1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (15725) 31 шілде, сейсенбі 2012
АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВ ПЕН ЗУЛЬФИЯ ЧИНШАНЛО – ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ!
Қуан қазақ! ХХХ жазғы олимпиада ойындарының екiншi алтын медалi сенiң омырауыңда жарқырады! 1973 жылдың 16 қыркүйегiнде Солтүстiк Қазақстан облысына қарайтын Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында жарық дүние есiгiн ашқан шақалақ араға 38 жыл салып, велоспорттан олимпиада алтынын қазақ халқына тарту еттi. Виноның олимпиада ойындарындағы екiншi медалi бұл. 2000 жылдың сарғайған парақ­тарын тағы бiр ақтарып көрейiк­шi. 
ВЛАДИСЛАВ ЧЕЛАХ БҰҒАН ДЕЙIН АЙТҚАНДАРЫНАН БАС ТАРТТЫ. ОЛ ӨЗIНЕ “ҮКIМ ШЫҒАРЫП” ҚОЙҒАН ЖОҚ ПА?
Өткен аптаның соңында құқық қорғаушы Василий Резван Челахтың iсiне қатысты Алматыда баспасөз мәслихатын өткiзiп, көңiлдi күптi етiп жүрген бiрқатар мәселенiң басын ашқандай болды. В. Челахтың адвокаттарына айтқан сөзiне сiлтеме жасаған Резван: “Арқанкерген шекара бекетiне диверсиямен айналысатын бандиттердiң тобы шабуыл жасаған”,
ӘУЛИЕАТА ӘКIМДЕРIНЕН КIМДЕР АУЫЗ БЕКIТТI?
Биылғы жылғы ораза жаздың ең бiр аптап ыстық мезгiлiне тура келдi. Жаз мезгiлi күн ұзақ, түн қысқа болатындықтан ауыз бекiт­кендер тәулiктiң 16-17 сағатын нәр тартпай өткiзуге мәжбүр. Дей тұрғанмен, сауабы мың айдан артық саналатын қасиеттi Рамазан айында күйбең тiршiлiк қамымен жүрсе де ораза ұстаған қарапайым халықтың қатары жылдағыдан артпаса, азаймағанын аңғару қиын емес. Ал бұқара көпшiлiкке қарағанда жайлы кабинетте бар жағдайы жасалған әкiмқара­ларға ауыз бекiту аса қиындық тудырмайтыны анық.
Он жылдан берi созылып келе жатқан осы бiр даулы мәселе жөнiнде бiзбен Павлодар облысы Железинка ауданының Ақтау ауылында тұратын Назиза Алинова атты кейуана хабарласқасын, болған жайды оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдiк. Бiр атап айтарлығы, осы өңiрде қай жерге барып, кiмнiң мұңын тыңдасаңыз да, шешуi қиын мәселе көбiнесе жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң басында ғана ма дейсiз. Тiптi кейде өз елдерiнде емес, дәл бiр басқа мемлекетте тұрып жатқан диаспора секiлдi әсер бередi.
ОНЫ ХАЛЫҚ СЕЗIНIП, ТҮСIНIП ӘРI АҢСАП ЖҮР
Тарбағатай өңiрiндегi газетiмiздiң тұрақты оқырманы, бiлiм саласының маманы Төлеген Қалимажанов Алматыға келгенiнде “Жас Алаш” газетiнiң редакциясына арнайы ат басын тiредi. Қызмет жолында 20 жылға жуық мектеп директоры, аудандық, облыстық мәслихаттың депутаты болған жанашыр азаматты халықтың көңiл-күйi, Тарбағатай ауданындағы әлеуметтiк, саяси, рухани жағдай туралы ашық әңгiмеге тарттық.
Шiлденiң 25-i күнi президенттiң ресми www.akorda.kz сайты дизайны жағынан жаңарып, онда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке парақшасы ашылды. “Жаңарған порталдың қарапа­йым және ыңғайлы интерфейсi бар. Сайтта қазiргi заманғы мультимедиялық технологиялар қолданылған” деп хабарлайды прези­денттiң баспасөз қызметi. Дәл осы күнi президенттiң баспасөз қыз­метiнiң Twitter аккаунты да пайда болды.
Мәдениет министрлiгiнде құрылған айтыс бөлiмiнiң жобаларына қатысушы айтыскерлерге Азаттық сайтында жоспарланған Чат-Айтысқа қатысуға рұқсат берiлмедi. Онлайн сөз сайысы бүгiн басталмақ едi. Шiлденiң 23-i күнi Азаттық қызметiнiң вебсайтында басталуы тиiс болған Чат-Айтыс жобасына қатысуға тiлек бiлдiрген 16 ай­тыскердiң басым көпшiлiгiне сөз сайысына түсуге тыйым салынды.
