саясаткер Төлеген Жүкеев те қатысты. Ж. Мамай өзiнiң Болат Атабаев сияқты 65-бап бойынша босатылғанын, “әлеуметтiк араздық тудыру” iсi бойынша айыпталушыдан ендi куәгерге айналғанын айтты. Ол: “65-бап бойынша босатар кезде мен тек қана Жаңаөзен қаласында қан төгiлгенiне өкiнетiнiмдi айттым. Адам

Оппозицияның былтырғы жы­лы билiкке қарсы ұран ретiнде көтерген “ұлттық байлықты халыққа қайтару” мәселесi қызу талқыдан кейiн су сепкендей басылды. Сайлау науқаны мен одан кейiнгi митингiлер­де қайта-қайта ауызға алынған осы бастама қазiр ұмытыла бастағандай. Тiптi президенттiң өзi биылғы жыл­ғы жолдауында “өнеркәсiп активтерi мемлекет меншiгiне қайтарылады” деп мәлiмдедi. Былтырғы жылы қабылданған “Мемлекет­тiк мүлiк туралы” заңының бiр тарауы мемлекет меншiгiне алуға арналған. Осы жайттарға қарамастан кен орындары мен кәсiпорындарды қайтару аяқсыз қалды.

Шетел ауған Алматы қаласының бұрынғы әкiмi Виктор Храпунов президент пен оның отбасының тiрлiктерiн тағы да әшкереледi. “К +” арнасына берген бұл жолғы сұхбатында ол Алматы мен Алматы облысының шұрайлы жерлерiн мемлекет басшысы мен оның туыстарының қалай иеленгенiн, Алматыдағы мемлекеттiк маңызы бар ғимараттар қандай жолмен жекешелендiрiлгенiн бүге-шiгесiне дейiн баяндайды. Қазақстанның қазiргi ахуалын талдай келе, Храпунов 16 желтоқсан күнi Жаңаөзендегi жаппай тәртiпсiздiк кезiнде халыққа қарсы оқ атуға бұйрық берген – президенттiң тiкелей өзi деп мәлiмдедi.     

