1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (15745) 4 қазан, бейсенбі 2012

Қазан айының алғашқы күнi Ақтау қаласында “саяси оппозицияның саяси қызметi үшiн соты” жалғасты. 24 қыркүйектен бастап өтiп жатқан жарыссөздер аяқталып, басты айыпталушылар соңғы сөздерiн айтты. Twitter арқылы тараған мәлiметтерге сәйкес, негiзгi жарыссөз Владимир Козловтың қорғаушысы Венера Сәрсембина мен прокурордың арасында болды. Судья Бердiбек Мырзабеков соттың шешiмi 8 қазан күнi шығатынын хабарлатты.

Мәртебелi сот, процеске қатысушылар, достар!
Маған бүгiн соңғы рет осы сот процесiнде сөз айтуға мүмкiндiк берiлдi. Осы уақытқа дейiн де аз сөйлемедiм. Сондықтан айтарымды қысқа қайырмақпын. Процеске басынан бастап қа­тыс­қандарға қорытынды жасау қиын болмас, олар мәселенiң мән-жайын түсiнген шығар деп ойлаймын. Ел арасында: “Өзi ұры адам “ұрыны ұстаңдар!” деп бәрiнен көп айқайлайды”, – деген сөз бар. Бiздiң процесc жөнiнде де осыны айтуға болады. Бiздi кiнәлаушылар Жаңаөзен оқиғасын саясиландыруға тырысқандығы сонша, саясатты өздерi ойлап тауып, өздерi қолдан жасап, оны саяси процеске өздерi айналдырды.

Қазақстанда Виктор Храпуновтың аты көпшiлiкке кеңiнен танымал. Кезiнде министр, әкiм қыз­метiн атқарған оның елден қалай қашып кеткенiн де ешкiм ұмыта қоймады. “Түйенi түгiмен, биенi жүгiмен” жұтқан Витя ағай бар жиған-тергенiн ұшаққа тиеп алып, Алматыны үш рет айналып барып, Альпi тауларына қарай ұшып кетiптi деседi жұрт. Әсем қаланы үш рет айналшықтап    ұшуының себебiн әркiм әрқалай жорыды. Бiреулер қаланы, туған елiн қимапты десе, ендi бiреулер әлi де өңешiнен өткiзiп үлгермеген олжаларын айналсоқтады дейдi.

Кедендiк одақ отандық кәсiпкерлердiң екi аяғын бiр етiкке тығып, елiмiздiң экономикасын құрдымға кетiретiн түрi бар. Өткен айда ел кәсiпкерлерi “Кедендiк одақтың салдарынан отандық кәсiпкер­лер банкротқа ұшырайды” деп дабыл қаққан. Яғни, отандық өнiмдерге деген сұраныс күннен-күнге азайып, орнын Ресей мен Беларустен келген тауарлар басып келедi. Осылайша, әсiресе, Ресей кәсiпкерлерi өз тауарларын уақытша арзан бағада сатып, үлкен тәуекелмен өте қиын ойын ойнап отыр. Ал қазақстандықтар үшiн мұндай ережеде “ойнау” – қымбатқа түсерi анық.

“Алматы” арнасынан шыққан шу әлi басылар емес. Өткен аптада арнаның бас директорының екi бiлдей орынбасарымен қоса 34 қызметкерi жұмыстан кеттi. Қазақ жаңалықтар бөлiмi түгел, орыс редакциясының бiрнеше қызметкерi және қазақтiлдi бағдарламалардың жүргiзушiлерi мен журналистерi өз ерiктерiмен қызметтерiмен қош айтысты. Басты себеп – қалалық әкiмдiктiң баспасөз хатшысы Сергей Куяновпен тiл табыспау. “Алматы” арнасынан шыққан шу әлi басылар емес. Өткен аптада арнаның бас директорының екi бiлдей орынбасарымен қоса 34 қызметкерi жұмыстан кеттi.

Өткен аптаның соңында Шымкент қаласындағы “Жеңiс” саябағының алдында адамзаттың бесiгi атанған Қазығұртта кiндiк қаны тамған, биыл туылғанына 110 жыл толып отырған Кеңес Одағының батыры, Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рақымовқа арналған ескерткiштiң ашылу салтанаты өттi. Биiктiгi 4 метр 20 сантиметр, ал тұғырымен қоса есептегенде 7 метрден асатын ескерткiштiң авторлары – белгiлi сәулетшiлер Сұлтан Иляев пен Әбдуахат Мұратбаев.

