1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (15724) 24 шілде, сейсенбі 2012
ТӘУЕЛСIЗДIКТI ОЙЛАСАҢ, ӨЗ ЖОЛЫҢДЫ ТАП
Қазақстан парламентi тотықұсқа айналып барады. Ресей парламентi не iстесе, бiздiң “қалаулылар” да жапатармағай соны қайталауға кiрiседi. Бұған кейiнгi кездерi көзiмiз анық жетiп жүр. Соңғы екi аптада Ресейде үкiметтiк емес ұйымдар туралы заң қызу талқыға түсiп, мемлекеттiк думаның 99 пайызы қолдап, сырттан қаржыландырылатын ұйымдарға “шетелдiк агент” мәртебесiн беру жөнiнде заң қабылдаған. Ендi осындай заңды тiптi демалыста жүрсе де, Қазақстан мәжi­лiсшiлерi де қабылдауға құлшына қалды. Бiрақ оларға тек “агент” мәртебесiн берiп қана қоймай, қоғамнан мүлдем аластату керектiгiн көтеруде. Бұл туралы басқа емес, қып-қызыл коммунист Владислав Косарев айтты.

Шiлде айының 19-ы күнi таңғы сағат 10-да облыстық сот ғимаратында қазiрге дейiн абақтыда жатқан 4 шетпелiк жiгiттiң облыстық апелляциялық соты басталды. Бұлар – өткен жылғы желтоқсанның 16-сындағы “Жаңаөзендегi қанды қырғынды тоқтатыңдар. Халыққа қырғын салып жатқан жендеттер Жаңаөзеннен шығарылсын. Жол ашылсын. Қалаға байланыс қайта орнатылсын” деген талап қойып, бейбiт халықты қыруға жол бермеймiз деп, қарсылық акциясына шыққан шетпелiк жастар болатын.

Өткен аптада Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық алқасы Жаңаөзен оқиғасы бо­йынша әртүр­лi мерзiмге сотталған бес по­ли­цейдiң апелляциялық шағымын қарады. Судья Ғ.Шаров поли­цей­­лердiң жазасын жеңiл­детiп, дүние-мүлкiн тәркi­леу жөнiндегi тармақты алып тастады. Сонымен, бұл жолғы сот та Жаңаөзен уақытша қамау абақтысының басшысы Жеңiс­бек Темiровтiң апелляциялық шағымын қараған соттың салған соқ­пағын айна-қатесiз қайталады.

Газетiмiздiң 10 шiлде күнгi 54 нөмiрiнде “Желтоқсан ақиқаты” ұйымына қатысты “Жер астынан жiк шықты” атты мақала жарық көрген болатын. Онда ұйым басшысы мен құрылтайшылар арасындағы туған дау-дамай туралы ақпарат берiлген. Яғни, ұйым құрылтайшылары төраға Бейсенғазы Сәдуұлы ойына келгенiн iстеп, ұйымға бөлiнген қаржыны талан-таражға салды, сондай-ақ, ұйым мүшелерiне қол жұмсады деп айыптаған.

Осыдан 10 жыл бұрын әлемдiк ақпарат көздерi бұрын-соңды болмаған сенсацияны: 1927 жылы өмiрден озған Бурятия буддисте­рiнiң басшысы Пандито Хамбо-лама – Да­ши-Доржи ИТИГЭЛОВТIҢ бұзылмаған қалпы сақталған денесiнiң 75 жылдан соң қазылып алынғанын жария еткен едi. Оның себебiн жабыла зерт­тегенмен, анықтай алмаған ғалымдар бұл адамзат тарихындағы феномен деп таңдай қаққан болатын.

Ерлан Арын Павлодар облысының басшылығына келгенде есiмiз кете қуанғанның бiрi бiз едiк. “Жас Алаштың” бiрiншi бетiне “Өңiр басшылығына өрелi азамат келдi!” деп бүкiл Қазақстанға жар салдық. Ерекең келгесiн бұл жақта тұралап қалған тiлiмiз аз да болса тiзесiн жазар, рухымыз райланар деп қуандық. Жұмыс таба алмай сенделiп жүрген ауыл жастарының жағдайы назарға алынар деп ойладық.  Ерлан Мұхтарұлы ана бiр кезде А.Чехов атындағы облыстық драма театрында мәдениет өкiлдерiмен кездесу өткiздi.