Өткен бейсенбiде БҰҰ-ның адам құқығы жөнiндегi жоғарғы комиссары Нави Пиллэй Астанада баспасөз мәслихатын өткiзiп, Жаңаөзенде бейбiт халыққа оқ атылуына байланысты пi­кiрiн айтты. Оның сөзiнше, Жаңаөзен оқиғасы – Қазақстандағы адам құқығы мә­селесiнiң және заңнамалардың осалдығының дәлелi. – Кiммен кездессем де – премьер-министрмен, сыртқы iстер министрiмен, әдiлет министрiмен бәрi бiр ауыздан “Қазақстан халықаралық мiндеттемелердi орын­дау үшiн барын салады” деп сендiрдi. Бiздi мен қауiптенген жайттарды талқылауға шақырды, – дедi ол.
Тау-кен және балқыту iсi тарихи-өлкетану мұражайы биыл 12 маусымда Жездi марганец кенiшiнiң 70 жылдығына орай атаулы шара өткiздi. Содан берi бiр айдан астам уақыт артта қалса да мақалаға тақырып болған сауал мазалап келедi. Бозбала болып қызға қырындаған шуақты шақтың куәсiндей жайнаған Жездiнiң қазiргi жүдеген жүзiн көргенде жүрек ауырады. Ел басына қатер төнген қиын-қыстау кезеңде Отан қорғауға өлшеусiз үлес қос­қан оны “ел аман, жұрт тынышта” жау шауып кеткендей...
Кiтап оқи қоймайтын бүгiнгi ұрпақ мектеп бағдарламасындағы ақын-жазушылар болмаса, былайғысын бiле бермейдi. Басқаны айтпай-ақ, Ертiс-Баянауыл өңiрi­нiң тумалары болып есептелетiн талай қаламгерлердiң есiмдерi жыл санап ел жадынан өшiп барады. Бұған уақыт кiнәлi ме, әлде жақсылардың есiмдерiн жаңғыртуға құлқымыз бола бермейтiн бiздер (журналист қауымды айтып отырмын) кiнәлiмiз бе, тап басып айта да алмайсың. Биылғы жылы Зейiн Шашкин және Аллажар Темiржанов секiлдi қазақ әдебиетiнiң екi бiрдей қа­ламгерiнiң туғанына 100 жыл толып жатыр. Екеуi де Баянауыл-Екiбастұз өңiрiнiң тумалары.
СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ТУЫСТАРЫ БҰҒАН БЕК СЕНIМДI
Алматы облысы Панфилов ауданының тұрғындары дiни көзқарастарына байланысты қудалауға ұшырады. Ағайынды Чалимбаев Абылайхан, Чалимбаев Құрманғазы және Оспанбеков Төлеңгiт аудандық соттың үкiмiмен 4 жыл мен 5 жылдың арасындағы мерзiмге бас бостандықтарынан айырылды. Сотталған азаматтардың туыстары соттың шешiмiнiң әдiлетсiздiгiн айтып, БАҚ-тан көмек сұрап отыр. Сот шешiмiне қарағанда олар ұйым­дасқан түрде азаматтардың
“Қызметтiк өкiлетiн асыра пайдаланды және “Жанашыр” халықты әлеуметтiк қорғау қорының қаржысын жымқырды” деп айыптал­ған Жалғас Бабахановтың соты Жаңаөзен қаласында өтiп жатыр.Шiлденiң 6-сы басталған, “ашық процесс” деп аталған сотқа ақпарат құралдары өкiлдерi тек бей­сен­­бi, шiлденiң 12-сi күнi ғана кiре алды. Бiрқатар журналистер сотқа қатысқысы келгенiмен, оларды кiргiзбептi. Содан кейiн бiздiң комитетке шағым айтып, кеше Жаңаөзен қалалық сотына бардық. Бiз барғаннан кейiн, сот өкiлдерiмен сөйлескеннен соң журналистердi кiргiздi, – дедi “Жаңаөзен-2011” халықаралық комитетiнiң өкiлi Ерлан Қалиев. Оның айтуынша, қазiр сотта куәгерлер сұралып жатыр.
Халықаралық Uni жобасы аясында жүзеге асқан, Қазақстандағы тұңғыш жылжымалы кiтапхана Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында тұр. Шiлденiң 6-сынан бас­тап таңғы оннан кешкi сегiзге дейiн көпшiлiкке қызмет етiп жатқан кi­тапхана өкiлдерiнiң ай­туынша, мобильдi кiтап­ха­­на­ның кәдiмгi кiтапха­на­­дан айырмашылығы аз. Мұнда кез келген адам өзiне ұнаған кiтапты алып, тегiн оқиды. “Ал таза ауа, табиғаттың оқырманға тек пайдасы ғана болмаса, зияны жоқ” дейдi ұйымдастырушылар. Көшпелi кiтапхананың үйлестiрушiсi Зауреш Аманжолова:
Мемлекеттiк билiктiң Қазақстан бәсекеге қабiлеттi елдердiң қатарына кiредi дегенiне 10 жылдан асты. Алайда бұл уәде әзiрше iске асар емес. Тiптi әлi де бiрнеше жылға шегерiлуi мүмкiн-ау. Тәуелсiздiк алғалы берi үкiмет бiрнеше бағдарламаның басын қайырған. Әсiресе, соңғы 10 жылда мемлекеттiк бағдарламалар тiптен көбейдi. Саны – көп, сапасы жоқ жобалар шаш етектен. Дегенмен кейбiр мәлiмет­терге сенсек, осындай бағдарламалардың iшiн­дегi ең сәттi орындалғаны әрi қарқынды iске асып жатқаны – “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы екен. 2009 жылдан берi 19 мыңға жуық адам осы бағдарлама аясында ауылға аттаныпты.
ӘСЕТКЕ ТУҒАН ЕЛIНДЕ АС БЕРIЛДI
Қазақ халқының аяулы ақыны, саңлақ сазгерi әрi әншiсi Әсет Найманбай­ұлының туғанына 145 жыл толуына орай ақынның туған жерiнде ас берiлдi. Әсет Найманбайұлы 1867 жылы қазiргi Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай ауылында дүниеге келген-дi. Мiне, дәл осы жерде, Қызыларай тауының етегiнде, табиғаты аса бiр көркем, көрiктi мекенде Әсетке ұлан-асыр ас берiлдi. Аста күрес, бәйге, көкпар жә­не өзге де ұлттық спорт түрлерi­нен жарыс ұйымдастырылды. Ақындар өлең оқыды, әншiлер ән айтты, не керек, асқа келген өнерпаздар өнерлерiн ортаға салды. Үздiк шыққандардың баршасына да бәйге, сыйлық берiлдi.

Өткен аптада Қазақстан президентi Н.Назарбаевтың “Казахстанская правда” газетiнде “Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоға­мына қарай 20 қадам” атты мақаласы жарық көрдi. Онда президент Қазақстандағы және әлемдегi әлеумет­тiк мәселелердi айта келiп, үкiмет пен министрлер кабинетiнде отырғандарға бiрқатар маңызды тапсырмалар бердi. Сондай-ақ экономикалық және мәдени байлықтардың барлығы да еңбек ар­қылы қалыптасатынын айтқан ол, еңбек проблемаларын оңтайландыру керек­тiгiн жазыпты. Және ең бастысы, қазақстандық бiлiм жүйесiн бiраз сынға алып, үкiметке бiлiм берудiң сапасын арттыру мен оны оңтайландыруды тапсырды.

