1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15736) 6 қыркүйек, бейсенбі 2012

Соңғы жылдары ерекше қарқын алған интеграциялық процестердi жақтаушылардан гөрi оған қарсы шығушылардың қарасы көп. Ұлт патриоттары мен оппозицияның Кедендiк одақ, Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк, Еуразия­лық экономикалық одақ тәрiздi жобаларға өре түрегелге­нiне қарамастан Беларусь, Қазақстан мен Ресей президент­терi интеграцияның келесi кезеңдерiн iске асырмақ. Бұған дейiн үш елге ортақ парламент қажет пе деген сұрақтың басы қылтиса, қазiр Еуразиялық парламенттiң анық құрылатыны бiржолата белгiлi болды. 

Челахқа қысым жасаған тергеушi жауапқа тартылмайтын болды. Олар өз қолын өздерi қалай кессiн...
Алғашқыдай емес, Арқанкерген оқиғасының аптығы басылайын дедi. Себебi белгiлi: басты күдiктi етiп Владислав Челахты “тағайындады”. Ол қамауда отыр. Iске сот әлi нүкте қоймаса да, бар кiнәнi соның мойнына артатыны белгiлi болды. Әп дегенде сан түрлi болжам естiген жұрт дүрлiгiсiп қалған.

Оппозиция өкiлдерi Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмовтi, оның орынбасары Серiк Сейдумановты және қала мәслихатын Конституцияда көрсетiлген баптарды орындамай, азаматтардың құқығын бұзып отырғаны үшiн сотқа бердi. Кеше Бостандық аудандық соты алғашқы отырысын өткiздi. Оған шағымданушы ретiнде оппозициядан Болат Әбiлев, Маржан Аспандиярова, Гүлжан Ерғалиева, Ермұрат Бәпи және Якобжан Жүнiсбеков қатысты. Бiрақ жауап берушiлер – А.Есiмов, С.Сейдуманов

“Респулика” порталының “құпия құлағы” көп. Сол көп “құпия құлақтың” бiрi “Моррис” редакцияға былай деп хат жазыпты: “Қайырлы күн! Елдi “бас күйеубалалы” болуымен “құттықтауға” асығып отырмын. Өткен демалыс күндерi (25-26 тамыз – ред.) қос ғашық табысты. “Бас күйеубаланың” есiмi – Қайрат Шәрiпбаев. “Халықтық” деген аты бар партияның саяси кеңесiнiң мүшесi. Ол Рахатқа ұқсайды – ақшаны, билiктi жақсы көредi, екiжүздi (бұл үшеуi бiрiн-бiрi толықтырып отырады).

Ақтау қаласында В.Козлов, С.Сапарғали мен А.Әминовтiң үстiнен өтiп жатқан сот процесiнде осы дүйсенбiден берi қорғау тарапынан куәгерлер сұрала бастады. Куәгер ретiнде “Алға” партиясының аймақтағы өкiлдерi, ереуiлге бақылаушы ретiнде қатысқан құқық қорғаушылар жауап бердi. Ал сәрсенбiлiк сот отырысында Жаңаөзенге қаралы оқиғадан кейiн келiп кеткен Еуропарламент депутаты Петр Борис куәгер ретiнде сөйледi.

2012 жылдың 12 қыркүйек күнi Алаштың арысы, елiмiздiң ардақты азаматы, көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәр­сенбайұлы елуге толар едi. Осыған орай оның туған-туыстары, жақындары, достары мен серiктерi, замандастары қыркүйек айының ортасында “Алтынбек апталығын” – еске алу шараларын өткiзудi ойластырды. 9 қыркүйек күнi жылдағы дәстүр бойынша Медеу шатқалынан Алма-Арасан кезеңiне асып түсетiн “Алтыкеннiң асуы”

5 қыркүйек – Ұлы ағартушы ғалым әрi өз заманының озық ойлы саясаткерi Ахмет Байтұрсынұлының туған күнi. Жалпы, биыл Ақаңның жай ғана туған күнi емес, оның бақандай 140 жылдығы. Солай бола тұра аталған мерейтой Алаш ардақтысының атқарған қыз­метiне сай аталып өтiлмедi. Бұған Мәдениет және ақпарат министрлi­гiнен бастап қатардағы әрбiр азамат борышты едi. Өкiнiшке қарай, қазiргi кезде бұдан басқа да әртүрлi айтулы даталар билiк тарапынан қолдау таппай жүр.

