1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (15754) 6 қараша, сейсенбі 2012

Associated Press-ке берген сұхбатында Солтүстiк Дакотаның сауда офисiнiң атқарушы директоры Дин Гордердiң осы аймақтың сиырлары Қазақстанның суық климатына үйренгенiн айтыпты. Бiрақ қазақ бақташылары оларды бағудың ретiн бiлмейтiн көрiнедi. Сол себептi ендi бiздiң бақташылар АҚШ-қа барып, сиыр бағудың сырын меңгерiп, кәсiби бiлiктiлiгiн арттырып қайтады екен. 12 қазақстандық бақташы Солтүстiк Дакотаға мал бағуды үйренуге екi апталық оқуға барады. Сонымен қатар Д.Гордер қа­зақ­стандық шенеунiктерге iрi қара малдың тойымды тамақтануы ке­регiн тағы да ескерттi.

Таяуда “guljan.org” веб-сайты республикалық бюджеттi бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасы Аслан Мусинге хат жолдап, сегiз сұраққа нақты жауап беруiн сұраған болатын. Есеп комитетiнiң төрағасы бiршама уақыт елде болмай, әлгi сұрақтардың жауабы да бiраз күттiрдi. Үкiмет пен президент аппаратында болған кадрлық өзгерiстерден кейiн Ақорда жақтан жайсыз хабар қарша бораған. Соның бiрi Аслан Мусинге тiкелей қатысты “шетелге қашып кетiптi”

Түрiкменстандағы қазақ белсендiсi Бисенғұл Бегдесенов Қазақстанға келдi. Бұған дейiн түрiкмен билiгi оны бiрнеше мәрте елден шығармай қойған-ды. Былтырғы жылы мамырда түрiкмен соты Бегдесеновтi тоғыз жыл шартты жазаға кескен болатын. Президент жарлығымен қазақ белсендiсi рақымшылыққа iлiнген.

Президенттiң жеке күзетi мен ҰҚК-нiң “Арыстан” жасағына қару-жарақты заңсыз сатқан Меклер Германияда тұтылды
Борис Меклер деген кiм едi? Ол – “жұмыртқадан жүн қырыққан” халықаралық деңгейдегi авантюрист. Қару-жарақ саудагерi. Меклер 1956 жылы Қарағандыда туған. Сонау 1985 жылы Қарағанды қаласының Ленин аудандық соты Меклердi ҚазССР Қылмыстық кодексiнiң 76-4-бабының 2-тармағы

Бiр ғасырға жуық мыңдаған халықтарды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, жүздеген ұлттардың жойылуына себеп болған Кеңес одағының қабырғасы сөгiле бастағанда, одақтың ыдырауына Қазақстан тарапы бiрден қарсылық бiлдiрiп, оның соңына дейiн тұрғаны бәрiнiң есiнде.

ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНДА ТАҒЫ БIР ТАУ ШАҢҒЫСЫ БАЗАСЫ САЛЫНАДЫ
Табиғаты тамаша Төле би ауданы – Оңтүстiк Қазақстан облысы аумағындағы туризмге таптырмас ең қолайлы мекеннiң бiрi. Тау баурайындағы сұлулығы өзгеше өңiрдiң шекарасы көршiлес Өзбекстанмен және Қырғызстанмен түйiсiп тұр. Шымкент қаласының iргесiндегi ауданның облыс орталығымен ауылы – аралас, қойы – қоралас қоныстануы да жергiлiктi тұрғындардың тұрмыс-тiршiлiгiн жандандыруына жақсы мүмкiндiк туғызуда.

