1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (15728) 9 тамыз, бейсенбі 2012
Бiрiншi қыркүйектен бастап 1-сыныпқа қабылданатын балаларымыз ана тiлiмен қоса ағылшын, орыс тiлдерiн оқитын болды. “Үш тұғырлы тiлдiң” көздегенi де – өскелең ұрпақты бiржолата дүбәраға айналдыру. Әйтпесе, балаға бастауыш сыныпты бiтiргенше ана тiлiнде ғана бiлiм беретiн дамыған елдердiң дана дағдысын аттап кетер ме едiк? Оны айтасыз, жапон ұлты өз жеткiншектерiн 12 жасқа дейiн тек жапон тiлiнде ғана оқытады. Онсыз да жылда өзгеретiн мектеп бағдарламасы, керексiз пән­дер, жетiспейтiн оқулықтар ата-ананы да, баланы да әбден шаршатқандай. “Мектеп бағдарламасы” дегенiң – министрлердiң мен­шiктi қойын дәптерiндей.
Таяуда ғана “Алматыжылу” орталығы алматылықтардан тап бiр сүйiншi сұрағандай, мынадай ақпарат таратты. Қыркүйек айынан бастап Алматының ыстық суы мен жылу беру бағасы қымбаттайды екен. Ендi жылу мен ыстық суға есептегiш құралын орнатпаған тұрғындар үшiн тым қиын болмақ. Жан басына шаққанда 865,97 теңгенiң орнына ендi есептегiш құралы жоқтар ыстық суға – 1238,23 теңгеден төлесе, ал жылу бағасы – 49,60 теңгеден 72,82 теңгеге бiр-ақ көтерiлмек. Бұған iле-шала жарықтың, қоқыс шығарудың да құны да өсетiнi мәлiм болды. Бұл қатар­ға жол жүру билеттерi мен оқушыға керек құралдардың да бағасын қосыңыз.
Өткен аптаның аяғында Астанада ауыр жол апаты болып, салдарынан төрт бiрдей адам жарық дүниемен қоштасты. Сондай-ақ бiрнеше азамат әртүрлi жарақат алып, бүгiнде олар аурхана төсегiнде жатыр. Ал автобус терезесiн тесiп “адамдарды ажал құштырды” делiнген автокран жүргiзушiсi қамауға алынған. Әйтсе де ауыр жол апатына нақты кiмнiң кiнәлi екенi әзiрге белгiсiз. Астаналықтарды ойран-топыр еткен қанды оқиға Кенесары мен Сарыарқа көшелерiнiң қиылысында шаңқай түсте болған. Оқиға куә­гер­ле­рiнiң айтуынша, қоғамдық көлiктiң бүйiрiне автокран келiп соғысқан көрiнедi
ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевқа
Құрметтi Нұрсұлтан Әбiш­ұлы!
Өткен ғасырдың 30-жылдарының ойранында айрандай ұйыған қазақ халқы қолдан жасалған кеңестiк зобалаңның кесiрiнен қынадай қырылды. Қалғаны туған елiнен, кiндiк қаны тамған жерiнен кетуге мәжбүр болды. Бiздiң аталарымыз сол нәубеттiң салдарынан төрткүл дүниеге тарыдай шашылды. Олар өле-өлгенше “Шiркiн, туған жерге қайтып оралсақ!” деп армандаушы едi, бiрақ ол армандарына өздерi жете алмады. Аталарымыз аңсаған, өздерi жете алмаған туған елге ұрпақтары – бiздер келдiк.
НЕМЕСЕ ҚАСҚАСУЛЫҚТАР УЧАСКЕЛIК ИНСПЕКТОРҒА НЕГЕ ӨКПЕЛI?
Iшкi iстер министрi Қ.Қасымовтың назарына!
“Мал ашуы — жан ашуы” деген атам қазақ. Қорасындағы малынан айырылған Төле би ауданы Қасқасу ауылының тұрғындарымен тiлдескенде осы бiр сөз ерiксiз есiмiзге түстi. Ауыл халқын ашындыратын жайт — тәртiп сақшыларының дәрменсiздiгi, шарасыздығы. Биыл түн қатып, қорадағы малды аңдыған барымташылар тым еркiнсiп кеттi. Ал қылмыстың алдын алатын полицияда пәрмен жоқ. Учаскелiк инспекторлардың мал ұрлатқан тұрғындарға дем берудiң орнына қайта “ендi табылмайды-ау” деп, өзiнiң шарасыздығын өзi мойындайды. Бұдан кейiн момын халық кiмге сенедi, кiмге арқа сүйейдi? Тарқатып айтайық.
Ғ.Мұратбаев – 110
1925 жылы Ғани Мұратбаев қайтыс болғаннан кейiн көп жылдар ол туралы мәселе көтерiлмедi. Бұл ретте 1958 жылғы тамыз айында Қызыл­ордада өткен комсомол-жастар конференциясының орны ерекше болды. Бұл конференцияда Ғанидың атқарған қызметтерiн кеңiнен насихаттау, Алматы, Шымкент, Қызылордада, Қазалы қалаларында ес­керткiштер орнату, республиканың барлық қалалық және ауылдық жерлерiнде мәдениет пен оқу орындарына, көшелерге Ғанидың атын беру, мұражайлар ашу, Мәскеудегi бейiтiн тауып оған көрнектi ес­керткiш қою ұсынылды.
Маңғыстау облысындағы Шетпе кентi тұрғындары былтырғы желтоқсан оқиғасы кезiнде жараланған және қаза болған азаматтардың отбасылары мемлекет назарынан тыс қалғанын айтып шағымданады. 2011 жылы желтоқсанның 17-сi күнi Шетпеде полиция оғынан бiр адам қаза болып, он шақты адамның жараланғаны хабарланды. Жараланғандарды одан көп деп санайтындар бар. Олар жараланғанын айтуға қо­рыққан. Себебi құқық қорғау орындары “тек қылмыскерлердi аттық” деп мәлiмдедi. Жаралының бiрi – 27 жастағы Берекет Нұрсұлтанұлы. Желтоқсанның 17-сiнде қонақтан үйiне келе жатқанда оң аяғынан оқ тиген. Әкесi Нұрсұлтан Мәшрүпов

