1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71-72 (15737-38) 11 қыркүйек, сейсенбі 2012

“Бiз саясатты өз қолымызбен жасауымыз керек! Егер бiз саясатты өз қолымызбен жасамасақ, онда Қазақстандағы саясатты өзгелер жасайды. Өзгелер жасаған саясат қазақтың мүддесiн көздемейдi, қазақтың ұпайын түгендемейдi. Саясат дегенiмiз – мүдделердiң бәсекесi, мүдделердiң майданы. Ұлттың мүддесi де саясат арқылы қорғалады, саясат арқылы iске асырылады. Ұлтқа жаның ашитыны рас болса, онда саясатпен айналыс! Саясатқа ден қой!” деп едi Алтынбек Сәрсенбайұлы. Және мұны “Бiз саясатпен айналыспаймыз! Саясат дегенiмiз – лас, былғаныш нәрсе ғой...” деген жазушысымақтың көзiне шұқығандай етiп айтып едi. Алтынбектен өзiнше биiк болғысы, биiк тұрғысы келген жазушысымақ көптiң көзiнше осылай жер болған-ды...

Алтынбек апталығы
Ертең – Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күнi. Мемлекет және қоғам қайраткерiн еске алуға арналған апталық өткен жексенбiде басталды. Жыл сайын Алтыкеннiң туған күнi тақағанда әрiптестерi, замандастары, туыстары, жолдастары жиналып, “Алтынбек асуы” аталып кеткен тау жолдарымен сапарға шығады. Құмбел асуы арқылы Көкжай­лау­ды көктей өтiп, Алма Арасанның төбесiнен түсетiн 14 шақырымға жуық жолмен
Жап-жас кезiңде
Атқа мiндiң.
Сайдың тасындай
Сараланып шыққан
Сапқа кiрдiң.
Ол кезде
Бәрi дұрыс едi.

Еуразиялық одақты құру идеясы күннен-күнге жанданып келедi. Кеңес одағы келмеске кеттi деп жүрген жұрттың сенiмi сөнiп, керiсiнше, мем­лекеттiлiгiмiз келмеске кетуi мүмкiн бе деген үрейге бой алдыра бастады. Мұны әлеуметтiк желiлерден де, қоғамдық ортадан да анық көрiп жүрмiз. Тiптi бұл мәселе кей жұртшылықтың “асүйдегi” басты тақырыбына айналғаны да жасырын емес.

Ақтауда өтiп жатқан саясаткер Владимир Козлов, қоғам қайраткерi Серiк Сапарғали мен жұмысшылар белсендiсi Ақжанат Әминовтiң үстiнен өтiп жатқан сот процесiнде айыпталушылар жауап бере бастады. Өткен жұмадан берi “Алға!” партиясының жетекшiсi Владимир Козловтан жауап алынып жатыр. В.Козлов М.Әблязовтiң жеке тұлғасына егжей-тегжейлi тоқталып, оның партияға қатысы туралы әңгiмеледi.

5 қыркүйек күнi Маңғыстау облыстық сотының ғимаратында шетпелiк төрт жiгiттiң шағымын касациялық сот қарады. Касация­лық сотқа Д.Әмiров төрағалық еттi. Процеске сот алқасының мүшелерi А.Молбаева мен Н.Тұржанов және мемлекеттiк айып­таушы А.Досекенов қатысты. Ақтау қалалық сотының үкiмiмен шетпелiк төрт жiгiт – Қажымұрат Әбезов 7 жылға, Ғабиден Бақытжанов пен Ержан Мәмбетов 5 жылға, Нұрболат Сабырбаев 4 жылға сотталған болатын

