1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (15723) 19 шілде, бейсенбі 2012
2012 жылдың 20-шiлдесi – қасиеттi Рамазан айының бiрiншi күнi
 
Мейiрiмдi, рахымды Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау мен мадақ әлемдердiң Раббысы Алла тағалаға, сансыз салауатымыз сүйiктi пайғамбарымыз­ға (с.ғ.с.) болсын! Жыл бойы сағына күткен қасиеттi Рамазан айына жеткенiмiз үшiн жаратқан Иемiзге сансыз шүкiрлiк етемiз.  Құрметтi мұсылман бауырлар мен қымбатты отандастар! Баршаңызды мүбарак Рамазан айының келуiмен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Жаратушының пенделерiне тартқан тең­дессiз сыйы – қасиеттi Рамазан – сансыз құлшылық пен дұға-тiлекке толы сауабы мол iзгi амалдар үздiксiз жалғасқан, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иемiздiң рахымы мен мейiрiмiне тұнған ай.

Сонымен, бiздiң боямалы бастамашылдыққа бой алдыруға бейiм билiк тағы да бiр зор жоба ұсынды. Оның негiзгi бағыттары президент Назарбаев жария еткен “Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламасында тiзiлген. Ең алдымен айтарым, президенттiң “Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру” және “әлеуметтiк жаңғыртылу” туралы тезистерiн ешбiр адам ешқашан да жоққа шығара алмайды. Қарапайым халыққа қажеттi әрi көпшiлiк қашан да қолдар қағидалар. Сыры кетсе де, сыны кетпейтiн сая­си бағыт. Еңбек жолын қарапайым темiржолшыдан бастаған мен де қолдаймын.

– Бұған дейiн халықтың атынан парламентке талай рет талап арыз жаздық, тiптi үндеу де жариялағанбыз. Өкiнiшке қарай, олардың бiрде-бiреуiне парламенттегi депутаттар жауап бермедi. Осыдан кейiн бiз билiк елеп-ескеретiн қаруларды пайдалану керек деп шештiк. Мәселен, билiк жер-жерде митингiлер өткенi­нен өлердей қорқады. Астана қаласының әкiмiн сотқа беру арқылы үш рет митинг өткiзуге рұқсат алдық. Сондай-ақ билiк бүкiлхалықтық референдум өткiзуден де қорқады. Бұған дейiн, яғни соңғы 20 жылда небәрi екi-ақ рет референдум өттi. Бiрiншi референдум прези­денттiң өкiлеттiгiн кеңейту мақсатында болса, ал екiн­шiсi Ата заңымыздың жобасын бекiту үшiн 1995 жылы өттi.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ақжар ауылында орналасқан Сирия консулының үйiн белгiсiз бiреулер өртеп кеттi. Өрт 9 шiлде күнi қойылса да, ақпарат құралдары бұл оқиға жайлы тек осы аптаның басында хабар тарата бастады. Бастапқыда бұл консулдық ғимараты деп хабарланғанымен, артынша Сыртқы iстер министрлiгi “бұл консулдың үйi” деп мәлiмдедi. Жоғарғы қабаты өртенiп кеткен үйде бұрын Сирия консулдығы орналасқан, қазiр ол дипломаттардың демалыс орнына айналған көрiнедi.

“Қызылордаға үкiметбасы Кәрiм Мәсiмов келедi” деген хабар арқа жақтан осыдан бiр ай бұрын жеткен. Жеткенi сол, әдеттегiдей қаладағы орталық көшелердiң бойына қан жүгiрдi. Ал жергiлiктi халықтың ойы сан-саққа кеттi. “Облыс әкiмiн орнынан алып кетедi” дедi әп-дегеннен. Кейбiр тiсқаққан сәуегейлер облыс әкiмi тағына үмiттiлердiң атын атап, түсiн түстедi. Әуелгiде мәжiлiсмен Мұрат Әбенов болады дестi. Одан кейiн сенатор Қожахмет Баймахановты “отырғызды”. Айтқыштар бiр-жар күн Ақылбек Күрiшбаевты да “әкiм” еттi. Күрiшбаевтың былтырғы жылы Қызылорда облысына әкiм боп кете жаздағаны бар.

