1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (15735) 4 қыркүйек, сейсенбі 2012

Өткен аптада Астанада «Ядролық сынаққа тыйым салудан ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференция өттi. Мағынасынан жарнамасы көп жиынға 60 мемлекеттен өкiлдер қатысып, қалғып-мүлгiп отырған күйi елдерiне аттанды. Жиыннан кейiн олардың не ойлағанын қайдам, әйтеуiр Қазақстан халқының ойы сан-саққа жүгiргенi рас. Тiптi халықтың есiнде жиынның бiр ғана сәтi сақталды десек те болады. Ол – шетелдiктердiң Н.Назарбаевты “Нобель” сыйлығына ұсыну сәтi едi. Қалған бөлiгi көпшiлiктiң есiнде қалмаған шығар. Тiптi көшеде кетiп бара жатып Астанадағы жиында не мәселе көтерiлгенiн сұрасаң, “елбасымызды “Нобельге” ұсынды!” деуден әрiге аспайтын жұртты көресiң...

деп сес көрсеткен президент парламенттiң екiншi сессиясының ашылуында елдi алаңдатқан мәселелер туралы аузын ашпады
Үйдiң кiреберiсiнде қоқыс қалдырған әрбiр азамат сот орындаушының қадағалауымен бiр ай бойы баспалдақтарды жуып, жинауы мүмкiн. ҚР Парламентi бесiншi шақырылымының екiншi сессиясының ашылуы барысында мемлекет басшысы Н.Назарбаев дәл осылай дедi.
Ақтау қаласында Владимир Козлов, Серiк Сапарғали, Ақжанат Әминовтердiң соты әлi жалғасып жатыр. Екi тiлде жүрiп жатқан сотта 62 том, яғни 31 мың беттен тұратын қылмыстық материалдар қаралатынын ескерсек, сот бiршама уақыт­қа созылуы мүмкiн. 28 тамыз күнi соттың соңына таман Айжангүл Әмiровадан жауап алу басталғанын жаз­ғанбыз. Ол 2012 жылдың 6 қаң­тарынан бастап 22 маусымға дейiн ҚР Қылмыстық Ко­дексiнiң

Кеше “Конституциялық құрылымды күшпен құлатуға шақырды”, “ұйымдасқан қылмыстық топ құрды”, “әлеуметтiк араздықты қоздырды” деген айып тағылған азаматтар – “Алға” партиясының жетекшiсi Владимир Козлов, оппозициялық саясаткер Серiк Сапарғали және азаматтық белсендi Ақжанат Әминовтiң сотында тағы бiрнеше куәгерден жауап алынды.

ҚЫРҒЫЗДА БАСТАЛҒАН ӨРТ ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРIНЕ ДЕ ӨТТI
Тамыздың 31-i күнi Қырғыздың тауында өрт шықты. Ыстықкөл облысының Түп ауданындағы “Солдат” тауындағы өрт бiр тәулiктiң iшiнде 50 гектар құрғақ шөп пен бес гектар орманды алқапты жалмап үлгерген. Қырғызстанның төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгiнiң хабарлауынша, өрттi өшiру өте қиынға соғуда. Тауға арнайы техника шыға алмайды. Тiкұшақпен су шашуға қырғыздардың шамасы жоқ.
Қыркүйектiң 1-iнен бастап Ресейде “Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтiретiн ақпараттардан қорғау” туралы заң күшiне енедi. 
Балалар көруге болмайтын бағдарламалар мен фильмдер ендi “16+” немесе “18+” таңбасымен белгiлендi. Бұл таңбалар фильм немесе бағдарлама басталардың алдында экранға сегiз секунд шығып тұрады. “Балаларға зиянды” картиналар тiзiмiне қасқыр мен қоян туралы “Ну, погоди!”, қолтырауын мен беймәлiм тiршiлiк иесi жайлы “Қолтырауын Гена мен Чебурашка” анимациялық фильмдерi де енген.
Жақында Ресейде шығатын жаңа автокөлiкке “Ермак” деген атау берiледi деген сөз шығып, бұған наразылық бiлдiрген Түркi халықтарының әлемдiк ассамблеясы Путинге арнайы хат жолдағанынан хабардармыз. “Ермак нағыз қанышер қарақшы, егер Германия “Гитлер” деп аталатын машина шығарса, қалай қабылдар едiңiз?” – делiнген аталмыш хатта. Дегенмен, Семей мен Өскемендегi казактар қауымдас­тығы, мiне, он шақты жылдың жүзi болды, қандықол қарақшы
– Өткен жолы «Өмiрiмде алтын-күмiстi әжептеуiр-ақ көрдiм, бiрақ соған мойын бұрған емес­пiн» деген едiңiз. Сол жөнiнде әңгiмелеп берсеңiз? – дедiм аты аңызға айналған Баукеңе. Е, жақсы. Әңгiмелеуден бұ­рын әкеме шексiз риза екенiмдi бiлдiргiм келедi. Әкем жарықтық бiреудiң ала жiбiн аттамаған адал кiсi едi.
АХАҢА АРНАЛҒАН КЕШ
Қыркүйектiң 5-i күнi сағат 18.30-да түркiтанушы ғалым, қазақ ұлттық ғылымының негiзiн салушы, мемлекет және қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынұлының 140 жасқа толуына орай арнайы концерт өтедi. Салтанатты шараны Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттiк филармониясы мен Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйi бiрлесiп ұйымдастырып отыр.

