1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 65 (15731) 21 тамыз, сейсенбі 2012

Алматыда тағы атыс. Тағы дейтiнiмiз, осыдан бiр ай бұрын ғана бұл қаланың Қарасай ауданында полицейлер мен лаңкестер арасында үлкен қақтығыс болып, жұртты бiр дүрлiктiрген. Ендi мiне, тамыздың 17-сi күнi алматылықтар кезектi бiр атыстың куәсi болды. Бас прокуратура таратқан ақпаратта Алматы қаласы, Қарасай ауданына қарасты “Таң” саяжайында лаңкестердi ұстау операция­сы жүрген.
 

Тамыздың 16-сы күнi Ақтауда тiр­келмеген “Алға” партиясының бұрынғы жетекшiсi В.Козловқа, саясаткер С.Сапар­ғали мен А.Әминовке қатысты сот процесi басталды. Бiрден мемлекеттiк айыптаушылардың ығына қарай кеткен судья Бердiбек Мырзабековке сотталушылар мен олардың қорғаушылары наразылық келтiрiп, сот процесiн жүргiзуiне қарсы болды.

Жазушы – публицист Талғат Айтбайұлының “Бодандыққа түстiң бе, қайран елiм?!” Осылай деп зар төккен қоғам қайраткерi Сабыр Қасымовтың жанайқайына кiм құлақ түредi?!...” деген (“Жас Алаш” №61, 7 тамыз 2012 ж.) жазбасын бейжай отырып оқи алмайды екенсiң. Жан-дүниең егiлiп, езiлiп, еңсең түсiп оқисың.

Ақтаудағы қоғам белсен­дiлерi В.Козловтың, С.Сапарғалидың, А.Әминовтiң үстiнен қозғалған қылмыстық iстi қараған соттағы ахуалды бiр сөзбен түйiп айтуға болады: 37-нiң елесi қайта оралды. 1340 беттiк айыптау қорытындысын үзiп-жұлып оқып, әзер тәмамдаған прокурордың бет-жүзiне қарадық. Сан мәрте қайталап, нығарлап айт­қан “Конституциялық құрылымды күштеп өзгерту”, “әлеуметтiк араздықты қоздыру”, “ұйымдасқан қылмыстық топ құру” сияқты айыптаулардың табан тiрер негiзi жоқтығы өз алдына, соған кәдiмгiдей сендiрмек болып, өзi де сенгендей кейiп танытып, маңғазданғандай түрiн әлдекiмге ұқсаттық.

Дiн iстерi бойынша әкiмдiк өкiлi мемлекет­тiң мешiттердiң жұмысына араласпайтынын айтады, бiрақ “күллi Қазақстан мұсылмандары дiн туралы заңда көрсетiлген мазхабты ұстануы керек” деп санайды.

 

1920 жылы Мәскеуге Кирвоенревкомның №2043 мандатымен келген Әлiмхан Ермеков Қазақ өлкесiнiң жай-күйi һәм оның шекарасын белгiлеу мәселелерi туралы баяндама жасады. Сол кезде уыздай жап-жас жiгiт небәрi 19 жаста екен. Комиссияның жұмысына В.И.Лениннiң өзi басшылық жасайды. Әлiмхан Ермеков Столыпин реформасы салдарынан шұрайлы жерлерiнен айырылып,орыс батырақтарына басыбайлы құл болған қазақтардың тағдыр-таланын езiлушi таптың мұң-мұқтажын жоқтаймыз дейтiн большевиктердiң алдына кесе-көлденең тартады.

Нарықтық экономика еркiндiктерiн пайдаланып байыған жастардың бiрi кезiнде сантехник болып iстегенiн, ендi бiрi жұбайымен пәтерден-пәтерге тентiрегендерiн айтты.

 

Жақында бiр әлеуметтiк желiден қызықты мағлұматты көзiм шалды. Әлемнiң даңқты университеттерiнiң көпшiлiгiнiң өзiндiк ұраны бар екен. Ол ұрандарда оқуға келген сту­дент­тiң оқу, бiлiмге ұмтылысы мен өмiрге деген көзқарасына әсер ететiн сөздер жазылған. Расында, бұл бiздiң университеттерге де қажет дүниелер сияқты.

2012 жылдың 27 сәуiрiнде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХIХ сессиясында президент Н.Назарбаев Бiлiм және ғылым министрлiгi құрамында Жастар саясаты жөнiндегi комитет, ал өңiрлерде тиiстi басқармалар құру жөнiнде арнайы тапсырма берген болатын.

