1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (15730) 16 тамыз, бейсенбі 2012
“Арқанкерген мен Ақсай шатқалындағы қылмысты бiр топ жасауы мүмкiн”
Ақсай шатқалында ажал құшқандардың саны он бiрге жеттi. Кейбiр ақпарат көздерi қаза болған он бiр адамнан басқа асқан айуандықпен кескiленген тағы үш адамның денесi табылғанын жазды. Алайда құқық қорғау органдары бұл ақпаратты растамады. Жоққа да шығармады. Қауiпсiздiк саласында ұзақ жылдар қызмет iстеп, зейнетке шыққан бiр азамат редакциямызға хабарласты. Аты-жөнiн айтқысы келмедi. Ол былай дейдi: “Мейлi, ол полицей болсын, мейлi, ҰҚК қызметкерi болсын, оларға “дiни алауыздық”, “экстремизм” деген жағымсыз атауларды мейлiнше айтпауға тырысу тапсырылған. Тiптi қаланың қақ ортасында экстремистiк топтың мүшелерi полицейлермен қиян-кескi атысып жатса да. Мұның себебi белгiлi.

Бүгiн билiктiң қыңыр саясатының кесiрiнен қуғынға ұшыраған оппозиция қайраткерлерi Серiк Сапарғали мен Владимир Козловтың және кәсiподақ мүшесi Ақжанат Әминовтiң соты басталды. Олардың бар “кiнәсi” – заңды еңбекақысын ала алмай, 7 ай бойы жалақысын талап еткен Жаңаөзендегi мұнайшылардың жағдайымен танысып, олардың сөзiн сөйлеуi. Билiктiң нұсқасы бойынша олар “әлеуметтiк араздықты қоздыр­ған”.

Ақын-жазушыларға, ғалымдарға, жалпы зиялыларға
Ү Н Д Е У
Дана бабаларымыз “Жаным – арымның садағасы” деген темiр­қазық бағыт ұстанған. Ант бұзған адамды қатаң жазалаған. Бүгiнде бұл асыл дiңгек қағидаттар өнеге ретiнде қолданыстан қалып барады. Бұған, бiр жағынан, ғасырлар бойы ұлтымызды езген, рухымызды жасытқан әдiлетсiз тоталитарлық жүйе, екiншi жағынан, қоғамымыздың келеңсiздiктерiне көз жұма қарайтын, билiктiң сойылын соғатын жалтақ, мансапқор, екi­жүздi зиялысымақтар кiнәлi.
ТМД елдерiнiң iшiнде алашапқынға түсiп, әлдебiр одақтарды жағалаған мемлекеттердiң ең белсендiсi Қазақстан деуге болады. Өзге мемлекеттер Кеңес одағынан еншiсiн алған сәттен-ақ тәуелсiздiгiн нығайтуға, ұлттығын қалыптастырып, елдiгiн дамытуға күш салды. Ал Қазақ елi баяғы құлдық сананың шеңберiнде айналсоқтап әлi жүр. Он алты миллион халқы бар мемлекетiмiз бiр жарым жыл бұрын Кедендiк одаққа мүше болып кiрдi.

Тамыздың 14 күнi 2012 жылғы бiлiм гранттарының тiзiмi “Егемен Қазақстан” мен “Казахстанская правдаға” жарияланды. Бұл күнi кейбiр ата-аналардың қуанышы қойнына сыймай қуанса, ендi бiрiнiң көңiлi су сепкендей басылды. Өйткенi олардың баласы бiлiм грантына iлiкпеген. Өкiнiшке қарай, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң өрескел қателiгi жүздеген талапкердiң жолын байлады. Ата-ана артқан сенiмдi әр бала шама-шарқы жеткенше әртүрлi атқарды. Оған талас жоқ. Әйтсе де Бiлiм және ғылым министрлiгi қазақ мектебiн бiтiрген қарадомалақтың құқығын қашанғы аяқ асты ете бередi?

Өтiрiкке әбден үйренiп алдық. Беттi тiлiп жiберсе, қан шықпайды. Жалған сөйлеген сайын, жанымыз кiре бередi. Қазiр қосшы да, басшы да өтiрiкке маманданып алғандай. Әсiресе, кейiнгiсiнiң қарқыны қатты. Айтқаны әшкереленiп, абыройы айрандай төгiлiп жатса да, бетi бүлк етпейдi. Сорақысы сол — олар өз өтiрiгiне өздерi сенедi. Сосын соған елтiп, есi шыққан елдi сандалтып қояды.

