1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (15753) 1 қараша, бейсенбі 2012

Жаңаөзен қаласының атын өзгертiп, Бекет Ата есiмiн берейiк деп бастама көтерген қырық шалдың (ақсақал деуге аузым бармайды) әлегi дүйiм елдi дүрлiктiрiп жiбердi. Маңғыстаудың түкпiр-түкпiрiнде тұратын қырық шал түстерiнен шошып оянғандай, бiр күнде, бiр сағатта, Бекет Атаның басына бара қалуы, сол кезде барлық аудан, қала, облыс әкiмдерiнiң келе қалуы, Бекет Атаның аян бергенiнен емес, Ақорданың әмiр еткенiнiң белгiсi болса керек.

Владислав Челахтың адвокаты Серiк Сәрсенов былай деп мәлiмдедi: “Iс материалдарымен (Челахтың iсi – ред.) танысып шықтым. Менiң есебiм бойынша 16 мәйiт болды. Тiптi 17 болуы да мүмкiн. Бiрақ әзiрге ешқандай түсiнiктеме бермеймiн. Бәрiн сотта айтамын”. Сәрсенов – көптi көрген адвокат. Тәжiрибесi де мол. Саяси астары бар қылмыстық iстердiң де “дәмiн татты”.
БIР КIСIНIҢ БҰЙРЫҒЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚАСIРЕТI
– Жаңаөзен оқиғасына баға бермес бұрын бiрнеше мәселенi сараптап алған дұрыс деп санаймын. Бiрiншiден, мұнайшылардың ереуiлi бастапқыда таза экономикалық мәселеге қатысты, ешқандай саяси талаптарсыз басталды. Саяси мақсаттағы наразылық болмаған соң билiк те мұнайшылардың жарты жылдан астам уақыт ереуiлдеуiне мүмкiндiк берiп, олардың талаптарын орындауға, мәселелерiн шешуге құлшыныс танытпады.
Референдум өткiзу жөнiндегi бастамашыл топ оның күн тәртiбiне төрт сұрақ қойылатынын мәлiмдедi. Бiр жарым ай бойы Алматы мен Астана қалаларында талқылау өткiзген бастамашыл топ ендi аймақтарды аралауға шықпақ. Ал референдум өткiзу жөнiндегi Республикалық жиын ақпан айының бас кезiне белгiлендi. Сейсенбi күнi баспасөз мәслихатын өткiзген бастамашыл топ өкiлдерi

“Құда мың жылдық” деген емес пе. Бiрақ Шымкент қаласы аумағындағы Забадам мен Откормсовхоз елдi мекендерiнде тұратын екi отбасы арасындағы ұрыс -керiс, оның арты кiсi өлiмiне ұласқан қанды қырғыннан кейiн бұлай деп айтуға аузың бармайды екен. Рас, тақырыпқа тамызық болып отырған екi әулет қазақ отбасынан емес. Бiзге жеткен әңгiмелерге қарағанда, күрдi ұлтының өкiлдерi.

Редакциямызда Аустрия түрiк қоғамы төрағасының орынбасары Мұрат Ақ, Аус­трия түрiк қоғамының Линз қалалық филиалының төрағасы Өндер Алыпарсылан, Аустрия қазақ қауымдастығының төрағасы Қызырхан Шолпан қонақта болды. Әуелi Қызырханның “Шолпан” деген фамилиясына бiр күлiп алдық. Қазақстаннан Қытайға ауып барып, сонан кейiн Қытайда көп қысымшылық көрiп, тағы да ауа көшiп,
Таразда Орталық базардың көшiрiлуiне байланысты дау әлi ушығып тұр. Екi күннен берi мыңнан аса саудагер “Төлебай” базарының қақпасының алдына жиналып, наразылық шарасын жалғастыруда. “Төрт балам бар. Күйе­уiм қайтыс болған. Осы базарда сауда жасап, күн­делiктi iшiп-жемiмiздi та­уып жүр едiк. Ендi мiне, ол да жоқ. Жасым елуден асқан.

“Бiз бүгiн кiмдi тәрбиелеп жүрмiз?” деген сұрақ қазақ азаматы ретiнде менi жиi толғандырады. Толғантып қана қоймайды, ойымды онға, санамды санға бөледi. Бiлiм мен тәрбиенiң негiзi, қайнар бұлағы мектеп десек, оқулық – сол бiлiмнiң өзегi, тәрбиенiң құралы, ұлттық мәдениеттiң ұраны. Ал бiздiң оқулықтар сол ауыр жүктi көтере алып жүр ме? Мiне, осыған байланысты мен өзiмнiң

Мектеп бiтiргенше журналист боламын деп ойлаған да жоқпын. Сол кездегi игiлiктi бастамамен әкеме көмекшi болып қалдым. Еңбекке араластым да кеттiм. Бiр күнi ауылдағы моншада жуынып отырғанмын. Бiр кезде ыстық су бiтiп, пар өштi де қалды. Артынша жарық та өштi. Өкпе-ренiшiмiздi кiмге айтарымызды бiлмей, үйге қайттық. Бiрде осы монша туралы аудандық “Достық” газетiне мақала жаздым.

Мен онымен Қ.Рысқұлбеков атындағы жасөспiрiм мен жастар арасындағы шығыс жекпе-жегiнен өткiзiлген турнирде танысып едiм. Турнир Төле би ауылының Ж.Жабаев атындағы мәдениет үйiнде өтiп жатқан. Бiр кезде толықтау келген қара торы жас жiгiт Желтоқсан көтерiлiсi мен Қайратқа арнап жазған жыр шумақтарын оқығысы келетiнiн айтып, тiлегiн бiл­дiр­дi.  Кейiннен бiлдiм, бұл ақын жiгiт – аудандық “Шу өңiрi” газетiнде өлеңдерi жарияланып тұратын Ғабит Көкеев екен.

Бiр кездегi арнайы мемлекеттiк жобамен, ата-бабамыздың маңдай терiмен төселген темiржолдар қазiр қаланың iшiне ентелей енiп кеттi. Оның басты себебi – хал­қымыздың санының өсiп, қалалы жерлерге тығыз шоғырлана бастағандығы. Осы темiржол торабын бойлай қоныстанғандар негiзiнен өзiмiздiң қандас бауырларымыз екендiгi тағы шындық. Сол темiржолдың рахатынан гөрi зардабын көбiрек тартып

Бүгiнде билiк басындағылар құнттылық туралы жиi айтады. Бiрақ құнтсыздық кiмнен шығып жатыр? Сонда жоғары билiктiң өзi құнтты ма ? Бүгiнде мұнайдан және тағы да басқа пайдалы қазбалардан түскен ақша қоғамның ең өзектi мәселелерiн шешуге емес, қажетсiз, шығыны көп шараларға жұмсалуда. Мәселен, Сыртқы iстер ми­нистр­лiгi Вашингтондағы бiр компаниямен құны 1,5 миллиард

Менiң немерем Тұрсынжан Iңкәр 2005 жылдың 19 желтоқсанында дүниеге келген. Бiрақ... бiрақ баланың жағдайы өте ауыр. Iңкәрдi тез арада ауруханаға жатқызып, емдеу қажет. Оның диагнозы – туғанынан орталық жүйке жүйесiнiң дамуын­дағы ақау, окклюзионды гидроцефалия. Қытайдағы