Жерi кең, даласы байтақ болса да Қазақстанда жер мәселесi әлi күнге шешiлмеген. Әрбiр азаматын жермен, баспанамен қамтамасыз етуге толық жағдайы жететiн елмiз. Әйтсе де, қазақстандықтардың тұрғын үй мә­селесi әлi күнге басты проблема күйiнде қалды. 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасы да осы жер мәселесiне қатысты болды. Ауылдан қалаға күнкөрiс қамымен ағылған қазақтың маңдайынан әкiмқаралар сипай қоймады.

АЛ ОНЫ ҚАЗА ТАПҚАН ШЕКАРАШЫЛАРДЫҢ ТУЫСТАРЫМЕН ЖОЛЫҚТЫРУДЫҢ ҚАНДАЙ МӘНI БАР?
Бұған дейiн Арқанкергенде қаза тапты делiнген шекарашы Рүстем Ақылбаев үйiне оралды деген расталмаған ақпараттың басы қылтиған. “К плюс арнасының” тiлшiлерi бұл мәлiметтiң рас-өтiрiгiн тексеру үшiн Р.Ақылбаевтың Үшаралдағы үйiне барып қайт­ты. Рүстемдi тәрбиелеген әжесi Бияш Әбдiкәрiмова “немересi тiрi екен” деген ақпараты журналис­терден ғана естiген болып шықты.
Астанадағы “Әзiрет Сұлтан” мешiтiнде оқылған алғашқы тарауық намазына мыңға жуық адам жиналды. Ал Алматының орталық мешiтi алғаш рет ауыз бекiткендерге Құран сыйламақ.  2012 жылы шiлденiң 6-сы күнi ашылған Астанадағы “Әзiрет Сұлтан” мешi­тiнде шiлденiң 19-ында түнде ең алғаш рет тарауық намазы оқылды. Мешiтке мыңдаған жамағат жиналды. Етегi қысқа немесе орамалсыз келген қыз-келiншектерге арнайы тiгiлген халаттар берiлдi. Мешiтке келгендердiң басым бөлiгi жастар болды.
Алакөлде суға шомылу маусымы қызып тұр. Бiрақ демалуға келген турис­тер лас жағажайда киiм ауыстыратын кабина мен қоқыс жәшiгi, тiптi, дәретхана жоқ екенiн айтады. Суының құрамы теңiз суына ұқсас ерекше көл – Алакөл Кеңес одағы кезiнде бүкiл КСРО бойынша сауықтыру орталығы саналған.  Алакөл орналасқан Алматы облысы аумағындағы инфрақұрылым соңғы жылдары жақсарып келедi, бiрақ демалыс құны да Түркия курорттарымен бiрдей.
Жақында елiмiзде тағы бiр алқалы жиын өттi. Шенеунiктер «Бұл жиынға күллi адам атаулыны, яки “...адам” деп аталатынның бәрiн жидық. Мұндай жиналыс бұрын-соңды еш жерде, ешбiр елде өткен емес” деп күпiнiп-ақ жүр. Сонымен... Әуелгi сөз “арамыздағы ақсақалымыз” ғой деп, үңгiр адамына (“пещерный человек”) берiлдi:  – Қарақтарым, құрметтерiңе рақмет! Менiң үңгiрде тұрғаныма жүз мыңдаған жыл болып қалды. Сiздерде әр адам 10 сотық жер алуға құқылы дейдi. Елге келсем, мысалы Алматыдан 10 сотық жер ала аламын ба? Модератор күмiлжiп:
Әйелiммен ақылдаса келе, Көкшетауға емес, Сарыағашқа емес, Қапшағайға емес, Жаңаөзенге барып демалатын болдық. Жаңаөзенге де келiп жеттiк. Қаланың iшi тым-тырыс. Бiртүрлi қорқынышты екен. Әйелiмнiң қорыққанынан желкесi дiрiлдеп кеттi... Әйелiм екеумiз демалуға лайық жер iздеп, бармаған жерiмiз, кешпеген көлiмiз қалмады. Сөйтiп жүргенде пакетке салынған, ұзындығы ОМОН-ның сойылындай ке­летiн, жып-жылтыр труба тауып алдым.
