1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (15742) 25 қыркүйек, сейсенбі 2012

Президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi Аслан Мусин ақыры отставкаға кеттi. Төрт жыл бойы елдiң iшкi саясатын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Мусин төмендеп барып Есеп комитетi төрағасының орнына жайғасты. Ал кеше премьер-министр Кәрiм Мәсiмовтi президент Н.Назарбаев “өз өтiнiшi” бойынша отставкаға жiбердi. Артынша Мәсiмовтi президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi қызметiне тағайындады. Ел тарихында үкiмет жетекшiсi қызметiн ең ұзақ атқарған Мәсiмовтiң орнына бұған дейiн вице-премьер қызметiн атқарған Серiк Ахметов барды. Саясатқа аяқ басқалы тек қана өрлей берген Мусиннiң асығы бұл жолы алшысынан түспедi. Ол саяси мансабында алғаш рет өсудi емес, өшудi бастан өткердi. Бұдан “Му­синнiң дәуiрi бiтуге тақау” деп болжам жасаған жауырыншылар аз емес.

Қыркүйектiң 21-i күнi Атырау қаласына жақын маңда “полицейлерге шабуыл жасады” деген күдiкпен бiрнеше адам оққа байланды. Оқиға “Көктем” саяжайында орналасқан үйлердiң бiрiнде болып, арнайы операция барысында төрт адамның “көзi жойылғаны” туралы бас прокуратура ресми мәлiмет таратты. Сондай-ақ хабарламада қаза бол­ғандардың 15 қыркүйек күнгi оқиғада полицияға шабуыл жасауы мүмкiн бол­ған сезiктiлер екендiгi айтылады. 

Сенбi күнi “Сарыарқа” кинотетрының артындағы алаңқайда Мемле­кеттiк тiлдi қолдау акциясы өттi. Оған ақын Мұхтар Шаханов бастаған 500-ге тарта тiл жанашырлары қатысты. Шара барысында мемлекеттiк тiлдiң дамуы мен тiл төңiрегiндегi қордаланып қалған мәселелер жайы сөз болды. Тәуелсiздiк алғалы берi 20 жыл өтсе де, қазақ тiлiнiң мәселесi шешiлмей келедi. Тiл туралы заңның 1989 жылы қабылданғанын ескерсек, содан берi ширек ғасырға жуықтады.

Азаматтардың өз пiкiрiн бiлдi­руi­не тосқауыл қойып, құқығын шектеп, елiмiздiң басты заңы – Конституцияның емес, әлдебiр шешiмдер­дiң негiзiнде әрекеттенiп, заңсыздыққа барған Алматы қаласының әкiмшiлi­гiне дауа жоқ екен. Осыдан бiраз бұрын қоғам қайраткерлерi мен оппозиция өкiлдерi Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмовтi, оның орынбасары Серiк Сейдумановты және қала мәслихатын сотқа берген болатын.

БОРДЮЖАНЫҢ МӘЛIМДЕМЕСIНЕН КЕЙIН ОСЫНДАЙ ҰРАН КӨТЕРIЛЕ МЕ?
Келмеске кеттi деп жүрген кеңес одағы сәл үзiлiстен кейiн, аз ғана уақыт мызғып алғаннан кейiн қайта оянды. Орыстың сан ғасырлар бойы қанына сiңiп қалған державалық пиғылы мен аз халықтарды отарлауға бағытталған саясаты бүгiнде жаңа қар­қынмен үдеп келедi. Шығысымыздағы хансулар жұмсақ күш арқылы бiрте-бiрте экономикамызды экспансиялап жатса, орыстар ашықтан-ашық ақпараттық шабуылға көшуде.

Биылғы жылғы бұрын-соңды болмаған құрғақшылық республикамыздың бiрнеше облысын және Ресей мемлекетiнiң Қазақстанмен шекаралас аймақтарын қамтыды. Бұның қиыншылығын, әсiресе, жер өңдеумен айналысатын шаруа қожалықтары көрдi. Бұрнағы жылдары егiн шықпай қалған күннiң өзiнде, шаруа­лар гектарынан 4-5 центнерден астық жинап, әупiрiмдеп жүрiп, сепкен тұқымын қайтарып алатын.

