1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №60 (15726) 2 тамыз, бейсенбі 2012
МАНЕЗА – ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ
Қазақ елiнiң атлетi ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының төртiншi күнi құрама қоржынына үшiншi алтын медальдi салды. Мая Манеза 63 келiге дейiнгi салмақтағы ауыр атлеттер арасында Олимпиада чемпионы атанды. Мың түмен орыс үмiт артқан әлем чемпионы Светлана Царукаева қазақ атлетiнiң қайратына бас идi. Мейлi, ол жетi мәрте әлем чемпионатына қатысып, жүлдемен оралса да, Манезаның биiгiн бағындыра алған жоқ. Царукаева жақында өткен Ресей iшкi бiрiншiлiгiнде жұлқа көтеруден 118 келiнi, былтыр Парижде әлем чемпионы деген мәртебелi атағына қол жеткiзер шақта жұлқа көтеру сайысында шырқ иiрген 117 келiлiк зiлтемiрдi тақымдай алмай қалыпты.
Бiлiм және ғылым ми­нистрi Бақытжан Жұмағұлов биылғы қыркүйек айы­нан бастап Қазақстанда 33 мектептiң бiрiншi сынып бағдарламасына үш тiлде оқыту жүйесi енгiзi­летiнiн мәлiмдедi. Яғни, оқушылар ендi қазақ, орыс және ағылшын тiлiн жетi жастан бастап оқиды. Сондай-ақ ол 2020 жылға қарай биология, химия сияқ­ты пәндер ағылшын тiлiнде оқытыла бастайтынын шегелеп айтты. Ал биыл 20 жоғары оқу орындарында ағылшын тiлiн тереңдетiп оқытатын факультеттер ашылмақ. Елiмiздегi қалған мектептер келесi жылы түгелдей үш тiлде оқыту жүйесiне көшедi.
Биылғы Астана жазы Елорда тұрғындары үшiн аса жайлы емес. Мәселен, бас қалада қатарынан бiрнеше күн аптап ыстық болса, ендi бiрде нөсер жауын төпеп бередi. Тiптi табиғаттың осы бiр тосын мiнезi­не астаналықтар да үйренiп қалғандай едi. Ендi мiне, оған дүлей да­уыл келiп қосылды. Өкiнiшке қарай, бұл боранның арты қайғылы оқиғамен аяқ­тал­ды. Сейсенбi күнгi дауыл мен нөсердiң салдарынан Астанада бiрнеше төтенше оқиға болды. Астана қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi депар­таменттiң өкiлi Аягөз Фазылованың айтуынша, қатты желден биiк мұнарасы бар құрылыс краны құлаған. Осының салдарынан жұмыс орнында екi бiрдей азамат қаза тапқан.
Қазақстанның социалистiк қозғалысы Жаңаөзен қаласында арнайы әскери бөлiмдер құрылатыны туралы ақпарат таратты. Онда былай делiнген: “Бiзге келiп жеткен ақпаратқа қарағанда, ҚР Қорғаныс министрлiгi жедел қызметiнiң әскерилерi Жаңаөзен қаласына қоныс аудару үшiн бiрнеше айдан берi Қарағандыда арнайы дайындықтан өтiп жатқан көрiнедi. Бұл әскери бөлiм Жаңаөзенге жақын уақыттарда орналастырылып, ҚазМұнайГаз компаниясының мұнайшыларының ереуiлдерi мен митингiлерiн басып-жаныштау үшiн құрылмақ.
Бауыржан Асаубаевтың бұдан төрт-бес жыл бұрын репутациясын кiршiксiз деуге келетiн. Ол Қазақстандағы “мұртын балта шаппайтын” ең жоғар­ғы шендiлердiң кабинетiне еркiн кiрiп-шығатын, отандық немесе шетелдiк кез келген банктен миллиондаған несиенi оп-оңай алатын, түрлi жиын-тойларда “бас мүжiп”қайтатын жағдайы бар-тын. Ал қазiргi күйi түбегейлi өзгерген. Елдегi бизнес-қауымдастық қана емес, шетелдiк әрiптестерi де Бауыржан Асаубаевтан айналып қашатын болған. “Бәлесi жұғып кете ме” деп... Б.Асаубаевты саяси ортадан бұрын-соңды көз шал­ған емес.
2011 жылы сәуiр айында Президент сайлауы болды. Сайлаудың алдында партиямыздың (“Азат” ЖСДП) төраға, төралқа мүшелерi аймақтарды аралай бастады. Наурыз айының iшi болатын. Ақтауға Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбiшев келдi. Мақсаттары: халықпен кездесу, байқаушыларға семинар кеңес өткiзу болатын. Ақтау қаласының басшылары бiзге мәдениет орындарын бермедi. Кездесудi Ақтау қаласының 8-ықшам­ауданындағы бiр үлкен асханада өткiз­дiк. 150-дей адам сыйды. Президиумда Жақаң, Бәкең үшеуiмiз отырдық. Мен кездесудi ашып, келген қонақтарды таныстырдым.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев сағыз бен темекi тұқылын лақтырып, көшеде түкiргендердi жазаға тарту жайында айтқаны белгiлi. Мiне, президенттiң осы сөзiнен кейiн iле-шала полиция қызметкерлерi “шаш ал десе бас ала” бастады. Мәселен, мемлекет басшысы тәртiп бұзғандарға әуелi ескерту жасап, сонан соң айып­пұл салуды, тiптi болмаса үш күнге қамаңдар деген едi. Ал бiздiң “қырағы” полиция қызметкерлерiмiз ай-шайға қарамай, жазалау науқанын бастап кеп жiбердi. Әйтсе де соңғы кезде пагон таққандардың пәрменi бастапқыдай емес, саябырсып қалған сияқты.