 “Бiр жылдан берi сандалып, әдiлдiкке қол жеткiзе алмай келемiн. Ендiгi бар үмiтiм, бiлiм саласына жетекшiлiк етiп отырған азаматтардан көмек сұрау. Басқа амалым қалған жоқ. Сiздерден өтiнерiм, мұң-мұқтажымды газет арқылы басшыларға жеткiзсеңiздер”. Сарыағаш ауданының тұрғыны, “Күмiс алқа” иегерi Шарипа Әшiрбаева “Жас Алаш” газетiнiң облыстағы тiлшiлер қосынына осындай өтiнiшпен хат жолдапты. Хат иесiнiң жазуынша, жолдасы жұмыс iстемейдi. Екi баласы студент. Отбасының нәпақасын азын-аулық жалақысымен асырап келе жатқан ол ойда-жоқта заңсыз қыс­қартуға ұшырап, жұмыссыз қалған.

Бұл күндерi Өзбекстанда адам құқықтары тапталып жатқаны жайлы айтылмайды, жаңалықтар берiлмейдi. Негiзiнен Ауғанстанмен шекарадағы аймақтарға қатысты ғана ақпараттар жарияланады. Даниялық журналист Майкл Андерсон Өзбекстанда қалыптасқан осындай жағдайды өзгертудi мақсат тұтып, деректi фильм түсiрген. Фильм “Өзбекстандағы қантөгiс: болжанған, кешiрiлген, ұмытылған” деп аталады. 2005 жылы мамырдың 13-iнде Өзбекстанның шығысындағы Әндiжан қаласында шеруге шыққан халыққа полиция оқ жаудырды. Майкл Андерсон осы қайғылы оқиғаның басқа қырларын көрсетуге тырыс­қан. 

“Бiрiншi Парсы шығанағы соғысы” аталған, 1980-88 жылғы Иран мен Ирак соғысына қазақтар да қатысқан. Олардың кейбiрi соғыста әскери қызметiн өтедi, кейбiрi запастағы құрам сапында майданға шақыртылды. Соғысқа қатысқан қазақтар ашылып сөйлескендi аса ұната бермейдi. Олардың кейбiрi Ираннан Қазақстанға көшiп келген. Иран түрiкмендерi тұратын Күмбед (Гомбед-э-Кабус – ред.) қаласында туып-өскен Абдолла Қаржау – бүгiнде Ақтау тұрғыны. Ол Ирандағы шах билiгi кезiнде әскери борышын өтеп, майданға соғыстың бiрiншi жылы – шах режимiн құлатқан ислам республикасы орнағанда кiрiптi. 

Әңгiме
Немересiнiң сүйегi салынған табытты құшақтай құлаған Қараман шалдың зарлы үнi онсыз да қайғыдан бүгiлiп тұрған жұртты сiлтiдей тындырды: – О-о, қу құдай! Саңырау құдай! Соқыр құдай! Осы сен барсың ба, әлде бiреулер айтып жүргендей, жоқсың ба? Бар болсаң, кәне айтшы: өнебойы қыр соңыма түсiп, жылататындай не жаздым саған? Үлкен ұлым Қайролла алты аласы, бес бересiм жоқ Ауған соғысына кетiп, сол жақта оққа ұшты. Содан кейiнгi екiншi ұл Қайыртай – абақтыда. Немеренiң үлкенi Жасұлан әскерге кетiп едi, оның, мiне, табытқа салған сүйегiн әкелiп отыр... О, құдай, бәрi сенiң қолыңда болса, “дүние-кезек” деген қайда?

Жақында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов алдағы жылдың қыркүйек айынан бас­тап Қазақстанда бiрiншi сынып бағдарламасына ағылшын  тiлi енгiзiлетiнiн айтты. “Ендi 4-5 жылдан кейiн бiз кейбiр пәндердi, мәселен,  биология, химия, физиканы мектептерде ағылшын тiлiнде оқытатын боламыз. Оған қазiрден бастап дайындық жасамасақ, уақыт сыр­ғып өте шығады. Жалпы, 2020 жыл­ға қарай кейбiр пәндердi ағылшын тiлiне ауыстырамыз деген ойымыз бар”, – дедi министр. Ендi бiрiншi сыныптан бастап балаларымыз үш тiлде сабақ оқиды. “Ал 2020 жылы әрбiр мектеп бiтiрген бала қазақ тiлiнде сайрап шығады” дедi тағы да министр.

Мен 1990 жылдан берi даңқты жерлесiмiз, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке байланысты шаралармен қоса Желтоқсан көтерiлiсiн зерттеп келемiн. Көзiмнiң жеткенi: Кеңес­тер одағы көлемiнде ең алғашқы болып көтерiлген қазақ жастарының 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiне осы уақытқа дейiн мемлекет тарапынан ресми баға берiлген жоқ. Әлi есiмнен кетпейдi, 2000 жылдың 13 наурызында туған күнiне орай Қайрат оқыған Сәулет-құрылыс академиясындағы жатақханаға тақта-тас орнатылған едi.