Жыл сайын өнер өлкесiне талай таланттар шоғыры келiп, талайының ендi бiрi кететiнi – заңдылық. Солардың арасынан дауысынан қазақы қоңыр салқын леп ескен әншiлердi жиi iздеймiн. Екi әндi сахнада орындай салып танымалмын деп екiленген жанды эстрада әншiсi деу – жаңсақтық. Жасыратыны жоқ, бүгiнде әу дегеннiң бәрi әншi болып шыға келетiн болды. Тiптi барын шашып, бiр бейнеклип түсiрiп алған­ соң жұл­дыз­ ауруына ұшырап шыға келе­тiн­дер­ де бар.

Тұлға
«Сұмпайы үйрек балапаны”, “Қайтпас қайсар қалайы солдат”, “Қар ханшайымы” ертегiлерiн бiлмейтiн жан кем де кем шығар. Кез келген жанды шынайылығымен, қым-қиғаш оқиғаларымен баурап алатын бұл ертегiлердiң авторы – Ганс Христиан Андерсен. Ол 1805 жылы Данияның шағын бiр қаласында дүниеге келген. Ол өзiнiң балалық шағын мұңайып еске алатын. Себебi, қатарластары секiлдi тойына тамақ iшпеген, киер киiмге жарымаған оның балалығын жоқшылық
“Меломен” тобының “Перзент арманы” деген әнге түсiрген бейнеклипiн көрiп көңiлiм босап, көзiме жас алдым. Адамның сағынышын, iшкi түйсiгiн, көңiл пернесiн дәл басқан бейнеклип екен. Бұл топты бұрын да тәуiр көрiп, қазақ эстрадасының жаңалығы ретiнде қабылдағам. Жетiмдер туралы түсiрiлген бейнебаяны ой саларлық екен. Жесiрiн қаңғытпаған, жетiмiн жылатпаған ел едiк, ал бүгiнде жетiмдер үйiнде жәудiреген жаутаңкөз­дердiң қатары артпаса, кемiген емес
Соңғы кездерi құлақ құрышын қандырар әннiң орнын жеңiл-желпi, ойнақы, биге ыңғайлы әуендер басып кеттi. Ұлттық бояуы қанық дәстүрлi әндерiмiз эстраданың көлеңкесiнде әлi күнге дейiн қалып келе жатыр. Өнердегi көненiң көзi аға буын кемшiлiгi көп әуесқой жас әншiлерге жөн сiлтеп, жол көрсетсе, ұлтының да, өнердiң де нағыз жанашыры болмас па едi? 

Сазгер Илья Жақановтың “Маsa.kz” сайтында сұхбаты жарияланды. Композитор қазақ музыкасының, оның iшiнде ән өнерiнiң келешегi туралы былай дейдi: “...Әр халық болмысын, өзiнiң ұлттық музыкалық дiтi мен дiлiн сақтаса, мұндай сұмдық болмайды. Бiрақ, бiз ауыр жылдарды бастан кешiрдiк. Батыстан ағылып жеткен жағымсыз әсерлер жастарымыздың санасын улады, әлi де улап келедi

ТӨЛЕГЕННIҢ “БIР ТОЙЫ” БОЛДЫ
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 75 жыл толуына орай ша­ра өттi. Ипподромда өткен кеште ақын сөзiне жазылған әндер мен Айбергеновке арналған өлеңдерге жазылған әндердiң конкурсы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жеңiм­паз­дар мен жүлдегерлер қомақты сый олжалады.
Ұлттық құраманың бас бапкерi Мирослав Беранек алдағы ойынға мына футболшыларды шақырыпты. Қақпашылар: Антон Сирин (“Ақжайық”), Андрей Сидельников (“Ақтөбе”), Александр Мокин (“Шахтер”). Қорғаушылар: Қайрат Нұрдәулетов, Михаил Рожков, Виктор Дмитриенко (бәрi “Астана”), Александр Кислицин (“Тобыл”), Мұхтар Мұхтаров (“Ордабасы”), Марк Гурман (“Қайрат”), Александр Киров (“Шахтер”), Константин Энгел (“Энерги”, Германия).
Қазақстанға шеттен келген спортшылардың бiразы олимпиада жүлдеciн алды. Сырт­тан спортшы әкелу амалы осы кезде көп тал­қыланды. Ал ұлттық құрамаға енбеген спорт мамандары шетелдерге кетiп жатыр. Қазақ боксшысы Аслан Мұқанов – қазiр Катар құрамасының мүшесi. Ол биыл сәуiр айында сол елдiң бокс федерациясымен келiсiм жасасты. 
ГОЛОВКИН ҚҰЛАТТЫ
Кәсiпқой бокстан WBA тұжырымының чемпионы, жерлесiмiз Геннадий Головкин атағын 24-iншi мәрте абыроймен қорғап қалды. АҚШ-та өткен жекпе-жекте EBU тұжырымының чемпионы поляк Гжегож Проксаны 5-раундта есiнен тандыра сабап, еденге сұлатты.