1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (15732) 23 тамыз, бейсенбі 2012
ҰЛТШЫЛДАРМЕН КҮРЕСУДIҢ ЖАҢА НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Кеше қоғамдық ортада танылып қалған бiр топ белсендiлердiң бастауымен арнайы анти­фашистiк комитет құрылды. Олардың мақсаты – қазақстандық ұлтшылдардың ашық фашистiк ұрандарын бақылап, оларға барлық қолжетiмдi заңды жолдар арқылы әрекет ету. Фашистер деген кiм? Көп­теген сарапшылар мен ойшылдар мұның түсiндiр­месi мен тұжырымын әртүрлi үлгiде, алуан негiзде келтiр­ген. Алайда теориялардың басым көпшiлiгi фашизм мен ұлтшылдықты шатастырудың, оларды бiр ұғым етiп көрсетудiң негiзi жоқ екенiн дәлелдейдi. Тiптi мұны ақы­мақтыққа телитiндер де жоқ емес. Фашизм бұл – басқарушылық үлгiсi, ал ұлтшылдық бұл – идеология деген теория бар. Сонда әлгi комитет кiмдермен күреспек?
ЯДРОЛЫҚ ОТЫН БАНКIН САЛУ ТЕРРОРИЗМНЕН ҚОРҒАНУДЫҢ ҮЛГIСI ЕМЕС
Семей полигонынан зардап шегiп, әбден зәрезап бол­ған қазақ халқының басына кезектi дерт төнгелi тұр. Оған дауа болуға тиiс билiктiң өзi бұл дерттi асқындыруға бел шешiп кiрiскен. Өткен аптада “Қазатомөнеркә­сiп” ұлттық компаниясының басшылары Халықаралық ядролық отын банкiне Үлбi металлургия зауыты лайықты деп танылғаны жөнiнде хабарлады. Бұл кәсiп­орын­ның қауiпсiздiгi барлық стандартқа сәйкес келедi-мыс.

Ақтау қаласында өтiп жатқан саясаткерлердiң соты 21 тамыз күнi түске дейiн жалғасты. Сотқа арнайы сарапшы мамандар шақырылды. Олар айыпталушы Владимир Козлов, Серiк Сапарғали, Ақжанат Аминовке тағылған айыптарды сараптап, сотта куәлiк бердi. Бұл үш азаматқа тағылған айыптар өте ауыр

Кеншiлер қаласында кейiнгi кезде көзге түсiп жүрген кейбiр келеңсiздiктердi көргенде осындай сауал ерiксiз ойландырады. Кейде тiптi тоқыраудың топанына тұншыққан тоқсаныншы жылдар қайтып оралғандай күй кешесiң. Сәтбаев қаласының шеткi аймақтарын түнде түнектiң басып тұрғанына көз үйренген. Оған онша алаңдамайтын да едiк. Ал орта тұсында осындай жағдай болса, “Мынау тегiн емес.
Өткен аптаның сәрсенбiсiнде түс ауа ұялы телефоным “ұлып” қоя бердi. Қарағандыдағы құдай сақтап тұрғындары құлаған үйдiң астында қалмаған “Бесобадан” екен. Қазақшасы кенжелеу көрiндi, орысшасынан ұққаным: тұрғын үйге қатысты жергiлiктi билiктiң шешiмiне қанағаттанбағандар аштық жариялап жатқан көрiнедi. “Бесоба” таңдаулы (“элитний”) тұрғын үй кешенiндегi бес қабатты №7 үй үлескерлердiң қаржысына салынып, 2009 жылы пайдалануға берiлген. Биыл 1 сәуiрде сол үйдiң iргетасынан шатырына дейiн жарылып, тұрғындарды әбiгерге салды.

Қазаққа бұрыннан өзiнiң арам пиғылымен белгiлi Своик дейтiннiң “...государственным языком в Казахстане является русский. В том числе, благодаря необратимо состоявшемуся русскоязычию казахских элит. Казахский же язык, исходя из тех же реалий, рано или поздно придется превращать во второй” деген сөздерiн жеке адамның пiкiрiне саюға болар едi. Өкiнiштiсi, бұл пi­кiрдiң арғы астарында тарихи, саяси, әлеуметтiк құбылыстардың, тамыры терең iндеттiң   көрiнiсi жатыр.

Қазiр Қазақстанда ұлт мәселесiмен айналысатын 40-50-ге жуық ұйым, қозғалыстар бар екен. Және өздерiнiң атаулары да керемет: “Ұлт тағдыры”, “Желтоқсан ақиқаты”, “Ұлы дала қырандары”, “Құқықтық Қа­зақстан үшiн”, “Азат”, “Алға”, “Тәуелсiздiктi қор­ғау”, “Бiр­лiк”, “Әдiлет” дейсiң бе, әй­теуiр кемi жоқ. Бiрақ осылар қай ұлттың мәселесiмен айналысып жүр екен деп ойлайсың кей кезде.

Олимпиадада Қазақстан жетi алтын, бiр күмiс, бес қола алды. Бұл – елдiң спорт тарихындағы iрi жеңiсi. Ал мамандар осы тұста Қазақстанда “этникалық” және “азаматтық” ұлтшылдық қатар байқалды дейдi. Саясаттанушы Рүстем Қадыржановтың айтуынша, олимпиада кезiнде Қазақстан тұрғындары жүлде алған спортшылардың ұлтына назар аудармай, олар әкелген жүлделерге риясыз қуанып, ортақ жеңiс ретiнде қабылдады.  