Ойыл ауданында екiншi дүниежүзi­лiк соғыстың екi майдангерi ғана қалды. Қос майдангердiң бiрi жыл са­йын 9 мамырда ерекше қошемет пен құттықтауға ие болса, екiншiсi мұндай сый-құрметтен 67 жыл бойы сырт қалып жүр. Себеп – 4 жылдан аса фашистер тұтқынында, Түркiстан легионы қатарында болғаны үшiн өмiр бойы айыпты. Ол – Ахметбек Нұрманов. Ойылдағы жалғыз легионер осы өмiрде немiс пен кеңес билiгiнiң азабы мен тозағынан   тапталмай аман-сау шыққан, ақсақалдығын әдемi сақтаған 92-дегi қарт. Өмiр сынағы, адамдардың қиянат-зәбiрi бұл кiсiнiң басына үйiп-төгiлдi

Қазақтың дәстүрлi ән өнерiндегi билiк жүйесi мен билеушi топқа қарсылық тақырыбы Шалтабай, Қапез бен Кенен сияқты халық әншi­лерiнде жиi ұшырасады.  Жетiсу әндерiн тыңдап отырғанда Арқа дәстүрiндегi кездесетiн “Бақыртып союшы едiм лақтайын”, немесе “Сен түгiлi бас ұрмаймын патшаңа да” деп келетiн ашық қарсылық естiлмеуi мүмкiн. Әлеуметтiк теңсiздiк пен саяси озбырлықты тұспалдап айту басым. Дәстүрлi ән зерттеушiсi Ерлан Төлеутайдың айтуынша, Жетiсуда дәстүрлi ән өнерi ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап қана қалыптаса бастаған

