1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (15748) 16 қазан, сейсенбі 2012
ЛЕЙЛА ХРАПУНОВА НАЗАРБАЕВАЛАРҒА ҚАРСЫ ЖАҢА МАЙДАН АШТЫ
Қазақстан билiгiнiң кейбiр әрекеттерi қызық осы. Дәп бiр ойын баласы сияқты әр жапаны бiр басады. Бұл жолы да сөйттi. Тыныш жатқан жапаға жалп етiп отыра кеттi. Алдымен Виктор Храпуновты әрi-берi қаузап көрген. Анауың да бәле екен, мызғымады. Одан кейiн “бұл бәленiң жанды жерi – осы” деп түйсе керек, қатыны Лейланың етегiне жармас­ты. Жал­мауыз­ға да жан керек, жағасына бiреу жармасып жатса, ол қалай қарап жатсын?

Мұхтар Шаханов 70 жасқа қазақ тарихында бұрын-соңды болмаған абыроймен жеттi. Халық алдындағы перзенттiк парызы мен азаматтық мiндеттерiн адал атқарған Мұхаң бұл жасқа үлкен һәм зор беделмен келдi. Осыдан болар, Астана қаласында Мұхтар Шахановтың “Сарыарқадан тарту” атты 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылған шығармашылық кешiне келгендер де өте көп болды.

Путиннiң туған күнi – “Еуразиялық одақ” идеясын БАҚ арқылы жаппай насихаттаудың жақсы сылтауы болды. Әсiресе, Ресей президентiнiң 60 жылдық мерейтойының Ресей мен Қазақстанның арасындағы достық келiсiмiнiң 20 жылдығымен тұспа-тұс келуi президенттердiң тiлге тиек етер мәселесiне кеңiнен жол ашып бергендей. Ресейлiк НТВ арнасында В.Путиннiң туған күнiне шығарылған фильм мен оның сұхбаты, “Бiрiншi арнада” Н.Назарбаевтың сұхбаты

Бiрiншi Алматы тау жақтағы Алматыдан әлдеқайда бас­қаша. Ескi қаланың тұрғындары да жұпыны. Тауға жақын Алматының тұрғындарымен төменгi алматылықтарды салыстыруға келмейдi. Райымбек даңғылынан өткен соң-ақ екiншi әлемге енiп кеткендей күй кешесiз. Сейфуллин даңғылының екi жағы күндiз жұмыссыз еркектерден, ал түнде «түнгi көбелектерден» босамайды.

“Мен ешкiмдi сатқан жоқпын, ешкiмнен кешiрiм сұраған емеспiн. Өзiме кiнә артатын адамдарды түсiнбеймiн”. Ақтау­да өткен атышулы “оппозиция iсi” бойынша шартты түрде төрт жылға сотталған қоғам қайраткерi Серiк Сапарғали кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында осылай деп мәлiмдедi. Сотта кiнәсiн “iшiнара мойындап” шартты жазамен босап шыққан Серiк Сапарғалиға қоғам тарапынан “Козловтың жағдайын ауырлатты” деген сын

2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен оқиғасына қатысты сотқа куәгер ретiнде қатысқан адамдардың бiрi Александр Боженко кiсi қолынан қаза тапты деп хабарлады “Liberty” қоғамдық ұйымының жетекшiсi Ғалым Агелеуов. Ақтауда өткен сот процесiнде А.Боженконың қандай қысымдар көргенi туралы деректер әлеуметтiк желiде кеңiнен жарияланғанын айт­қан ол сол материалдардың прокуратураға жолданатынын хабарлады.

Бiлiм беру саласына қатысты проблемалар осыған дейiн де сан рет жазылып, айтылды. Мектептерде ақша жинау, сапасыз бiлiм беру, мұғалiмдердiң бiлiксiздiгi, оқушылардың тәртiбi туралы проблемалар осы күнге дейiн басы ашық күйде қалып отыр. Бiлiм сапасыздығын ескi оқулықтармен байланыстырған министр Бақытжан Жұмағұлов оқулықтарды жаңалап, мәселенiң түйiнiн шешердей сыңай танытқаны бар.

БҰЛ ТӘРТIПСIЗДIГIМЕН ТАНЫМАЛ ТАРАЗ МЕКТЕПТЕРIНДЕГI ҚЫЛМЫСТЫ ӨРШIТТI
Халқымызда “Қатын билеген ел қараң қалады”, “Байтал шауып бәйге алмас” деген нақыл сөздер бар. Мұны әркiм әртүрлi түсiнедi. Ғасырлар сүзгiсiнен өткен бұл нақыл сөздер бүгiнгi Жамбыл облысының бiлiм саласына қарата айтылғандай. Әулиеатаға Қанат Бозымбаев әкiм болып келгелi бiлiм саласының тiзгiнi түгелдей дерлiк әйелдердiң қолына көштi.
ҚР Бас прокуратурасы мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi басшыларының назарына!
Бiздiң қоғамда қатардағы адамнан қылмыскер жасау да, адам санатынан шығарып тастау да оңай. Қамал алар шағында отбасынан айырылған, жұмысынан қуылған, құжаттарынан қолды еткен Тұманбай Келбетовтi ақтөбе­лiк погондылар жар басынан итерiп тастады. Қаржы полициясының 36 жастағы қызметкерi Т.Келбетов 1996 жылдан
Қытай жазушысымағы Ху Хонгбаоның қазақтар өмiрi туралы “естелiгi” осыдан бiрнеше жыл бұрын жарияланғанымен, әлi күнге дейiн белсендi түрде таратылып және оқылып жүрген. Бұл “естелiк” Қытай қазақтары арасында наразылық тудырды. Мәселе Ху Хонгбаоның 70-жылдардың басында Шыңжаң аймағындағы әскери журналистiк қыз­метi барысында қазақ малшыларының үйiнде болған күндерiн суреттеген жазбасынан басталады

Классик “Еуропаны елес кезiп жүр” деген. Алматыны елес кезiп жүрген жоқ, “бүкiлқазақстандық зия­лылар съезiн шақыру керек!” деген әңгiме кезiп жүр. Көптен берi. “Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несi бар?!”, зиялылар арасы тыныш, мамыражай болса, бұл әңгiменiң шықпасы анық. Бұл не, үндемей жүре беруден халық жалықты ма, өкпе ме, наразылық па, құдыққа құлан құлатып құлағында құрбақа ойнатып отырған ресми билiктен күдер үзу ме?