“Жас Алаштың” өткен санында “Азат ЖСДП төр­алқа мүшесi Петр Своик “Фейсбук” әлеуметтiк желiсiнде қазақтың шамына тиетiн, қазақ тiлiн кемсiтетiн мәлiм­демесiн жариялап, тек өзi­нiң ғана емес, тұтас партияның беделiн аяқасты еттi”, – деп жазған едiк. Редакцияға ЖСДП баспасөз қызметiнен төмен­дегi­дей мәлiмдеме келiп түстi. “Қазақстан Республикасында тек қана қазақ тiлiнiң Ата заңда белгiленген мемлекттiк тiл мәртебесiн iс жүзiнде нық тұрғызу   – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының негiзгi ұстанымы.
Атырау облысындағы Жылыой ауданында тұратын Бекеновтер отбасы дәрiгерлердiң сел­қостығынан баламыздан айырылатын болдық деп отыр. Өйт­кенi құлақ-мұрын қатерлi iсiгi ауруына шал­дыққан 16 жасар Нұрлыбай Оңқаш 45 күн бойы құрт ауруы емiн босқа алған. Ауруы қатты асқын­ған Нұрлыбай Оңқаш қазiр Алматыдағы онкологиялық орталықтан ем алып жүр. Алайда оның халi өте нашар.  Дәл менiң баламдай диагноз қойылған 23 жастағы жiгiттi көрдiм, сергек, жүгiрiп жүр. Ал Нұрлыбай тiптi жасалған емдi көтере алмай құлап қалды
Ресейлiк әдебиет сыншысы “Абай Мәскеудегi еркiндiк символына айналды” дейдi. Ал қазақ жазушысы “Абайдың сөзi кейiнгi қазақтардың санасына қонған емес. Қонбайды да” деп болжады.  70 жыл бұрын, 1942 жылдың шiлде айында Мұхтар Әуезовтiң “Абай” (“Абай жолы” – ред.) романы шықты. “Социалистiк Қазақстан” газетiнiң 26 шiлдедегi нөмiрiнде ғалым Бейсенбай Кенжебаев пен ақын Қуандық Шаңғытбаевтың мақаласы басылды. Авторлар “Абай” романы – қазақ совет әдебиетiнiң үлкен табысы” дедi.
Студенттердiң кейбiрi жазда, сабақтан тыс уақытта я даяшы, я құрылысшы болып iстейдi. Шенеунiктер оларды ағаш егуге, ал полиция ерiктi жәрдемшi болуға шақырады. Алматыда мейрамханада даяшы болып жүрген ҚазҰУ студентi Лаура әке-шешесiне салмақ түсiргiсi келмейдi.  – Жұмыс таңғы 8.00-де басталып, түнгi 3.00 шамасында аяқталады. Тамақтанып та үлгермейсiң. 20 сағаттан астам тiк тұратын кезiмiз жиi болады. Әртүрлi клиенттердiң қас-қабағына қарап, бастығыңның айдағанына жүресiң, – дейдi студент қыз үстел үстiн сүртiп жатып. Оның күндiк табысы – екi мың теңге.

