1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №77 (15743) 27 қыркүйек, бейсенбі 2012
Қазақстан Республикасының   президентi Н.Ә.Назарбаевқа 2011 жылдың 16-17 желтоқсан күндерi Жаңаөзен мен Шетпеде жәбiр көрген, жапа шеккен мұнайшылар мен қала тұрғындары атынан
АШЫҚ ХАТ
2011 жылдың 16 желтоқсан күнi сағат 10.00-шамасында қала әкiмшiлiгiнiң тапсырмасы бойынша, тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай, мерекелiк шеру басталды. Жұрт мүлде күтпеген бұл шеру кезiнде полиция қызметкерлерi еңбек дауымен тұрған мыңдаған мұнайшы азаматтарға қарсы арандатушылық әрекеттерiн жасады.

Қазақстанда референдум өткiзу жөнiндегi бастамашыл топ сейсенбi күнi Алматыда дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған саясаттанушылар, саясаткерлер, үкiметтiк емес ұйым мүшелерi және зиялы қауым өкiлдерi қатысты. Жиынға келгендер референдумның күн тәртiбiне қойылатын бiрiншi сұрақ – Еуразиялық одақтан бас тарту мәселесiн талқылады.

ПРОКУРОР ҮШIН ОППОЗИЦИЯ – ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП
Оппозиционерлер В.Козлов, А.Әминов және С.Сапарғалиге қатысты Ақтаудағы сотта мемлекеттiк айыптаушы Әмiрғали Жанаев ұзақ-сонар айыптау қорытындысын таныстырып: “Еуропарламент депутаттары ереуiл­дегi мұнайшыларды Қазақстандағы билiктi құлатуға шақырған”,– деп мәлiмдедi. Ол сонау тәуелсiздiк алған жылдардан бергi түрлi оқи­ға­ларды тiзбелеп
ҚАЗАЛЫДА ҒАНИ МҰРАТБАЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ
Ғани Мұратбаев 23 жыл өмiр сүрдi. Ұлттың бағына туған ердiң ұлылығы неден көрiнедi? Оның еңбекқорлығынан, адалдығынан, қарапайымдылығынан, парасаттылығынан, бiлiмдiлiгiнен. Аз ғана ғұмырында Ғани Мұратбайұлы осынау қасиеттерiн танытып үлгердi. Ол тек қана қазақ жастарының емес, Орта Азия жастарының көшбасшысына айналды. Ғанидың өнегелi өмiрiн насихаттау, құрметтеу дәстүрi әсте үзiлмегенi абзал.

Сонымен, Ақорданы бiр дүрiлдетiп өткен саяси дүрмектiң жеңiмпаздары анықталды. Бұл тартыстан жеңiлiс тапқан Аслан Мусин құдiреттi орыннан айырылса да, қожасы арқасынан қағып, қара жаяу қалдырмады. Желеп-жебеушiсiнiң құдiретi тасыған шақта онымен қоса көгерген үзеңгiлiстерiнiң алды ендi шетел ауды, арты жауапқа тартылып жатыр. Кейбiр ақпарат құралдары ағайынды Рысқалиевтердiң iзiнше Мусиннiң туған ұлы – Асылбек Мусиннiң де шетелге кетiп қалғанын

ПОЛИЦЕЙЛЕРДIҢ ЕКI ТҮРЛI АҚПАРАТ ТАРАТҚАНЫ ҚАЙ САСҚАНЫ?
Тамыз айында болған Iле Алатауы шатқалындағы жаппай адам өлтiру қылмысы бойынша екi азамат­қа iздеу жарияланды. ҚазТАГ таратқан ақпаратта 12 адамның өлiмiне радикалды ислам тобының мүше­лерi – Саян Хайров пен Зауырбек Бота­баев кiнәлi болуы мүмкiн делiнген.
Темiртауда Нұрсұлтан Назарбаев туралы “Елбасы жолы” фильмiн түсiру кезiнде тақтай құлап, бiр әйелдiң аяғы үш жерден сынды. 23 жастағы Регина Бендер – қыркүйектiң 19-ы күнi кешкiсiн Темiртау қаласының ескi бөлiгiнде “Елбасының жолы” фильмiн түсiрiп жатқанда зардап шеккендердiң бiрi. Көп адам түсетiн көрiнiске екiншi қатысуы екен. Өзiнiң айтуын­ша, ақша табайын деп қатысыпты. Кино әкiмшiлiгi күнiне екi мың теңге төлейдi екен.
Зерттеушiлердiң ойынша, “сарай ақындарының” билiкке жағына сөйлеу үрдiсi тәуелсiздiк алғаннан кейiн үдемесе, азаймады. Сарай маңындағы қазақ ақындары ежелден бiрде билiктiң сөзiн сөйлесе, ендi бiрде халықтың талап-тiлегiн айтатын. Оған Едiге батырдың Тоқтамыс ханға, Шалкиiз жыраудың Би Темiрге, Асан Қайғының Жәнiбек ханға, Жиембет жыраудың Есiм ханға, Марғасқа жыраудың Тұрсын ханға, Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқандары дәйек бола алады.

