1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (15733) 28 тамыз, сейсенбі 2012
НЕМIС БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ШЕШIМI АСТАНАҒА ҮЛГI БОЛСА ИГI
14 тамыз күнi жапон университетiнiң ғалымдары Фукусима-1 атом электр станциясында болған апаттың қоршаған ортаға келтiрген зардаптарын зерттей бастады. Зерттеудiң алғашқы қорытындылары радиация тараған аймақты мекен­дейтiн кейбiр жәндiктердiң мутацияға ұшырағанын көрсеткен. Осыған қарамастан қазба байлықтарға аса бай емес Жапон мемлекетi АЭС-тен бас тартқан жоқ. Тiптi АЭС салуды көбейте­тiнiн айта бастады. Ал өткен аптада Германия толықтай АЭС-тен құтылуға бел байлады.

“...Бүгiнгi жиында көптеген баяндама жасалды, бiрақ негiзгi сұрақ әлi естiлген жоқ. Ол не сұрақ? Ол: полигон орналасқан жер қабаттары мұқият зерттелдi ме? Қырық жыл бойғы сынаудың зардабы қандай? Сынау басталған кезде бәрi де бұлыңғыр болды. Не екенiн түсiну мүмкiн емес-тi. Академик Сайым Балмұханов жаңа айтып өткендей, бұл жерде мыңдаған, миллиондаған тажал жасырын жатыр. Олар жер бетiне шыққанда не күй кешемiз?

Ақсай шатқалындағы оқиғаны АҚШ таспаға түсiрiп алыпты, Арқанкергенде не болғанын Қытай көрсетер, бәлкiм? Тамыздың 12-сiнде Алматының iргесiндегi Ақсай шатқалында болған қанды оқиғаны АҚШ-тың GeoEye-1 ғарыш аппараты “ойда-жоқта” түсiрiп алыпты. Мұны iшкi iстер министрi Қалмұхамбет Қасымовтың өзi мойындады. Ол былай дедi: “Иә, дәл сол кезде (Ақсай шатқалында 12 адам ажал құшқанда – ред.) ғарыш аппараттарының бiрi ұшып бара жатыпты. Бiз олардан түсiрiлiмдердi алдық.  Одан көргенiмiз – қорықшының үйiнiң жанында көлiктер әрлi-берлi жүрдi. Ендi бiр көлiк қозғалған жоқ. Мiне, бiз осыны байқадық. Бұдан кейiн бiзге сол жерден жемiс-жидек, саңырау­құлақ терген адамдар келiп, көрген-бiлгенiн айта бастады.
ПРЕЗИДЕНТ СӨЗIНIҢ ЖЕРДЕ ҚАЛАТЫНЫН БIЛЕТIНДЕР ИГЕРIЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҮШIН ЖАУАП ТА БЕРМЕЙДI
Бюджет қаржысына қатысты дау шыққанымен, “жабулы қазан жабулы күйiнде” қалды. Парламент қабырғасында мәжiлiсшi М.Тiнiке­ев болса “надоело уже” деп күңкiлдеуден әрiге аспады. Ал әрiптестерi оны қолдап, ел қаржысына сұрау салудың орнына, ұсақ мәселенiң айналасынан шықпады.

Кеше ұлттық баспасөз клубында Қазақстанның барлық аумақтарына арнайы экспедиция жасап, елiмiздiң шалғай аумақтарына сапаршылап келген Мұхтар Тайжан, Геройхан Қыстаубаев және көлiк жүргiзушiсi Руслан Тәжиев арнайы баспасөз мәслихатын өткiздi. Алтай мен Атырау, Ертiс пен Сырдария жерлерiн түгел қамтыған азаматттар саяхаттан алған әсерлерi, халықтың хал-жағдайы, ауыл тiршiлiгi туралы сөз еттi.

