1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (15752) 30 қазан, сейсенбі 2012
Құрметтi Серiк Нығметұлы!
Менiң iсiме қатысты сот жабық жүргiзiлген­дiктен, ҰҚК тергеушiлерiнiң “ашқан жаңалығын” Сiз бiлмей қалуыңыз да мүмкiн. Ендеше, өзiңiзге және индустриализация, импорттың орнын басу һәм инновациялық дамуға шетелдiк инвестиция­ны тарту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаға қатысушыларға әлдебiр қауiптiң төнiп тұрғанын бiлмеуiңiз кәдiк. Қазақстан Республикасында табыс табу үшiн кәсiпкерлiкпен айналысу – қылмыс.
“ӨЗ АЗАМАТТАРЫН ӨЛТIРГЕН БИЛIК – ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ КӨЗI”
– Ендi екi айдан кейiн елiмiз мүлде басқа Тәуелсiздiк күнiн атап өтпек. Ол 20 жыл бойы тойланған үлде мен бүлдеге оранған мереке емес, Жаңаөзендегi қанды қасiретте қаза тапқан боздақтарды еске алу күнi болмақ.Жаңаөзен оқиғасынан кейiн басқа елде өмiр сүрiп жатқанымызды түсiндiк. Билiк айтып жүрген саяси тұрақтылық аңызы өз ақырына жеттi.
КЕРЕК БОЛСА, КЕНДIРЛIГЕ КӨШIРСIН ҚАРАЛЫ ЕЛДI!
Үкiметтiң Жаңаөзеннiң атын Бекет Ата қаласы деп өзгерту туралы жаңаөзендiктерден өтiнiш түстi дегенi – шып-шылғи өтiрiк. Атаның атын бұлай қорлауға болмайды, мен дұрысы, тұрған жерiмде арам өлейiн, бiрақ мына қорлыққа шыдай алмаспын. Мұны қадiр тұтатын қасиеттiлерi жоқ, қолдан тарих жасап үйренген азғын бiреулер ойлап тапса керек. Дөкейiне жағымпаздану үшiн.
ҚЫМБАТШЫЛЫҚТЫҢ ҚАРҚЫНЫ ҮДЕЙ ТҮСПЕК
Биылғы құрғақшылық егiс алқаптарды ғана емес, тұтас мемлекетке зиянын тигiздi. Қожырап кеткен аграрлық саламызға қуаңшылық та ауыр соққы болды. Осыған байланысты президент те, ауыл шаруашылығы министрi А.Мамытбеков те нан бағасының қымбаттамайтынын, қамба толы астық екенiн жарыса мәлiмдеген болатын.

Таразда Орталық базардың көшiрiлуiне байланысты дау ушығып барады. Кеше мыңнан аса саудагер “Төлебай” базарының қақпасының алдына жиналып, наразылық шарасын ұйымдастырды. “Көшу туралы, тiптi, алдын ала ескертпедi де. Кешегi күнге дейiн осы базарда алты айға дейiн қаласыңдар деп келдi. Ал бүгiн болса көшiңдер дейдi. Бұл не мазақ сонда? Тараз қаласының сексен пайыз тұрғыны нанын осы базардан тауып, күнiн көруде.

САРАПШЫЛАР СОНДА ДА ҚҰДАЙДАН ҚОРЫҚПАЙ КIСI ӨЛIМIН ҚАСАҚАНА ЖАСЫРЫП ОТЫР. 
Қойнауы суық қара жер не деген тойымсыз едi десеңiзшi. Бас-аяғы екi жылдың iшiнде айдың-күннiң аманында екi бiрдей бауырымнан айырылып қалдым. 2009 жылы жол бойынан белгiсiз жағдайда қаза тап­қан бiр бауырымның өлi денесi табылған болатын. Ауыл қариялары “болар iс болды” деген соң, қазақшылыққа салынып, ешқайда шағымданған жоқпыз.
Елiмiздiң жетекшi мұнай тасымалдаушы операторы «ҚазТрансОйл» АҚ «Халықтық IPO» шеңберiнде отандық қор нарығына шығуға дайындығын аяқтады. Бүгiнгi күнi «Халықтық IPO» туралы ақпарат БАҚ беттерiнде қызу талқыланып жүр. Бағдарламаны түсiндiру және оны iске асыру бойынша жұмыстар қарқынды жүргiзiлуде. Осы күзде қазақстандықтар үшiн акциялардың алғашқы орналастырылымы болады деген уәде бар.
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҚЫЛМЫС БОЛУЫ ДА МҮМКIН...
“Ағайынды Энди мен Найеля Ашкарлар лотереядан ұтқан бес миллион долларын 6 жыл өткен соң талап етуде”, – деп жазады The Post Standard сайты. Ағайындылардың айтуынша, олар дер кезiнде ұтысты алуды доғара тұруды дұрыс көрiптi. “Аяқ астынан келген байлық өмi­рiмiзге керi әсер етуi де мүмкiн деп ойладық. Оның үстiне Энди үйле­нейiн деп жатқан”, – дей­дi ағайынды Ашкарлар.
Қытай баспасөзi құтыртып хабарлап, Қытай құрамасы қатарына қайтып оралғанын жазған Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло Алматыға келдi.  Әйтсе де, ел iшiнде гу-гу әңгiме туғызған шынашақтай қара қыз өзiнiң спорттық карьерасын қайда жалғастыратыны жұмбақ күйiнде қалып тұр. Зiлтемiршi қызымыз өзiн әуежайда күтiп алған журналистерге жолдан қатты шаршап жеткенiн айтудан әрi аспаған.
Жақында мемлекет және қоғам қайраткерi Дiнмұхамед Қонаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында Алматы қаласындағы “Мақсат” теннис академиясында балалар арасында республикалық турнир өттi. Димекеңнiң есiмiмен байланысты теннистен тұңғыш рет өткiзiлген бұл турнирге жетi жасқа дейiнгi және тоғыз жасқа дейiнгi балалар додасына сексеннен астам жас спортшы қатыс­ты. Тiптi

ҚР бокс федерациясының кубогын сарапқа салып жатқан құрамалардың әр аймақтан озып шыққан үздiктерi анықталды. Атап өтерлiгi, биыл үшiншi мәрте ұйымдастырылып отырған жа­рыс­­тың бiрiншi маусымының жеңiмпазы Астана қаласы ал­ғаш­қы кезеңнен аса алмаса, өткен жылғы кубок иегерi – Қарағанды облысы ширек финалда қатардан шығып қалды.

Жексенбi күнi футболдан ел бiрiншiлiгiнiң кезектi маусымы жала­уын түсiрдi. “Соңғы түйенiң жүгi ауыр” демекшi, соңғы тур ойындары тартысты өттi. Чемпиондық атаққа апта бұрын қол жеткiзiп қойған қарағандылық “Шахтердiң” арқаны кеңге салғаны болмаса, өзге командалар тым болмағанда тұяқ серпiп қалуға тырысты.

Футболдан әйелдер арасында 2013 жылы өтетiн Еуропа бiрiншiлiгiнiң екi бiрдей iрiктеу турнирiне қатысып қайтқан елiмiздiң 19 және 17 жасқа дейiнгi бойжеткендерi қарсыластарынан қирай ұтылып қайтты. 19 жасқа дейiнгi бойжеткендерiмiз Австриядағы додада екiншi топта өнер көрсеткен болатын. Тұсаукесер кездесуiнде Италия