РЕСЕЙДIҢ ПРЕЗИДЕНТI ҚАЗАҚСТАННЫҢ КАДР МӘСЕЛЕСIНЕ ДЕ АРАЛАСА МА?
Ресейдiң “Московские но­вос­ти” газетiнiң саяси шолушысы Аркадий Дубнов екi ел президенттерiнiң (В.Путин мен Н.Назарбаевтың) 19 қыркүйек күнi Павлодардағы кездесуi жөнiнде айта келедi де, былай дейдi: “Ресей президентiне ерекше сенгендiктен Елбасы (Н.Назарбаевты айтып отыр) билiктiң жоғарғы эшалонындағы ауыс-түйiс жөнiнде ой бөлiскен секiлдi. Мәскеуге айрықша ұнап жүрген Кәрiм Мәсiмовтiң премьер-министрлiктен кеткенiмен

Ұшақта алты адам отырмыз. Иллюминатордан сыртқа көз тiгемiн. Сырт дегенiм – аспан. Жоғары қарасаң да, төмен қарасаң да ақша бұлттардан бас­қа түк көрiнбейдi. Жанарым сыртта болғанымен, ойым – бiздi Эгей теңiзiнiң жағасындағы Измирге демалуға апара жатқан апамыз Қапуза Сейдахмет­қызында. Дәл қазiр жалғыз мен емес, менiмен бiрге ұшақта отырған 4 адам да Қапуза Сейдахметқызына зор денсаулық, бала-шағасының, немере-шөбересi­нiң

Туыстас қырғыз халқының ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовтың “Ақ кеме” повесiндегi Бұғы-ана аңызынан бастағанды жөн көрдiк. Қырғыздың үлкен бiр руы Бұғы деп аталады. Ертеде Ыстық көл маңын мекендеген қырғыздар бұғыларға “киемiз, анамыз” деп тиiспеген. Аңызға сенер болсақ, ашкөздiкпен байыған бiр тоғышар осы игi дәстүрдi бұзады. Ол өзiнiң Бұғы руынан екенiн бiлдiру үшiн жасы жетiп өлген әкесiнiң басына бұғының мүйiзiн қояды.

Бiр тақырыпқа екi хат
Елiмiз Тәуелсiздiк алғанда өшкенiмiз тiрiлiп, жоғалғанымыз табылғандай қуандық. Тiлiмiз, дiнiмiз, дiлiмiз, қайта оралатын болды деп бөркiмiздi аспанға аттық. Сол кезде жаңа туған сәби бүгiн атпал азамат болды. 20 жылдан кейiнгi қазақ елiнде болатын жақсылықты көздi жұмып тұрып армандайтынмын: таза қазақ балабақшалары, қазақтiлдi мектептер, қазақ қалалары, қазақша ойнап, қазақша ойлайтын жаңа ұрпақ, мемлекеттiк органдардың бәрi қазақша, қазақтың қымызы
Оқырман шығармашылығынан
Көрдiм бе екен түсiмде сайғақтарды?!
Қар үстiнде неге олар жайрап қалды?
Автоматпен атыпты қарақшылар
Көрсетедi бiреулер айғақтарды...

Бiз аты-жөнiмiзге “тегi”, “әулетi”, “ев”, “ов” деген сияқты жалғауларды тiркеп жазуды заң жүзiнде тоқтатып, есiмiмiзге «ұлы», «қызы» деп әкемiздiң атын қосып жазуға жаппай көшуiмiз керек. Осылай бiз көптеген түсiнбестiк­тер мен ала-құлалықтардан өзiмiздi құтқарып аламыз және адамның ата-тегiнiң өзi ұлттық ерекшелiкке, тiптi брендке айналады. Мысалы, фамилия «швили» «идзе» деп аяқталса, ол – грузин, «ян» деп аяқталса – армян, Тен, Ким, Пак болса – кәрiс екенi бiрден бiлiнiп тұрады. Ал бiз

