1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (15749) 18 қазан, бейсенбі 2012
БАСТАМАШЫЛ ТОП РЕФЕРЕНДУМНЫҢ СОҢҒЫ МӘСЕЛЕСIН ТАЛҚЫЛАДЫ
1990 жылдары заңсыз жекешелендiрiлген стратегиялық нысандар халыққа қайтарылуға тиiс. Жалпыхалықтық референдум өткiзу жөнiндегi бастамашыл топ олигархтардың меншiгiне өтiп кеткен кәсiпорындарды мемлекетке қайтару жолдарын талқылады. Сондай-ақ референдумның күн тәртiбiне қойылатын тағы бiр мәселе – Атом электр стансасы мен ядролық отын банкiнен бас тарту жайы сөз етiлдi.

Жаңаөзен iсi бойынша куәгер Александр Боженконың сүйегi кеше жер қойнына тапсырылды. Ол Жаңаөзен сыртындағы Теңге зиратына мұсылман салтымен жерлендi. “37-нiң” iсi бойынша өткен сотта өз жауаптарынан бас тартып, тергеу өзiне қысым жасалғанын ашық айтқан марқұм қазанның 11-i күнi кiсi қолынан қаза тапқан. Бұл жайлы дүй­сен­бi күнi өткен баспасөз мәслихатында құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов мәлiмдеген едi.

“Республика” порталына үнемi ҰҚК мен билiктегiлердiң оппозицияға қатысты әрекеттерiнен хабарлап, хат жазатын “Аман Шабдарбаев” деген бейтаныс адам бар. Интернет-порталды оқитын кез келген оқырман беймәлiм Шабдарбаевпен “жақсы” таныс десе де болады. Кей-кейде оның ескерту-хаттары шындыққа жанаспайтыны да бар. Бiрақ көбiнесе “Аман Шабдарбаевтың” ҰҚК-ге қатысты деректерi дәл келiп жатады.

Қазақстанның есеп комитетi 2011 жылы Алматы мен Астанада өткен қысқы Азия ойындарының шығынын есептеп шығарды. Бiр жарым жыл тексерген есепшiлер “талай заң бұзылғанын анықтағанын” айтты. Қазақстан Азиаданы ұйымдастыруға жалпы 1 миллиард 650 миллион доллар (233 миллиард 500 миллион теңге) шығындаған. Бұл елдiң Азия ойындарын ұйымдастыруға жұмсаған қаржысы бұған дейiн қысқы олимпиада
Соңғы бiрер күнде Владислав Челахқа қатысты абың-күбiң әңгiме көбейiп кеттi. Алдымен “Челах өзiне-өзi қол жұмсамақ болды” деген хабар тарады. Мұны Қазақстанның бас әскери прокуратурасы растады. “2012 жылдың 11 қазанында сағат төрт шамасында ЛА 155/16 мекемесiнiң iшкi пост күзетшiсi камераларды тексеру барысында В.Челахтың спорттық шалбарын терезе торына байлап, соған асылмақ болып жатқанын байқаған.
ҰЛТ ЖАНАШЫРЛАРЫ ҚЫТАЙ ЖАЗУШЫСЫНЫҢ ЖАЗАЛАНУЫ ТИIСТIГIН ЕСКЕРТТI
Соңғы екi аптада Қазақстандағы ұлт жанашырлары мен Қытай елiндегi қандастарымыз арасында Қытай жазушысы Ху Хонгбаоның Шинлаң (sina.com.cn) сайтында жарық көрген “Естелiгi” өте қарқынды талқылануда. Қазақтың ұлттық құндылықтары мен намысына, болмысына күйе жаққан жазушысымақтың шимайлары жайында газетiмiздiң өткен

Сонымен, елiмiзде референдум өткiзу жөнiндегi бастаманы қолдау өрiс ала бастады. Ерте ме, кеш пе қазақ қоғамы өз елiндегi қалыптасқан келеңсiз жағдайға төтеп бере алмайтыны айдан анық едi. Жиырма жыл бұрын аспаннан топ етiп түскен тәуел­сiз­дiк бүкiл қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асыра алмады. Қайта уақыт өткен сайын қарапайым халықтың құқықтары тапталып, өз елiнде өгей шешенiң баласындай күй кеше бастады. Қайда барсаң да арба сүйреген қазақ жiгiт­терi мен еден жуған қазақ қыздарын көресiз. Кеңес үкiметi кезiнде Қа­зақстандағы мал шаруашылығы саласында iстейтiндер кiлең қазақ жастары болатын. Сол кездегi үкiмет бұл үрдiстi идеологиялық тұрғыдан қолдап, ертеден кешке дейiн мал соңында жүрген жастарды қолпаштап, марапаттап отыратын.