Ұлтты арандату әрекетi қайтадан бас көтердi. Бұл жолы Ресейден де, билiк мiнберiнен де емес, қазақты қорлайтын, ұлттық идеяға қарсы келетiн сөздер демократиялық күштердiң аузымен айтылды. “Азат” ЖСДП төралқа мүшесi Петр Своик “Фейсбук” әлеуметтiк желiсiнде қазақтың шамына тиетiн, қазақ тiлiн кемсiтетiн мәлiмдемесiн жариялап, тек өзiнiң ғана емес, тұтас партияның беделiн аяқасты еттi. Сонда не дейдi Своик? Петр Своик бүй дейдi:  “Егер артта қалған феодалдық тiл саясатына қазiргi заман тұрғысынан қарайтын болсақ, онда өмiрдiң шындығына сәйкес нағыз мемлекеттiк тiл орыс тiлi болып отыр.
ТӨРТ ТҮЛIК МАЛҒА БЕРIЛЕТIН ЖЕМ-ШӨПТIҢ БАҒАСЫ ӨЗЕНДЕ УДАЙ...
Бұған дейiн Қазақстан ұлттық арнасы картон қағаздарымен қоректенетiн Жа­ңа­өзендiк бес түлiк мал жайында сюжет ұсынған болатын. Күнi кеше “Апта.kz” бағдарламасы “картон жей­тiн малдың етi – семiз, сүтi – тәттi болады” деп кезектi рет айды аспанға шығарды. Журналист Думан Мұха­меткәрiмнiң айтуынша қағаз картонды “сиыр мен түйе таласып-тармасып жеп қоятын” көрiнедi. Әйтсе де ол өзге өңiрден келген малдың “жергiлiктi азыққа бас салмайтынын” жасырмайды.
“СЕГIЗ АЯҚ” ӘНIНЕ ҚАТЫСТЫ СОҢҒЫ КЕЗДЕ ШЫҚҚАН ПIКIРТАЛАСҚА АБАЙ МҰРАЖАЙЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ
“Сегiз аяқ” – Абайдың шығармашылық ғұмырының нағыз кемел шағында (1889 жыл) жазылған аса көркем шығармасы. Өлеңнiң әр шумағы сегiз жолдан қайырылып келгендiктен “Сегiз аяқ” деп аталады. Көлемi жағынан да аса ауқымды, жиырма бес шумақтан тұрады. Мұхтар Әуезов ақынның қоғам шындығы, заман сипаты мен өз жеке басының мұңын жиған кесек туындысы “Сегiз аяқ” жайында былай дейдi: “Өзiнен бұрын ешкiм таппаған қиын ұйқасты шебер түрге Абай әдейi ән шығарады. Бұл да өлеңнiң мазмұны мен мақсатына ақынның ерекше зер салғанын көрсетедi”.

Қазақтың классикалық биiнiң негiзiн қалаған би падишасы Шара Жиенқұлова “Өмiрiм менiң – өнерiм” атты кiтабында қазақ биi туралы былай дейдi: “Қазақ биiнiң де өзiндiк ерекшелiгi болуға тиiс. Ол негiзiнде шалт қи­мыл­мен қоса бiлек, саусақтар, мойын, т.б. дене қимыл-қозғалысы арқылы табиғаттың, тұрмыс-әдет, тiрлiктiң көрiнiсiн бейнелеу. Мысалы, қос бiлектi екi жақ­қа жайып жiберiп бұралта, бұл­ғақ­тата толқыту – өзен-көлдiң толқуы немесе тымық су бетiн­дегi иiрiм толқындар. Екi қолды дөңгелетiп әкеп басыңнан жоғары көтеру – қазақ үйдiң шаңырағы.

Келесi жылы Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлының туғанына 155 жыл толмақ. Тiрiсiнде “әулие”, “абыз” атанған ғұлама, ақын, фольклоршы, тарихшы, дiн қайраткерi және ерекше қа­сиет иесi болған бұл адам жайлы кейiнгi он шақты жылдың жүзiнде ғана жазылып жатыр. Кеңес уағында “молла болған” деген желеумен Мәшһүр шығармашылығы көзден таса болып, қолжазбалары мұрағаттық қорлар мен қайсыбiр адамдардың қолдарында ғана сақталып келген. Қазiр Мәшкеңнiң осы қазынасы қазақша қарiпке көшiрiлiп, том-том кiтап болып шығып, ел игiлiгiне айналуда.