“КЕЙБIР ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАРУ-ЖАРАҚ ...ЛАЙЫҚСЫЗ ҚОЛДАНЫЛҒАН” ДЕГЕН ЕДI БАС ПРОКУРОР, соның салдарынан ғана 17 адам қаза тапқан...
Ашығын айтайық, бiздiң қоғам сол қалпында қалды. Ол “Тәуелсiз Қазақстан” деген сөз тiркесiнен немесе жаңа мемлекеттiк құрылымдардан емес, сол мемлекеттiң жауапты адамдарының ресми сөздерiнен де анық көрiнедi.

Нұрға толы Қазақстан. Нұр­Отан, НұрБанк, НұрАстана мешiтi, т.б. айта берсең көп. Ойлап қарасаң, бiз, яғни қазақ елi шынымен нұрландық па? Жоқ! Бұл НҰРсұлтан басшыға табынушылық, яғни табанжалаушылардың еңбегi. Теледидардан тiрi адамға көше есiмi берiлмесiн деп шенеунiктер сөйлейдi. Және сондай заң бар дейдi. Ал елордамыз Астананың қақ ортасынан тiрi Нұрсұлтанның ескерткiшiн қой­ғанды қалай түсiнуге болады? Әрбiр нәрсеге оның “НҰР” есiмiн қосу, бұл бiздiң шенеунiктердiң үйреншiктi жағымпаздығы.

Студенттер өз араларында ауылдық пен қалалық, жергiлiктi мен оралман деп бөлiнушiлiк жиi болмаса да, анда-санда байқалып қалатынын айтады. Алматыға Жамбыл облысы Мерке ауданы Тәттi ауылынан келген жас, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң (ҚазҰУ) студентi Ботагөз Таңатарова алғашында қалалық студенттердiң ауылдан келгендердi “бiлiмi, мәдени деңгейi төмен” деп есептеп, шеттетiп, бөлек жүруге тырысатынын көргенде таңғалғанын айта­ды. 
Ашылғанына бiр жыл болған “Я паркуюсь как осел” сайтында көшеге дұрыс қойылмаған мың жарым көлiктiң суретi iлiнген. Ендi бұл сайтқа жол полициясы да қызыға бастады.  Мамандығы программист Роман Слегин 10 жылдан берi көлiк жүргi­зедi. “Алайда машинасы адамынан аз емес Алматыда көлiктi дұрыс қою – үлкен проблема, мұны әрбiр көлiк жүргiзушiсi бiледi” дейдi ол. Автокөлiгiн қалай болса солай қоя салатын жүргiзушiлер жағдайды ушықтырады.

Ұлылардан ұлағат, өнеге алу үшiн олардың өмiрi мен шығармашылық өмiрбаяндарына үнемi қайта оралып, ой салатын тұстарын   жиi-жиi еске алып тұрсақ, бұдан ұтылмасымыз хақ. Ол ұрпақтар үшiн қажет. Бiздiң бүгiнгi рухани зәрулiгiмiздiң қажетiн молынан өтейтiн ұлы Мұхтар Әуезов мұрасының тағылымдық-тәрбиелiк тұсына осы мақсатта тағы бiр үңiлiп көрелiкшi. Осы ретте Мұхтар Әуе­зовтiң шәкiртi әрi әрiптесi болған Ысқақ Дүйсенбаевтың “Адам дегенiңiз осындай-ақ болар” деген естелiгiне көз жүгiртсек, бүгiнгi жастарға үлгi-өнеге боларлық жайттар молынан кездеседi:

“Адамзат өмiрiнде ежелден етек алып, кең тарағаны – жеке адамдарға, билiк иелерiне табыну культi. Мұндай культтiң негiзiнде әдетте идеялар (саяси, әлеуметтiк, тарихи, ұлттық) күрес жататыны да бар. Әр түрлi идеяларды (озық па, тозық па – бәрiбiр, әйтеуiр белгiлi бiр кезеңде қалың бұқараны соңына ерту үшiн туындаған) жалаулата ұстап, iлгерi бас­таған пассионар тұлғалардың қолына шектеусiз билiк тиген бойда-ақ

