1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15740) 18 қыркүйек, сейсенбі 2012
Қыркүйектiң 5-i күнi Атыраудағы жеке үйлер­дiң бiрiнде болған жарылыстан соң, бiр апта өтi­сi­мен қа­лада тағы бiр дүм­пу болды. Iшкi iс­тер бас­қармасының ғимаратында жарылыс жасалды. Әрине, ел көңiлiнде сауал көп. Атыраулықтар аяқ астынан түгелiмен уаххабшыларға айналып кеттi ме? Полиция жасағына қайта-қайта шабуыл жасаудың себебi неде? Бұл қашанға дейiн созылмақ? Бәрiн ретiмен баяндалық.

Оппозиция қайраткерлерi мен Алматы қаласының атқамiнерлерi арасындағы сот жалғасуда. Өткен аптаның сәрсенбiсiнде соттың екiншi отырысы өттi. Конституциядағы көрсетiлген баптарды орындамай, азаматтардың құқығын бұзып отыр деп айыпталған қала әкiмi Ахметжан Есiмов пен оның орынбасары Серiк Сейдуманов және қала мәслихаты өздерiне тағыл­ған айыптарды мойындағысы жоқ.

Ақтауда өтiп жатқан сотта айыпталушылардың барлығы жауап берiп бiттi. Сот заттай айғақтарды көрсетуге кiрiстi. Жұма күнгi сот отыры­сын­да “Алға” партия­сы белсендiлерiнiң М.Әблязовпен арасындағы скайп-конферен­ция­сы тыңдалса, кеше Козлов және Атабаевтың әңгiме­лерi ұсынылды.

Өткен айда Бергей Рысқалиев Атырау облысының әкiмi қызметiнен босатылған соң оның iнiсi Аманжан Рыс­қали да парламент мәжiлiсiнiң депутаты мандатын тапсырады екен деген ақпарат тарады. Естерiңiзде болса, Атыраудың бұрынғы әкiмi шетелге ағасымен бiрге кетiптi деген қауесет тараған болатын. А.Рыс­­­­қалидiң парламент сес­сия­сына қатыспауынан жел сөз өрши түстi.
Ондаған жылдар бойы қолмен әдемiлеп жазу әлемге ортақ ереже едi. Оқушыларға көркем жазуды үйрететiн арнайы пән де болды. Бiрақ компьютер кең тараған сайын көптеген елдер стандартты оқу жоспарынан көр­кем жазу пәнiн алып тастап жатыр. АҚШ-тағы Чикаго қаласының шетiнде тұратын 13 жастағы Тайлер Медер – сегiзiншi сынып оқу­шысы.
ЖIГIТ ЖАСЫНДА ЕЛ АҒАСЫ БОЛҒАН ҒАНИ
Орталық Азия мен Қазақстан жастарының жетекшiсi, демократ-ағартушы, көрнектi қоғам қайраткерi Ғани Мұратбаевтың жолы бiзге үлгi-өнеге. Жиырма үш жыл ғана өмiр сүрiп, жаһанға танылған Ғанидың iсi мәңгiлiк жасайтыны сөзсiз. Осы орайда Ғани Мұратбаевтың туғанына 110 жыл толуы құрметiне жыл басынан берi Қызылорда облысында түрлi мәдени iс-шаралар ұйымдастырылуда.

“Мыңнан бiр мезеттiң” бұған дейiнгi нөмiрлерiнiң бiрiнде ғарышта 28 жыл болған адам – астронавт Чарльз Гинсон жайлы мақала жарияланған едi. Расында да, 1973 жылы 9 тамызда ғарышқа ұшып кеткен соң ұшты-күйлi жоғалып, 1991 жылы Жерге қайтып орал­ған Гинсонға қатысты түрлi болжамдар бар. Не де болса НАСА-ның бұл жайтты құпия сақтап, ендi жария етпейтiнi түсiнiктi. Бiрақ қалай болғанда да ғарышта 28 жыл бойы өз бетiнше өмiр сүру мүмкiн емес.

