1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №61 (15727) 7 тамыз, сейсенбі 2012
ИЛЬЯ ИЛЬИН – ЕКI ДҮРКIН, СВЕТЛАНА ПОДОБЕДОВА, ОЛЬГА РЫПАКОВА – ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ 
ХХХ Жазғы олимпиада ойындарына Қазақ елiнен аттанған 116 атлеттiң алтауы олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылда айналып соғатын спорт бәсекесi бел ортадан ендi асты. Ендеше, қазақ қосқан жүйрiктердi әлi де бәйге төбе басынан күтемiз. Светлана Подобедова ауыр атлетикадан 75 келiге дейiнгi салмақта Олимпиада чемпионы атанды, алғаш рет. Света тек қарсыластарын күшiмен ғана емес, мысымен де қаймықтырды.
ОСЫЛАЙ ДЕП ЗАР ТӨККЕН ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРI САБЫР ҚАСЫМОВТЫҢ ЖАНАЙҒАЙЫНА КIМ ҚҰЛАҚ ТҮРЕДI?..
Осы мақаланың жазылуына жазушы Қажығали Мұханбетқалиевтiң “Жас Алаштың” 17 шiлде күнгi санында жарияланған “Қызыл тiлде буын жоқ...” деген қырық жолдық репликасы түрткi болды. “Қазақстан Жазушылар одағының пленумында қаламақы мәселесiн қадала сөз еткенiмен, қаламгерлердiң бүгiнгi қазақ халқы алдындағы парызы мен қарызын қағыс қалдырды...” деп бiраз ағаларымыздың аты-жөнiн атап едiм, шамына тиiп кетiппiн. Тiптi қатты тисем керек! Ащы ақиқатқа үйренбеген адамға ауыр ғой, ә дегенде-ақ айтар ойын шымшыма сөзбен бастапты

Қазақстан бiлiм министрлiгiнiң оқыту бағдарламасына қатысты реформасы қоғамда қызу пiкiрталас тудырды. Ұлттың болашағына алаңдаған азаматтар бiрiншi сыныптан бастап оқушыны үш тiлде, яғни қазақ, орыс және ағылшын тiлiнде оқыту мәселесiнiң қажетсiздiгiн айтып, дабыл қағуда. Газетiмiздiң өткен нөмiрiнде үш тiлде оқыту жүйесiне қатысты мақала жарияланған болатын. Осыған орай газет сайтында да оқырмандар көптеп пiкiр бiлдiрiптi. Сайып келгенде, үш тiлде бiлiм беру – қазақ тiлiне төнген қауiп. Бүркеншiк атпен ортаға ойын тастаған оқырманның пiкiрiне мән бермеу мүмкiн емес.

“Арқанкерген” шекара бекетiнде болған қанды оқиғаға қатысты “guljan.org” медиа-сайтындағы мақалаға байланысты тергеушi Самат Сырлыбаев Қоңыр ауылына суыт жүрiп кетiптi. Медиа-сайтта Алакөл ауданының бiр тұрғыны “Арқанкерген” оқиғасынан кейiн әлдебiр қарулы кiсiлердiң таудан түскенiн айтып хабарласқаны туралы ақпарат берiлген болатын. Көп өтпей бұл мәлiметтi Ақжар ауылының әкiмi Тұрсын Шынарбек те растаған. Осы ақпараттан кейiн Талдықорғаннан бастап Алакөлге дейiнгi аймақта күзет қызметi бұрынғыдан да күшейтiлген.