Бiздiң бүкiл аудан көлемiнде 17 280 адам бар. Экономикасы да, шаруашылығы да, мәдениетi де дамымай, артта қалған “әйгiлi” 31 ауданның бiреуi осы аудан едi. Аудан көлемi кiшкентай болса да, әкiмшiлiктiң 3 қабатты ғимаратының барлық кабинеттерi аузы-мұрнынан шығып, жас шенеу­нiктерге толып отыр. Бiзге өз отбасын асырағаны үшiн ғана айлық алып, “текке отырған” шенеу­нiктер керек емес. Ел экономикасы мен шаруашылығын алға жүргiзiп, ел тұрмысын түзейтiн мамандар керек. Ол үшiн елге түсiндiру, үгiт насихат, идеология жұмысы бiрiншi кезекке қойылуы қажет.

85 жыл тарихы бар Мақта­арал ауданы 1997 жылға дейiн “Мақтаарал” деп аталып та, жазылып та келдi. Сол 1997 жылы үш аудан бiрiгiп, iрiлендiргенде бiр пысықай бiлгiш бүйректен сирақ шығарып, беломыртқада қатар тұрған екi “а” әрпiнiң бiрiнiң көзiн құртқан соң, белi шойырылып “Мақтарал” болды да қалды. Осы күнi барлық құжаттар, мекеме атаулары “Мақтарал” болып жазылып келедi. Тек, аудандық, қоғамдық-саяси газет “Мақтаарал” ғана өз атын өзгертпедi. Мұнда тiл жанашырлары-журналистер бiр әрiптiң түсiп қалуына табанды түрде қарсылық танытқан ғой.

Оқырман шығармашылығынан
Көкейiмде қаралы ойлар қоздады,
Қаранары қам көңiлдiң боздады.
“Жалған-ай” деп кете барды қан кешiп,
Ойда жоқта “Арқанкерген” боздағы.
Оңды-солды шекарада оқ ұшты,
Кiм бастады қанды қырғын соғысты?!
Жақында “Жас Алаш” газетiнде (28 маусым, №51, 2012 жылы) Н.Жүсiптiң “Аралдағы бiр жұтым судың зары” атты мақаласы жарық көрдi. Осыған орай, бiз, яғни ҚР АШС Су ресурстары комитетi “Қазсушар” РМК-на қарасты “Арал” салынып жатқан кәсiпорындардың бiрлескен дирекциясы филиалы (әрi қарай “Арал” СЖКБД филиалы) мынаны хабарлайды: Арал, Қазалы аудандарын ауызсумен қамтамасыз етiп отырған Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырларының қазiргi жағдайы сын көтермейдi. Қосаман елдiмекенiндегi су өндiру құрылымынан
ХХХ жазғы олимпиада ойындарына балуандардың iшiн­де Саржан Жақсыбеков баптайтын еркiн күрес құрамасы толық қатысады: 55 келiде Дәулет Ниязбеков, 60-та Дәурен Жұмағазиев, 66 келiде Ақжүрек Таңатаров, 74-те Абдулхаким Шәпиев, 84-те Ермек Байдуа­шев, 96 келiде Таймураз Тигиев, 120 келiде Дәулет Шабанбай. 1996 жылы Атланта олимпиадасында еркiн күрес балуандарын Аманжол Бұғыбаев бастап барып, Мәулен Мамыров 52 келiде қола жүлдегер атанған-ды.
ӘЙГЕРIМНIҢ ТҰҢҒЫШ ОЛИМПИАДАСЫ
Лондон олимпиадасында синхронды суға жүзуден Әйгерiм Жексембинова Анна Кулькинамен жұптасып, елiмiздiң намысын қорғайды. 18-дегi Әйгерiмнiң бұл тұңғыш олимпиадасы. Олар төрт жылда айналып соғатын спорт додасының жолдамасын биылғы жылдың сәуiр айында өткен бiлiктiлiк турнирiнде иеленген болатын. Синхронды жүзудiң техникалық және ерiктi әдiсi бо­йынша өткен сайыста 14-орынға тұрақтап, Лондон олимпиадасында әлемнiң үздiк 24 жүзушi жұбымен жарысуға мүмкiндiк туды.Бала күнiнен Олимпиада ойындарына қатысып, чемпион атануды арман еткен Әйгерiм 2006 жылы Катардың Доха қаласында өткен Азия ойындарында 4-орын алды,