ҚР Iшкi iстер министрi назарына!
Қобда ауданы Бұлақ елдiмекенiнiң тұрғыны, оқырманымыз, мектеп ұстазы Темiрәлi Сәрсенбеков бойжеткен қызына қиянат жасаған ақтөбелiк Амандық Жұмағалиевтi қылмыстық iске тарта алмай келедi. Бармаған жерi, арызданбаған мекемесi қалмады. 40-тан асқан Амандықтың қылмысын ақтөбелiк полицейлер мен прокуратура жауып тастады деп “Жас Алашқа” арызын жазды.
Қадiрлi Шераға! 80 жылдық мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз мықты болсын! Мерейiңiз, абыройыңыз арта берсiн! Сiз “Жас Алаш” 90-ға толғанда былай деген едiңiз: “Жас Алаш” менiң көзiме де, өзiме де ыстық. Себебi, мен осы газеттiң “Лениншiл жас” кезiнде 1963 жылдан 1970 жылдарға дейiн бас редакторы болдым. “Жас Алаш” кешегi – “Лениншiл жастың” мұрагерi. Сол дәстүрдi әрi қарай лайықты жал­ғастырып келедi. Шындық үшiн таяқ та жеп жүр. “Шындық үшiн отқа түс, күймейсiң” деген бар емес пе, “Жас Алаштың” мерейiн көтерiп отырған да – осы шындық”. Сiз басқарған “Лениншiл жасқа” (бүгiнгi “Жас Алаш”) шындық қалай қымбат болса, бiзге де шын­дық дәл солай қымбат. Бұл орайда да бiзге Сiздiң күрескер­лiк рухыңыз – үлгi-өнеге.

Жыл басында қабылданған үкiметтiң «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасына Жамбыл облысы бойынша Талас пен Сарысу ауданының орталығы Қаратау мен Жаңатас қалалары енген. Бүгiнде жергiлiктi жұртшылық “қой үстiнде бозторғай жұмыртқалайтын” күн туатындай қиялға берiлiп жүрсе, аталған аудан, қала әкiмдерiнiң қуаныштан жүздерi бал-бұл жайнап, алақандарын ысқылап отыр. Өйткенi, бағдарлама бойынша Қаратау

Шерхан Мұртаза – 80
Қазақ баспасөзiнiң патриархы, ұлттық журналистикамыздың сәруары, Қазақстанның халық жазушысы, көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, аяулы ұстазым Шерхан Мұртазаның шығармашылығы мен азаматтық биiктiгi жөнiнде көптен берi үзiк-үзiк дүниелер жазып жүрген жайым бар едi. Соның бiр парасын бүгiн жазушының 80 жылдық мерейтойына орай оқырманға ұсынғанды жөн көрдiм.
Сауда маркаларының франчайзингi Қазақстанға тiкелей келмегендiктен, тауарлар мен қызметтердiң бағасы қымбат.
Сарапшылардың пiкiрiнше, логистика саласындағы қиындықтарға байланысты жергiлiктi нарықта iрi брендтер жоқ. Forbes Kazakhstan журналының бас редакторы Рашид Дүйсем­баев Азаттық тiлшiсiне “Forbes журналының франчайзинг негiзiнде құрылған қазақстандық нұсқасы пайда болысымен, бұл басылымның ресейлiк аналогының Қазақстандағы сатылу деңгейi түсiп кеттi” дейдi.

Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Әкенiң тәлiмi мен үлгi-өнегесiн қастерлеген халық едiк. Алайда бүгiнгi күнде төрдегi орнын босатып, босағадан сығалаған әкелер пайда болғаны жасырын емес. Нарықтық заманның талабына төтеп бере алмаған кейбiр қазақ отбасыларында осынау бiр қасиеттi орын, яғни отағасының құрметтi орны құнын төмендетiп, сыйын жоғалтқаны өкiнiштi болса да, боямасыз шындық.