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрi Дархан МЫҢБАЙ мырзаға
Қазақстан Журналшылар одағының төрағасы Сейiтқазы МАТАЕВ мырзаға
 А ш ы қ    х а т
“Көсемсөз” – “публицистиканың” қазақ тiлiндегi нұсқасы. Бұ­лай деп бастағанда қазақ әдебие­тiнiң осы бiр алымды, шалымды, оралымды саласы туралы ой тербеудi көздеген жоқпын
Владислав Челахтың туыстары журналист Артур Платоновты жазалауды сұрайды. Бүгiн бас прокурордың атына шағым түсiрмекшi. КТК телеарнасындағы “Слуги народа” бағдарламасында Владислав Челахқа қатысты бейнежазбаны көр­сетiп, тергеу құпиясын жария еткенi үшiн. “Платоновтың үстiнен шағым түсiремiз. Жалпы, ол – қылмыскер. Қылмыскер дейтiн себебiм, тергеу құпиясын жария етуге болмайды.
Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн салушы Ахмет Байтұрсынұлының 140 жылдық мерейтойы жұпыны өтiп жатыр. Ол туралы жоспарланған жинақ әзiр жарық көрген жоқ. Классиктiң сабақтарын еске алған жандар аз болды.  Ахмет Байтұрсынұлының өмiр­бая­нындағы жаңсақтықтың бiрi оның төл туған күнiне байланысты. Ұзақ уақыт бойы оның туған күнiн 1873 жылдың қаңтары деп келдi.
Өзбекстанға сапарлаған адамдар белгiлi бiр шектеуге тап келедi. Тарихи ескерткiш­терi көп бұл елде туристер үшiн жеткiлiктi мүмкiндiк қарас­тырылмаған. Ташкенттегi ортанқол қонақүйлер Қазақстаннан келгенiмiздi естiген соң, бiздi қабылдаудан бас тартты. Өзбекстанда шетелдiктер­дi қабылдауға кез-келген қонақ үйге бiрдей рұқсат берiлмеген.
И.КАРИМОВ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ АЛДЫН ОРАП КЕТКЕНДЕЙ
Ресейдiң “Новая газетасы” Өзбекстан президентi Ислам Каримовтың Ресейден қол үзiп, АҚШ-ты арқа тұтуға бел шеше кiрiсiп кеткенi жөнiнде ұзақ жазды. “Новая газетаның” саяси шолушыларына сенсек, АҚШ Өзбекстан президентi И.Каримовпен мәмiлеге келген. 

Демократиялық қоғамның орнауына, жемқорлықтың тыйылуына, ұлттық, идеологиялық құндылықтардың қалыптасуына ықпал ететiн бiрден-бiр құрал – БАҚ екенi сөзсiз. Оның iшiнде газеттердiң алатын орны өзгеше. Қазiргi Қазақстанның жағдайында шындықты шырылдатып, билiкке де, басқаға да жалтақтамай, ешкiмнен тайсалмай ақиқатты ашығынан айтатын басылымдардың саны өте аз.

Сұңғыла саясаткердiң бұл айтқаны оның алға қойған мақсатын да бiлдiредi. Қанша уақыт өтсе де құндылығын жоймайтын Алтынбектiң азаматтық ұстанымы түбiнде iске асарына үмiттенемiз. Бұған  7 жыл бұрын жарияланған пiкiрлерiне назар аударыңызшы, қадiрлi оқырман. Бүгiнгi күнi ортамызға оралып, парасатты сөзiн Сiз бен бiзге арнағандай емес пе? Соңғы кездерi Қазақстанның демократиялық күш­терi жөнiнде пiкiр айтып жүргендер (мұның iшiнде кәсiби сарапшылар да, кәсiби еместер де бар) “демократиялық оппозиция ұлттық идеяға жет­кi­лiктi көңiл бөл­мейдi...”,

Саясаткер, көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлын толғандырған мәселелер мен саясаткердiң саяси-интеллектуалдық мұрасы бүгiнде мәнiн жойған жоқ. Қайта күн өткен сайын Алтекеңнiң айтып-жазып кеткен нәрселерi өмiршеңдiгiн дәлелдей түсуде. Саяси өзгерiстерсiз қазiргi қоғамның тап бүгiнгiдей тұйыққа тiрелетiнiн саясаткер болжаған. Өкiнiшке қарай, оған сол тұста құлақ аспаған билiк пен қоғам әлi де меңiреу қалпында, таскерең күйiнде.