“Жас Алаш” газетi Райымбек батырдың Алматыға орнатылатын ескерткiшi жөнiнде өте орынды мәселе көтердi. Шынында да, Райымбек батырға мұндай, яки желiп бара жатқан атқа отырғызыла салған адамның бейнесi лайықты емес. Райымбек батыр – тек батыр ғана емес, үлкен қолбасы. Тек қол бастаған сардар ғана емес, ел бастаған көсем. Абыз. Әулие адам. Осы жерде менiң мына мәселенi ашық түрде айтқым келедi.
Президент Н.Назарбаев Түркияға сапары кезiнде айтқан мәлiмдемесi қызу пiкiрталас тудырғаны сонша, мемлекеттiң баспасөз қызметi оған түсiндiрме беруге мәжбүр болды. Сондағы президенттiң айтқаны мынау: “Бiз бүкiл түрiк халқының отанында тұрып жатырмыз. 1861 жылы қазақтың соңғы ханы өлтiрiлген соң, Ресей патшалығының, содан кейiн Кеңес одағының колониясы болдық.

Жақында “Православная энциклопедия” студиясының ұсынуымен ресейлiк режиссер Александр Прошкин мен сценарист Юрий Арабов түсiрген “Орда” фильмi жұртшылық назарын елең еткiздi. “Алтынорда туралы бұл фильмде Жәнiбек хан тұсындағы (1342-1357 жж.) тарихи фактiлер бұрмаланған”, “ордалықтардың тұрмыс-тiршiлiгi өте тұрпайы”, “бүгiнгi ұрпақтың санасына керi әсерiн тигiзедi”, “өте дарақы фильм” және т.б.

БАРАК ОБАМА: ӨТIРIК АЙТПАҢЫЗ, МИСТЕР ГУБЕРНАТОР!
АҚШ-та өтетiн президенттiк сайлауға тура үш апта уақыт қалды. Басты үмiткер екеу – АҚШ-тың қазiргi президентi Барак Обама мен Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы Митт Ромни. Сейсенбi күнi екi үмiткер­дiң арасында теледебат өттi. Бiрiншi теледебатта (3 қазан күнi өттi) Митт Ромни жеңiске жеткен-дi. Екiншiсiнде Барак Обама шалымдырақ болды. Алғашқы теледебатта Барак Обама сыпайы болам деп жеңiлген. Бұл жолы Барак батылдау көрiндi.
ЖЕТIНШI КIТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДI
“Отечественная журналистика” деген сериямен белгiлi журналист, танымал ғалым Сағымбай Қозыбаевтың “Гордое имя   – журналист” (“Алматы­кi­тап” баспасы, Алматы, 2012 жыл) атты кiтабы жарық көрдi. Бұл – автордың осы сериямен жарық көрген жетiншi кiтабы.  Бұл еңбектi журналистика факультетiнде оқитын студенттерге арналған оқу құралы десек те әбден жарасады.
Әңгiме
Ертең – операция. Медбике кешкi сағат сегiздер шамасында палатаға келiп, дәрi ектi. “Бұл уколдан соң қатып ұйықтайсыз...” – деген. Сағат түнгi 12.00. Айгүлдiң көзi iлiнсешi... Мед­бикенiң еккенi, керiсiнше, ұйқы қашыратын дәрi секiлдi. “Операцияға дыңдай болып тынығып баруым керек”. Даусын шығара, бекем айтты. Тағы да жанарын тарс жұмды. “Құдай, айналайын Құдай, жаман ауру болса, операция үстiнде алып кет! Бала-шағама кесiрiн тигiзе көрме!” Осы өтiнiштi Жаратқан Иеден сан мың рет жалына-жалбарына сұраған шығар.
Тұлға
Ол Токио қаласында жапон күнтiзбесi бойынша айдаһар (бiзше – ұлу) жылында, айдаһар айында, айдаһар күнiнде дүниеге келдi. Сондықтан оған Рюноскэ (жапонша “рю” иероглифi айдаһар мағынасын бiлдiредi) деп ат қояды. Бiрiншiден, Акутагава дүниеге келгенде, оның ата-анасы жас емес едi, екiншiден, ол қо­лай­сыз жылы туылды. Ал бұл –­ жапон халқының ырымы бо­йынша сәбиге үлкен қауiп.