Денсаулық сақтау министрi С.Қайырбекова мен Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi А.Мырзахметовтiң назарына
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмаилов жергiлiктi, республикалық ақпарат құралдарында жиi-жиi сыналудан көз ашпай келедi. Сондай-ақ ғаламтор жүйесiнде облыс әкiмiнен бастап Денсаулық сақтау министрiнiң, үкiмет басшысының, тiптi, елбасы сайтына дейiн түсiп жатқан арыз-ша­ғымдардың тұрақты кейiпкерiне айналғалы қаша-а-ан. Тiптi оңайлықпен сын жаза қоймайтын “Егемен Қазақстан” газетiнде де облыстағы

“Жас Алашта” жарияланған “Ақсақалдардың артына тығылған...” (14.08.2012) деген мақаламды оқып, менiмен танысу үшiн тiлшiлер қосынына арнайы атбасын бұрған Жезқазған байыту фабрикасының конве­йер машинисi Сәуле Сейдахметова осындай сауал қойды. “Өзiңiз қалай ойлайсыз?” деп қарсы сауалды алға тарттым. “Мынаны оқып көрiңiз, бәлкiм, жауабы табылып қалар” деп, бiрнеше парақ қолжазбасын алдыма тастады. Сiз де көз жүгiртiп көрiңiз:

Иван Грозный патшаның тұсында Строгонов деген әйгiлi бай саудагер болған. Пермь губерниясында. Ол алыс-жақындағы “бос жатқан” жерлердi иемденуге салынып, бiрде патшаға: «бiздiң жақта Көшiм деген хансымақ саған қарсы бүлiк шығарып, менiң жерiмдi тартып алғалы жүр», деп шағым жолдайды. Патша: «күшiң жетсе, Көшiмдi тұқыртып, жерiн сен тартып ал» деп жауап бередi.

ҚАТЫГЕЗ ЗАМАН
Қабағы қырау,
Сақалы мұз —
Мына заманның
Қатыгезiн-ай!
Құбыжық секiлдi
Өн бойын түк басқан,
Сұп-суық ызбарлы
Басы-көзiн-ай!
Ақтаудағы сотта екi жыл бұрынғы Skype (“Скайп”) әңгiмелердiң мазмұны жария болды. Ал құқық қорғаушылардың ойынша, Skype “қауiпсiз байланыс құралы” деген атынан әлдеқашан айырылған. Ақтауда Владимир Козлов, Серiк Сапарғали және Ақжанат Әминовке қатысты өтiп жатқан сотта сарапшылар “Алға” партиясы белсендiлерi арасында 2010 жылғы 30 сәуiрде Skype интернет байланыс құралы арқылы айтыл­ған әңгiмелердi талдады.

Жабылғанына 20 жыл өтсе де зардабы әлi күнге дейiн жойылмай жатқан Семей атом полигонының тақсiретi аздай, Шығыс Қазақстан облысына тағы бiр кеселдi жоба төнiп тұр. Өскеменде “Атом отын қалдығы банкi құрылады екен» деген әңгiменiң шетi шыққалы бiрер жылдың жүзi болды. Өскемендiктер осы гулеген алыпқашпа сөздiң рас-өтiрiгiне жете алмай жүретiн. Үлбi металлургия зауыты АҚ-ның басқарма төрағасы Юрий Шахворостов

Қазақтың тойында қызық та, шыжық та, өкпе-ренiш те, айғай-шу да, төбелес те болады. Бұл үйреншiктi жағдайға айналып, етiмiз өлiп кеткелi қашан.  Жарлы байға жетем деп қарызданып-қауғаланып, банкке үйiн кепiлге қойып несие алып, шабылып жақсылығын көпшiлiк­пен бiрге атап өтедi.

Өз басым күнде кешкi сағат тоғызда қолыма қағаз алып, “Таң” телеарнасынан “Суперлото” ойынын тамашалаймын. Алғашқы кезде екi жүргiзушi (бiрi – қазақ, бiрi – орыс) жүргiзетiн. Қазiр кезектесiп бiр тиражды таза орыс тiлiнде, келесiсiн қазақ және орыс тiлдерiнде жүргiзетiн болды. Жаныма бататыны, Вера Захарчук есiмдi жүргiзушi қазақты ойлап басын ауыртпайды, ал Нұрсұлтан есiмдi жүргiзушi қазақша сөйлейдi де, дереу артынша орысша сөйлей жөнеледi.