Дәл сол күнi Мәриям шаршаған да, ауырған да кейiп танытпады. Әдетiнше кешкi асты әзiрледi, балабақшаға баратын Сәнияшын ұйықтатты. Адам жамандықты алдын ала сезедi деушi едi, қазiр Әнуар қанша ойласа да, сол күнi, сол түнi ондай еш белгi байқамапты. Қайта бәрi де тып-тыныш, алаңсыз болды ғой. Тек түнге таман Мәрияшқа бiреу қоңырау шалды. Әйелi тек “да, да” дей бердi. Интернет арқылы шахмат ойнап отырған Әнуар оған көңiл бөлмедi. Мәриямның қай уақытта жатқанын да бiлмейдi. Шамамен түнгi 3-4 кезiнде қатты шошынған дауыстан оянып кеттi. Қараса, қара көлеңкедей болып әйелi төсекте бүрiсiп отыр

Киiз туырлықты қазақ бабамыздың тарау-тарау тарихына көз салар болсақ, “ат ауыздығымен су iшкен” не бiр нәуметтi замандарда ел бастаған би мен бектiң, қол бастаған батыр мен бағланның қасынан қашанда бауырды бiрлiкке, туысты татулыққа шақырған ақын мен жы­рау­ды көремiз. Әрiге бармай-ақ, қазақ деген халықтың тағдыры таразыға тартылған ХVIII ғасырды мысал етер болсақ, Бұқар жырау, Үмбетей, Ақтамбердi, Тәтiқара секiлдi жүйрiк­тердiң ұлт намысын оятудағы еткен еңбегi батырлардан еш кем емес екенiн байқар едiк. Сол бiр замандарда ел қамын жеген ерлердiң қапталында қара домбырасын қару етiп, қаймана жұрттың қуанышы мен қайғысын қақ бөлiскен ақын-жыраулардың бiрi – Көтеш Райұлы

Жақында бiр жиында болдым. Босаға жақта отырған аласалау қара жiгiт орнынан шұғыл көтерiлiп, iргеде сүйеулi тұрған домбырасына қол соз­ды:
– Сiздерге Кенен ақын мен бай қызының жұртқа әлi беймәлiм айтысын орындап берейiн. Мен мұны жақында ғана Оңтүстiк Қазақстан облысы Төле би ауданында отыз жылдан астам тәртiп сақшысы боп iстеген Сапар қарияның аузынан естiдiм.     
– Сөйтсең, сөйт, қарағым.
– Аға-апаларыңнан аянба, айналайын.

“Бәледен машайық қашыпты”. Көрiнiп тұрған кемшiлiктi көзге айтуға жоқпыз, егер айта қалсақ, айта берсек, түсiнетiндер де табылады. Мен алпысты алқымдаған әйелдiң шалбар киiп жүргенiнiң себебiн сұрағанымда, жылылыққа киiп жүргенiн айтқан-ды. Мен, жалпы, егде әйелге шалбар киюдiң жарасымсыздығын, артымыздан алдымыз жақын бiздерге бақилық болғанда жұмақтың есiгi үш адам­ға жабық болатынын, оның бiрi еркек тектес болғысы келетiн әйел екенiн айтқанмын. Әлгi әйел үнсiз тыңдап, жай қоштасып кеткен едi. Келесi бiр кездесуде әлгi әйелдiң шалбарды тастағанын көрiп риза болып қалдым.

Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданындағы ғасырлар бойы тусырап бос жатқан, өмiрi соқа тiсi тиiп көрмеген, ебелектен басқа шөп өспеген шөлейт дала төсiне “Сөгетi” совхозын құрып, оны үздiксiз 30 жыл басқарған Сағыныш Есбергенов есiмiн бiз, сөгетiлiктер әр кез ардақ тұтып, мақтан етемiз. Ол республикамыздағы атақты Головацкий, Зылиха Тамшыбаева тәрiздi ел құрметiне бөленген, iскер де табанды, ал­ғыр да күрескер санаулы директорлардың бiрi едi. Сақан (оны еркелетiп әрi ардақ тұтып осылай атаушы едiк) баршамыздың әкемiз секiлдi асыл жан болатын. Бұл сөзiмiз құрғақ, жалаң болмас үшiн оның мына лебiзiне құлақ түрелiк:

