1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (15744) 2 қазан, сейсенбі 2012

Елiмiзде референдум өткiзу жөнiндегi бастамашыл топ өткен аптада Алматыда жиын ұйымдастырды. Оған қатысқан оппозиция өкiлдерi, үкiметтiк емес ұйымдар, зиялы қауым мен сарапшылар қоғамы референдумның күн тәртiбiне қойылатын алғашқы сұрақ – Еуразиялық одақтан бас тарту мәселесiн талқылады. Саясаткер Болат Әбiлев, саясаттанушылар – Досым Сәтбаев, Айдос Сарым және экономист Мұхтар Тайжан Еуразиялық одақ жөнiнде баяндама жасады. Бұл одақтың ел тәуелсiздiгiне қауiп төндiретiнiн алға тартқан сарапшылар оған нақты дәлелдерiн келтiрдi.

Бiздер бiрнеше айдан берi Тәуелсiз мемлекет­тер­дiң қарым-қатынасында бұ­рын-соңды болмаған жағдайды байқап отырмыз. Ресей президентi В.Путин өзi­нiң нөкерлерiне құрамына Ресей, Қазақстан және Белорусь кiретiн Еуразиялық одақ (ЕО) құру жөнiндегi жұмыстарды ширатып, сол одақтың алғашқы басқарушы органы – Еуразиялық Парла­менттi жасақтауды жеделдетуге нұсқау беруiн жиi­леттi. Ал оған бiздiң жоғарғы билiктегi лауазымды адамдар селт етiп үн қатар емес, тiптi 1994 жылы Еуразиялық одақ құру идеясын бiрiншi болып көтерген, күнi кешеге дейiн сол идеясын тықпалап келген президент Н.Назарбаевтың өзi де ләм-мим деу­ге дәрменсiз қалыпта. Мәскеу Еуразиялық одақ­қа кiрген мемле­кеттердiң тәуелсiз саяси өкiлеттiкте­рiнiң бiраз бөлiгi ұлттық инс­титуттардан жоғары тұрған ортақ құрылымдарға берiлуi тиiс екендiгiн тiптi жасырмайды да.

Сiзге шындық қымбат па, жоқ әлде етiн түгел сылып алып тек қу сүйегiн ғана қалдырған шындықтың сүлдесi қымбат па?
Егер шындық қымбат болса, онда “Жас Алашқа” жазылыңыз! Сiзге ұлттың мүддесi, ұлттың тiлегi, ұлттың мақсаты қымбат па, жоқ әлде ұлтсыздардың уайымсыз-қайғысыз тыныс-тiрлiгi мен сауық-сайраны қымбат па?  Егер ұлттың мүддесi, ұлттың тiлегi, ұлттың мақсаты қымбат болса, онда “Жас Алашқа” жазылыңыз!