1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (15741) 20 қыркүйек, бейсенбі 2012
Д.А.Қонаев – 100
Бақанас – Д.А.Қонаевтың ата-бабаларының туып, өнiп-өскен мекенi. 21-22 қыркүйекте Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, үш мәрте Социалистiк Еңбек Ерi, Қазақстан Ғылым академиясының академигi, техника ғылымдарының докторы, ұлы тұлға Дiнмұхамед Қонаевтың туғанына орай салтанатты шаралар өтпек. Қарап отырсаңыз, халықтың Д.А.Қонаевқа деген ықыласы алабөтен. Жақында Талдықорған қаласында Д.А.Қонаевқа ескерткiш орнатылды. Д.А.Қонаев туралы бiр емес, екi емес, 10-ға жуық естелiктер жинағы жарық көрдi. Д.А.Қонаев атындағы мектеп, көше, парк, аллеялар күн өткен сайын көбейiп келедi.
НЕМЕСЕ ТӘУЕЛСIЗДIК ҮШIН КҮРЕСКЕНДЕРГЕ ҚАРСЫ ШАБУЫЛ ҚАЙТА БАСТАЛҒАНЫ МА?
Патшалық және кеңестiк Ресей кезiнде қа­зақтың атына, ұлт-азаттық көтерiлiсi жетекшi­лерiнiң атына нелер сөздер айтылмады. Қазақты “дала тағылары”, “топас”, “надан”, “жағымпаз”, “жабайылар”, “бейшаралар” десе, Кенесарыға “дала қарақшысы”, “баскесер”, “бү­лiкшi” деген айдар тақты. Осыларды естiгенде көкiрегiмiз қарс айырылатын. Бұл, әрине, бас­қа заман едi...

Ақтауда өтiп жатқан В.Козлов, С.Сапарғали мен А.Әминовтiң сотында сейсен­бi күнi мұнайшылардың телефон әңгiмелерi мен өзге де заттай айғақтар қарастырылып бiттi. Сотта көрсетiл­ген айғақтардың iшiнде М.Әб­лязовтiң атышулы “Қасиеттi Маңғыстау күрескерлерi! Желкеңдегi жендеттi түсiр” деген үндеуi де бар. Осы үнпараққа қатысты дау туды. Алайда судья бұл мәселенi жарыссөзде талқылауға қалдырды.

САЯСИ ЖҮЙЕНIҢ ТОҚЫРАУЫ – БИЛIКТЕГIЛЕРДIҢ ДӘРМЕНСIЗДIГIНЕН
Соңғы уақытта жиi­леп кеткен жарылыстар мен қордаланған әлеу­меттiк проблемалар, эко­номика саласындағы құлдыраулар, түйiнi тарқатылмаған мемлекеттiк мәселелер – билiктiң ауыспауының, өзгерме­уi­нiң салдарынан болуда. Өркениеттi елдерде билiк жүйесi белгiлi бiр уақытта ауысып, жаңарып отырады.
Қазақ гуманитарлық заң университетiнiң кiре берiс залындағы қабырғалардың бiрiнде Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген картина пайда болды. Суретшi-монументалист, картина авторы Аманат Назарқұлдың айтуынша, “бұл – бұрынғы советтiк кеңiстiктегi ең үлкен кескiндемелiк шығарма”. “Астана – жастық пен бiлiм қаласы” деп аталатын картинаның енi – 3,45 метр, ұзындығы – 8,75 метр.
Онлайн платформада өтетiн сайыста қатысушылар қайым айтыс жанры бойынша қолма-қол чат жазысады, ал сайт оқырмандары олардың өнерiне әдiл қазы ретiнде сол сәтте төрелiк айтады. Азаттық радиосы көпшiлiктiң ынтасы мен тiлегiн ескере отырып, онлайн режимде чат арқылы өтетiн сөзсайысын қарапайым оқырмандар арасында ұйымдастырмақ.
Қазақстан қаламгерлерiнiң кезектi құрылтайына орай
24 қыркүйек күнi Қазақстан қаламгерлерiнiң кезектi құрылтайы өтедi. Осыған орай бiр топ ақын-жазушыларымызға “Сiз құрылтайдан не күтесiз? Қандай өзгерiс болады деп ойлайсыз?” деген сауал қойған едiк. Ғаббас Қабышұлы: Ештеңе күтпеймiн! Ешқандай өзгерiс болады деп те ойламаймын!
Д.А.Қонаев туған-туыстарының ортасында. 1972
1969 жылдың екiншi жартысы едi. Ол кезде мен Шымкент облыстық партия комитетiнiң екiншi хатшысымын. Жұмыс уақтысы едi. Қасымдағы ақ “В.Ч.” телефон аппараты безек қақты. Көтерсем, Димаш Ахмет­ұлының көмекшiлерiнiң бiрi екен. Есен-саулықтан соң: “Қазiр сiзбен Димаш Ахметұлы сөйлеседi” дедi. Ол күнi обкомның бiрiншi хатшысы В.А.Ливенцов жұмыста өз орнында отырған. Әдетте, бiрiншi хатшы жұмыста отырған кезде екiншi хатшымен сөйлесу сирек. Мен ойлаңынқырап қалдым.