Оқырман шығармашылығынан
Кешкен бастан барша жылды, барша айды,
Алматының ағаштары қартайды.
Бұтақтары ақ сөңкеге айналып,
Дiңiнен де, жапырағынан да әр тайды.
“Белбасар” – Шу ауданындағы iргелi де үлкен ауылдардың бiрi. Мұнда қазақ орта мектебi, дәрiгерлiк амбулатория, балабақша, бiрнеше жекеменшiк дүкен бар. Бұл ауылда бауырлас екi ұлттың өкiлдерi тұрады: қазақтар мен 1944 жылдың соңында (қараша – желтоқсан айларында) Оңтүстiк Грузиядан қанiшер Сталин мен оның итаршысы Берияның ырқымен Орта Азия және Қазақстан республикаларына депортация жасалған Ақысқа түрiктерiнiң 60-65 үйлiк диаспорасы. Мұндағы қазақтардың денi – Ұлы жүздiң Дулат тайпасындағы төрт рудың бiрi – Ботбайдың құрамындағы Ақша ұрпақтары.
Жазып едiк, жауап келдi
Газетiмiздiң 5 шiлдедегi №53 (15719) санында Д.Күнтуаровтың “Несие аламын деп намысым тапталды” атты мақаласы жарияланды. Онда кәсiпкер Д.Күнтуаров шаруаларға жеңiлдетiлген несие берудегi келең­сiздiктер туралы өз басының мысалы арқылы деректер келтiрген едi. Оған ресми орыннан  төмендегi­дей жауап келдi: “Сыбаға” бағдарламасы аясында қаржыландыру жұмыстары Қызылорда облысы аумағында 2011 жылдан бастап жүзеге асырылды. Облыс көлемiнде қаржыландырумен “Аграрлық несие корпорациясы” және “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры”
Тұлға
Француз академиясының мүшесi, атақты мұхит зерттеушi Жак-Ив Кусто Гибралтар бұғазын зерттеп жүрiп, бiр-бiрiне қосылмайтын екi су қабатын табады. Олардың араласып кетпеуi үшiн арасын көзге көрiнбейтiн әлдебiр нәрсе бөлiп тұрғандай. Және мұнда өсетiн өсiмдiктер де, температура да, судың құрамы да бiр-бiрiне еш ұқсамайды. “Бұл екi судың қосылғанына мыңдаған жыл болған. Сондықтан да бiр-бiрiмен араласып, тұзы да, өсiмдiктерi де бiрдей болуы керек едi. Ал мұнда керiсiнше... Араларын тап бiр көзге көрiнбейтiн перде бөлiп тұрғандай”, – дейдi су патшалығын жан-жақты зерттеп жүрген Кусто бұған қатты таңғалып
Қоржында қола ғана
Грек-рим күресiнен елiмiздiң ұлттық құрамасын бастап бар­ған бас бапкер Мұратбек Қасым­ханов белдесуге салған бес балуанның бәрi жарысты аяқтады. 74 келi салмақта ел үмiтiн ақтайды деп сенген Асхат Дiл­мұхамедов дiттегенiне жете алған жоқ. Алғашқы белдесуiн бiрден 8/1 финалдан бастаған жерлесiмiз беларусь балуанына жол берiп, iрiктеуден де аса алмады.
Жанымызға батқаны – 120 келi салмақта белдескен Нұрмахан Тiнәлиевтiң сүрiнуi. Сөз жоқ, ХХХ Жазғы Олимпиада ойындары басталар шақта барша қазақ алып туған ұлдан жүлде дәметкен
Екi дүркiн олимпиада чемпионы Илья Ильинге
Ақсарбас!
Аласартпа халқымды ендi,
Лондоннан тағы да бiр алтын келдi.
Әлемнiң таңғалдырып төрт бұрышын,
Жарқырап жаз күнiндей жарқын келдi.

Боксшылардың бәсекесi ширек финалға жақындады, елiмiздiң намысын қорғаған тоғыз боксшының үшеуi жарысты ерте аяқтап, жүлдеден қағылды. Аса ауыр салмақта Иван Дычко жартылай финалға шықты. Ширек финалда канадалық Симон Кианды сабап, сыбағасын берген Дычконың қоржынында кемiнде қола жүлде бар. Ендi оған үлкен кедергi британдық Энтони Жошуа болатыны анық. Былтыр әлем чемпионатының күмiс медалiн еншiлеген, ең бастысы, Лондонда өтiп жатқан олимпиада ойындарында оп-оңай ұтыла салмайтыны тағы да анық.