“Болашақ” бағдарламасы бойынша шетелдегi бакалавриат бағдарламасы жабылып, орнына Назарбаев университетi ашылғаны белгiлi. Президенттiң өзi университет студенттерi­мен кездескенде, болашақ мемлекеттi басқаратын кадрларды осы оқу орнынан таңдап алатынын айт­қан. Бiздiң ұлымыз осы университеттiң “Экономика” факультетiне тест тапсырған. Бiр айдан кейiн ғаламтордағы электронды поштамызға “Құттықтаймыз, сiз оқуға түстiңiз!” деген қуанышты хабар келдi. Қуанышты хабар алғаннан кейiн бiр-бiрiмiздi құттықтап, қуанысып қалғанбыз. Бiрер күн өткен соң оқуға түскен балалар тiзiмiн қа­ра­сақ, баламыздың аты-жөнi жоқ.

Жетiм бұрыш. Осы атауды ауылдағы ата-анам ең алғаш естiгенде таңғалғаннан жағасын ұстаған едi. Бiз де студент атанып жатақханаға қол жетпей баспанасыз қалған кезiмiзде, Алматының өмiрiне үйренiп қалған жоғары курстың студенттерi бiлгендерiн айтып: “Жетiм бұрышқа барып көрiңдер!” – деген. Мағынасы айқын, бiрақ тым қатал естiлген тiркес сөзге, үйсiз қалған күйiмдi ұмытып “неге бұлай аталған екен” деп азды-көптi ойланғаным бар-ды... Келдiк. Көрдiк. Бiлдiк. Көк базардың маңында орналасқан. Көлiк былай тұрсын адамдар кептелiсетiн, мойындарына пәтерлердiң мекен жайы мен бағасы жазыл­ған парақшаларды iлiп алған әртүрлi жастағы адамдар
Биылғы “Қазақстан Барысы” белбеуi үшiн белдесетiн балуандар Алматыдағы “Шаңырақ” спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатына қонаққа келiп, болашақ iзбасарларына шеберлiктерiн көрсеттi. Әр облыстан iрiктелген балуандар оңтүстiк астанада бас қосып, оқу-жаттығу жиындарын пысықтады. Мектеп-интернаттың оқушылары балуандармен жүздесiп, “Қазақтың балуандық өнерi” атты оқу құралын жазып, қазақ күресiнен докторлық қорғаған Елемес Әлiмхановтың естелiгiн тыңдап, кiтаптарын сыйға алды. Былтыр тұңғыш рет өткiзiлген “Қазақстан барысы” сайысының қола медалiн еншiлеген Шалқар Жоламановты жаттығудан кейiн аз-кем әңгiмеге тарттық.
АУА РАЙЫН БОЛЖАУШЫЛАРДЫ АЙЫПТАУДА
“Туризммен айналысатын Бельгияның бiрнеше кәсiпорны жергiлiктi метеорологиялық компанияны жаз жаңбырлы болады деп өтiрiк болжам айтқаны үшiн айыптағылары келедi”, – деп жазады The Daily Telegraph. Көптеген туристер жазғы демалыстарын жаңбыр көп жаумайтын жерде өткiзгендi қалайды. Курорттық мейманхана мен мейрамхананың иелерi “ауа райын болжаушылардың кесiрiнен демалушылар жаппай алдын ала тапсырыстарынан айнуда”, – дейдi. Бизнесмендер өздерiнiң “апатты жағдайда” тұрғандарын, көк тиын да кiрiс кiрмегенiн қынжыла айтуда. Сондықтан да Meteo Belgique компаниясын жалған ақпарат таратқаны үшiн айыптауда.
Өткен жексенбiде футболдан ел чемпионатының 17-тур ойындары өттi. Бұл турдағы “Шахтер” мен “Оқжетпес” арасындағы ойын кейiнге ысырылды. 17-турда “Ертiс” өз алаңында бас қаланың “Астанасын” қабылдап, 3:0 есебiмен сансырата ұтты. Иванов 33-минутта есеп ашып, алға оз­ған керекулiктер екiншi таймда да қарсыластарын тығырыққа тiредi. Бақаев 50-минутта есептi еселесе, Эссомбо үшiн­­шi голды 62-минутта тоғытты.  “Тараз” бұл турда 3 ұпайдан қағылып, қонаққа келген талдықорғандық “Жетiсудан” ұтылып қалды. Былтырғы ел чемпионатының күмiс жүл­дегерi талдықорғандықтар бiрiншi таймда 1:0 есебiмен есе жiбердi де, қателiктi дер кезiнде түзей алды.
ҮШЕУДIҢ БIРI СҮРIНДI
Еуропа Лигасының алғашқы iрiктеу кезеңiне қатысқан елмiздiң үш клубынан “Ақтөбе” мен “Ордабасы” келесi кезеңге өтсе, “Жетiсу” сайыстағы сапарын аяқтады. Талдықорғандықтар поляктың “Лех” клубынан сырт алаңда 2.0 есебiмен ұтылып, қарымта ойында (Талдықорғанда өткен) 1:1 есебiмен тең тарқасып, келесi кезең жолдамасынан қағылды. Шымкенттiк “Ордабасы” Сербияның “Ягодина” клубын сырт алаңда 1:0 есебiмен тiзерлеттi де, Алматыда өткен қарымта кездесуде тең түсiп, Еуропа Лигасының екiншi кезеңiне өттi.