“Жас Алаштың” осы жылғы 12 қыркүйектегi №71-72 санында ҚР премьер-министрi К.Мәсiмов­тiң назарына ұсынылған “Әкiмiмiз – Дубайда, Қазалыға су қайда?!” деген тақырыппен Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан Мұратбек Орынбасаровтың шағын мақаласы жарияланды. Бiрiншiден, автор тақырыптың екi жолының ұйқасына бола, менi шетелге қыдыртып жiберiптi. Әйтпесе, Дубайды өңiм түгiлi, түсiмде көрген емеспiн

Алматы облысы, Жамбыл ауданының iргесiндегi “Таран” ауылына орналас­қан алып құс фабрикасында кезiнде үш мыңнан астам адам алма-кезек жұмыс iстеп, күнделiктi нәпақасын ажыратушы едi. Мiне, қазiргi күнi осы кәсiпорынның қаңырап бос тұрғанына бiрнеше жылдың жүзi болды.
Күмiс тойын, алтын тойын жасаған кешегiнiң өнегелi ата-әжелерiне қарап қызығушы едiк. Шаңырақ көтергеннiң баршасы жұбы жазылмай, тату-тәттi күн кешiп, ұл-қыз өсiрiп, келер ұрпаққа тәлiм бере жүрiп, бiрге қартаяды деушi едiк. Бұл күнi қазақ отбасының қазаны қайнамай отыр, бере­кесi қашты. Отау құрып, үй болудың қадiр-қасиетiн төмен­детiп алдық. “Қашқын әке”, “көкек ана”, “тексiз ұл” сынды сөз тiркестерiне құлағымыз үйрендi. Бала-шағаны тастап, екiншiсiне үйленiп кете беретiн болдық. Ол аз болса “азаматтық некеге” әуес жеңiлтек қыздарымыз бен жауапсыз
Сығалаған сарсаң ой сыңар маған,
Сыңар маған бiр арман сылаңдаған.
Қырма сақал атанған қырық жаста,
Балалыққа балдәурен құмарланам.

Бұрынғы кезде бiз кiтап­ханадан алып келген әдеби кiтаптарды оқып бiтiрмей жай таппаушы едiк, ал бү­гiнгiнiң жастары неге әдеби шығармалардан тайқақтайды, оған кiм кiнәлi? Жазушы ма, жоқ әлде оқырман ба? Осы бiздiң бүгiнгiнiң жазушылары оқырманның жан-дүниесiн дүр сiлкiндiрiп толқытатын, көкiрекке шуақ құятын, жүректi тербетiп, еңсеңдi сейiлтетiн дүниелер жазып жүр ме?

Жаз айының соңы мен күз айының басы – Оңтүстiк өлкесi үшiн нағыз қарбалас шақ. Өйткенi шаруаның жыл бойы еткен еңбегiнiң жемiсiн көретiн, өндiрген өнiмiн төкпей-шашпай жинап алатын мезгiл. Бiрақ бұл науқанда мақташы-диқандардың көкiрегi күптi, көңiлi алаң болды. Басты мәселе – мақта бағасы. Себебi мақтаны қабылдаудың бастапқы бағасы уақтылы белгiленбедi.

Астанада КТК арнасының ұйтқы болуымен екiншi жыл ұйымдастырылған қазақ күресiнен «Қазақстан барысы» республикалық турнирiнiң күмiс белбеуi мен 30 мың АҚШ долларын, оған қоса 400 мың теңге (финалға дейiн төрт балуанды жеңгенi үшiн) иеленген Шалқар Жоламановты құттықтап, жарыстан кейiнгi әсерiн тыңдадық. Жасы 35-ке шыққан сұңғыла балуанның көңiлi тоқ, жығылып қалдым деген өкiнiштi қанағаттың салмағы басып кеткен.

Бiрде “Ақпарат бюросын” (31-арна, “Информ бюро”) көрiп отырып, қаным қайнады, жүрегiм ауырды. Жаңалықтар барысында Талдықорған өңiрiндегi Ақын Сара ауылындағы Қытайдан қоныс аударған қандастарымыздың бастан кешкен қасiретiн көрсеттi. Көзiм­мен көрiп, құлағыммен естiп отырған бұл сюжет менiң жаныма жара салды. Елiм деп келген ағайынның үйiне түскен қарақшы топ арсыздықпен отбасы мүшелерiн қаныпезерлiкпен өлтiредi

2014 жылы Бразилияда өтетiн футболдан әлем чемпионатына iрiктеу ойындары аясында ұлттық құрамамыз Австрияға қонаққа барып, ойсырай ұтылып қайтты. Австриялықтар сапынан Янко дубль авторы атанса, Алаба мен Харник бiр-бiрден мергендiгiмен танылды. Ойын жайлы сөз қозғамай тұрып, бiр әзiл тiлдiң ұшына келiп тұрғаны. Австрия – Қазақстан кездесуiнен кейiн ғайыптан тайып, тiл бiткен доптан сұхбат алыпты деседi.