Кеше Ақтауда саясаткерлер Владимир Козлов, Серiк Сапарғали және кәсiподақ мүшесi Ақжанат Әминовтiң үстiнен қозғалған iс бойынша сот отырысы қайта жалғасты. Сот барысында Алматыдан арнайы келген сот сараптамалары институтының бас сарапшысы Нағима Әбiшева жауап бердi. Ол саяси қайраткерлердiң жиындарда сөйлеген сөздерi, телефон әңгiмелерi мен Skype байланыс желiсiнде сөйлескен сөздерiне психологиялық-филологиялық сараптама жасаған.
Әзiрге фильмнiң көпшiлiк алдына шығатын мерзiмi ғана белгiлi. Түсiрушi­лер актерлердiң аты-жөндерiн де жасырып отыр. Өткен жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сәби кезiнен бозбала шағына дейiнгi өмiрiн қамтыған “Балалық шағымның аспаны” атты фильмнiң тұсауке­серi болып, дүкендерге дискiсi де түскен едi.  Фильмнiң режиссерi Рүстем Әбдiрәшев ендi прези­денттiң жастық шағын түсiруге кiрiстi.

 

Қазақтың дәстүрлi әнiндегi қарсылық билеушiлерге, орыс, қытай отаршылдығына арналса, алаш кезеңiндегi әндерде “атқа мiнуге”, яғни саяси көтерiлiске шақыру басым болды. Ал тәуелсiздiк кезеңiнде туған қарсылық әндерi қандай? Қазақстан  тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiн қазақ қоғамы бiр сәт өткенге сын көзқараспен қарағандай болды. Осы кезеңде өткендi қаралау, заманында бет қаратпаған

Әдiлдiк iздеп, араша сұрайтын хаттарға “Жас Алаштың” қоржыны қашанда лық толы. Солардың арасында Сарысу ауданынан “Қарындастың ары тапталып, абыройы төгiлгеннен асқан күйiнiш, ауыр қайғы болмас. Өрiмдей қыздың өмiрi өксiп, өкiнiштен өзегiмiз өртенiп тұрғанда дәрiгерлер мен тергеушiлердiң iсi жығылғанға жұдырық болды. Сиырқұйымшақтанып бара жатқан қылмыстық iстiң соңы жылы жабылып кете ме деп қауiптенемiн.

Қызылордадағы биылғы облыс мұғалiм­дерi­нiң тамыз кеңесi жылдағыдан өзгеше өрiлдi. Бiлiм беру iсiндегi өзектi мәселелер төтесiнен қойылды. Бұрындары мұндай жиынға амалсыз келген директорлар ұйқыларын қандырып шығатын. Кешегi кеңес ол дәстүрдi түбегейлi өзгерттi. Облыстың бас мұғалiмi Абзал Сансызбайұлын бiраз жылдар бедерiнен бiлемiз.
Биылғы жылдың 11 мамырында Павлодар облысының Тереңкөл ауылында жергiлiктi ингуш ұлтының басбұзарлары мен қазақ жастарының арасындағы қақтығыста 23 жасар Дархан Мұқажанов атты жiгiттiң қайтыс болғанын хабарлағанбыз (“Жас Алаш”, 22 мамыр, №40).  Бiздiң сол сапарымызда аудандық полицияның бастығы Серiк Аманжолов: “Қылмысты әрi кетсе бiр аптаның iшiнде ашамыз, өзiм арнайы хабарласам”, – деп уәде берген.
Тамыз айының 7-сi күнi Ресейдiң “Московский комсомолец” газетi белгiлi музыкант, “Машина времени” тобының жетекшiсi, тележүргiзушi Андрей Макаревичтiң ел президентi Путинге жазған ашық хатын жариялады. Хатқа себеп болып отырған мемлкеттiк жүйенi жайлап алған жемқорлық пен тағы да сол атың өшкiр “откат” екен. Аталмыш хаттың кей жерлерiн қазақшаға аударсақ, былай дейдi:

Бiз Сұлтекеңмен қазақ телерадио комитетiнiң Әде­би-драмалық хабарлар бас редак­ция­сында да, тұңғыш құрылған Тiл комитетiнде де қызметтес болдық, қамқорлығын көрдiк, алмағайып кезеңдi бiрге көтерiстiк. Ол бiрiншi басшы болды. Сол кездегi қажымас қайрат-жiгерiне, шешiмталдығы мен адалдығына, ұлт мүддесi жолында басын бәйгеге тiгетiн ерлiгiне күнi бүгiнге дейiн тәнтiмiз. 1997 жыл – жалпы халқымыз үшiн, әсiресе, Сұлтан Оразалы сияқты қайтпас қайраткерлер үшiн өте қолайсыз жыл болды.