НЕМЕСЕ ҚАЛАМЫЗ ГИННЕСТIҢ РЕКОРДТАР КIТАБЫНА ЕНСIН
Бұған еш таңғалмай-ақ қойыңыз. Кешегi кеңес за­ма­нында сенбiлiк деген көпшiлiк жаппай қатысатын жиын жыл сайын өткiзiлiп тұратын. Барлық кеңес хал­қы көше тазалауға шығып, тал егетiн. Бұл сенбiлiктер 1-2 күн, ары кеткенде бiр аптаға созылатын. Ал Қызыл­орда осы қалаға Мархабат Жайымбетов әкiм болып келгелi берi бұл жөнi­нен әлемдiк рекорд жасап тұр. Мiне, 5-6 жылдан берi Қызылорда қаласы бойынша жылына 4 ай бойы сен­бiлiктер өткiзiлiп жүр.
ЖАТЫРСЫЗ ДА СӘБИ СҮЙДI
Құдай берем десе, кемтар адам да бала сүйе алады екен. 24 жас­тағы британдық Кристи Браун Хаддерсфилд қаласының тұрғындарын ғана емес, бүкiл әлемдi таңғалдырды. Ол өмiрге бала әкел­ге­нiне, ана болу бақытының бұйырғанына шексiз риза. “Мен 15 жасыма де­­йiн iшкi мүшемнiң дамымай, өзгерiске ұшырағанын бiлмей келдiм. Тек балиғат жа­сына жақындағанда ғана гинекологтар келешекте перзент сүйе алмайтынымды айтты.
Қыздар күресiнен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында қола жүлде иеленген Гүзель Манюрова ұлттық құраманың бас бапкерi болып ­тағайындалды. ҚР Спорт iстерi және дене шынықтыру агенттiгiнiң төрағасы Талғат Ермегияевтiң бұйрығымен балуан қыз бас бапкерлiк қызметiне кiрiстi. Ендi қыркүйектiң соңында Канадада өтетiн әлем чемпионатына 7 қызды Гүзель Манюрова бастап барады.

Бұған дейiн ұлттық құраманың бас бапкерi қызметiн атқарып, балуан қыздарды Бейжiң, Лондон олимпиадасына баптаған Саржан Жақсыбековке хабарласып, мән-жайды ұғындық. Алты жылдан берi ұлттық құрамаға бас-көз болған экс-бас бапкер агенттiкке ренжулi. Жай-жапсарын маған да айтқан жоқ. Тiптi шақыртып алып, ал­ғыс айтып, қошемет те көрсетпедi. Агенттiктен телефон арқылы хабарласты да: “Арызыңызды жазыңыз, қызметтен босатылдыңыз”, – дедi, бар болғаны сол. 

КИIМI КӨК, ҚАРНЫ ТОҚ, НӘТИЖЕ ЖОҚ
Футболдан елiмiздiң ұлт­тық құрамасы алдағы ойындарға су жаңа форма киiп шығатын болады. ҚР Футбол федерациясы немiстiң “Adidas” компаниясымен келiсiмшартқа қол қойып, жаңа үлгiдегi киiм тiктiрiптi. Әзiрге футболшылар мен бапкерлерге арнап әзiрленген киiм-кешектiң шығыны қанша екенi белгi­сiз. Белгiлiсi – жанкүйерлер 7 қыркүйекте
Лондонда тамыздың 29-ы күнi басталатын паралимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың iшiнде терактiден зардап шеккендер де бар. Паралимпиада ойындарына 166 елден 4 мың 200 спортшы қатысады. Жарысқа арналған 2,5 миллион билет сатуға түстi.  1948 жылы Ұлыбританиядағы Сток Мандевиль емханасының дәрiгерi Людвиг Гуттман екiншi дү­ниежүзiлiк соғыстан мү­гедек болып оралған ағылшын ардагерлерiн жинап, спорт жарыстарын ұйымдастырады.