1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (15729) 14 тамыз, сейсенбі 2012
Алтын ұл абыройыңды аспандатты, Алаш жұрты! Лондон олимпиадасының соңғы жарыс күнiнде қазақ елiнiң қоржынына жетiншi алтын медальдi Арқада туып, Алаштың ұлына айналған Серiк Сәпиев салып бердi. Жарайсың, Серiк! Бұл сенiң заңды жеңiсiң! Төрт жыл бұрын ширек финалда тайландтық боксшыға төрешiлер бүйрегiн бұрып, сағыңды сындырмақ болған. Бiрақ олар қазақтың қайсар мiнезi оңайға сына қоймайтынын қайдан бiлсiн? 
ПЕТЕКЕЛЕП ЖҮРIП КЕЛЕКЕГЕ ҚАЛДЫҚ
“Азат” ЖСДП-ның төралқа мүшесi Петр Своиктiң арыны басылар емес. Қазақтың даласында тайраңдап, суын iшiп, нанын жеген Петекең азуын айға бiлеп, қазақ тiлiне шүйiрген мұрнын шүйiре түстi. Таяуда ғана Қазақстанда мемлекеттiк тiл орыс тiлi деген сыңайдағы пiкiрiн көпшiлiкке тықпалаған едi. Своик ендi: “...қазақ тiлi мемлекеттiк тiл мәртебесiне көтерiлуi үшiн ең алдымен өзара қатынас тiл дәрежесiне жетiп алуы керек”, – деп мұқатыпты.

Қазiргi кезде қарапайым шенеунiктен бастап жоғары лауазым иелерi жайында жақсы сөз, жылы лебiз естуден қалып барамыз. Оларға деген халықтың ренiшi де ұшан-теңiз. Шенеунiк десе, көз алдымызға бюрократ (төрешiл) әрi қиянатшыл адам келедi. Неге осындай жағымсыз пiкiр қалыптасты? Қалай дегенде де шенеунiк халық пен билiк арасын жалғастыратын буын емес пе?

Тамыздың 11-i күнi Ақтаудағы уақытша тергеу абақтысының қызметкерлерi саясаткер Владимир Козловты айыптау қорытындысымен таныстырмақ болған. Сондай-ақ прокурорлар iспен толық танысып шығып, оны сотқа тапсырып та қойыпты. В.Козловқа қатысты сот отырысы тамыздың 16-сында өтедi. Прокурорлардың том-том iспен көз iлеспес жылдамдықта танысқанын В.Козловтың әйелi Әлия Тұрысбекова хабарлады.

Мамырдың 24-i күнi Украина Радасы депутаттарының арасында үлкен дау туын­даған. Мұндай жаға жыртысқан дау­лы жағдайлар Рада мiнберiнде алғаш рет болған жоқ. Осы уақытқа дейiн Ю.Тимошенко блогы мен Аймақтар партиясы фракциялары арасында әлеуметтiк саясатқа қатысты iрiлi-ұсақты жанжалдар болған. Бiрақ бұл жолғы депутаттардың жанкештiлiгi идеялық тұрғыда өрбiдi. Яғни, тiл үшiн жан берi­сiп, жан алысқан халық қалаулылары ұлттық майданның алғы шебiне шықты.

Қазақстанның саясат алаңында өзiндiк орны мен өзiндiк ерекшелiгi бар “қарсылық акцияларының” бел­сендiсi, суретшi Қанат Ибрагимов Forbes журналының ұйғарымы бойынша саяси қудалауға ұшыраған 12 өнер қайраткер­iнiң қатарына қосылыпты. Қа­шан да өзiнiң ерекше наразылық акциялары мен фл­эш-мобтары ар­қылы қоғамның ащы шындықтарын қорықпай ашып, өз көзқарасын бiлдiрiп жүрген су­ретшiнiң саяси белсен­дiлiгi Forbes сарапшыларының назарын аудартқан.

“Күштi кәсiподақ керек!”. Егер мұны мұң-мұқтажын тыңдайтын тiрi жан таппаған металлург, бейнетке белшеден батқан байытушы немесе қиянат көрген кеншi айтса, түсiнуге болар едi. Ал Наурыз мейрамынан бiр жұма бұрын Жезқаз­ғанға келiп, еңбек ұжымдары өкiлдерiмен кеңес өткiзген “Қазақмыстың” басқарма төрағасы Эдуард Огайдың аузынан шыққанда, “Апыр-ай, мына кiсi бүгiн қай аяғымен тұрды екен?” деп ойлағанбыз. Өйткенi өзiнен күштi кәсiподақты көксеген жұмыс берушiнi бұрын-соңды көрмеген екенбiз. Бiрақ бiзде бәрiн күтуге болады.

Кейiнгi кездерi Павлодар облысының Железинка ауданынан хабарласушылар жиiлеп кеттi. Өткенде осы аудандағы Ақтау ауылының тұрғыны Бауыржан Алиновтың әдiлдiкке қол жеткiзе алмай жүргенi жайлы жазып едiк. Ендi осы Ақтаумен көршiлес “Веселая роща” ауылының тұрғыны Аманжол Хамитов атты азамат телефон шалды. Жасыратыны жоқ, Ресеймен шекаралас, халқының жартысынан көбi орыстiлдi бұл аймақтың тұрғындары қазақша аз оқитыны айтпаса да белгiлi.