Батыста бiлiм алған Саматтың ғылыми қызметкер болып жұмысқа орналасқанына жарты жылдан ғана асқан. Мұндағы тiрлiктiң бәрi ол үшiн мүлдем жат, бөгде. Көрер көзге ұрып тұрған кереғар дүниенiң бәрi мұнда қалыпты құбылысқа айнал­ғандай. “Мынасы ендi болмайды” деп iшкi түйсiгiмен сезiнген нәрселерi болып кетедi. Ке­рiсiнше, дұп-дұрыс жасалған дүниесi алға баспайды. Бар дүние төңкерiлiп тұрғандай. Мұндағы тiрлiктi екi аяғыңмен жердi тiреп тұрып қарасаң – ұқпайсың.

Иненiң көзiнен өтiп кететiн бiр пысық iнiмнiң арқасында бiр дөкей көкемiздiң тiлiн та­уып, жақсылап сыйлап, аузын майлап дегендей, тұрақты айлығы бар, майлығы мен шайлығы бар жұмысқа орналастым. Кедей бай болсам дейдi, бай құдай болсам дейдi. Текенi жезде деп, ешкiнi апа деп жүрiп, қызметiм бiраз өстi. Негiзгi мамандығымның қазiргi жұмысыма түк қатысы жоқ, жалпақ тiлмен айтқанда, жетi қайнаса да сорпасы қосылмайды
ИТТIҢ ЕТI
Орта жастағы әйел ет дүкенiне кiрдi.
– Сиыр етi де, шошқа етi де, қой етi де таусылып қалды. Тек иттiң етi ғана бар. Оның өзi төменгi сорт, жетiншi категория... – дедi дүкеншi.
– Қайтемiз, иттiң етi болса да екi кило өлше ендi.
Иттiң етiн алып үйiне кеткен әйел бiраз уақыттан кейiн қайта келдi:
АЛТЫН БАЛЫҚ БАР ЕКЕН
Балық аулап күнелтiп жүр­­ген қытайлық азамат аяқ астынан миллионер боламын деп ойламаса керек... “Бахаба” деп аталатын теңiз жануарының етi денсаулығына пайдасы мол. Сондықтан бұл балық Қытай медицинасында аса құнды. Сонымен қатар теңiз жануарының бұл түрiн ұстау оңай емес. Осыдан екi жыл бұрын ұсталған осындай ба­лық аукционда 3,45 миллион юаньге бағаланыпты
Алтай Танабаев баптайтын еркiн күрес балуандары Лондон олимпиадасынан жалғыз қола медальмен оралды. Елден барған жетi балуанның iшiнде 55 келi мен 60 келi салмақтағы екi спортшыдан бәрi толағай табыс күттi. Себебi былтыр Стамбулда өткен әлем чемпионатында Дәулет Ниязбеков пен Дәурен Жұмағазиев қола жүлде иеленген болатын. Дәулет Лондон кiлемiндегi белдесулерiн тәуiр бастап, жол ортаға дейiн жығылмай жеткен.
26 тамызда елiмiздiң 7 қаласында футболдан ел чемпионатының 21-тур ойындары өттi. Керекуде “Ертiс” талдықорғандық “Жетiсу” клубына қарсы ойнап, 3:0 есебiмен ұтты. 25-минутта Шабалин есеп ашқан соң, Бақаев 45,47-минуттарда екi гол тоғытып кеттi. Қостанайда “Тобыл” “Ақтөбенi” еңсере алған жоқ, ойын тең есеппен аяқталды. Примус 13-минутта қанжығасын қандап, қонақтарды алға шығарған.
БIЗДIҢ ОЛЬГА ӘЛI ДЕ АЛДА
Үш қарғып секiруден Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен “Гаухар лиганың” 12-кезеңiнде қола медаль иелендi. Рыпакова алғашқы мүмкiндiгiнде 14,34 метрге орғып, екiншiсiнде 14,27 метр нәтиже көрсеттi. Бұл кезеңде ресейлiк Ольга Саладуха