1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15747) 11 қазан, бейсенбі 2012

Тiркелмеген “Алға!” партиясының жетекшiсi Владимир Козловтың жетi жарым жылға сотталуына байланысты Еуроодақ өз ұстанымын айтты. Еуроодақтың шетел iстерi және қауiпсiздiк саясаты жөнiндегi жоғарғы өкiлi Кэтрин Эштон Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот процесiне халықаралық бақылаушылардың еркiн қатысқанын, соттың ашық өткенiн айтып мипаздай келе, былай дедi: “Козлов мырзаға қатысты шығарылған үкiм оның iс-әрекетiне сәйкес келмейдi.

Дүйсенбi, қазанның 8-i күнi Жаңаөзендегi тәртiпсiздiктердi ұйымдастырды деген айыппен оппозиционер, тiркелмеген “Алға” партиясының жетекшiсi Владимир Козлов пен қоғам белсендiсi Серiк Сапарғали, кәсiподақ басшысы Ақжанат Әминовке қатысты сот үкiмi шыққаны мәлiм. Оларға елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру мақсатында 2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзен қаласында болған жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастырған деген айып тағылды.

Жаңаөзен оқиғасын зерттеу жөнiндегi Тәуелсiз қоғамдық комиссияның  мәлiмдемесi
Бiз Жаңаөзен мен Шетпе­де­гi қаралы оқиғаларды “ұйымдастырды” және оған “қатысты” деп сотталған барлық азаматтарды жазықсыз деп есеп­теймiз және олардың ақталуын талап етемiз! Оппозициялық саясаткер Владимир Козловты 7 жыл 6 айға соттаған, сондай-ақ азаматтық бел­сен­дiлер Серiк Сапарғали мен Ақжанат Әминовтi шартты жазаға кескен сот үкiмi Жаңаөзен мен Шетпеде
БАСТАМАШЫЛ ТОП РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛАТЫН ЕКIНШI МӘСЕЛЕНI ТАЛҚЫЛАДЫ
Референдум өткiзу жөнiндегi бастамашыл топ сейсенбi күнi Астанада бас қосты. Бұл жолы референдумға қойылатын екiншi сұрақ – әкiмдердi жаппай сайлау мәселесi талқыланды. Дөңгелек үстелге жиналған бiр топ саясаткерлер мен үкiметтiк емес ұйым же­текшiлерi, қоғамдық белсен­дi­лер елдегi барлық деңгей­дегi әкiмдердi сайлау азаматтық қоғамның дамуына жол ашатынын түсiндiрдi.
Сейсенбi күнi отандық телеарналардың бiрi Маңғыстау облысы Бейнеу стансасының полиция аға лейтенанты Әбдiрах­ман Шәленовтi аудандық IIД бастығы соққыға жығып, соның салдарынан Ә.Шәленовтiң көз жұмғанын хабарлаған-ды. Куәгерлердiң айтуынша, қылмыстық iз кесушiлердiң мерекесiн тойлау үшiн жергi­лiктi дәмханаға жиналған полицейлер жаға жыртысқан. Куә­лердiң сөзiне сенсек, “даудың басы” – IIД бастығы.
Атырауда Қытайдан тарихи отанына оралған қандастарымыз емшiлiк қызмет көрсете бастады. Олар рух пен тәндi қоса бiлген ғажайып қабiлеттерi­нiң салдарын қазақтың Ибн Синасы – Өтейбойдақтың емшiлiк баянымен ұштастырады. Батыстың медицинасы мен қазақтың емiн бiр-бiрiмен астастырған “Нұршипажай” орталығының Атырауда жұмыс iстей бастағанына бiр жыл ендi толады.
Халқымыздың аяулы ақыны, көрнектi жазушымыз, мемлекет және қоғам қайраткерi Сәкен Сейфуллиннiң сүйегiн iздеп, бiр топ адам Магаданға барып қайтқан едiк. 1990 жылы. Бұл жөнiнде бiр-екi газетте шолақ ақпарат пен қысқаша хабар берiлгенi болмаса, осы сапар жөнiнде жүйелi жазылған жоқ. “Жас Алаш” газетi ұйымдастырған экспедицияның Мағжан Жұмабаевтың мүрдесiн iздеп Магаданға барып қайтқанын газеттен оқығаннан кейiн, мен де

АҚШ-тың үшiншi президентi, ағартушы, саяси қайраткер Томас Джефферсон 1743 жылы бай, бақуатты отбасында дүние­ге келген. Оның әкесi Питер Виргинияға алғашқы қоныс аударушылардың бiрi. Ол оқымаған, бiрақ өз бетiнше бiлiм алған адам. Питер Виргинияда құр­мет­тi, сауатты адам саналды және Виргиния графтығында тұратындар әрдайым онымен ақылдасып отыратын.