2 тамыз күнi сағат Маңғыстау облыстық сотының ғимаратында жаңа­өзендiк 37 сотталушының апелляция­лық шағымы бойынша сот басталды. Бұл iс облыстық сот ғимаратының 100 адамдық залында өттi. Сотты шетпелiктердiң iсiн қараған судья М.Бисембаев жүргiздi. Апелляциялық сотқа 2 жәбiр­ленушi де қатысты. Олар – “Arena S” ЖШС-нiң заңды өкiлi және Қоныс­бае­ва Жанат. “Arena S” ЖШС өкiлi Жаңаөзендегi қақтығыстың салдарынан мекемесi 134 миллион теңге зиян шеккенiн және оны өндiрiп беруiн сұрады. Сот оның талабын қанағаттандырмады. Ал Ж.Қонысбаева киiз үйiн даулап келiптi.
АЭС жөнiндегi ескi сарынды министрдiң қайталағанында не мән бар?
Өткен айдың аяғында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрi Әсет Исекешевтiң блогына Наурыз Данияр есiмдi азамат хат жолдапты. Ол Қазақстанда АЭС салудың қауiп-қатерiн, оның экономикамыз үшiн тым қымбатқа түсетiнiн дәлелдеп, бұл салада Ресеймен одақтасу өте қауiптi екенiн, басқа дамыған елдермен әрiптестiкке барған дұрыс болатынын жеткiзген екен. Және Ресейдiң атомөнеркәсiбi саласындағы тәжiрибесi аздығын да дәлелмен келтiрiптi.
Оралда қоғам белсендiлерi “Уральская неделя” газетiнiң тiлшiсi Лұқпан Ахмедьяровқа ақша салын­ған үш банкi тапсырған. Сот оны жергiлiктi шенеунiкке 5 миллион теңге төлеуге мiндеттеген едi. Азаттық Лұқпан Ахмедьяровпен хабарласқан едi. Ол адамдардың ақша салын­ған банкiлердi тамыздың 3-i күнi әкеп бергенiн айтты.  Жергiлiктi комму­нистiк партия мүшелерi “Имашев үшiн халықтан ақша сұрайық!” деп коробка, банкiлер алып көшеге шығыпты. Негiзгi идея – кiсiлерден тиын күйiнде ұсақ ақша жинап, Имашевке тапсыру едi. Бiрақ кейбiр тұрғындар түсiнбей қалған ба
Ақтөбелiк шекарашылардың ата-аналары ұлдары қаза тапты деп сипатталатын шекара бекетiнен келгесiн сұрақтары көбейiп, күдiктерi күшейе түскенiн айтты. “Бiз  ұлдарымызды Челахтың өлтiргенiне сенбей­мiз!”. Арқанкергенде қаза болған ақтөбелiк екi шекарашы Әли Мақсұтов пен Қамбар Ағанастың әкелерi осылай дейдi. Шекараға барып, күлi ғана қалған бекеттi көзiмен көрiп келген Әли Мақсұтовтың әкесi Iзтұрған Сейсенов Арқанкерген сапарынан соң, ресми мәлiмдемеге қатысты күдiгiнiң тiптi күшейе түскенiн айтты.
Сөз жоқ, Жарболсын ақсақал ағат­тық жасады. Газет тiл­шiсiне жалған мә­лiмет берiп, бол­ған жайтты бұр­ма­лап­ты. Жасы үл­кен ақсақал, ардагер спортшы, әлем чемпионы айтқан сөзге имандай се­нiп, оның талап-тiлегiн жеделдете жеткiзiп едiк. Өзi өкпе артқандардан басқаша жауап кел­дi. Ақсақал бiзбен әңгiмелесу кезiнде аудандық, облыстық әкiмшiлiктегiлердiң жарысқа барғанына ешқандай қаржылық көмек көрсетпегенiн ашына айтқан-ды.

Бұл оқиғаға себеп болған жайлар сонау 2008 жылы басталған екен. Жоғары бiлiмдi технолог мамандығы бар Қуат елдiмекендерден сүт жинап, оны жергiлiктi сүт зауытына тапсырмақ болып, Екiбастұз қалалық әкiмдiгi ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң сол кездегi бастығы Мейрам Балтабаев деген адамның (бүгiнде марқұм) келiсiмiн алады. Осыдан соң, кәсiпкер­лiкпен айналысуға керектi құжаттарды дайындап, қаладан 70 шақырым жерде орналасқан Сарықамыс ауылына көшiп барып, шаруа қожалығын ашады. Банктен несие алып, Қытайдан үш тонналық сүт салқындатқыш қондыр­ғы, автокөлiк, басқадай қажеттi құрал-жабдықтар сатып әкеледi