Мен күндiз жаза алмаймын. Түнде жазуға деген шабытым келедi. Қазiр түн, Алтекең туралы мақаланы жазуға кiрiстiм. Неге екенiн бiлмеймiн, көзiме жас келiптi. Оны үйдегi шағын кабинетiме шәйiн әкелген әйелiм байқап қалыпты. Шынымды айтсам, мен тым сезiмтал емеспiн, ретсiз көңiлбосаушылыққа салынып, сентиментализмге берiлу­ден қазiргi саяси режимнiң қудалауы мен қатқылдығы сақтап қал­ды. Бiрақ неге көзге жас келдi?

Мiне, шiркiн зымыраған күн­дер мен айлар-ай, десеңiзшi! Жыл артынан жыл өтiп барады. Бiлiнбей өтiп барады. Барыс жылы туған құрметтi де қымбатты, ең шоқтығы биiк, ең жұлдызы жарық, ең тұл­ғасы асқақ құрдастарымыздың бiрi әрi бiрегейi Алтынбек Сәрсенбайұлы едi. Алтынбек десе, оның бейне­сi мөлдiреп қана көз алдымызға келедi. Алтынбек десек, “мен мынау қазағыма, мынау жарық дүниеге не жазып едiм. Менiң не кiнәм бар?”

Қой үстiнде бозторғай жорғалаған бейбiт күнде де елiмiздiң егемендiгiн сөз жүзiнде емес, iс жүзiнде, яғни өз тiлiмiздi, өз салт-дәстүрiмiздi, өз тарихымызды, өз мәдениетiмiздi өркендетуге өз үлесiн қосамын деген талай ұлдардан көз алдымызда айрылып жат­қанымыз қандай өкiнiштi. Соның бiрi – белгiлi журналист, мемлекет жә­не қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлы.

Алтынбектей арысымыздың арамыздан кеткенiне 6 жылдай уақыт өтсе де, Алаш жұрты Алтынбегiн жадынан шығарған емес. Жыл сайын ел болып, еске алып, құрмет көрсетедi. Ол қандай құрметке де лайықты азамат. Әскерде  жүрiп, соққыға жығылып, жала жабылып, сотталып кете жаздаған баламды арашалап, аман алып қалған Алтынбек едi... Мен Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылында тұрамын. 2004 жылы қараша айында балам Айдос
10 қыркүйекте көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлын еске түсiру мақсатында бильярдтан турнир өттi. «Алтынбек Сәрсенбайұлы қоғамдық қоры» ұйымдастырған сайысқа қаламгерлер, журналистер, саясаткерлер мен бiрге бильярдтың әуесқой шеберлерi де қатысты.
Көкте де –
Емес,
Жерде –
Емес!
Бесiкте –
Емес!
Көрде –
Емес!
Iздеп –
“Жас Алаш” газетiнiң 2012 жылдың 26 сәуiрiндегi нөмiрiнде тiлшi С.Жолдасбайдың “Заринаны зар жылатқан дәрiгерлер жазасыз қала ма?” деген мақаласы жарияланды. Бұл мақаладағы көптеген “дерек” бұрмалан­ған және нақты болған жайға сәйкес келмейдi. Р.Сығаеваның сiздер­дiң газеттерiңiзге жүгiнiп, баяндаған мәселесi бо­йынша тiлшi пiкiрiн бiлдiр­ген. Ол Р.Сығаеваның айт­қан уәжiн толық тексермеген, стационардың қыз­мет­керлерiмен жолықпаған.

Қазалы ауданына әкiм болып Мұрат Имандосов келгелi “Әкiмiмiз – Дубайда, Қазалыға су қайда?!” деп халық қағытып жүр. Мұрат Имандосовтың әкiм болып келгенiне 5-6 ай болды, ал ауыл халқы ауызсудан қатты зардап шегiп отыр. Сарбұлақ-Арал су құбырынан келетiн таза ауызсуды бұрынғы әкiм Айтбай Көшербайұлы қандай жолмен болсын тоқтатпай бергiзiп отырды.