Соңғы жылдары Исатай батырға байланысты “Батырдың зираты қайда?” деген тақырыпта бiрнеше материал жарияланды. Соның iшiнде Исатай – Махамбет көтерiлiсiнiң бүгiнгi бiлгiр маманы, ғалым, профессор Көшiм Есмағамбетовтiң “Қазақ әдебиетiнде” (№ 4, 2012 жыл) жарияланған “Исатай батыр бейiтi: аңыз бен ақиқат” мақаласы – көңiл аударарлық дүние. Автор Исатай батыр зираты төңiрегiндегi ескi-жаңа жайттарды мол қамтып, болашақ зерттеу-iзденiс жұмыстарына бағыт-бағдар боларлық мәселелерге көңiл бөлген.

Совет үкiметi Абай ұрпақтарының кейбiрiн соттап, қудалады. Кейбiрi қысымға ұшырап, әртүрлi жағдайда өмiрден озды. Сексенiншi жылдары елден кеткен ұрпағынан әзiрге хабар-ошар жоқ. Абай әулетiнен екiншi дү­ниежүзiлiк соғысқа барған он шақты адамнан екеуi ғана қайтып орал­ған. Олардан ұрпақ қалмаған. Абай ұрпақтарынан еркек кiндiктiден бүгiнге жеткенi Ақылбай тармағы ғана.
Лондон олимпиадасы басталып, қазақстандық спортшылар алғаш­қы алтындарын еншiлеген күннен бастап қарапайым жанкүйерлердiң лебiзi әлеуметтiк желiлерде өлең болып өрiле бастады. Олимпиада чемпиондарына арналған өлеңдердiң бiрi көркемдiк тұрғыдан кедiр-бұдыр болып жатса, ендi бiрi “теп-тегiс жұмыр келген айналасы”  туындылар. 
“Қартайып” бара жатқан Еуропадан бiз өзiмiзге үлгi-өнеге етiп алмаған дүние қалмады. Аз ұлттардың қатарынан болсақ та, бала санын шектеу, әке-шешемен, ата-енемен стақан қағыстыру, тiзеден жоғары, қысқа көйлек кию, ата-ананы шау тартқан шағында қарттар үйiне тапсыру, ер балалармен бiрге темекi тарту, арақ iшу дейсiз бе, осының бәрi дәстүрiмiзге дендеп енгенi сондай, тiптi таңғалмайтын болдық. Серiктеспен босану туралы ара-тұра айтылғанымен, жағымсыз көрiнiстiң ортамызға қалай кiргенiн, оны өз адамдарымыздың жылдам қабылдағанын сезбей де қалдық.

“Өзектiге бiр келетiн өлiмнiң” барын ескерсек, қазiргi кезде аруақты ақтық сапарға шығарып салу да қып-қызыл шығын әрi бәсекеге айналды. Әр елдiң өз ғұрпы мен жөн-жоралғысы бар. Десек те, кеудесiнен жаны шыққан мәйiт ұлты мен жынысына қарамастан, қара жердiң қойнына жөнелтiледi. Әр ұлт өзiнiң ғұрпына сай жерлеу рәсiмiн өткiзедi. Дiни ұстанымына қарай, бұл жоралғының құны да қалалы жерде әрқалай екен. Тiршiлiгiнде қымбатшылық пен жетiспеушiлiктен қажыған “қарапайым аруаққа” дұрыс жерге “жату” оңай емес көрiнедi.

Өсектен кiм құтылған? Мүл­дем ешкiмдi өсектемеуге тырысқанның өзiнде, бәрiбiр екi адамның басы қосылған жерде өзара әңгiме өрбидi. Қуанышымыз бен қайғымызды бiреумен бөлiскен­де тұрған дәнеңе жоқ. Дегенмен кейде бiреудiң тағдырын талқылап тұрып, ол туралы өсектегенi­мiздi байқай бермеймiз. Шын мәнiнде, өсек бәрiне ортақ. Әйелдерге де, ерлерге де тән әдет бұл. Өмiрiңдегi жақсы жаңалық (мысалы, әлдебiр беделдi жарыста жеңiмпаз атандың) нашар жаңалыққа (құрбыңмен қатты ұрсысып қалдың) қарағанда, аз айтылады.

Қиялға бергiсiз әсем өмiр мен шылқыған байлық. Есеп­сiз ақшасы мен қымбат көлiгi бар кiсiлердiң күнделiктi күйбеңiн суреттейтiн сериалдар қазiр әрбiр қазақстандықтың тамашалайтын қызығына айналған. Алып-ұшқан сезiм мен жауапсыз махаббат құрбандары, соңында ба­қытқа қол жеткiзетiн кейiп­керлер кейде бiзбен бiрге күн кешiп жатқандай. Ауылды аймақтың халқына түрiктiң, кәрiстiң фильмдерi – әлдебiр маңызды шаруадай, уақтылы көретiн ермегi.

Лондон олимпиадасының чемпионы Серiк Сәпиевке
Көңiлiн “Серiгiм!” деп алаң қылып,
Күттi ме анаң да үмiт, далаң да үмiт.
Ширығып шаршы алаңға шықтың, мiне,
Намысын бар қазақтың жалау қылып!
Алтай Танабаев бапкер де елге жалғыз қола медаль олжалап қайтатын болды Лондон олимпиадасынан. ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына елiмiздiң балуандары арасынан төрт көзi түгел қатысқан да осы еркiн күрес мықтылары болатын. 1996 жылы Атланта олимпиа­дасында Мәулен Мамыровтың қола жүлдесiнен берi қазақтан шыққан балуандар чемпиондық былай тұрсын, жүлдеге қол жеткiзе алмай келген.