НЕМЕСЕ МҮСIНШI ЕДIГЕ РАХМАДИЕВ МЫРЗА МЕН МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛIГIНЕ
Едiге мырза! Сiздiң талай жерде тұрғызған ескерткiштерiңiз туралы естiдiм. Оларды көрмегендiктен пiкiр айта алмаймын. Ал мына Райымбек батырға жасаған мүсiнiңiзге көңiлiмiз толмады. “Жас Алаштағы” «Райымбек батырдың ескерткiшi» деген мақаланы оқыған шығарсыз. Онда қол қойған жүз отыз екi адам болса, қол қоймаған одан он есе көп адам бар екенiн түсiнiңiз.
ЖҮРЕГIҢIЗГЕ ӘЖIМ ТҮСПЕСIН, ШЕРАҒА!
Қасиеттi Жамбыл жерiнде қыркүйектiң 28-29-ы күндерi халқы шындықтың шырақшысы деп бiлетiн, “Журналистиканың Жуковы” атанған Қазақстанның халық жазушысы, көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Шерхан Мұртазаның 80 жылдық мерейтойы тойланды. Сексеннiң сеңгiрiне шыққан сөз зергерiнiң мерейтойы қасиеттi жұма күнi кешкiлiк облыстық қазақ драма театрында жазушы қаламынан туған “Домалақ ана” спектаклiнiң тұсаукесерi­нен бастау алды.
Публицистикалық поэма
Көп ақынның бiрi емес қатардағы,
Қазақтың бас күрескер қаһарманы.
Елiнiң мұңын мұңдап, жоғын жоқтар,
Таусылғанша соңғы дем, татар дәмi.
МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ АКЦИЯСЫНАН КЕЙIНГI БIР СӘТТIК ОЙЛАР
22 қыркүйек – Тiл заңының қабылданған күнi. Қарап отырсақ, осы заңға қол қойылғанына 23 жыл болыпты. Яғни, ширек ғасыр. Осы уақыт iшiнде бүкiл елдi, күллi қазақстандықтарды қазақша сөйлетуге болатын едi. Бiрақ тiл үйренудi тағы он шақты жылға шегерiп, “2020 жылы 95 пайыз азамат қазақшаға судай болады” деп өзiмiздi-өзiмiз алдап қойдық. Тәуелсiздiк алғалы қазақтардың саны көбейгенiмен, қазақша сөйлейтiндердiң са­ны артқан жоқ. Өзге түгiлi
АЙДЫ АСПАННАН БIР-АҚ ШЫҒАРДЫ
Осыдан екi апта бұрын ҚР БҒМ-ның бiлiм және ғылым саласы бо­йынша бақылау комитетiнiң төрағасы Серiк Ырсалиев айды аспаннан бiр-ақ шығарды. “Жеке тұлғаларға және бiлiм беру ұйымдарына оң әсер ету мақсатымен бағалау рәсiмiн үлгiлеу” конференциясында бiлiм беру сапасын бағалаудың қазақстандық жүйесiнiң жетiстiктерiн айтқан ол “Қазақстан сауаттылық деңгейi бойынша әлемнiң 177 елi арасында 14-орынға шыққанын” жеткiздi.

Мен студент кезiмде топ жетекшiсi едiм. Бiрақ бойымда жетекшiге жараспайтын қылықтар бар едi. Ол – ұмытшақтық және сенгiштiк. Жанымда өзiмнен де артық сенетiн ең жақын үш құрбым болды. Олар менiң ұмытып кеткен заттарымды артымнан жинап жүретiн. Үзiлiс уақытысында асханаға барған кезде қолымдағы телефонымды, бет орамалымды қойған жерiмде ұмытып кететiнмiн. Құрбыларым “Әйгерiм, мұқият болшы” деп айта-айта шаршаған.

Бұрынғының жастары сүйгенiне жүрекжарды сөзiн өз аузымен айтуға жүрегi дауаламай, жең­гесiне жүгiнсе, бүгiнгiнiң жастары ғаламтордағы ғашығымен тiлдесу үшiн теңгесiне жүгiнетiн заман туғанына Сiз бен Бiз куәгер болып келемiз. Агент десе iшкен асын жерге қоятын даусыз дертке ұшырадық бұл күнде. Жайшылықта күнделiктi шаруаны ертеңге қалдырып үйренген мына бiз,
ДҮКЕН АРАЛАУ ЖҮЙКЕГЕ ТИЕДI ЕКЕН
Әркiм әртүрлi демалады: бiреу кiтап оқиды, ендi бiреу кино көредi, моншаға түседi, дүкен аралайды және тағысын тағылар. Әйтеуiр, демалудың түрi көп. “Дүкен аралайды” дегенiмiзден шығады, Tengrinews.kz интернет-порталының жазуынша, шетелдiк зерттеушiлер дүкен аралау адамдарды күйзелiске ұшыратады деп тұжырым жасапты. Мамандар екi мың әйелге сауалнама жүргiзiптi. Сонда олардың тең жартысы сауда орындарынан шаршап шығатындарын, тауарлардың бағасының қымбаттығы

Дәуiрде бiр туатын ұлтымыздың ұлы перзентi, аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Дiнмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына орай қыркүйектiң 28-29-ы күндерi Тараз қаласында еркiн күрестен халықаралық турнир өттi. ҚР спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, грек-рим, еркiн және әйелдер күресi федерациясы мен облыстық спорт бас­қармасы бiрлесiп ұйымдастырған жарысқа Ресей, Түркия, Моңғолия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Шри-Ланка мемлекеттерiмен қатар, Астана мен Алматы қаласы және елiмiздiң барлық облыстары жеке команда алып келдi.

ЖҮРIС ЖЕҢIСПЕН БАСТАЛДЫ
ВТБ Бiрыңғай лигасына былтырдан берi қатысып жүрген елiмiздiң “Астана” баскетбол клубы биылғы маусымдағы алғашқы ойынын жеңiспен аяқтады. Елордада өткен кездесуде литвалық “Летувос Ритас” клубын қабылдаған жерлестерiмiз алғашқы минуттарда есептi алшақтатып, ұзап алған. Алайда Маттео Боничиоли баптайтын “Астана” жiгiттерi айылын босатып қойды ма, қонақтар таразы басын теңестiрген.