Бiрiн-бiрi сүймейтiн, бiрақ тағдырдың жа­зуымен бiр шаңырақтың астында тұратын ерлi-зайыпты адамдар болады. Еркегi өз бетiн­ше қыз-қырқынмен қы­ды­рыстап, бiлгенiн iс­теп жүредi. Қалтасындағы артық-ауыс тиын-тебе­нiн жасырып қалады, не болмаса көңiл­де­сiне бередi. Әйелi: “Бұның не?”   – десе, бас салып балағаттайды, қол жұм­сайды. Сосын күйеуiне ерегескен әйелi де ойына келгенiн iстейдi. Отбасы деген аты ғана. Түбiнде бiр ажырасамыз деп жүре бередi.

1994 жыл. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойына арналған «Абай десем...» спектаклiн дайындау кезiнде актриса Шәмшагүл Меңдиярова Абайдың «Сегiз аяқ» әнiн мүлде басқа ырғақпен айтты. Бұрынғы естiп жүрген “Сегiз аяқ” емес. Стокатто жоқ, бiрден екпiндете көтерiлмейдi, ешкiмдi сынамайды, әшкерелемейдi. Баяу, а’kapella айтылғандықтан болар, тереңнен қазып, алысқа тартатын пәлсапалық биiк ой! Мәнiне сәнi сай ән!

Леонардо да Винчи 1452 жылы 15 сәуiрде Винчи қалашығында дүниеге келдi. Оның әкесi Пьеро нотариус болып қызмет iстептi. Не­кесiз туған Леонардоға анасы Катерина әке де, шеше де бола бiлдi. Әкесi дәл сол кезде бiр байдың қызына үйленiп кеткен едi. Леонардо үш жасқа толғанда әкесi оны өз қолына алады. Себебi Пьероның заңды түрде үйленген әйелi бала көтере алмайды. Ол заманда Италияда некесiз туған баланы сыртқа тебу, жатсыну деген мүлде болмапты. Өгей анасы Леонардо да Винчи 13 жасқа толғанда баладан қайтыс болады. Пьеро бұдан кейiн де бiрне­ше рет үйленiп, 12 бала сүйедi.

ЛЕРМОНТОВҚА ТIЛ ҮЙРЕТКЕН...
Зерттеушiлердiң айтуынша, орыстың ұлы ақыны М.Ю.Лермонтов Тбилисиде жүрген кезiнде татар тiлiн үйренiптi (Ол кезде түркi тiлдерiн “татар тiлi” деп атайтын). Ал ендi Лермонтовқа татар тiлiн үйреткен кiм дейсiз ғой? Әзiрбайжанның ұлы ойшылы, ақыны, жазушысы, драматургы Мирза Фатали Ахундов! Жақында әзiрбайжан зиялылары Бакуде Мирза Фатали Ахундовтың (1812 – 1878) 200 жылдық мерейто­йын кеңiнен атап өттi.

Қазiргi Иранның ең белдi әрi талантты жазушыларының бiрi – Мұстафа Мәстүр. Оның осыдан 10 жыл бұрын жарық көрген “Алланың ажарын сүй” (“Поцелуй прекрасное лицо Бога”) деген романы 172 мың данамен 40 рет қайта басылды. Тегеранда. Әрине, оқырмандардың, әдеби-мәдени зиялылардың сұранысы бойынша. Оқырманның сұранысы бойынша қырық рет (!) қайта басыл­ған романды неге қазақшаға аудармасқа? Бұл жөнiнде баспагерлерiмiздiң ойланғаны жөн-ақ. М.Мәстүр жақында Мәскеуде болып, “Литературная газетаға” (11-17 шiлде, 2012 жыл) сұхбат бердi.

Аллаға шүкiр, мешiтке ескiлiктiң қалдығы деп қарап, оны бұздырған немесе колхоздың қоймасына айналдырған заман өттi. Тәуелсiздiктiң жиырма жылында жер-жерде салынған сәулетi мен сәнi келiскен имандылық үйлерiн көрiп сүйсiнiп қаласың. Осы мешiт құрылысына бюджеттен соқыр тиын да бөлiнiп жатқан жоқ. Барлығын салып жатқан қалталы азаматтар. Бiрақ қалталы, дүниесi шалқыған азаматтардың бәрi бiрдей мешiт салып жатыр десеңiз, қателесiз.

