1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (15750) 23 қазан, сейсенбі 2012

Өткен аптада Алматыда өткен дөңгелек үстелде бастамашыл топ референдумға шығарылатын соңғы сұрақ – стратегиялық маңызы бар нысандарды халыққа қайтару мен Атом электр стансасы және ядролық отын банкiнен бас тарту мә­селесiн талқылады.

Референдум өткiзу жөнiндегi бастамашыл топ Астана қаласында өткен дөңгелек үстелде әкiмдердi сайлау мәселесiн тал­қылаған болатын. Жиынға қатысқан сарапшылар мен саясаткерлер, азаматтық белсендi­лер Қазақстанда президент және парламентпен бiрге жергiлiктi билiк өкiлдерi де сайлануы тиiс деген қорытындыға келдi.

– Қаржылық дағдарыс басталғалы берi экономикадағы дамыған және дамушы мемлекеттердiң рөлi арта түстi. Ел үкiметтерiнiң қиын‑қыстау кезеңде экономика саласына барынша қатынасып, үлесiн арттыруы – қалыпты нәрсе. Қазақстанда мемлекеттiң экономикаға қатынасуы 2005 жылдан басталды. Бұл ең алдымен мұнай‑газ секторынан байқалды. Үкiмет Қашаған, Қарашығанақ жобаларына кiрдi. 2008‑09 жылдары кезек банк секторына келiп жеттi.
“АЭС – АДАМЗАТҚА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ”
– “1992 жылы менi Брагиннен Гомельскаядағы ауруханаға әкелдi. Палатада жатқан төрт қыздың да диагнозы бiрдей, ақ қан. Екi қыздың сырқаты меңдеп кеткенi сондай, олардың соңғы минуттары жақындағанын бiрден байқадық. Көп өтпей, палатада Оля екеуiмiз ғана қал­дық. Бiзге де ажалдың әр секунд сайын жақындап келе жатқанын жан-тәнiмiзбен сездiк.
Халыққа қайтарсын байлықты
Дөңгелек үстелге қатысушылардың қабылдаған қарары
 
Ядролық отын банкi мен АЭС Қазақстанға қажет емес
Дөңгелек үстелге қатысушылардың қабылдаған қарары

Елiмiзде референдум өткiзу жөнiндегi бастамашыл топ жуырда   Алматыда жиын өт­кiзiп, оған қатысқан оппозиция өкiлдерi, үкiметтiк емес ұйымдар, зиялы қауыммен сарапшылар қоғамы Еуразиялық одақтан бас тарту мәсе­лесiн талқылап, мәлiмдеме жасағаны белгiлi. Осыған байланысты өзiмнiң пiкiрiмдi бiлдiре кеткендi жөн көрдiм. Кеден одағы, Еуразиялық одақ бастамасы бұл халықтың ой-пiкiрi емес, бұл билiктiң ғана ойлап тапқан амалы. Мұны қоғам қалай қабылдайды, яғни оған қандай баға бередi. Бұл жағы билiктi ойландырмайды. Өйт­кенi халықтың үстiнен үн-түнсiз шешiм қабылдап жiбе­ретiн қазақ билiгi бұл жолы да, өзiмбiлер­мендiкке салып, өзiне қажеттi шешiм қабылдары сөзсiз. Барлық бассыздықтың бастауы билiктiң халықпен санаспауынан туындап отыр. Билiктiң ойына келгенiн жасауға жол берiп қойған халықтың әре­кет­сiздiгi.

“Тамаша, тамаша емес бiрақ та ол, бiр уақыт кетпен-күрек ұстамаса”.
Жексенбi күнi түнде “Хабар” арнасы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кiшi қызы Әлия Назарбаеваның “Пробуждение” деп аталатын деректi фильмiн көрсеттi.  “Адамзаттың қазiргi тiрлiгi тiрлiк емес – топалаң. Әлемде азық-түлiк пен таза ауызсу жетiспейдi. Қоршаған орта ластанды, қалалар адамға аузы-мұрнынан шыға лықа толды, климат өзгердi...”.
Жоғарғы соттың тәртiп­тiк комиссиясы Павлодар облысының Қашыр аудандық сотының судьясы Әлия Жұмашеваның “тәртiбiн қарау үшiн” Астанаға шақыртып алып, өздерi ұятты боп қалды. Мiнездi келiншек жоғарыдағылардың айтқанымен жүрмей, сонысы үшiн жазықты болыпты. 2010 жылдан берi сот жүйесiнде қызмет ететiн Әлия Жұмашева: “Олардың айтуынша, мен отандық сот жүйесiн мас­қаралап жүр екенмiн.
МИЛЛИАРДЕРЛЕРДIҢ САЙЛАУЫ
АҚШ президенттiгiнен үмiткерлер Барак Обама мен Митт Ромнидiң сайлауалды кампанияға жиған қаржысы миллиард доллардан асып түсуi мүмкiн. Бұрын-соңды бiрде-бiр үмiткер мұнша қаржы жинай алған жоқ. АҚШ-тың федералдық сайлау комиссиясының мәлiметiне қарағанда, Обаманың штабы 969 миллион, ал Ромнидiң штабы 919 миллион доллар жинапты.
немесе Бақыт Сарбалаұлына жауап
“Қазақ әдебиетi” газетiнiң 14 қыркүйек күнгi санында Бақыт Сарбалаұлының “Алашты алдап, адастырмайық” деген мақаласы жарияланды. Оған себеп болған “Жас Алаш” газетiнiң 30 тамыз күнгi санында жарияланған менiң сын мақалам. “Жас Алаш” газетi жариялаған менiң мақалам “Қазақ қаламгерлерiнiң азаматтық белсендiлiгi неге құлдырап кеттi?” деп аталады.

Елiмiздегi өткiр мәселелердiң бiрi – қарапа­йым халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы күрделi мәселенi шешудiң Үкiмет бекiткен 9 жолы бар. Мiне аталған тоғыз бағыттың бiрi “Самұрық-Қазына” жылжымайтын мүлiк қоры” АҚ еншiсiнде. Өткен аптада қордың басқарма төрағасы Болат Әбiлқасымұлы Палымбетов журна­лис­термен кездесiп, өздерi атқарып жатқан жұмыстар жайында егжей-тегжей әңгiмелеп бердi.