Сiздердi қайдам, өз басым қатынымды “қатын” деп атаймын. Еркелеткенде “Қатынушка”, “Қатынжан...”, “Сүйiктi қатыным менiң!” деп кете беремiн. Мейлi, сiз менi дөрекi, анайы, жабайы дегендей, жерден алып жерге салып, үстiмнен бүлдiзермен тегiстеп өтсеңiз де, жалпиған күйi орнымнан тұрып айтатыным: «Қа-а-ты-ы-ын...» Бiр күнi ерте тұрсам, көшеде кетiп бара жатқан орыстың бiр кеңкелес жiгiтi көзiн қысып: “Как дела?” деп қояды. Көзiмдi жұмып, қайта қарадым.
– Мәскеудiң №17 балалар бақшасында кастинг өтiптi.
– Жап-жас балаларды ерте бастан не үшiн, кiм үшiн iрiктеп жатыр?
– Бұл балаларды осы бастан Алла Пугачеваға күйеу болуға дайындап жатыр.
***
Хабарландыру: “№44 дүкеннiң алдынан велосипед ұрлап кеткен адам­ға айтарым, Лесная көшесiндегi №5 үй, 16 пәтерге кiрiп, велосипедтiң насосын да ала кет. Құр насостың маған ендi не керегi бар?!”.
ТҰЛҒА
“Фантомас” фильмiндегi қысқа бойлы, қимылы шапшаң, үнемi күйгелектенiп жүретiн күлкiлi комиссарды бiлмейтiн адам кемде-кем шығар. Өз кейiпкерiнiң кiсi күлерлiк сипатын керемет ашып, рөлiн ғажап сомдайтын бұл өнерпаз – француздың актерi Луи де Фюнес. Оның аты кино әлемiнде комедиялық жанр кейiпкерлерiн сомдаумен танымал. Актердiң толық аты-жөнi — Луи Жермен Дэвид де Фюнес де Галарза. Луи 1914 жылы Францияның Курбевуайе қаласында дүниеге келген. Кiшкентай күнiнде достары оны “Фюфю” деп атапты. Ел де кейiнiрек оны еркелетiп “Фюфю” деп атап кеттi.
ҰЛЫТАУ
Көнеден қозғалғанда мың керуен,
Қалың көш жолға түскен Түркi елiнен.
Тұранды көктей өткен көш дүбiрi,
Кеудеме қобыз үндi күй телiген.
Сол күйден төгiлгенде қайырма көп,
Байрақтан бөрi ұлуы байырғы әдет.
ҚР Спорт және денешынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Талғат Ермегияев бiр сөзiнде Лондон олимпиадасына аттанған сегiз ауыр атлеттiң бесеуi медаль алуы мүмкiн екенiн айтып едi. “Жақсы сөз жарым ырыс” қой, десек те жаман айтпай жақсы жоқ. Күнi кеше темiр көтерудi үйренген көршiмiз Қытай ауыр атлеттерi соңғы бес жылда алдына ел түсiрген емес. Олар 2008 жылы Бейжiң олимпиадасында командалық есепте топ жарды, одан кейiн 2009 жылы Кореяның Гоянг қаласында, 2010 жылы Түркияның Анталия қаласында, былтыр Парижде өткен әлем чемпионаттарында ханзулар жалпыкомандалық есепте есесiн еш­кiмге жiберген жоқ.
ОЛЬГА – ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР
Францияның Монако қаласында өткен жеңiл атлетикадан “Гаухар лига” турнирiнде жерлесiмiз Ольга Рыпакова үш аттап секiруден қола жүлдеге ие болды. Лондон олимпиадасы алдындағы өзiнiң қарым-қабiлетiн байқаған Ольга бiрiншi мүмкiндiгiнде 14 метр 17 сантиметр қашықтықты бағындырды. Екiншiсiнде одан екi сантиметр­ге ары секiрдi. Қола жүлденi бесiншi рет секiргенде иелендi. Көрсеткiш – 14,46. 14,85 метрге секiрген колумбиялық Катрин Ибаргуен “Гаухар лига” жеңiмпазы атанса, ямайкалық Кимберли Уильямс 14,50 метр қашықтыққа ырғып, күмiс жүлде иелендi.