Миллиард теңгеден астам қаржы бөлiндi...  

Биыл да жастар саясатын жүзеге асыруға миллиард теңгеден астам қаржы бөлiндi. Бұл жөнiнде 2020 жылға дейiнгi мемлекеттiк жастар саясаты тұжырымдамасын талқылау бойынша республикалық жастар ұйымдарының көшбасшыларымен өткен отырыста ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жауапты хатшысы Әлия Ғалымова айтты.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер ғана қалды. Қазiр жастардың барлығы оқуға қызу дайындық үстiнде. Кейбiр жастар үшiн бұл уақыт студенттiк дәуреннiң соңғы күзi болса, кеше ғана мектеп бiтiрiп, жаңа өмiрге аяқ басқан жастар үшiн алғашқы студенттiк мерзiм болмақ. Адам үшiн ең тәттi, әрi ең қызықты, сондай-ақ, ең ұмтылмайтыны - осы студенттiк кезең.

19 шiлде мен 23 шiлде аралығында колледж бiтiрушiлерге арнал­ған кешендiк тестiлеу нау­қаны жүрген болатын. Әрине, асығыс қабылданған шешiмнiң арты дауға ұласпай қалуы мүмкiн емес. Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловтың мұндай “жаңалығы” барлық оқушыларды да, ата-аналарды да абдыратып тастады.

Алматы көшелерiнде көзге қораш билбордтар пайда болды. Секiргелi тұрған қойдың бей­несiнiң астына жазылған ескерту тiптен сорақы. “Адамдар жүргiншi жолымен өтедi. Қойлар ғана осылай жүредi” делiнген әлгi бил­борд­та. Бұл билборд көшеде жүру тәртiбiне қатысты iлiнген. Қазақ халқының төрт түлiгiнiң бiрi қойдың бұған не қатысы барын түсiнбедiк.

19 тамызда елiмiздiң 14 қаласында футболдан ел бiрiншiлiгiнiң 20-тур ойындары өттi. Алдымен елордалық “Астана” клубының өз алаңындағы iрi жеңiсi жайлы. “Астана Арена” стадионына жиналған 3 мың жанкүйер алдында астаналық клуб ойыншылары көсiлдi бiр. Алғашқы голды Димтриенко 12-минутта соғып, қанжығасын майласа, Остапенко төрешiнiң бiрiншi таймға қосқан қосымша уақытында нәтиженi еселей түстi. 54-минутта – Кояшевич, 78-минутта – Қонысбаев, Шахметов 90-минутта есептi ұлғайтты.

 

Кеше ҚР Спорт iстерi және денешынықтыру агенттiгiнiң төрағасы Талғат Ермегияев ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында топ жарып жүлде алған спортшылардың жеке бапкерлерi мен ұлттық құраманың бас бапкерлерiн мемлекеттiк наградалармен марапаттады.

Билл Шенкли – футбол командасын жаттықтырушы ретiнде өзiндiк қолтаңбасын қалдырған тұлға. Оның аты жалпақ жұртқа ағылшын футбол клубы “Ливер­пульдiң” жаттықтырушысы ретiнде жақсы танымал. Ол екiншi дивизиондағы ойыншыларды аса шебер футболшы етiп, одан Англияның ең мықты командасын жасақтады. “Ливерпульдi” әлемге танытқан да, үлкен жетiстiктерге жетуiне ықпал еткен де – осы Билл Шенкли болатын.

Қарағанды облысының әкiмi Әбiлғазы Құсайынов қаладағы бокс орталығы ендi боксшы Серiк Сәпиевтiң есiмiмен аталатынын айтты. Сондай-ақ Сәпиев пен оның бапкерi Александр Стрельников “Қарағанды облысының құрметтi азаматы” куәлiгiн де алды.

 

Өткен сенбiде Сыр елi Лондон олимпиадасында өнер көрсеткен перзенттерiне сый-құрмет көр­сеттi. Ел саңлақ ұл-қыздарын ұлықтады, тұманды Альбионға аттанған 5 спортшыны жерлестерi төбесiне көтердi. Әдеттегiдей қошемет-құрмет әуежайдан басталды. Жиналған жұртшылық осыдан төрт жыл бұрынғы Бейжiң олимпиадасынан зiлтемiршi Ильяның алтынмен оралған сәтiн еске түсiрiп жатты.