– Front Line Defenders – әлемнiң түкпiр-түкпiрiнде басын қатерге тiгiп жұмыс iстеп жүрген құқық қорғаушыларды қорғайтын ирландиялық ұйым. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын мұндай акциялар –  адам құқықтары үшiн күресiп жүрген жандардың проблемаларына қоғам назарын аудару амалы. Ал бiздiң науқан Роза Төлетаеваға ғана емес, әлемнiң басқа елдерiн­дегi өмiрiне қауiп төнген 15 құқық қорғаушыны қорғауға арналған

Әңгiме
Тоғайлыдағы тосын оқиға талайлардың төбесiне жай түсiргендей болды. Жастар арасындағы түнгi төбелестен төрт бiрдей көкөрiм жас набат болды. Екi жасөспiрiм жансақтау бөлiмiнде жатыр: адам болары белгiсiз, күнi бiткен адамдай көздерi ажалкөктенiп кеткен, ештеңенi сезбейдi. Кеудесiн­де жаны бар демесенiз, тiрi өлiктiң өзi. Осы оқиғаға орай Тұрардың баласының қолына да кiсен салынды.

Тарихи дерек көздерiне үңiлсек, Батыс Түрiк қағандығының бастапқы қонысы Iле, Шу және Талас өңiрлерiн қамтыған екен. Батыс Түрiк қағандығының саяси орталығы түрлi мезгiлде Шу өңiрiндегi Суябта, Баласағұнда және Меркеде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаған саяси өмiрдiң куәсi болды. 840 жылы Қашқар аймағында өмiрге келiп, iзiн ала Iле мен Шу өзенi аралығын, сонан соң Талас бойын өзiне қаратып, осы өңiрде Ислам дiнiн қабылдап, 

ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевтың назарына!
Бiздiң балаларымыз Алматы қаласы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдете оқытатын мектеп-интернатта оқып келдi. Олар жыл сайын халықаралық олимпиадаларға қатысатын. 2011 жылдың желтоқсан айында балаларымызға “Грециядағы Родос аралында өтетiн ғылыми жобалар жарысына қатысасыңдар” дейдi және мұны мектеп-интернаттың ғылыми жобалар жөнiн­дегi
ДӘСТҮРЛI МӘДЕНИЕТ ПЕН ДӘСТҮРЛI ӨНЕРДI ӨРIСТЕТУ ҮШIН
Қытайда дәстүрлi мәдениет пен дәстүрлi өнердi өрiстету үшiн телевидениедегi көпшiлiктiң көңiл көтеруiне арналған ойын-сауық бағдарламаларын 3 есеге қысқартты. Ал ендi бұл қысқарған бағдарламалардың орнына не көрсетiледi? Ақпарат, дәстүрлi мәдениет, дәстүрлi өнер, салмақты сұхбаттар...

Оңтүстiк Қазақстан облысының мұғалiмi Серғазы Әбiлмажановтың “Мұғалiм байғұсты қашан­ға дейiн қолжаулық етер екенбiз...” (№53, 5 шiлде, 2012 жыл) атты мақаласы жарық көрген едi. “...Мұғалiмнiң беделi бiр жағынан көтерiлсе, бiр жағынан төмендетiлiп жатыр. Мысалы, мұғалiм қолжаулық сияқты. Көше тазалайды, сайлау кезiнде көше аралап, сайлаушыларды жинайды, жыл басында мал-жан түгендейдi. ...

Жасыратын түк жоқ, қазiргi күнгi қазақ зиялылары ұлтқа қызмет етудi үйрен­бе­й-ақ келедi: орысқа қызмет етедi, орманға қызмет етедi, партияға қызмет етедi, өкiметке қызмет етедi, ақшаға қызмет етедi, басқаға қызмет етедi және т.т. Ақселеу Сейдiмбек ұлтқа қызмет еттi және өзгелерге ұлтқа қызмет етудiң үлгiсiн көрсете бiлдi. Егер арамызда аман-сау жүрсе, бүгiн Ахаң 70 жасқа толатын едi...

Ең әуелi бiздiң оңтүстiкте қағытпаға айналған ащы әңгiменi айтпасқа тағы болмас. Тойханасы бар бiр өзбектiң қыз ұзату қуанышын үйiнде өткiзiп жатқанын көрген жұрт “тойыңды неге өз тойханаңда жасамадың?” дегенде, әлгi өзбек “менiң тойханам қазақтардан бiр күн де босамайды” деп жауап берген екен. Бiзден экономикасы, күн көрiсi әлдеқайда төмен деп есептелетiн Өзбекстанда соңғы кезде бiр тойда ұлын да үйлендiрiп, қызын да ұзата бередi екен деп естiп жүрмiз

Боладысы қызық болып, дақпырты асқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындары да тарих қойнауына кеттi. Ғасырдан аса уақыт үздiксiз өткiзiлiп келе жат­қан доданы осымен үшiншi мәрте қабылдаған британдықтар барын салып ұйымдастырды. Одан кейiн биылғы Лондон олимпиадасы тарихта ең көп қаржы шығындаған дода болып қалды. Осынау құны қымбат бәсекеге қазақ елiнен 115 атлет қатысқаны, бұрын-соңды болмаған толайым табысқа қол
АЛДЫҢҒЫ ЛЕКТЕ
“Астана” велоклубының шабандозы Асан Базаев “Вуэльта” көп­күндiгiнiң төртiншi ке­зеңiнде мәреге үшiншi болып жеттi.
Баракальдо мен Вальдескарай арасын жал­ғайтын 160,6 шақырымдық күре жолмен жүйт­кiген жүйрiктер арасынан австралиялық Симон Кларк қара үзсе, екiншi болып немiс Тони Мартин келдi.