Жақында күйбең тiрлiктiң қамымен Алматыға келдiм. Бiр жағынан немерелерiм­нiң маңдайынан иiскеп кетейiн деп. Алматыға келмегенiме бiрталай уақыт өтiптi. Қала қатты өзгерген. Баяғы “жастардың қаласын”, “жасыл қаланы” көре алмадым. Алматы “қатал қалаға” айналыпты... Бұрынғы “Саяхаттың” маңында тұратын жиендерге соға кетудi жөн көрдiм де, автобусқа отырдым.

Түркияның премьер-министрi Ережеп Тайып Ердоғанды жақсы бiлемiз. Қайбiр жылы Ердоған баһадүр әлемнiң еркелерi мен серкелерi жиналған бiр отырыста Палестина мәселесiне байланысты Израильдiң жетекшiсi Шамон Переске сұқ саусағын шошайтып, “мен мынандай екiжүздiлермен бiр үстел басында отырмаймын!” деп жиыннан шығып кеткен едi. Сол оқиғадан кейiн елiне келген Ердоғанды түрiктер әуежайда аяғын жерге түсiрмей көтерiп әкеттi.

Мойынқұм ауданында өкпе ауруханасы бар. Ол шын мәнiн­де аздық ететiн. Уақыт өте келе аудан орталығына жаңа типте өкпе ауруханасының құрылысы басталғанда, ел-жұрт қуанып қалды. Осы құрылыс басталғанда аудан әкiмi О.Жиенқұлов құрылыс басына келiп, алғашқы кiрпi­шiн қалады. Ол әкiм қызмет бабымен ауысып, оның орнына М.Мұсаев келдi. Кейiн­нен әлгi аурухананың “статусы” өзгерiп, түрмеде құрт ауруын жұқтырғандарға арналып ке­тiптi.

Биыл қазақ әдебиетiнiң екi үлкен өкiлi Зейiн Шашкин мен Аллажар Темiржа­нов­тың туғанына 100 жыл толғанын хабарлаған болатынбыз. Танымал жазушы Зейiн Шашкин зұлматты жылдары жазықсыз Сiбiрге айдалып, сол қатыгез кезеңнiң барлық азабы мен қасiретiн бастан өткерген адам. Лагерде жазасын өтей жүрiп, жоғары бiлiм алып, елге дәрiгер болып оралады. Өзiмен айдауда бiрге болған Мұхаметжан Қаратаев, Өтебай Тұрманжанов
Бойкүйездiк пен немкеттiлiк – адамның басты жауы. Жауы емегенде ше, егер бойкүйез болмасақ, немкеттi қарамасақ, айдың-күннiң аманында атақты “Медеудi” өртеп жiберер ме едiк?! Ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбековтiң орнында табиғатты түсiнетiн, табиғатқа жаны ашитын бiреу отырса, үкiметте жер тепкiлеп мiнберден түспей тұрып алса да, қираған қарағайларды тазартуға әрекет жасар едi.

Газетiмiздiң 68-нөмiрiнде (30 тамыз, 2012 жыл) әдебиет сыншысы Жұма-Назар Сомжүректiң жазушыларымыздың 24 қыркүйек күнi өтетiн кезектi құрылтайына орай “Қазақ қаламгер­лерiнiң азаматтық белсендiлiгi неге құлдырап кеттi?” деген өзектi, өткiр мақаласы жарық көрген едi. Ж.Сомжүректiң осы мақаласында көтерiлген мәселеге байланысты газетiмiзге жер-жерден көптеген пiкiр-хаттар келiп түстi.