Қазақтың ұлы композиторларының бiрi, тарлан ақын, дауылпаз әншi Үкiлi Ыбырай Сандыбайұлының шығармашылығы жiтi зерттеудi қажет етедi. Сахнаны жалған әншiлер жаулаған заманда төл мәдениетiмiздiң жауһарлары тасада елеусiз қалып жатқаны жасырын емес. Содан ба, Бiржан сал, Ақан серi, Балуан Шолақтармен қатар айтылатын Үкiлi Ыбырайдың бiзге елуге жуық әндерi жетiптi. Өзi “халық жауы” ретiнде атылған оның ән мұрасы талан-таражға түсiп, әртүрлi авторларға телiнiп, тiптi халық әнi аталып кеткен.

Бүгiндерi не көп, бiр-бiрiне ұқсаған концерт көп. Басым бөлiгi тек эстрадалық әндерден тұратын мұндай қойылымдардан қазiр жұрт та жери бастаған.  Бұл үрдiс осылай жалғаса берсе, жақсы мен жаманның, асыл мен жасықтың ара-жiгiн ажырата алмайтын, көркемдiк дүниетанымы дүбәра ұлтқа айналмасымызға кiм кепiл? Өзi ақын, әрi әншi, композитор, тележүргiзушi... олар өздерiн баяғының сал-серiлерi секiлдi сезiнедi.
ТҰҒЫРДА – “ТҰМАР”
Италияның Римини қаласында 8-22 шiлде аралығында халықаралық байқау өттi. “Тол­қынмен жарысқан” деп аталатын конкурста елiмiздiң намысын астаналық “Тұмар” би ансамблi қорғап, 1-орын ие­лендi. 9-12 жас аралығындағы балалар байқауында “Тұмар” ансамблi “Халық биi” номинациясында жоғары ұпай жинап, жеңiмпаз атанды.
Мен көп жылдан берi, ара-тұра болса да, өзiм аса қадiр тұтатын замандастарымның рухани кескiн-келбетiн өлеңге түсiрiп келем. Оның да өзiндiк қыры мен сыры бар. Әрине кiм-кiмнiң де рухани ажары мен болмыс-бiтiмiн толығымен айқара ашып көрсету мүмкiн емес. Солай бола тұра мен, негiзiнен, кейiпкерлерiмнiң көзге ерек көрiнiп тұратын бiтiмiн “ұстап” алуға тырысам. Ол өлең-портреттерiм қалай шығуда, әлбетте, оған төрешi — оқырман қауым.
Астана күнiне арналған мерекелiк концерттерден 20 миллион теңгеден астам қаржы түстi. Мiне, осы қомақты қаржы мүмкiндiгi шектеулi 25 науқас баланың ем-домына жұмсалмақшы. Бұл ақпаратты Астана қаласы әкiмдiгi жарияға жар сала хабарлады. Жөн екен. Әйтсе де қалалық әкiмдiк отандық және шет­елдiк әртiстерге қанша қаржы төлегенi туралы тiс жармады. Астана әкiмдiгi қала күнi құрметiне Елорданың “отыз күн ойын, қырық күн тойын” жасап, айды аспанға шығар­ғанын бұған дейiн жазған едiк. Қарапайым
Мырзағали Айтжанов бастап барған боксшыларымыздың бет­ашар кездесуiн 56 келi салмақта Қанат Әбутәлiпов ашып бердi. Сирия боксшысы Вессам Сламананы 15:7 есебiмен тiзерлетiп келесi айналымға шықты. Әбутә­лiповтiң әлi жетiп, ирландиялық Джон Невиндi жеңсе, ширек финалға шығады.
ХХХ жазғы олимпиада ойындарына аттанған 116 атлеттiң бiрнешеуi жарысты ерте аяқтады. Мерген Ольга Довгун 10 метр қашықтықтан нысана көздеуде 22-сатыға тұрақтап, жарыстан шығып қалды. Дзюдодан 48 келiде Александр Подрядова моңғол қызы Уранцецег Мунхбаттан ұтылды. 60 келi салмақта Еркебұлан Қосаев канадалық Серхио Пессоаны жеңiп, екiншi кезеңде армян Оганес Давтяннан ұтылды. 66 келiде Сергей Лим болгар Мартин Ивановты жығып, екiншi кезеңде жапон Масаши Эбинумаға жол бердi.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ – АШУ-ЫЗАНЫ ТАРҚАТУ
Германияда бiрiншi рет арнайы “Ашу-ызаны басатын шұғыл байланыс” ашылды. Бұл бағдарламаның мақсаты – ашу-ызаға булыққан адамдар телефон арқылы айқайлап, ұрсып, тiптi боқтап та ашу­ын тарқата алады. Тек iште ештеңе сақтамау керек. Ашуды, ренiштi iште сақтау – ауруға апаратын ең алғашқы баспалдақ. Сондықтан телефон арқылы айқайлап, боқтап ашу-ызаңызды сыртқа шығарасыз.