Түбiт мұрт бозбала кү­нiмде келiнi кесiр, ұлы әумесер бiр қарияның “Азған тұқым болдық қой” деп қамыққанын естiп едiм. Ол бұрынғының естi шалы едi. Сондықтан да ұрпағының азғындап бара жатқанына күйзелген болатын. Сөздiң байыбына бармайтын, айт­қанды шала ұғатын, жақсы мен жаманды айыра бiл­мейтiн, дүмбiлез, дүмше буын­ның өсiп келе жатқанына пұшайман болған. Қазiр сол естi қариялардың легi кеттi ме деп ойлайсың кейде. Олардың орнын әлгi “әумесерлер” басты. Бұлар да өздерiнше ақыл-нақыл айтқысы келедi. Алайда түсi­нiктерiне сай сөздерi де сондай тұрпайы, тайыз әрi жиренiштi.

Бiз, бiр топ Алматы облысы, Райымбек ауданының тұрғындары әрдайым ақиқатқа ара түсiп, әдiлдiкке серiк болып жүретiн республикалық “Жас Алаш” газетiнiң ұжымына, газет арқылы президент Н.Ә.Назарбаевқа, ҚР Жоғары сотының төрағасы Б.Бекназаровқа жүрекжарды алғысымызды бiлдiремiз.  Газеттiң биылғы 24 сәуiр 2012 жылғы №32 санында “Ұрыларды ұстаймыз деп бәлеге қалдық” деген жалпы тақырыппен газет қызметкерi Қуаныш Бажақтың мақаласы жарияланған болатын.
Ақындық, әншiлiк, сазгерлiк және күйшiлiк, орындаушылық өнердiң иесi, талантты азамат Қадыржан Тәлiмұлы 1958 жылдың 15 шiлдесiнде   ҚХР-ның Кiшi Құштай жерiнде дүниеге келдi. Ол 1962 жылы тарихи Отаны – Қазақстанға оралды.
Қадыржан Тәлiмұлы қазақ күй өнерiнiң дамуына өзiндiк үлесiн қосып келедi. Оның сазгерлiк әлемi­нен, күйшiлiк талантынан туындаған күмбiрлi күйлерi – “Туған жерге сағыныш”, “Ұстазым менiң – Нұрғиса” және т.б. Күйшiнiң сазды күйлерi адам жанына терең әсер етедi.
“Жас Алаштан” Ербол Ақшолақовтың “Үйгентас жұрты үрей құшағында” (№55, 12.07. 2012 жыл) атты мақалаға орай өз ойымды бiлдiргiм келдi.  Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының көптеген аудандары – шекаралас. Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Тарбағатай, Үйгентас аудандары қараусыз қалып қойды. Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай ауданын бұрынғы Семей облысына қарайтын Ақсуат ауданына қосып жiбердi. Ал Үйгентас ауданын Алакөл ауданына қосты. Бұл аудандардың табиғаты жер шары бойынша ешбiр аймақта кез­деспейдi.
Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуiнде әлем чемпионатының қола жүлдегерi Бiржан Жақыпов (49 келi) француз Жереми Вессудi 1 ұпай айырмасымен (18:17) ұтты. Жыл басында Алматыда өткен турнирде осы Жеремидi Бiржан 16:9 есебiмен тiзерлеткен-дi. Айтжанов экс-бас бапкер Тұрсынғали Едiловтiң ерлiгiн қайталай ала ма? Жалпы, Атланта олимпиадасынан берi боксшылармыз Сиднейдегiдей жарқылдай алмай келедi. Финалда төрт қазақ боксшысы жұдырықтасып, екi алтын, екi күмiспен оралып едi ғой.
Зульфия Чиншанло Олим­пиада чемпионы атанған шақта Мая Манезаның жеке, ұлттық құраманың аға бапкерi Виктор Ни елiмiздiң атауы қате жазылған киiм киiп, сахна сыртында жүрдi қуанып. Ақ түстi киiмiнiң арқасындағы жазу “KZAKHSTAN”деп тұр. Осы олқылыққа орай кеше Астанада ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi Ұлттық команда және спорттық резерв штабы директорының мiндетiн атқарушы Алексей Крючков ел алдында ақталды.

Еске салайық, 25-26 шiлде күндерi Ауыл шаруашылығы министрлiгi, “ҚазАгро” хол­дин­гi, Ұн тартушылар одағы мен облыс әкiмдiктерi арасында нан мен 1-сұрыпты ұн бағасын тұрақтандыру жөнiн­дегi шаралар туралы, сондай-ақ өңiрлердегi мал басы санының кемiп кетуiне жол бермеу туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл туралы аталған холдингтiң баспасөз қызметiнен хабарланды.