1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15751) 25 қазан, бейсенбі 2012
Құрметтi мұсылман бауырлар!
Құрбан айт мейрамының жамағат арасындағы бiрлiктi күшейтiп, бауырластықты арттырудағы рөлi зор. Айт намазын оқуға мешiтке келген мұ­сылмандар бiр-бiрiмен көрiсiп, қабыл болсын деу арқылы достық пен ағайындықты нығайта түседi. Мерекенiң алғашқы күнi ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киiм киiп, хош иiстi әтiр сеуiп, көшеде жолыққан адамға жылы жүзбен сәлемдесу, құрбандық етiмен ауыз ашу үшiн айт намазының алдында ештеңе жемей, оған бара жатқанда тәкбiр айту (Алланы ұлықтау, мадақтау) – хазретi Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннетi.

Сейсенбi күнi “Guljan.org” сайты Арқанкергенге қатысты екi маңызды құжатты жария еттi. Бiрi – ҚР Сот-медицина орталығының №107/33 сараптама қорытындысы. Екiншiсi – Бер­лин­дегi “Шарите” құқықтық медицина орталығының сараптамасы. Екеуi де Арқанкергендегi қанды қасап орнынан алынған дәлел-дәйектерге қатысты.

СОНДА ЖАҢАӨЗЕНДЕГI БЕЙБIТ ХАЛЫҚТЫ АТУ, ЖАРАЛАНҒАНДАРДЫ, ЕРЕУIЛШIЛЕРДI ҚОЛДАҒАНДАРДЫ СОТТАУ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ҚАЙ ТҮРIНЕ ЖАТАДЫ?
Австрияға сапары кезiнде президент Н.Назарбаев тағы да Жаңаөзен оқиғасы туралы пiкiрiн бiлдiрдi. Бұл жолғы сөзi де алдыңғы мәлiмдемелерiнен өзгеше емес. Журналистер­дiң сұрақтарына жауап берген президент сөз арасында елiмiздегi демократия туралы да ой қозғап, “Қазақстанда оның барлық түрi бар” деп мәлiмдедi. Қазақстанның Социалис­тiк қозғалысының хабарлауынша, Н.Назарбаев брифинг өткiзген ғимарат маңында Австрияның
ЖАҢАӨЗЕН ҚАСIРЕТIНIҢ СЕБЕП-САЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАҒАН ТӘУЕЛСIЗ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯ ОСЫНДАЙ ҚОРЫТЫНДЫҒА КЕЛДI
Жаңаөзен оқиғасынан кейiн он ай өтсе де, қанды қырғынды шын мәнiнде ұйымдастырған кiм деген сауал жауапсыз қалды. Оқиғадан кейiн бол­ған сот процестерiнде нағыз кiнәлiлер жауапқа тартылмады. Бiрнеше айға созылған тергеу мен сот процестерi оқиғаның анық-қанығын ашып бере алмады.

Өткен жылғы Жаңаөзендегi қанды қырғын қазақ хал­қының қабырғасын қайыстырып кеткенi мәлiм. Сол қаралы күндерден берi қарай, бұл оқиғаны жан-жақты тексерiп, Жаңаөзенге байланысты барлық соттарға қатысып, егжей-тегжейлi жазып келемiз. Мүмкiндiгiмiз келгенше қазалы болғандарға көңiлiмiздi бiлдiрдiк, жаралы болғандарға жәрдемдестiк, жалалы болғандарға араша түстiк. Жаңаөзеннiң жарасы жазылуына атсалыстық.

Қазақстанның ертеңi үшiн маңызды мәселелердi талқыға салып, жалпыхалықтық референдум өткiзу жөнiндегi бастамашыл топтың игi қадамы менi қатты қуантты. Мен мұны қуаттаймын және осы бастамашыл топпен бiргемiн. Кесапаты кеңiрдектен келетiн кедендiк одақтан, ұлт болашағын бұлыңғыр ететiн Еуроодақтан Қазақстан тез арада бас тартуы тиiс. Жемсауының жайын ойлайтын билiктегiлер үшiн бәрiбiр шығар, ал қара халыққа елдiгi керек

Кеше республикалық “Ұлы дала” қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйытқы болуымен “Халық – билiктiң қайнар көзi” деген тақырыпта дөңгелек үстел өттi. Отырыс барысында жалпыхалықтық референдум өткiзу қажет деп саналған Алматы мен Астана қалаларында талқыланған мәселелер. Жиынға бiрқатар қоғам қайраткерлерi мен қоғам белсендiлерi қатысты.

СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ МЕКТЕП ҚҰРЛЫСЫНАН БАСТАЛАТЫНЫ ЖАМАН-АҚ...
Түнеугүнi Жаңақор­ған ауданына қарасты Қыраш ауылындағы мектеп өртендi. Бейресми дерек “өрт қасақана ұйымастырылған” дейдi, ресми мәлiмет әлi айтылған жоқ. Әйтеуiр, адам аман. Облыс әкiмi Б.Қуандықов шұғыл түрде осы ауылға жаңа мектеп салуға тапсырма бердi.
Оңтүстiк өңiрдегi тұңғыш жоғары оқу  орны – Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты. Биыл оның құрылғанына 75 жыл толды. Қарашаңырақтың мерейтойы өткен аптада салтанатты түрде аталып өттi. Тоқсаныншы жылдары қайта құрылымдаудан өтiп, былтыр араға 18 жыл салып, өз алдына қайта шаңырақ көтерген оқу орнының мерейтойына Астана мен Алматыдан, республиканың өзге де өңiрлерiнен мәртебелi қонақтар келдi.

