1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №73 (15739) 13 қыркүйек, бейсенбі 2012
ЫНТАЛЫ ТОПТЫҢ МӘЛIМДЕМЕСI
Қазақстандықтар, отан­­­дастар!
Бiздiң тiршiлiгiмiзге кесi­рiн тигiзiп жатқан шетiн мәсе­лелер көбейдi, тiптi қордаланып та қалды. Қоғамды кейiн тартқан тоқырау ахуалы, күнделiктi өмiр­дегi әдiлетсiздiктiң өк­темдiгi, болашақ үшiн мазасыздық, қа­уiптердiң күрт артуы, түңi­лу­­шi­лiк пен енжарлық – әрбiр қазақстандықтың бойына дарыған дерт. Конституцияға сәйкес би­лiк­тiң бiрден-бiр бастауы болып табылатын Қазақстан халқының ел тағдырын өз қо­лына алатын уақыт келдi! Осыған бай­ланысты бiз тө­мендегiдей үш мәселе бо­йынша жалпыхалықтық референдум өткiзу жө­нiн­де бас­тама көтерiп отырмыз. Ел басшылығының үнсiз келi­сi­мiн алған Ресей, Қазақстан мен Беларусьтi Еура­зия­лық одақ құрамында саяси тұр­ғыдан бiрiктiру үшiн белсене кiрiстi. Кремль қайта жандандырып жатқан ресейлiк ұлыдержавалық баршаға әйгiлi дәстүрлер бiздiң үмiтiмiздi үздi
Бүкiлхалықтық референдум – ұлттық мүдде жолындағы үлкен күрестiң бастамасы
Қазақтың тәуелсiздiгiн тәрк етуге, азаттықты арманға айналдыруға бағытталған Еуразиялық одақтан бүгiн бас тартпасақ, ертең кеш болары анық. Сан жылдар бойы аңсаған бостандығымызды қолымыздан жiберiп, бодан ұлтқа айналарымыз да, бұлтартпас бұғауға түсерiмiз де кәмiл. Ұлан-ғайыр Отанымыздың қойнауындағы бар байлықтың қызығын да өз жұртымыз емес, шетелден келген кiрмелер мен жатыпiшер атқамiнер­лер көрiп отыр.
Арыстан мен жолбарыс дойыр қамшы мен аштыққа шыдамай адам әмiрiне бас исе, көк бөрiнi ешкiм де, ешқашан да өз ырқына көндiре алмаған. Өзiн сол көк бөрiнiң ұрпағы санаған бабаларымыз өлiспей берiспейтiн ерлiгi арқасында, осыншама байтақ жердi бiзге аманат етiп қалдырды. Бiрақ ата-баба аманатын орындай алмай, бiртiндеп отар елге айналдық. Бiз – ұзақ уақыт отаршылдық пен кемсiтушiлiктi бастан өткiзген елдiң ұрпағымыз. Талай тұлымдымыз құл болып, бұрымдымыз күң болып, ұлт ретiнде жойылып кету қаупi төнген кездер аз болған жоқ.
12 қыркүйекте Атырау облысы қатты дүрлiктi. Таңсәрiден Жылой ауданы орталығы Құлсары қаласында 300-ден астам арнайы жасақ әлдебiр лаңкестермен алысса, түстен кейiн Атыраудың ортасындағы Насиха базарындағыларды «бомба бар» деп дүрлiктiрiп, сыртқа қуды. Құлсары қаласындағы тұр­ғындардың бiрiнiң айтуынша, мұндағы дүрбелең 11 қыркүйек күнi кешке басталған. Қалада­ғы №22, 29, 34, 35, 37 үйлер­дiң тұрғындары басқа жаққа көшiрiлiп

Көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, алаштың ардақты ұлы Алтынбек Сәрсенбай­ұлын еске алу шаралары жалғасуда. Сейсенбi күнi қайраткердiң құрметiне арналған журналист Қасым Аманжолұлының “Елiмнiң ертеңi не болмақ?..” атты деректi фильмiнiң тұсауы кесiлдi. Артынша жыл сайын дәстүрлi түрде берiлiп келе жатқан, саяси публицистика жанрында қалам тербеп жүрген жас журналистерге қайраткердiң атындағы сыйлық тапсырылды.

Ақтауда оппозициялық саясаткер В.Козлов, қоғам қайраткерi С.Сапарғали мен мұнайшылар белсендiсi А.Әминовтiң үстiнен өтiп жатқан сот процесiнде әлi күнге дейiн “Алға!” партиясының жетекшiсi жауап берiп жатыр. В.Козлов сотта осымен төрт күн қатарынан сұралды. Сейсенбiлiк сот отырысында саясаткер “Алға!” партиясының жұмысына тоқталса, сәрсенбiде ұйымдасқан қылмыстық топ пен ондағы иерархиялық құрылым туралы сөз еттi.

АЛ ОНЫ ТОНАП, ҚОРЛАҒАНДАР ЖАЛҒАНДЫ ЖАЛПАҒЫНАН БАСЫП ЖҮР
Жұрт әдiлдiк iздегенде құқық қорғау органдары қыз­метiне жүгiнедi. Ал бiз көресiнi солардан көрдiк. Көп созбай осыдан 7 жыл бұрын болған жайды баяндайын. 2005 жылдың қараша айының 21-i күнi әкем Нақыпбек Шакайдар екеумiз Қызылорда қаласына келдiк. Азын-аулақ ауылшаруашылық өнiм­дерiмiз бар едi, әкем соны саудаға шығарудың қамымен шыққан-ды. Мен басқа жұ­мысыммен айналыстым.