Қазақ халқының даңқты батыры – Райымбек бабамызға Алматы қаласындағы өз есiмi­мен аталатын даңғыл мен Пушкин көшесi қиылысы тұсынан ескерткiш орнатуға көптен күткен шешiм қабылданды.    Райымбектiң ескерткiшi қандай болуы керек? Бұл сұраққа айтылар жауап бiреу – аты мен даң­қына сай ерекше үлгiдегi, бүгiнгi замандастарымыз бен келешек ұрпақ мақтан тұтатындай, сүйсiнетiндей деңгейде жасалуы тиiс.

Қыркүйектiң 25-i республикалық баспасөз өкiлдерiне шуағы мен қызығын сыйлады. Болашағы зор саналатын елiмiздегi қаржы мекемесi Bank RBK-нiң арнайы шақыртуымен журналистер Алматыдағы хайуанаттар бағына жиналып, шетелдiк қар барыстарының жаңа “қоныстарымен” танысуға мүмкiндiк алды. Тәкаппар “Снежана” мен “Арилан” атты француздық барыстардың жаңа мекенiнiң тұсауы баспасөз өкiлдерiне арналған брифингте салтанатты түрде кесiлдi.  

Жасыратыны жоқ, тек жазушы-қаламгерлер ғана емес, кейiнгi жылдары жалпы зиялы қауымның Қазақстан Жазушылар одағына көңiлi толмай жүргенiн бәрiмiз жақсы бiлемiз. Қалам ұстаған кез келген адамды былайғы жұрт ұлт мүддесiн қор­ғаушы деп түсiнедi. Кешегi аумалы-төкпелi заманда “Бейiмбет жау болса, мен де жаумын!” деген Ғабит Мүсiрепов, қазақтың ары мен намысы үшiн Колбинге қарсы сөйлеп, тәубесiне келтiрген Жұбан Молдағалиевтер “жазушы”, “қаламгер” деген сөздiң шын мәнiндегi эталондары секiлдi едi.

Қаздай қаздиып, қораздай қоқиып, жақында ғана сатып алған аппақ ақ шағаладай джипiммен әндете-е-еп келе жатқанмын. Келесi көшеден өте бергенiмде, аударылып түсе жаздаған “Ауди” маркалы жеңiл мәшине алдымды кесiп өте бердi, артынан полиция машинасы қуып келедi екен, терезесiнен автомат шығарып, тасырлата атып жатыр, атып жатыр, атып жатыр. “Аудидегi” жас жiгiттер де атысып болар емес. Қолымды көтерiп, сыртқа шықтым.

“Қазақ әдебиетi” газетiнiң редакциясына жұмысқа орналасқан екi жылда жазған әзiл-сықақ әңгiме атаулымды мөлшерлесем, әжептәуiр болып қалыпты: мәшiңкемен жүз беттен ары, яғни бес баспа табақтың маңы. Соны жеке кiтап етуге ұсынғым келдi де, “Жазушы” баспасының проза редакциясындағы Рамазан Тоқтаровқа бардым. Ол ниетiмдi тез құптай қойды да: “Редакциямыздың меңгерушiсi Амантай Байтанаев қой, өзiң бiлесiң

Оңтүстiктiң Созақ ауылында Ахмет ишанның 200 жылдық мерейтойына байланысты өткен шараға елiмiздiң шартарабынан келген ұрпақтары мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Сонау Татарстанда дүниеге келiп, Қазан мен Уфада, одан соң Мекке, Мәдина, Дамшық, Бағдат, Құддыс пен Бұқарада дiни бiлiм алып, бүкiл саналы ғұмырын қазақ даласына Ислам дiнiн таратып, орнықтыруға арнаған дiндар­дың өмiрi өнегеге толы.