Қазақты тойсыз елестету мүмкiн емес. Дүние есiгiн ашқаннан бастап молынан дастарқан жайып, туған-туыс, ел-жұртпен қуанышын бөлiсу дархан мiнездi қазаққа тән. Өткен заманның тойы мен қазiргi той-думанның арасында елеулi ерекшелiк бар. Десек те, атадан балаға мирас болып, санаға сiңген салт-дәстүрдi айналып өтетiн қазақ болмайды. Соңғы уақытта үрдiске айнал­ған той өткiзудiң өзiнше бiр жаңа үлгiсi бар. Мәселен, қыз ұзату кезiнде қыздың жолына гүл төсеу, теңге шашу т.б. Бұдан бөлек, тойды басқаратын асаба мен ән, би, өнер жағын ұйым­дас­тыру – әр тойда әртүрлi

Тылсым табиғатқа тiл бiтiрiп, табиғат құбылысын фотосуретке жандандыра түсiрiп, туындының шырайын арттыра бiлу – фотосуретшiнiң шеберлiгiн бiлдiредi. Табиғат ананың мың құбылып, тау мен даланы өркеш-өркеш бұлттарымен орап, от мылтығын жалаңдатып найзағай ойнатқан нөсерлi жаңбыры, бұрқасындата буырқанған долы бораны мен ақ қары үрейлi түстей шошындырғанымен, осы долы табиғатқа тән тылсым құбылыстарды фото көзiне түсiру – фотографтың көркем шығарма жаратудағы орайлы сәтi.

ХХХ жазғы олимпиада ойындарында әзiрге алты алтын медаль иеленген спортшыларымызды қолдау мақсатында Астанада “фото кептiру” салтанатты шара ұйымдастырылды. 70-тен аса фотосуретте Лондон олимпиадасында Қазақ елiнiң чемпионы атанған спортшыларының жеңiске шаттанып тұрған сәттерi шынайы бейнеленген.  “4 the click” жарнама агенттiгi ұйытқы болған шараға тек кәсiпқой фотографтар ғана емес, әуесқойлар да қатысты. “Олимпиада ойын­дарында спортшыларымыз ел намысын абыроймен қорғап, үмiтiмiздi өшiрмедi.
КҮНДЕСIНЕН КҮШТI ҚЫЗ
Светлана Подобедова былтыр Парижде өткен әлем чемпионатында ресейлiк Надежда Евстюхинаға жол берiп, күмiс медальдi мiсе тұтқанда жыл айналып соғатын Лондон олимпиадасында әлемдi мойындататынын айтқан-ды. Сөзiнде тұрды, сенiмдi ақтады. Ауыр атлетикадан Ресей қыздар құрамасының бас бапкерi Солтан Каракотов Подобедоваға екi бiрдей саңлағын қарсы салғанымен, шамалары жетпедi. Әлем чемпионы атанған Надежда Евстюхина алғашқы сайыс – жұлқа көтерудегi үш мүмкiндiгiнде 125 келiнi көтере алмай, Олимпиада жарысын ерте аяқтады. 
СТРАДИВАРИДЫҢ СКРИПКАСЫ ИЕСIНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
“Бiр скрипкашы құны бiрнеше миллион доллар тұратын атақты Страдиваридың скрипкасын пойызда ұмытып қалдырып кетiптi”, – деп жазады France-Press агенттiгi. Жалпы, скрипканың иесi (аты-жөнi айтылмайды) ұмытшақ музыкант емес. Скрипканың иесi оны музыкантқа уақытша пайдалануға ғана берген. Ал ол болса, Берн станциясынан пойыздан түскен кезде вагонда қалдырып кетедi. Емен-жарқын пойыздан түсiп, баратын бағытына жүрейiн деп жатқанда Страдиваридың скрипкасы есiне сап ете түспей ме. Жандалбасалап дереу темiржол қызметкерлерiне хабар бергенiмен
5 тамыз – атақты ұшқыш-истребитель, екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтiң туған күнi. Халқымыздың қањарман ұлы Т.Бигелдинов 90 жасқа толды. Дәл қазiр “1941 – 45 жылдардағы ұлы Отан соғысы” деген ұғымның ес­кiрiп қалғандай боп көрi­не­тiнi де бар. Бiрақ ерлiк ескiре ме? Ешуақытта ескiрмейдi. Талғат Бигел­ди­новтiң ерлiгi де – ешқашан ескiрмейтiн ерлiк. Кейiнгi жастарымызды Отан қорғауға, туған ел мен туған жердi сыртқы жаулардан қорғауға үн­дей­тiн үлгiлi, өнегелi ерлiк.