19 қыркүйек күнi Кереку­де Қазақстан мен Ресей мемлекеттерi басшыларының қатысуымен IХ-аймақ­аралық ынтымақтастық жөнiнде форум өтетiнi жайлы құлағдармыз. Бұл шара басталмай жатып-ақ, небiр түрлi қауесеттер елдiң аузында жүр. Анығырақ айтсақ: “Павлодар” еркiн экономикалық аймағында “Казатомөнеркәсiп” ұлттық компаниясы ядролық отын базасын салады екен, атом электр станциясы тұрғызылмақшы көрiнедi, ядролық қоқыстар осы өңiрге көшiрiлiп сақталмақшы екен», – деген сияқты.

«БОЯУШЫ», «БОЯУШЫ» ДЕГЕНГЕ САҚАЛЫМЫЗДЫ ДА САРАЛА-САТПАҚ ЕТIП БОЯП ЖАТЫРМЫЗ, ӘЙТЕУIР...
Қарағанды қаласында католик шiркеуi ашылды. Шiркеудiң ашылу салтанатына Ватиканнан арнайы келген дiни қызметкер Анджело Содано, облыс әкiмi Әбiлғазы Құсайынов, Қазақстанның дiн iстерi жөнiндегi агент­тiгi­нiң төрағасы Қайрат Лама Шәрiп қатысты.
Қырғызстанның Шүй облысында тұратын сиам егiздерi – Зита мен Гита Резаханова 2003 жылы Мәскеудегi Филатов клиникасында операция жасатып, денесiн бiр-бiрiнен ажыратқан едi. Азаттық тiлшiсi 21 жастағы егiздердiң бүгiнгi өмiрiмен танысу үшiн Жаңажер ауылына барып қайтты. Бiр қуық, екi бүйрек, үш аяқпен туған дененi екiге бөлу қайдан оңай болсын? Өте сирек жасалатын операциядан кейiн Зитаға төрт рет, Гитаға екi рет ота жасалды.
Қарағандыдағы АК 159/22 колониясында жазасын өтеп жатқан бiрнеше сотталушының атынан жазылған хат интернете жарияланды. Хат иелерi құқықтары тапталып, азап көрiп, қысымға душар болғандарын айтқан. Хатқа Қаражалдағы АК 159/22 колониясында отырған бес сотталушы (Арон Атабекұлы Едiгеев, Игорь Терехов, Игорь Брагин, Дмитрий Зобнин, Азамат Жағыпаров) қол қойған. Хаттың абақтыдан келгенiн Арон Атабектiң ұлы Асқар Айдархан растады.

Былтырғы жылы “Жас Алаш” газетiнде «Жарылғап­бер­­­дiнiң де жағасына қол салдық” деп аталатын мақаламыз жарияланған болатын. Бiз онда қазақ ән өнерiнiң айтулы өкiлi, әншi-композитор Жа­рылғапбердi Жұмабай­ұлының бейiтiнiң басы жүдеп тұрғанын және құлпытасында туған жылы мен әкесiнiң аты қате жазылғанын, туғанына 160 жыл толған (1851–1914 жылдар) Жарылғапбердi секiлдi тұлғаның

“Көп жасағаннан емес, көптi көргеннен сұра” деген мақалды қай ғұлама айтса да, осындай жандарға сүйенiп айтқан-ау шамасы. Расында да бұл кiсiнiң жасы алпысқа таяса да, көргенi, өмiрден түйгенi, көңiлге тоқығаны талай әңгiмеге арқау болады. Оңтүстiк Қазақстан облысы, Отырар ауданының бiр пұшпағында жүрiп-ақ дүйiм елдiң ықыласына бөленген Оңалбек Әуелбеков бапкердiң еңбек жолы жазылған парақты көзбен сүзiп шықсаң, “бiздiң елде бiлiктi бапкерлер жоқ” дегендi желеу етiп жүрген желөкпелердiкi сылтау екенiне көз жеткiзесiң.

12 қыркүйек – Аманша Ақпаевтың туған күнi. Тiрi болғанда 75 жылдық мерейтойын тойлайтын едi. 2004 жылы өмiрден озған қай­раткердi еске алу кешi Алматыдағы ұлт­тық олимпиалық ко­ми­тетiн­де өттi. Игiлiктi шараны ҰОК бас хатшысы Тимур Досымбетов жүргiзiп, жи­нал­ған көпшiлiк алдында замандастары сөз сөй­леп, қайраткердiң кiсiлiк, азаматтық, тұл­ғалық қы­рын бағалап, сағынышпен еске алды.
ҮШ МЕРГЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Ресейдiң Қазан қаласында студенттер арасында әлем чемпионаты өттi. Додаға 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысты. Әлем бiрiншiлiгiнен жерлестерiмiз де құр қол қайтқан жоқ. Стенд атудан Анастасия Давыдова күмiс жүлде иеленсе, командалық сайыста қола медальға ерлер және қыздар құрамасы қол жеткiздi.
Елiмiздегi жүйеқұраушы банк­тердiң бiрi – Қазкоммерцбанк өткен аптада биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығын қорытындылап, қол жеткiзген негiзгi көрсеткiштерiн жария еттi. Сондай-ақ дүйсенбi күнi БАҚ өкiл­дерiне арналған пресс-турда банк өкiлдерi ҚАЗКОМ қаржыландыр­ған құрылыс нысандарын көрсетiп, есеп бердi. Қазкоммерцбанк 2012 жылдың I жарты жылдығында өзi жоспарлаған көрсет­кiштерге толығымен қол жет­кiздi.