Мектеп қабырғасында жүргенде жақсы адамдарға ұқсағым келетiн. “Тұмалы көлдегi” жетi жылдықта орыс тiлiнен сабақ берген Мейрамхан Орынбасаров ағайдың жүрiсiне, сөйлеген сөзiне қызыға қарайтынмын. Шалқар қаласында №1 қазақ орта мектебiнде математикадан сабақ берген Нарен апайға, Төреғали Өтегеновке – олардың киген киiмiне, әдемiлiгiне тамсанушы едiм. Әрине, бұл менiң, яғни мектеп оқушысының жақсыға деген қызығушылығы едi.

...Мектепке келгiм келмей, жыларман күймен әрең келгенмiн. Алғашқы қоңырауға қатыспай, сырттай бақылап тұрмын. Үш айғы оқу демалысында сыныптастарды, мұғалiмдердi көрмеуге тырысып бақтым. Оның өзiндiк себебi бар. Олар менi, анам айтпақшы, “сабаған жоқ”. Әйтсе де...Былтыр 9-сыныпты бiтiрдiм.  III тоқсан өтпей жатып, сынып жетекшiсiне, мектепке “не сыйлаймыз?..”, “қанша ақшадан

Осыдан бiршама уақыт бұрын Латвия­ның астанасы Рига қаласында қызтекелер мен еркекшоралар, транссексуалдардың шеруi өттi. Шайтани шеруге атсалысушылар өз елдерiнiң мемлекеттiк туын ұстап шыққанда олардың арасынан бiздiң көк ту да көрiнiп қалды. Ал бұл – қазақстандық қызте­келердiң өздерiнше халықаралық аренада жоғары мәртебеге қол жеткiзген түрi. Президенттiң шетелге сапары мен iрi спорттық ойындарда ғана желбi­рейтiн қасиеттi туымыздың дәл осы

Әр алуан тарихи себептерге байланысты әлемнiң әр қиырына тарыдай шашылған қазақ диаспорасының бiр бөлiгi елiмiз тәуелсiздiк алған жылдары тарихи отанына ат басын тiреп, ата-жұртқа қоныс аударды. Бостандық аңсаған шетелдегi қандастарымыз тайлы-тұяғымен, еңкейген кәрiсiнен еңбектеген сәбиiне дейiн атажұрт­қа ағылып жатты. Амал қанша, соңғы жылдары көшi-қон саласында бой көтерген келеңсiздiктерге байланысты қазақ көшi қаңтарылып тұр.

Журналистiк қызметтiң де өзiндiк қызығы мен шыжығы бар. Бiрде “Ғайнижамалдың мұңы” деген мақалам жарық көрдi. Оқиға бiрiншi жақтан, яғни кейiпкердiң сөзiмен баяндалады. Ғайнижамал ерiнiң ерте қайтыс болғанын, балаларын жалғыз өзi жеткiзiп жатқаны жайлы сыр шертедi. Әйтсе де Ғайнижамалдың жанына бататыны – құрбыларының мұны шеттетiп, орталарына келгенде, кiрпiдей жиырылатыны.

Тәуелсiз Қазақстанның тұң­ғыш бiлiм министрi Шайсұлтан Шаяхметұлы – ғалым, ақын, педогог һәм спортшы да.   Шайсұлтан жайлы үзеңгiлес замандастарының бiрi: “Шә­кеңнiң барлық қабiлетiн атамай-ақ тек ғалымдығын, ақындығын, спортшы екенiн бөлiп алып тарқата айтсаң, тұлғалық бейнесi ашылады”, – деген. Мен бұл мақалада Шайсұлтанның спортты серiк еткенiн жазуды борышым санадым.  
КЛИЧКО ӘЛI ҚАРТАЙҒАН ЖОҚ
Кәсiпқой бокста WBA, IBO, IBF, WBO тұжырымы бойынша чемпион атанған Виталий Кличко спорттан кетпейдi. Бұған дейiн бұқаралық ақпарат құралдары “Кличко Донецкiде өткiзген баспасөз мәслихатында боксты доғаратынын айтты” деп елдi құлақтандырған. Осы ақпарға байланысты Виталий былай дедi: “Мен әл-әзiр рингтен кетпеймiн. УДАР партиясының мүшесi болғандықтан, сайлау алдындағы үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзу мақсатында ел аралап жүрмiз”.