1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15746) 9 қазан, сейсенбі 2012

Президент Н.Назарбаев бүй дейдi: “Бұл жұмысшылар мен жұмыс берушiлердiң арасындағы әдеттегi еңбек дауы болатын. Алайда оны өзiнiң қылмыстық мақсаттарын iске асырғысы келген арамза ниеттi адамдар пайдаланып кеттi. Қараңыздаршы, бұл оқиға кезiнде бiрден дүкендердi, банктердi тонаудан бастал­ғаны нелiктен”

ӘМИНОВ ПЕН САПАРҒАЛИ ШАРТТЫ ЖАЗАҒА КЕСIЛДI
Кеше “оппозиция iсi” бойынша Ақтау сотында үкiм оқылды. Судья Бердiбек Мырзабеков тiркелмеген “Алға!” партиясының жетекшiсi Владимир Козловты жетi жыл алты айға соттап, дүние-мүлкiн тәркiлеуге үкiм еттi. Оған “әлеуметтiк араздықты қоздырды”, “ұйымдасқан қылмыстық топ құрды”, “конституциялық құрылымды күштеп құлатпақ болды” деген айыптар тағылған болатын. Козловпен бiрге сотқа тартыл­ған

Қарыз өмiрдi қысқартады. Мұны қай жағынан алып қарасақ та дәлелдеу оңай. Объективтi түрде де, субъективтi түрде де. Тiптi психологиялық тұрғыдан қарасақ та, қарыздың жолы жiңiшке екенiн көрмеу мүмкiн емес. Ықылым заманнан берi әлем ойшылдарын да, қарапайым азаматтарын да қарыз мәселесi қатты мазалаған. Тiптi атақты француз жазушысы Виктор Гюгоның қарызды “құлдықтың бас­тамасы” дегенi жұрт аузында қанатты сөз болып айтылып жүр.

Биылғы күзгi салқынмен бiрге қымбатшылықтың қарқыны да iлесе келдi. Жаз айларының соңында бiртiндеп өсудi бастаған баға көрсеткiштерi көз iлеспес жылдамдықпен шарықтап барады. Ә дегеннен алматылық бағыттардағы көлiктерде жол жүру бағасы елу теңгеден сексен теңгеге бiр-ақ ырғыды. Мұның артын ала коммуналдық қызмет көрсету ақысы да қымбаттайтыны туралы мәлiм болды.

Ақмола облысының Ерей­ментау ауданы әкiмдi­гiнде болған жанжал жайлы бүгiнде республика жұрт­шылығы тегiс құлақтанды. Аудан әкiмiнiң орынбасары жүргiзген жер комиссиясының отырысында аудандық мәслихаттың депутаты мен ауыл әкiмi жақсылап тұрып төбелессе керек. Бұл оқиғаға “Сұмдық-ай!” деп таңдай қақпаймыз, себебi бұл секiлдi “қызықты” жайлар әр жерде болып тұрады.

Атырауда жауаптау кезiнде полиция қызметкерiнiң қол көтеруi салдарынан 21 жастағы қыз ауруханаға түстi. Облыстық iшкi iстер департаментiнде осы мәселеге байланысты қызметтiк тексеру жүрiп жатыр. Бүгiнде төрт көздiң назары Атырауға ауған шақ. Мұнайлы аймақ әлдебiр “лаңкестер” мен “экстремистердiң” дүрбелеңiнен арыла алмай келедi. Оған жуырда болған қызметтiк ауыс-түйiстi қосыңыз. 
5 ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН ӘУРЕ-САРСАҢ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДI
Қайта “әуре-сарсаң” деп жұмсартқанымыз. Әйтпесе, ақсақалдың басына түскен жайтты дұшпаныңа да тiлемессiң. Өзiңiз ойлап көрiңiз, 70 жасында алған көлiгiн 5 жылдан берi меншiктей алмау дегенiң не масқара? Қарияның қайсарлығына қызығасыз да, өзгесiнен түңiлесiз.
АНАТОЛИЙ БЕРШТЕЙН: АДАМ БЕЙНЕЛI ПУТИН
Ресейлiк танымал журналист һәм педагог Анатолий Берштейн Владимир Путиннiң мерейтойы қарсаңында “НТВ” телеарнасынан көрсетiлген фильмдi көрiп, былай деп пiкiр бiлдiрiптi: “Путин туралы фильмдi көрдiм. Бiр қарағанда қызық сияқты, суда қалай жүзедi, не жейдi, қалай жейдi... Бiрақ жаңалығы жоқ бұл фильмнiң. Путиннiң сибарит (сибарит деп өмiрiн­де қиыншылық көрмеген, жылы-жұмсақты кертiп жеп келген адамды айтады – Е.Б.)