ҚЫЛМЫС ӘЛЕМIНIҢ АҚШАСЫНА КИНО ТҮСIРIЛIП ЖАТЫР
Әншi Михаил Кругты бiлмейтiн орыс жоқ. М.Круг ән айтқанда да жай әндердi айтпайды, “блатной” әндердi айтады. Қазақша қайырғанда, ұрылардың, бандиттердiң, өмiрден баз кешкен жанкештi­лер­дiң әндерiн айтады. М.Кругтың қаза болғанына да бiр жыл толды. Ресейдiң “Централ Партнершип” кинокомпаниясы М.Круг туралы көркемфильм түсiруге кiрiсiп те кеттi. Сценарийiн Илья Шиловский (әйгiлi, атақты сценарийст) жазыпты.
ШАРА ЖИЕНҚҰЛОВА – 100
Шара Жиенқұлованы қазақ оқығандары “Би падишасы” (“Царица танца”) деп атады. Мiне, бүгiн “Би падишасының” туғанына 100 жыл толып отыр. Шара Жиенқұлованың қазақ өнерiн өсiруге, дамытуға қосқан үлесi орасан зор. Дәл осы жерде мына бiр мәселенi айта кеткiмiз келедi. Қазiргi күнi бiздiң елiмiзде, яғни Қазақстанда Батыс музыкасын орындаушылар қатты қадiрленедi. Жоғары музыкалық оқу орындарының басшылары да – негiзiнен, осылар.
Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы асыл дiнiмiз Исламды ән арқылы насихаттап жүрген танымал әншiлер мен имандылық жөнiнде қалам тербейтiн қаламгер қауымға арнайы ауызашар бердi. Ауызашар дастарқанына белгiлi “Музарт” триосынан Сәкен Майғазиев, “Жiгiттер” квартетi, “Меломен”, “Серiлер”, “Раян” тобы, белгiлi сазгерлер Жарылқасын Дәулет, Ерғали Әбдiрайымов, талантты журналистер
19 ТАМЫЗ – ОРАЗА АЙТТЫҢ БIРIНШI КҮНI
Қадiрлi мұсылман бауырлар, құрметтi отандастар!  Мейiрiмдi, рахымды Алланың атымен бастаймын! Мiне, айлардың төресi, күллi мұсылман баласы үшiн қасиеттi Рамазан айымен қимай қоштасатын күнге де таяп қалдық. Елiмiздегi барша мұсылмандар күннiң аптапты ыстығына қарамас­тан, шiлде мен тамыз айын жақсы ниетпен, тақуалықпен, оразамен өткiздi. Кездескен қиындықтарға сабыр етiп, Жаратушы Иемiздiң разылығына ұмтылды.

Бiз қажылыққа барудың да қадiрiн кетiрдiк. Құдайдан қорқып емес, мақтаныш үшiн сапарлап келе салатын сияқтымыз. Қазiр баяғы Құнанбайдың заманындай емес, арып-ашып, айлап, жылдап жүретiн. Әуе компаниялары аяқ-қолыңды жерге тигiзбей апарып, алып келедi. Ақшаң болса қалтаңда, араб жерiнде талтаңда. Қажылыққа бару Абай атамыз айтатын “мақтаншақ, бекер мал шашпаққа” айналды.