Алматыға жолым түскен сайын қалайда мүмкiндiк тауып, М.Әуезов және Ғ.Мүсiрепов атындағы театрлардың бiрiне барамын. Бұрынғы астанада оқыған ке­зiмде қалыптасып қалған дағдым. Әрине, өзiмiздiң Шымкент­тегi Ж.Шанин атындағы театрдың жаңа қойылымын да бос жiбер­меуге тырысамын.

Алматыда шығатын “Шалқар-2” дейтiн газет бар. Ол өзi үш бiрдей жазумен: араб графикасымен (төте жазумен), латын графикасымен, сонан кейiн кириллицамен жарияланып тұрады. Төте жазуды Қытайдағы қазақтар ғана қолданады. Ал Қытайда “Шалқар-2”-нi шекарадан өткiзбейдi, өйткенi газеттiң таратылуы заң бойынша рәсiмделмеген. Сонда “бұл газеттiң кiмге қажетi бар?” деп те ойлайтынбыз. Сөйтсек...

Ту етiп көтерген ұраны “Бәрiнен ақиқат қымбат!” деген “Жас Алаш” газетi биылғы жылғы 31 шiлде­дегi 59-санында жарияланған тарбағатайлық ойлы азамат Төлеген Қалимажановпен болған ашық әңгi­месiнде “Жүйенi ауыстыру қажет” деп бүгiнгi қоғамдық дерттiң дауасын дөп басып дәл айтқан. Мен Төлеген бауырымның батыл ойларына бұрыннан тәнтiмiн

Ерте заманда өмiр сүрген Аяз би өзi хан болып сайланғаннан бiраз жылдан кейiн елдiмекендерге өкiлдерiн жiберiп, елдiң тұрмыс жағдайын және “қара халық мен туралы не айтып жатыр, бiлiп келiңдер” деп тапсырма бередi. Өкiлдер сапардан қайтып, ханға көрген-бiлгендерiн баяндайды.

Қазiргi заманда қаншама отбасылар ажырасып жатыр десеңiзшi?! Бiрi жарының мiнезiмен жараспаса, бiрi ұрпағының жалғаспағанынан, ал ендi бiрi “арам” суға берiлсе, бiрi “карьера” деп жалғыз қалғандар да көп. “Жалғыздық тек Аллаға ғана жарасқан” демекшi, бұл өмiрде қол ұстасар, өмiрдiң ащы-тұщысына бiрге көнетiн, артымыздағы балапандарымызға

Бас дәрiгерлер былық-шылығын әшкерелеп берген Жұмағали Исмаиловтың қызметiнде қалуына ендi моральдық құқығы бар ма?
“Жас Алаш” газетiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының бiр топ бас дәрiгерлерiнiң ашық хаты жарияланған едi (“Шыдамның да шегi бар”,  6 қыркүйек, 2012 жыл). Бас дәрiгерлер бұдан кейiн “Нұр Отан” партиясында, облыс әкiмi Асқар Мырзахметовтың қабылдауында болып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының
АЛМАС – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Алматыда пауэрлифтинг­тен Азия чемпионаты басталды. 21 қыркүйекте мә­ресiне жететiн құрлық бi­рiншiлiгiнде елiмiздiң қоржынына алтын медаль түстi. Қазақстанның бiрнеше дүр­кiн чемпионы Алмас Оспанов жарыстың алғашқы күнi алтын медальға қол жеткiздi. 66 келiге дейiнгi сал­мақта сынға түскен Оспанов зiл­темiрдi шалқалай жатып көтеру сайысында 200 келiнi еркiн еңсердi.

Мемлекеттiк тiл үлкен дау-дамайлардың себеп­керi болып жатқаны аян. Елiмiз­де кейбiр саяси тұлғалар қазақ тiлiнiң мә­селе­сiн көтеру арқылы өзiне саяси ұпай жинап алып жатса, ендi бiреулерi мемле­кеттiк тiлдi көтеру арқылы ұлтаралық араздықты өршiтiп жатқан-мыс. Әйтеуiр, мемлекет­тiк тiл туралы айтыс-тартыс көп. Тiптi, билiкте жүрген ағаларымыздың қайсысы мемлекеттiк тiлдi жақтап

22 қыркүйекте қазақ күресiнен “Қазақстан Барысы” республикалық тур­нирi өтедi. Биылғы сынға былтырғыдай балуандардың қа­лың шоғыры қатыспайды. Ерте көктемде әр облыста басталған iрiктеу сынында сүрiнбеген екi балуан қатысу құқығына ие болды. Астана мен Алматы қаласының да намысын екi балуан қорғайды. 

2004 жылы Қазақстан спортшылары Афины Олимпиадасында жалғыз алтын алды. Олимпиададағы ең шебер боксшыға берiлетiн Вэл Баркер атындағы кубогын қоса иеленген Бақтияр Артаев   бүгiнде Жамбыл облыстық әкiм­дi­гiнде аппарат басшысының орынбасары қызметiнде.  Алланың iсiне пенде атаулының қолынан келер шарасы бар ма? Басқа салды, көнесiң. Адамға ғұмыр өлшенiп берiлген.