“Көкшетауда қазақ тiлiн күл-қоқыс төгетiн жерде үйренуге жарнамалап жатыр”. Осындай тақырыппен электронды сайттар хабар таратты. Қоқыс салатын жәшiктердiң сыртына “Қазақша сөйле!”, “Қазақ тiлiн үйренудi өзiңнен баста!” деп жазылған (Суреттi қараңыз). Өздерiнше қазақ тiлiн кемсiткенi, қорлағаны ғой...

Келiн болып түскен соң, кеңкелес­тер сияқты кеңкiлдеп күле беруге де, күн өткiзу үшiн “әшейiн” өмiр сүре беруге де болмайды. Қыз күнiңдегi еркелiктерiңдi есекке артып, ауылыңа жiбер де, мына менiң, сегiз жыл “стажировкасы” бар жеңешелерiңнiң жетi кеңесiн жата қалып жаттап алыңдар! БIРIНШI КЕҢЕС: Келiн болып түскен күнi “командир” келiн атанып, атаң мен енеңдi сапқа тұрғызып қой
Хотькиндi әйелi Варвара: Сенi де еркек дейдi-ау?! Ең болмаса қабыр­ғаға шеге қаға алмайсың? – деп мүжи бергеннен кейiн, еркек емес пе, Хотькин үйдiң iшiнен iздеп жүрiп бiр шеге тауып алды, сонан кейiн тағы да iздеп жүрiп кувалда (үлкен балға) тапты. Сонан кейiн:
Облыстық аурухананың бас дәрiгерi және облыс әкiмi нөкерлерiмен палаталарды аралап жүр.
— Бұл қандай бөлiм? – деп сұрады әкiм.
— Нейрохирургия, – дедi бас дәрiгер.
— Мынау не?

“Осыдан құтылайыншы” деп күйеуi әйелiне айтпастан мысықты қапқа салып, үйiнен екi шақырым алысқа апарып тастапты. Үйiне келсе, мысық үйiнде жүр. Қайтып қапқа салып, екi шақырым оңға, бес шақырым тiке, он бес шақырым солға.....апарып тастапты. Сөйтiп, әйелiне “Мысық үйде ме?” – деп телефон соғыпты. Әйелi: “иә” десе: “трубканы бершi албастыға, мен адасып қалдым...” – дептi.

Дулат Исабеков – арысы Ресейге, берiсi Орта Азияға кеңiнен танымал драматург. Оның пьесалары бiрiнен соң бiрi елiмiзде ғана емес, Ресей театрларының сахнасында да жиi қойылып жатады. Драматургтың жетпiс жылдық мерейтойына орай 10-16 қазан айында “Исабеков әлемi” атты халықаралық театр фестивалi өтедi. Бұл фестивальға алыс-жақын шетелдерден алты театр, Қазақстаннан алты театр қатысады.

Төлен Әбдiковтiң “Оң қол” әңгiмесiнде кәмелет жасынан ендi ғана асқан Алма есiмдi қыздың бұрын-соңды жұрт естiмеген жаман сырқатқа шалдығып, психиатриялық ауруханаға түсiп, қалай қаза табатыны жас дәрiгердiң аузымен баяндалады. Науқасты жеке бақылауына алған дәрi­гер жiгiттiң айтуынша, қалың ұйқының құшағына батқан шақта оны қылқындырып өлтiрмек болып, қыздың оң қолы ақылға сыймайтын әрекет жасап,

Өткен аптада футболдан ел чемпионатының 24-тур ойындары өттi. Елiмiздiң жетi қаласында өткен ойынның бәрiнде дерлiк алаң иелерi басым түстi. Талдықорғанның «Жетi­суы» өз алаңында «Атырауды» әупiрiммен тiзерлеттi. Тiлешовтiң 92-минутта соққан голы жетiсулықтардың үш ұпай еншiлеуiне мүмкiн­дiк бердi.
Бүгiн Мирослав Беранек баптайтын футболдан ұлттық құрама Талғар қаласындағы базасында оқу-жаттығуын аяқтайды да, ертең Астанаға ұшады. 12 қазан күнi “Астана Арена” стадионында Австрия құрамасын қабылдайды. Қарымта кездесу 16 қазан күнi Австрияда өтедi. Әлем чемпионатына iрiктеудiң алғашқы кездесуiн Қазақ елiнiң футболшылары
САПАРЫ СӘТТI БОЛДЫ
Астаналық “Барыс” құрлықтық хоккей лигасындағы кезектi ойынын жеңiспен аяқтады. Мытищи қаласының (Мәскеу облысы) “Атлант” клубына қонаққа барған астаналықтар 3:1 есебiмен жеңiске жеттi.   Алғаш болып шайба енгiзген жерлестерiмiз бiрден басымдықты тiзгiндеген. Көп ұзамай айдын қожайындары таразы басын теңестiрдi. Ойын соңына дейiн астаналықтар тағы екi шайба соғып, күшi басым екенiн байқатты.