ҚМДБ өкiлдерi бейнекамералар мұсылмандардың қауiп­сiздiгiн қамтамасыз етедi десе, құқық қорғаушылар бұл намаз оқитындарды бақылауға алудың бiр тәсiлi деп бiледi. Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының (ҚМДБ) өкiлi Оңғар Өмiрбек бейнекамераларды қою мәжбүрлiктен туған шара екенiн айтады. – Бесiн, ақшам, құптан намаздары кезiнде келген жамағат аяқ-киiмдерiн сыртқа қойып намазға кiредi. Сол кезде ұры-қарылар келiп, тәуiрлеу
ОҚУШЫЛАРДЫҢ "АУЫР СӨМКЕ" МӘСЕЛЕСI ШЕШIЛМЕК
Күнделiктi оқу құралдарына толы мектеп оқушылары сөмкелерiнiң салмағы қазiрде 7-8 келiден асатыны баршаға мәлiм. Бастауыш сынып балдырғандары үшiн бұл аз салмақ емес. Оның буыны бекiмеген балдырғандардың денсаулығына тигiзер зияны да жетерлiк. Осыған алаңдаған ата-ана Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүгiнiп отыр. Ата-ана бұл проблеманы шешудiң бiрден-бiр жолы жақын
Кейбiр кездерi ойламаған жерден ұрыс шығаратын сөздердi айтып қаламыз, ғалымдар мұны конфликтоген деп атайды екен. Отбасында және жұмыста бейбiт, тыныш өмiр сүру үшiн мына сөздердi айтудан аулақ болған жөн екен. «Бұл менiң мiндетiме кiрмейдi», «Маған бұл үшiн ақша төлемейдi». Жұмыс iстемеудiң ең танымал сылтауы. Бұл бастығыңыздың жынына тиiп, сiздiң жұмысқа деген енжарлығыңызды бiлдiредi.
Қазақ күресiнен “Қазақстан барысы” белбеуi мен қомақты жүлде һәм шетелдiк автокөлiк жамбылдық Бейбiт Ыстыбаевтың қанжығасына байланды. Былтыр тұңғыш рет ұйымдастырылғанда елiмiздiң 14 облысы және Алматы, Астана қаласынан 64 балуан қатысып, қызылордалық Ұлан Рысқұл жеңiске жеткен болатын. Биылғы бәстiң деңгейi одан да жоғары болды. Өйткенi қатысуға ниеттi түйе балуандарға қойылар талап өте жоғары болды.

Танымал тұлғалардың өмiрiнде өшпес iз қалдырған жағдайлар аз емес. Солардың ең маңыздысы болып махаббат машақаттары саналса керек. Сезiм иi­рiмдерi шығармашылық адамының шабытына күш берiп талай шығарманың дүниеге келуiне себепшi болғаны анық. Француз ақыны, жазушы драматург Виктор Гюгоның ғұмырында да өш­пес iз қалдырып, жүрегiн жаулаған мөлдiр махаббаты туралы әлi күнге тамсана айтып, таңғалып тыңдайтындар аз емес. Францияның мақтанышы Виктор-Мари Гюго әлемге

ҚАЗАҚТЫҢ ҮМIТI – НАДЕЖДА
Надежда Ногай ауыр атлетикадан үш дүркiн әлем чемпионы атанды! Жасөспiрiмдер арасында өткен әлем чемпионатында (Словакия) 16 жастағы Надежда ел үмiтiн ақтап, сенiм үдесiнен шыға бiлдi. 69 келiге дейiнгiлер­мен сынға түскен талантты қыз қоссайыс қорытындысында 268 келiнi ауырсынған жоқ. Сондай-ақ Надежда серпе көтеру сынында 123 келiнi еңсерiп, әлем рекордын жаңартты.