БАС ЖҮЛДЕ – ЕЛЕНА ӘБДIХАЛЫҚОВАДА!
Жуырда Өскеменде “Шығыс шынары” халықаралық ақындар мүшәйрасы өз мәресiне жеттi. Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң ұйымдастыруымен дәстүрлi өтiп келе жатқан бұл жыр бәйгесiнен Астана мен Алматыдан барған бiр топ ақындар жүлдемен оралды.Поэзияның жұлдызы жанған бұл күнi бас жүлденi (1 миллион теңге) ақын, сазгер, жырсүйер қауымға айтыс өнерiмен де
Мұхаммед Әли (азан шақырып қойған есiмi Кассиус Марцеллус Клей) 1942 жылы 17 қаңтарда АҚШ-тың Кентукки штатына қарасты Луисвилл қалашығында дүниеге келген. Кассиус дүние есiгiн ашқан кезде салмағы небәрi 3,3 келi болыпты. Оның ата-анасының тұрмыс жағдайы қарапайым болған. Әкесi көше жарнамасына сурет салумен, анасы бай-бағландардың үйiнде жұмыс iстеген.
ОҚ БОЙЫ ОЗЫҚ
Брюссельден жағымды хабар жеттi. Бельгия астанасында өткен “Гаухар лиганың” финалдық сынында жерлесiмiз Ольга Рыпакова алтын медальға қол жеткiздi.  Үш қырғып секiруде Рыпакова 14,72 метрге ырғыды. Күмiс жүлде украиналық Ольга Саладухаға бұйырды. Ол бiздiң Ольгадан 32 сантиметр кем көрсеткiштi мiсе тұтса, қола жүлде словениялық

Футболдан Қазақстан құрамасы 2014 жылы Бразилияда өтетiн әлем чемпионатына iрiктеу турындағы алғашқы ойынын тағы да жеңiлiспен аяқтады. 7 қыркүйекте “Астана Аренада” Мирослав Беранек баптайтын ұлттық құрама азулы Ирландия футболшыларына қарсы алаңға шықты. Ойын ә дегеннен қонақтардың басымдығымен басталды. Олар шабуылдай жүрiп, дүркiн-дүркiн бұрыштама добын да тептi.

Бұл кiтапша фотоаппаратпен сурет түсiрумен әуес­тенушiлерге арнап жазылған, онда фотографияның негiзгi процестерi, атап айтқанда, фотоаппараттар және олардың негiзгi тетiктерiнiң атқаратын iсi, фотоматериалдар және оларды өңдеу тәртiбi, сурет түсiрудiң техникасы баян­далады. Сондай-ақ, композиция (кадр құру) өнерi мен үй жағдайында фотолобаратория жасау жайында да ақыл-кеңес берiледi. Сөйтiп, бұл кiтаптың негiзгi мақсаты – жас әуесқойларды фотоаппаратпен сурет түсiруге үйрету.

Бек ағамыз “тау қозғалса, қозғалмайды” дейтiн адам едi. Бәрiмiз де жай “Бек” дейтiнбiз. Кiшiлерiмiз “аға” деген сөздi қосып айтар едiк. Толық атын, “Бекмұхамбет” кейiн құжаттарынан ғана көрдiк. Ол кезде, сол 1950-70 жылдарда газеттегi мақалаларға, түсiрген суреттерге автордың аты жазылмай, тек тегi ғана жазылатын дәстүр бар едi. Нөмiрден нөмiрге шығып жататын Бе­кеңнiң сурет­терiнiң астында “Суреттi түсiрген Б.Тiлек­метов” деген жазу тұратын. Көптiң көзi үйренген жазу

Жуырда Алматы қаласындағы «Елнұр» медиа орталығының баспасынан белгiлi журналист, аудармашы әрi фотосуретшi Бораш Кәкеннiң фотоөнер саласындағы көп жылдық еңбегiнiң жарқын жемiсi ретiнде «Қазақтың iнжу-маржан мекендерi» атты түрлi-түстi фотоальбомы жарық көрдi. «Мектеп қабырғасында пайда болған және өмiр бойы қызықтырып келген фотография өнерiне деген құштарлықтың әсерi болса керек