Халықтың ән шығармаларының ең көне жанрының бiрi – еңбекке байланысты туған әндер. Мұндай шығармада ел тұрмысы, қарапайым шар­уалардың күнделiктi өмiрi әнмен жеткiзiледi. Еңбек және шаруашылыққа байланысты туған өлең-жырларға төрт түлiк туралы, аңшылық және наурыз әндерi де жатады. Еңбек және шаруашылық өлең-жырларының iшiндегi ең көп тарағаны – төрт түлiк мал туралысы.

ЖӘНИЯНЫҢ ЖАҚСЫ КОНЦЕРТI
Өткен жұмада Қазақстанның халық әртiсi, халықаралық байқаулардың Гран-При иегерi, консерватория ректоры Жәния Әубәкiрова, Ресейге еңбегi сiңген әртiс, виолончелист Олег Сендецкий және ҚР Халық әртiсi, профессор Гаухар Мырзабекова консерваторияның үлкен залында камералық музыка кешiн өткiздi.
Ойымды «Жас Алашқа» жолдауды көптен берi көздеп жүргем. Жақында «Ел арнадан» «Бәрi есiмде» бағдарламасын көрген соң, айтпағымды нықтай түстiм. Расында да, бiздiң жауһарларымыз талауға түсiп келедi. Жұлым-жұлымын шығарып, халық әнiн әншiсымақ­тар орындағанда, буындырғың келедi. Авторы белгiсiз, жалпы халықтық ән болып,
Бiр тойда қырғыз ағайынмен дастарқандас болдық. Би кезегi келгенде жастар Ақылбек Жеменейдiң орындауындағы «Қызыл өрiк» әнiне биледi. Ән үш мәрте қайталап қойылды. Сонда қырғыз маған жымия қарап: «Бұл – бiздiң ән ғой, бiлесiз бе?» – дедi мақтана. Әннiң мәтiнi қазақша, орындаушысы қазақ бола тұра, қапелiмде аузыма сөз түспедi. Қазiргi қазақ эстрадасының жұлдыздары
Сенбi күнi футболдан Қазақстан құрамасы 2014 жылы Бразилияда жалауы желбiрейтiн әлем чемпионатына кәрi құрлықтан iрiктеу ойындары аясындағы кезектi кездесуiн өткiздi. “Астана Аренада” Австрия­ны қабылдаған Мирослав Беранек шәкiрттерi әупiрiмдеп жүрiп қонақтардан ұпай жырып алып қалды.  Бұған дейiн Ирландия мен Швецияға есе жiберген құрамамыз үшiншi кездесулерiнде үш ұпайдан үмiттi болған.

Биыл үшiншi мәрте ұйымдастырылып отырған ҚР бокс федерациясы кубогының ширек финалына шыққан сегiздiк анықталды. “Батыс” аймағы бойынша Маңғыстау облысы Ақтөбеден келген боксшыларды 8:2 есебiмен тас-талқан етiп ұтса, Атыраудың жiгiттерi БҚО командасынан 7:3 нәтижесiмен басымдығын байқатты. “Солтүстiк” аймағы бойынша осы турнирдiң өткен жылғы жеңiмпазы

Қазан айы “Қазақтелеком” Акционерлiк қоғамы үшiн қарбаласқа толы болды. Бiрiнен кейiн бiрi жалғасқан iс-шаралар мен байқау, жарыстар компания қызметкерлерiне күш берiп, серпiлтпесе, шаршата қоймады. Таяуда ғана “Мемлекеттiк тiлге” қатысты сегiз команданың арасында үлкен байқау өткiзген “Казақтелеком” компаниясы аймақтардағы телекоммуникация қыз­мет­керлерiнiң жүлделерiн табыстаған едi.

«Әлi күнге дейiн кешегi империя етiгiнiң темiр өкшесiн аңсайтын құлдар» (Шерхан Мұртаза) “темiр өкшеден” үмiтiн үзген жоқ әлi. Үмiтiн үзбегенiңiз не, сол “темiр өкшеге” бүтiн ұлтты – қазақ ұлтын қайтадан илеп салып беруге құлшынып-ақ жүр.
Құлдықтың қамыты ұрпағыңыздың мойнына түссiн демесеңiз, ұрпағыңыз империя етiгiнiң темiр өкшесiнде иленсiн демесеңiз,
АУРУ ИТI ҮШIН САЯХАТТАН БАС ТАРТТЫ
Клэр мен Кери Мор­ган – жаңадан ғана үй­ленген жастар. Тойларын өткiзе салысымен бал айының саяхатына бармақшы болған олардың арманы iске аспады. “Клэр мен Керидiң Тито атты (американдық бульдог) итi қатерлi iсiк ауруымен ауырып қа­лыпты”, – деп жазады This is South Wales. “Бiз үшiн сүйiктi итiмiздiң денсаулығы саяхат жасаудан әлдеқайда маңыздырақ”, – дейдi жас жұбайлар.