ҚР президентi Н.Ә.Назарбаев мырзаға!
Өткен ғасырдың 20-30-жылдарында жаппай қудалаудан теперiш көрiп, шығыс беттегi қазақтардың бiрсыпырасы Қытай мен Моң­ғолияға, ал оңтүстiктегiлер Ауғанстан мен Иранға жан сақтау үшiн ел асып, үдере көшiп кеткенi шындық. Ал Қазақстан тәуелсiздiк алып, өз алдына дербес мемлекет болған жылдарда олардың едәуiр бөлiгi өзiнiң ата-жұртына қайтып орала бастады.
Кеңес одағы кезiнде аудан, қаланың бiрiншi, екiншi басшысы сырттан әкелiнетiн. Сонда осы хатшылар әрбiр актив, кеңес жиналыс­тарында “Параға ешқандай ке­шiрiм жоқ,” – деп құқық қорғау органдарының бастықтарына нұ­қып айтып қоятын. Бұл заманда не министр, не әкiмдердiң аузынан пара туралы сөз естiмеймiз. Шарасы қалмағандар ғана астыртын “тор” құрып, парақорды тұзаққа түсiрiп, кегiн қайтарады.
Бiздер, Кеңес өкiметiнiң уақытында бiлiм алған азаматтар, қазiргi қазақ тiлiнде жазылатын сөздердiң мағынасына көңiл бөлiнбей қалай болса солай жазылып жүргенiне қынжыламыз, ұяламыз. Әлемде екi сөзден тұратын қалалар мен жерлердiң аттары, адам аттары, егер әр сөздiң өз алдына мағынасы болса олар сызықша арқылы жазылады: Нью-Йорк, Золотая-Орда, Санкт­-Петербург, Улан-Удэ, Жалал-Абад, Сыр-Дарья.
Шымкент шаһарында “Белый медведь” сырасын “алкогольсiз” деп жарнамалаған билбордтар қаптап кеттi. Бiздi ең әуелi қызықтырған да “Алкогольсiз сыра бола ма?” деген сауал едi. Арнайы ашытылатын кез келген сыраның алкогольсiз болуы мүмкiн емес. Оның құрамында белгiлi пайызбен спирттiк компоненттер болады, — дедi облыстық наркологиялық диспансердiң токсиколог маманы Динара Шерметова сұрағымызға тоқетер жауабын бiр-ақ қайтарып.
ХАЛЫҚТЫҢ АҚШАСЫ ЖЫЛ САЙЫН ЖЕЛГЕ ҰШУДА...
...Жаныма маза бермеген ойдың жарыққа шығуына “Жас Алаш” газетiнде “Газеттi не күшейт, не таратып жiбер” (№57, 19 шiлде, 2012 жыл) деген мақала себепшi болды. Автор жал­ғыз өзiнiң жүрегiндегi емес, барша жұрттың көкейiндегi ой-пiкiрдi дәл айтқан. Айтылған жағдай бiздiң аудандық газетке де тән.
ГИТЛЕРДIҢ СУРЕТI БЕЙНЕЛЕНГЕН ШАРАПТАРДЫ САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Италиядағы Верон қаласының прокуратурасы барлық дүкендер мен мейрамханадағы, кафе-барлардағы шараптардың және сыралардың этикеткасын тексермекшi. Мұның төмен­дегiдей себеп-сыры да бар. Жақында американдық ерлi-зайыпты еврейлер Ит­алияға демалысқа келiп­тi. “Бiз үш күн Венецияда болдық. Өте жақсы демалдық. Содан кейiн осында келдiк.
Көңiлiм қалды достан да, туыстан да,
Мән қалмады дұрыстан, бұрыстан да.
Құдайшылық кеудеде қалмаған соң,
Қиын екен сөз-ләбiз тұрысқанға!
Жатырқаймын қазақты бөтенденген,
Ала шабдар әркiмнiң исi сiңген.

Лондон олимпиадасында кү­рес түрлерiнен (грек-рим, еркiн, әйелдер күресi) 18 салмақ дәрежесi бойынша тiгiлген 72 медаль үшiн балуандар белдестi. Жалпыкомандалық есепте Ресей құрамасы 4 алтын, 2 күмiс, 5 қола медальмен көш басына шықты. Екiншi орында – Жапония бал­уандары, олар 4 алтын, 2 қола медаль иелендi. Үздiк үштiктi 3 алтын, 1 күмiс, 2 қола медаль олжалаған Иран балуандары түйiн­дедi. Үш қола медальға қол жеткiзген Қазақ елiнiң балуандары 28 елдiң iшiнде 19-сатыға орнықты.

Жамбыл жерi қазақ атын әлемге әйгiлi еткен талантты спортшыларға бай өлке. Құрлықтық додалар мен әлем бiрiншiлiктерiнде топ жарған спортшыларды айтпағанда, төрт жылда бiр рет өтiп, төрткүл дүниенiң назары ауатын Олимпиада ойындарында жеңiм­паз-жүлдегер атанған жерлес­терiмiз – Жақсылық Үшкемпiров, Серiк Қонақбаев, Ермахан Ыбрайы­мов, Бақтияр Артаев, Болат Жұмадiлов, Ислам Байрамуков, Болат Ниязымбетовтердiң есiмдерi ел спортының тарихында алтын әрiппен жазулы

Қарағанды облысының әкiмi Әбiлғазы Құсайынов Қарағанды облысы, Абай қаласында туған боксшы Серiк Сәпиев Лондон олимпиадасында алтын медаль жеңiп алғанда сүлiк қара “Ленд Крузер 200” көлiгiн тарту ететiнiн айтқан. Өскемендiк жеңiл атлет, үш қарғып секiруден Лондон олимпиадасының чемпионы атанған Ольга Рыпаковаға Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаев