1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15734) 30 тамыз, бейсенбі 2012

Бiр күннен кейiн жаңа оқу жылы бас­талады. Өкiнiшке қарай, оқу жылы ғана жаңарады. Ал елiмiздегi бiлiм беру саласында ауыз толтырып айтарлық жаңару да, тазару да болмайды. Әрине, министрлiк қолға алған қағаз жүзiндегi кейбiр жаңалықтар бар. Әйткенмен ол реформалардың бiлiм саласына еш пайда жоқ. Сөзiмiздi ә дегеннен жағымсыз пiкiрмен бастауымызға Бiлiм министрi Бақытжан Жұмағұловтың соңғы кездерi әсiре белсе­нiп, “тың жаңалық” ашуы түрткi бол­ғанын жасырмаймыз. Сауатсыз елдiң iлгерi қадам баспайтыны бесенеден белгiлi. Осыны ескерсек, бiздегi бiлiм жүйесiнiң жүгенсiздiгi кез келгенiмiздi алаңдатуға тиiс. Бiлiм министрлiгi дайын тұрған мектеп бағдарламасын шетке ысырып, шетелге елiктеп жаңа оқыту жүйесiн енгiздi.

НЕМЕСЕ АТЫ БАР ДА... ҚАҚЫ ЖОҚ АТА ЗАҢ
Бүгiн – ерекше күн, Қазақстан Республикасының Конституция күнi. Ата заң алдында бас ию, оны құрмет тұту – кез келген елдiң кез келген азаматының мiндетi. Мен де солардың қатарындамын. Бiрақ сол Конституцияның бүгiнгi болмысы қандай? Неге жұрт өзiнiң ең басты Заңын бiлмейдi? Нелiктен “оны өзгертуге болмайды!” деп алып, билiктiң өзi оған дүркiн-дүркiн өзгерiстер енгiзе бере­дi? Бүгiнгi әңгiмем сол туралы.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСIПКЕРЛЕР МҰНЫ ЕНДI АШЫҚ АЙТА БАСТАДЫ
“Кедендiк одақ Қазақстан үшiн өте пайдалы әрi табысты болмақ. Алдағы уақыттарда байлыққа қарық боламыз. Ресей және Беларусь өндiрушiлерiмен бәсекелесуге Қазақстанның шамасы жетедi”. Билiктiң осы тектес ұрандарының күлiнiң көкке ұшатын түрi бар. Тiптi Кедендiк одақтың салдарынан отандық кәсiпкерлер банкротқа ұшырап, бар кәсiбiнен айырылып қалуы да мүмкiн.

Ақтау қаласындағы қоғам қайрат­кер­лерiнiң соты күн өткен сайын шиеленiсiп барады. Сотты халықаралық бақылаушылар, адам құқығын қорғау ұйымдары жiтi қадағалауда. Журналистер мен блоггерлер сот процесiн жарыса жариялауда. Айыпталушы үшеудiң ұстанған бағыттары үш түрлi. В.Козлов өзiне тағылған айыптардан үзiлдi-кесiлдi бас тартса, С.Сапарғали кiнәларын жартылай мойындайтындығын, ал А.Әминов прокурорлардың өзiне таққан айыптарын толықтай мойындайтындығын айтты.

Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы оппозициялық саясаткерлер Владимир Козлов пен Серiк Сапарғали, азаматтық белсендi Ақжанат Әминовке байланысты өтiп жатқан сот жайлы есебiн жариялады. Ұйым “әлеуметтiк араздықты қоздырды”, “мемлекеттiк құрылымды күшпен өзгертпек болды”, “қылмыстық топ құрды” деп айыпталған азаматтардың сотында бiрнеше рет заң бұзылғанын айтады.
Тамыздың соңғы жексенбiсi — Шахтер күнi. “Кеншi даңқы” монументiн ашу жұмаға жоспарланды. Жоспарланғанымен, жүйелi жұмыс жүргiзiлмегенi көрiнiп тұр. Сәулеттендiру салдыр-салақ жасалған, асфальттың өзiн сол күнi төсептi. Ол аяққа жабысып, жиналған жамағаттың жүйкесiн жұқартты. Сол күнi түс ауа өндiрiс озаттарының өкiлдерi Кеншiлер мәдениет сарайына жиналды.
ТҮГIСКЕНДЕГI ЖЕР ДАУЫ ҚАШАН БIТЕДI?
Алақандай ауылдың алатайдай бүлiнбегенi керек бiзге. Түгiскенге айналып соққандағы мақсат осы. 6000-ға жуық тұрғыны бар елдiмекеннiң ертеңi алаңдатарлықтай. Ағайынның тұрмысы төмен, үлкен-кiшi жұмыссыз. Бар жұмыстың кескiнi анау. “Түгiскен тәжiрибе шаруашылығы” ЖШС-iн айтамыз да. Бұл мекеменiң жуық арада бағы ашыла қоймайтынын сәуiрдегi сапар барысында-ақ сезгенбiз. Бiрлiгi бұзылған ұжымда береке болсын ба?!

“Қазақстандағы антифашистiк ұйым” деген жұмбақ тiркестiң өзi – осы сөздiң мағынасына үңiлуге тырысқан адамды үреймен шырмап тастайды екен. Көз алдыңа ерiксiз тарихта қанды iзiн қалдырған Гитлер мен Муссолини келедi. Аллаға шүкiр, Қазақстанда жұрт тыныш, ел аман, сан ұлт кең­пейiлдi қазаққа риза көңiлмен жарасымды тұрып жатыр. Сонда ашық күнде қара бұлтты төндiрiп атой салу кiмге қажет болды екен?

ХХ ғасырдың қайшылыққа толы тұлғаларының бiрi – Иосиф Сталин. Қазiргi ұрпақ оны зұлым, қанышер, диктатор деп таныса, өз заманының адамдары Сталинге құдайша табынғанын бiлемiз. Тiптi өлгеннен кейiн де халықтың оған деген құрметi ересен болған. Сталин уақытының қазiргi көзi тiрi куәгерлерi оның КСРО секiлдi алып империяны билеп тұрып, жал­ғыз ғана кительмен кеткенiн мақтанышпен әңгiмелейдi.

ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ КЕЗЕКТI ҚҰРЫЛТАЙЫНА ОРАЙ
Менiң өз басымды дәл қазiр қазақ ақын-жазушыларының әрiден емес берiден ойлап, күрделi мәселелерге терең бойламай, бетiнен қалқып, үстiртiн қарайтыны қатты қынжылтады...  Жазушылар одағының өткен пленумында Н.Оразалиннiң жасаған баяндамасын, жазушылардың сөйлеген сөздерiн мұқият оқып шықтым. Төрағаның баяндамасы “

Биылғы шiлде айының ортасынан бастап Алматыда жол жүру бағасы отыз теңгеге қымбаттап, сексен теңгенi құрады. Бас мүфти Ә.Дербiсәлiнiң имани өтi­нiшi де ескерiлмей, қасиеттi ораза айында алматылықтарды қымбатшылықтың қамыты қыса түстi. Жолақының қымбаттауын әр түрлi себеппен байланыстырып баққан Алматы қалалық жол көлiк басқармасының өкiл­дерi ақырында “көлiк тасымалдау бойынша қызмет көрсету сапасы жақсарып, қалалық бағыттағы

Жұрт дабыл қағып дабыра етiп жүрген пара деген пәлекеттiң не екенiн биыл бiлдiм. Дипломымды алған соң, мамандығым бойынша жұмыс iздестiре бастадым. Мен есiгiн қаққан бiр де бiр мектеп жұмыс­қа шақыра қоймады. Табанымнан таусылып, қаладағы бар мектептi аралап шықтым десем, өтiрiк болмас. Қайсысына барсам да, “орын жоқ” деп шығарып салады. Сөйтiп жүргенде курстас құрбым жұмысқа тұрудың жолын айтып, жөн сiлтедi.

Ауыл тәлiмiн көрiп, ауылдың тәрбиесiнде тербелген бiздердiң қай-қайсымыз да қай жырақта жүрмейiк елдi аңсап, елдi сағынып тұратынымыз бар. Ауылдың табиғи тазалығы, тәлiм-тәрбиесi, ақ-қараның, жақсы-жаманның, ара жiгiн айыра бiлетiн қадiр-қасиетi бәрiмiздi тәнтi ететiнi бар. Бұл – қаймағы бұзылмаған бұрынғы ауылдың жағдайы ғой. Бүгiнгi ауыл ше?
Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Азаттыққа сұхбат бердi. Чемпион АҚШ антидопинг агенттiгiнiң велошабандоз Армстронгтың “Тур де Франстағы” жетi жеңiсiн жойғанына қатысты пiкiрiн де бiлдiрдi. “Ендi Қазақстанда велоспортты дамыту үшiн жұмыс iстеймiн. Жас, талантты спортшылар бар. Осыдан екi жыл бұрын “Астана-2” командасын құрған едiк. Оның құрамында Арман Камышев, Алексей Луценко, Мақсат Аязбаев, Нұрболат Құлымбетов, Руслан Тiлеубаев сияқты азаматтар бар.

Қабырғалас көршiмнiң үйiнен тағы да айғай-шу естiлiп, тынышымды алған соң, аулаға шыққанмын. Кеш түскенде көршi­лерiмнiң дау-дамайға басатын әдетi соң­ғы уақытта тым жиiлеп кеттi. Келiнi мен енесi тiл табыспайды ма екен, әлде басқалай себебi бар ма, әйтеуiр бұл үйден тыныштық кеткелi бiраз болды. Осылай ойланып отырғанымда, сыртқы есiк ашылып, көр­шiмнiң келiнi шықты. Жүзiнен ренiш­тiң табы байқалады.

Оқырман шығармашылығынан
Кеткенi жоқ тыныштық текке бiзден,
Қауышпасақ болғаны өткен iзбен.
Әттең, қазақ жасаса бiр аралда,
Айналасы қоршалған көк теңiзбен.
“Астана арландары” кәсiпқой клубы үшiншi маусымға дайындықты бастап кеттi. Әзiрге құраманың ескi де жаңа ұжымы яғни, спортшылар мен бапкерлер қыркүйек айына дейiнгi жаттығуды Украинада өткiзiп жатыр. Бүкiләлемдiк бокс сериясының алғашқы маусымында ақтық сынға жетiп, француздарға жол берген “арландардың” сол биiгiн қомсынып жүрiп, екiншi маусымда дәреже-деңгейiмiздiң құлдырап кеткенiн де байқамай қалдық.