Анам бала күнiмiзде “айнаны үнемi жуып тұру керек, кiсi өлгенде үйдегi айнаның бетiн жабуды ұмытпаңдар” деп түрлi ырымдарды айтып отыратын. Бiрақ ол кезде тұрмыстағы қарапайым құралдың мұншалықты тылсым күшке ие екенiн бiлмеппiн. Бұл оқиға бертiнде, осыдан үш жыл бұрын болған. Жездем әпкеме әдемi әрi үлкен айнаны сыйға тартқан едi. Бiр қарағанда, кәп-кәдiмгi, көзге еш ерекшелiгi түспейдi. Жан-жағы әсем өрнекпен әрленген.
МАМОНТТЫ ТIРIЛТПЕК
Жақында ғалымдар Якутияда сақталған мамонттың биологиялық үлгiсiнен жасуша ядросын бөлiп алды. Соған қарағанда, өлi жан­уар­да әлi де тiрi жасуша қалуы мүмкiн. Солтүстiк-шығыс федералды университетiндегi мамонт мұражайының меңгерушiсi Сергей Федоров – экспедицияға қатысушылардың бiрi. “НТВ арнасынан жаңа жылдың алдында сеулдiк генетик Хван Усуктың сұхбатын тамашаладық.

Қазақта көктем сайын елiне жаңадан оралып отыратын екi ақын болса, бiрi – Тұманбай. Себебi ол көктемнiң ақыны едi. ”Ақындар тусын көктемде, көктемде бiрақ өлмесiн” дедi ол. Қырғыз халық жыры “Жiгiт өлмес болсашы, жiбек тозбас болсашы” дейдi. Дариға-ай... Ақын өлмес болсашы бұл дүниеде. Бiрақ қатал өмiрдiң қатiгез заңы бiздiң бүйiрiмiзден қабырғамызды бiтеу суырып алып, шындыққа көзi­мiздi ашады.

ЕЛУ ЖЫЛ ЕЛ АҒАСЫ
21-22 қыркүйекте Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында “Елу жыл ел ағасы” атанған көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, үш мәрте Социалистiк Еңбек Ерi, Ғылым академиясының академигi, техникға ғылымдарының докторы, ұлы тұлға Дiнмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуы­на орай салтанатты шаралар өтедi. Бағдарламада:

Қазақ елiнiң Әнұраны жетi рет шырқалып, Көк туымыз он үш мәрте көкке көтерiлiп, барша алаш жұртының төбесiн көкке жеткiзген Лондон Олимпиадасы да тарих қойнауына жол тартты. Осынау басты спорттық сайыстың қызығы мен шыжығы жайлы әлi талай жазылары анық. Мәселен, Қазақстан қоржынына қола жүлде қосқан жерлесiмiз 66 келiдегi еркiн күрес шеберi Ақжүрек Таңатаровқа армяндар ширек финалдық белдесуде жеңiлер болса, 100 мың АҚШ долларын

Алтынбек апталығы
1962 жылдың 12 қыркүйегi – қазақ үшiн елеулi күн. Аспантаулар баурайында Хан­тәңiрiнiң етегiне оранып, өмiрге Алтынбек есiмдi сәби келдi. Атаның баласынан қазақтың ұлына айналған Сәрсенбайұлы қапыда қаза таппағанда ердiң жасы елудi еңсерер едi. Бiрақ қаныпезер қолымен жасалған қастандық арда азаматтың ғұмырын 44 жасында қиып түстi.
 “Алтынбек апталығы” аясында ұйымдас­тырылған шараның бiрi  
Қолы кемтар теннисшi Азамат Оразбек 2013 жылы өтетiн Азиадаға дайындалып жатыр. Лондондағы паралимпиадаға қатысуға қазақстандық теннисшiлер жолдама ала алмады.  Азамат Оразбек – тiрек-қозғалыс жүйесi зақымданған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың 10 сынып оқушысы. Алайда ол оқу басталғалы сабаққа бармапты. Өзiнiң айтуынша, оқу жылының басында медкомиссиядан тексеруден өткен кезде жүрегiнен бiр ақау тауыпты.
МАҚСАТЫ ОРЫНДАЛДЫ
“Астана” велоклубының мүшесi Мақсат Аязбаев “Болгария турында” жеңiмпаз атанды. Жерлесiмiз басты қарсыластарын шаң қаптырып, жалпы есепте топ жарса, күмiс жүлде “BDC MARCPOL TEAM” клубының шабандозы поляк Мацин Сапаға бұйырды. Болгар Петров Георгиев (“BRISASPOR” клубының атынан жарысқа қатысты) қола жүлденi иелендi.