Биылғы жылдың басында президент Н.Назарбаев қаржы полициясының басшысы Қайрат Қожамжаровты Ақмола облысының әкiмi етiп тағайындады. Бұл көпшiлiк үшiн күтпеген жайт болды. Бiрiншiден, “бұрын мұндай деңгейде қызмет етпеген адам ауыл шаруашылығы мен өндiрiсi, экономикасы мен әлеуметтiк саласы, басқадай түйiткiлдi мәселелерi бар үлкен аймақты қалай басқарады” десiп жүрдi.

Мен ұзақ жылдар су шаруашылығында жұмыс iстеген адаммын.  Бүгiнгi тiлмен айтсам, су маманымын. Басқаны бiлмесем де, су мәселесiн, оның iшiнде елiмiздегi судың жай-күйiн жетiк бiлемiн. Осы жақында ғана Өзбекстанның президентi Ислам Каримов “Орталық Азияда су үшiн соғыс болып кетуi де әбден мүмкiн...” дедi. Көптi көрген, тiсқаққан саясаткер мұны текке айтып отырған жоқ...

Қазақстанға 1973 жылы келген едi. Бұйра шаш армян жiгiтiн Ақжайықта алдымен жайдары, ақкөңiл Өмiрзақ Сырымұлы қарсы алды. Екеуiнiң достығы ұзаққа созылды. Өмiрзақтың дүниеге Айдана атты қызы келдi. Аветик Өмiрзақ арқылы талай дос-жаран тапты. Аветиктiң жан досы Өмiрзақ жол апатынан қайтыс болды...  1991 жылы Аветик Рубенович Амирханян өз кәсiбiн нан пiсiруден бастады.

Құмарлыққа салынған адамдар карта ойнайды, жолын тапқан адамдар ұтады, ал жолын бiлмейтiн адамдар ұтылады. Картаға қызыққандар түбiнде мал-мүлкiнен айырылып, сорлап қалады. Тiптi өз-өзiне қол жұмсауға да барады. Қарап тұрсақ, ҰБТ да осы құмар­лық ойынның бiрге туған егiзi сияқты. Неге дейсiздер ғой? Айтайық.  ҰБТ сұрақтарын жаттаған бала жауап бередi, жаттамаған бала “Тисе терекке, тимесе бұтаққа” деп кез келген жауапты белгiлей салады.
Қысыр кеңес... Кәдiмгi шалдардың қысыр кеңесi. Бұл – ақсақалдар алқасы да, ардагерлер кеңесi де емес. Қазiр Алматының әр ауданында ардагерлер кеңесi бар, олардың ресми орындар бекiткен басшылары бар. Бiздiң айтқалы отырғанымыз – ол емес. Бiздiң айтқалы отырғанымыз – гүлзар, саябақтарда жазда көлеңкелеп, қыста күншуақтап отыратын қарапайым шалдар бар ғой, солар жайында. Солардың ермек үшiн айтылатын, келдi-кеттiсi жоқ әңгiмелерi хақында.

Атақты Шыңғыс ханның құ­ланның айғыры шайнап өлтiрген баласы Жошының кегiн қайтармақшы болып, қазақ даласын көктей ор қаздырып, оған жабайы құландарды айдап әкеп жыққаны белгiлi. Тарихта бұл қасап “Құлан қырылған” атанған. Құлан жоқ болса да, Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат аулының шығыс бетi тұтасымен “Құлан қырылған” орымен толық қоршалды. Түпкi ордың алды үлкен ауылдың жекеменшiк малы жайылып жүрген жайылымдыққа да шығып кеттi.

“ Қарттарым – ұлы қазынам” демекшi, бiздiң “Ұлы Отан соғысы ардагерлерi” емханасында қарттар денсаулығына қолдан келгенше жан-жақты көмек көрсетiледi. Мұнда медициналық көмек көрсе­тудiң 20 түрi бар. Бұл емхана тек соғыс ардагерлерiне ғана емес, интернационалист-жауынгерлерге, Кеңес әскерiнiң мүгедек­терiне, еңбек майданында еңбек еткендерге, Чернобыль апатына қатысушыларға, репрессияға ұшыраған­дар­ға

– Айтыс деген халықтың қазынасы,
“Қисайса” да өзгермес мағынасы.
Хош келiпсiз, құрметтi ата-аналар!
Ұстаздың бар сiзге айтар базынасы.

Сұңғақ бойлы, сом бiлектi, жолбарыс жүректi, төртпақ денелi палуан Бейбiт Ыстыбаевты қазiргiнiң Қажымұқаны десек, ешкiм дауласа қоймас. “Қазақстан барысы” республикалық турнирiнiң өткен жылғы күмiсiн иеленген, биылғы жеңiмпазы Бейбiт “Алла амандығын берсе, әлi үш рет топ жарамын” деп алақанын ысқылап отыр. Айтпақшы, арулардың құлағына алтын сырға – “Қазақстан барысы” қалыңдық iздеп жүр.

Австрияда 82 жастағы зейнеткер банкты тонағысы келген қылмыскердi құрықтады. “Оқиға Венадан 50 шақырым жердегi    Санкт-Эгиде­нам-Штайнфельдте болды”, – деп жазады The Daily Telegraph газетi.  Банкке бетперде киген, тапаншамен және қолдан жасалған қопарғыш затпен қаруланған адам баса-көктеп кiредi. Ол кассадағы ақшаларды өзiнiң сөмкесiне салуға кiрiсе бергенде