Қазақстанда тұңғыш ұлттық балалар үйi Тараз қаласында ашылғанын былайғы жұрт бiле бермейдi. 1993 жылы сол кездегi Жамбыл облысының әкiмi Өмiрбек Бәйгелдiнiң бастамасымен жетiм және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналып ашылған “Ұлан” ұлттық балалар үйiнiң бүгiнде басына қара бұлт үйiрiлдi . Облыстық бiлiм басқармасының бастығы Сұлушаш Құрманбекованың бала саны аз деген сылтаумен

Жуырда Алаш қозғалысының қалыптасу, саяси сахнаға шығу, Алаш автономиясын құру, ке­ңестiк дәуiрдегi қу­ғын-сүргiн кезеңдерiнiң су­рет­терiн қамтитын “Алашорда” фотоальбомы жарық көр­дi. Мұнда 300-ден аса фото бар. Альбомды құрас­тырған – журналист Болат Мүр­сә­лiм. Құрастырушының ай­туынша, альбомға енген суреттер Гүлнар Мiржақыпқызы, Дәулет Тынышбаев, Рүстем Бiрiм­жа­нов, Сырым Бөкейханов

Кейде есерсоқтың есер­­лiгi де тарихты мүлдем басқа арнаға бұрып жiбер­едi. 17 ғасырдың аяқ ше­нiнде Англияның бiр шағын деревнясының тұрғындары адам сенгiсiз жағдайдың куәсi болды. Ажал аузында жатқан Эдинбург уни­верситетi профессорының Анна Резерфорд атты қызы күйеуiне соңғы тiлегiн айтып, өзiн саусағындағы алтын жүзiгiмен бiрге жер­леудi өтiнедi. Арада бiрер уақыт өткен соң Анна Резерфорд “мәңгiлiк сапарға аттанып”, заңгерлер отбасы қара жамылады.
(Абай феноменi)
Биыл Ресей тағы бiр дүрлiктi. Алтай қыс ұйқыда жатқан орыс аюы орнынан қорбаңдап тұрған. Соңғы президент сайлауына көңiлi толмаған орыс оппозициясы Мәскеудегi қарсылық акциясына қарай ағылды. Оппозиционер-блогер Алексей Навальный ереуiлшi­лердi “Чистые пруды” булварындағы “түсiнiксiз қазақ” – Абай ескерткiшi басына жиналуға шақырды. Сол-ақ екен, саяси шеруден хабардар болып, интернетке көз телмiртiп отырғандардың бiреуiнiң: “Ех, Алеша, Абайдың кiм екенiн бiлмегенiң атыңа ұят емес пе?!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналис­тика факультетiнiң баспасөз қызметi залында “Бүгiнгi ел фотоөнерiнiң тынысы” атты ардагер фотошежiрешi­лер, белгiлi фототiл­шi­лер, кәсiпқой және әуесқой фотографтардың студенттермен кез­десуi өттi. Бүгiнгi фотография, фотопублицистика саласының елiмiздегi күй-жайы туралы айта келiп, аталмыш факуль­теттiң аға оқытушысы, “Жас Алаш” газетiнiң фототiлшiсi Асылхан Әбдiрайымұлы

Белгiлi ғалым-эколог, Қа­зақстанның оқу-ағарту iсiнiң үздiгi, бiлiктi педагог әрi республикалық дәрежедегi шахмат ойынының төрешiсi Советхан Қарсақұлы Әбубәкiровтiң дүниеден озғаны... маған кеше ғана сияқтанады да тұрады. Ол кiсiнiң тәлiм-тәрбиесiн алып, қатар жүрген күндер әлi көз алдымда. Бiр күнi Советхан аға анамның (ақын Қанипа Бұғыбаеваның) “зиратының басына ағаш отырғызайық” деген ұсыныс айтты. 

Былтыр 21 желтоқсанда Алматыда аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өткенi белгiлi. Құрылғанына көп бола қоймаған “Алаш Прайд” клубының мүшелерi әлемнiң үздiк спортшыларына лайықты қарсылық көрсеткенi де жұрт есiнде. Турнирдiң басты жекпе-жегi саналған сайыста ресейлiк Александр Емельяненко жерлесiмiз Төлеген Ақылбековты ауырту әдiсiмен жеңiп кеткенде iшiмiз удай ашыған.

ТАҒЫ ДА ДАУ
Сидней Олимпиадасының күмiс, Лондон олимпиадасының чемпионы велошабандоз Александр Винокуровтың басы тағы да дауға қалды. 2010 жылы Винокуров Бельгияның таулы аймағында өтетiн “Льеж-Бастонь-Льеж” бәйгесiнiң жеңiмпазы атанған. Италияның Падуи қалалық прокуратурасы Винокуров осы бәйгенi сатып алды деген ақпар таратты.