Төлен шығармашылығынан жалған идеологияның тiршiлiгiне құндақталып, уақытша ғана қажеттiлiктiң қазанын қайнатып, пенделiк мұратқа ғана қызмет етiп жатқан бiрде-бiр туындыны таба алмайсың. Оның қаламынан туған әңгiме, повесть, романдарының iшкi табиғатында, қоғамның зұлымдығы туғызған әдiлетсiздiкке қарсы шығып, ар-ұяттың сөзiн биiктен сөйлеген азаматтық үн мен өмiрдiң жабайы шындығына бағынғысы келмей

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында елдiгiмiздiң еңсесiн биiктет­кен үлкен шара өткiзiлдi. Бұл дүбiрлi той – iрi саяси қайраткер, Батыс Алашордасының төрағасы, Сырым ауданының киелi топырағынан түлеген Жаһанша Досмұ­хамедовтiң 125 жылдық мерейтойы едi. Аудан орталығы “Жымпиты” ауылындағы тойға Астана, Алматы, Мәскеуден және облыс орталығынан қадiрлi қо­нақтар келдi. 
АСА ҚАЖЕТТI АНЫҚТАМАЛЫҚ АЛЬБОМ ЖАРЫҚ КӨРДI
Ақын, “Өмiрдi қорғау” қоғамдық қорының төрағасы Мұратхан Шоқан бұған дейiн “Тәуелсiздiк жемiсi” атты фотоальбом құрастырып, бұл фотоальбомға ата жұртқа оралған қандастарымыздың отанға қосқан үлесiн (ғылым, бiлiм, мәде­ниет, өнер, саясат саласында) айшықты етiп әрi ашып көрсеткен едi.
Сейсенi күнi Атыраудағы “Атыраубалық” АҚ балық өңдеу кәсiп­ор­ны­ның қызметкерлерi жалақылары бойынша қа­рызды өтеудi талап етiп, наразылық акциясын өткiздi. Кәсiпорынның 500-ге жуық қызметкерi 2012 жылдың наурызынан берi жалақы алмаған. Шамасы, бұл кәсiпорынның өзi де жабылу алдында тұр-ау. Тiптi жалақыларының өзi көңiл көншiт­пейдi.

Қазақтың қайсар һәм бiртуар ұлы Алтынбек Сәрсенбайұлы көзi тiрi болса, бүгiнде ердiң жасы елуге толар едi. Ерiмiздi тiрiсiнде сыйлай алмай, жұмыр жерге сыйғызбай жiберген екенбiз, тым болмаса ердiң жасы елуге толып жатқанда телеарналарымыз Алтынбек Сәрсенбайұлы туралы бiр сюжет көрсетуге жарамады.

Мен жуырда ғана 1977-81 жылдары институтта бiрге оқыған шымкенттiк досымның Қоңырат руынан екенiн бiлдiм. Шынында да, ол кезде бiз ру сұраспайтынбыз. Қазақ шежiресiн, шыққан тегiңдi бiлу – парыз. Ру сұрасу руға бөлiну емес, жетi атаңды бiл деген сөз. “Күйеу келтiрiп, қыз ұзатып, той қылатын” қазақ өз руын бiлгенi дұрыс.

1 қазандағы Қарттар күнi бiздiң қалада да аталып өттi. Осы күнi кәсiпорындардан бастап мектеп оқушыларына дейiн қарттарға құрмет көрсетiп, шама-шарқынша дастарқан ұйымдастырып, сый-сияпаттарын жасады. Қарияларды қадiрлеу, оларға қамқор болу, әрине, құптарлық iс. Оған ешкiмнiң де дау айта алмасы анық. Алайда кейде осындай жөндi-жөнсiз қошеметтерге қарап, “осы бiз ұрандатып жүрiп, қазыналы қарттарымыздың қадiрiн кетiрiп алған жоқпыз ба?”

Бiздiң әкемiз алты ағайынды едi. Соның ең үлкенi менiң әкем – Сәрсен, одан үш ұл өсiп жетiлдi. Менiң әкемнен кейiнгi Шамханнан үш бала өрбiдi. Шамханнан кейiнгi Хабдырахманнан – төрт бала, Мәсәлiмнен – 5 бала, Кәрiмнен – 6 бала, ал Қадымнан екi бала дүниеге келдi. 1915-17 жылдары жергiлiктi Кеңес өкiметiн орнатуға Шамхан мен Хабдырахман белсене атсалысты

Үлкен қалада тұрған соң, ауыл жақтан келетiн туыстардың бiздiң үйдi жағалайтыны бар. Олардың келiм-кетiмiне үйренгенiмiз сондай, есiгiмiз ешқашан жабылмайды. Қо­нақ болып бiрер күн жатып кететiн кiсiлер ештеңе емес, бала-шағасын жоғары оқуға әкелiп, бiздiң үйге орналастырып кететiндерi тағы бар. Күйеуiм – менiң, мен – күй­еуiм­нiң көңiлiне қарап талай студенттi ауылына дипломымен шығарып салдық қой.

Қазақ спортының iшiнде кенжелеп қалған саланың бiрi футбол екенi жасырын емес. Елiмiзде футболшылар жоқ емес-ау. Бiрақ жасыл алаңда атой салған құраманы көру әзiрге арман күйiнде қалып отыр. Мәселен, республикамызда он төрт футбол командасы бар және солардың арасында мықты ойыншылар аз емес. Әйткенмен, футболдағы құрама командамыз осы уақытқа дейiн сырттағы ойындарда бiрде-бiр рет жеңiске жеткен жоқ. Бұған не себеп?