1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 (15755) 8 қараша, бейсенбі 2012
2005 жылы 12 қарашада Заманбек Қалабайұлына қастандық жасалды. Бiтiм-болмысы бөлек қайраткерден сескенгендер оның жер басып жүргенiнен өлердей қорықты. “Мен кәсiби аудармашы немесе қазақтың қара сөзiнiң ұстасы, танымал ақын иә жазушы емеспiн. Сiздiң қолыңыздағы бұл кiтапты – Шығыс­тың ұлы шайырларын өзiмше қазақ тiлiнде сөйлетсем деген арман-тiлектен, iзгi ниеттен ғана туған талпыныстың жемiсi деп бiлсеңiз екен...”, – деп бастап алғысөз жазыпты Зәкең “Шығыс жыры. Орыс жыры. Шындық жыры” деп аталатын кiтабына.  Атауы айтып тұрғандай, кiтаптың шығыс жыры бөлiмiне Хафиздiң, Әбу-әт-Тайип әл-Мүтәнәб­бидiң, Әбу-әл-Атахияның, Омар Хайамның, Са­а­ди­дiң, тағы басқа шығыс шайырларының
Соңғы күндерi “Жаңаөзен қаласының атын Бекет Ата деп өзгерту керек” деген пiкiр бой көтердi. Бұл бастаманы Жаңаөзеннiң ақсақалдары көтерiптi. Ендi осы ақсақалдарды, “Жас Алаштан” оқыдым, “Нұр Отан” партиясының “Жас Отан” жастар қанаты қолдап шығыпты. Ақсақалдың сөзi дәрi болса, мен де – ақсақалмын. Жақында ғана жетпiс жылдық мерейтойымды тойладым. Құдайға шүкiр, көргенiмiз де, терге­нiмiз де аз емес. Ендi осы ретте мен де өз пiкiрiмдi бiлдiрсем деймiн.

Қай елде болмасын, тағдыр тауқыметiн тартып, тұрмыс таршылығын көрiп, қиналып өмiр сүретiндер бар. Дене мүшесiнiң кемтарлығынан зардап шегiп, жарымжанға айналғандар қашан да үкiмет пен билiктiң қамқорында болуға тиiс. Бұл – әлеуметтiк заңдылық. Алайда қоғамдағы әлсiз азаматтарға қолдау таныту, оларға жәрдем беру қазақ билiгiне тән қасиет емес.

ҚАЗБА БАЙЛЫҚТЫҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРГЕНДЕР ҰРПАҚТЫ ОЙЛАП ҚАЙТСIН?
Қазба байлықтарының көлемi жағынан Қазақстан әлемдегi ең бай мемлекеттердiң бiрi. Баспа­сөзде жарияланған деректерге сүйенсек, қорғасын, мырыш, барий, хром рудаларының көптiгi жағынан бiз бүкiл әлемде бiрiншi орындамыз. Уран, марганец, күмiстен екiншi орын, мыс қорының молдығынан үшiншi, кобальт қара металл темiр
Осы жылғы мамырдың 30-ы Қазақстан индустрия және жаңа технологиялар ми­нистр­лiгiнiң атом энергетикасы комите­тiнiң төрағасы Тимур Жантикин Үлбi металлургиялық зауытында 60 тонналық халықаралық ядролық отын банкi құрылатынын мә­лiмдедi. Оның айтуынша, банктi құру МАГАТЭ-мен арадағы шарт бойынша 2013 жылы iске асады.

Бұл – бiрiнен-бiрi туындаған үшiншi мақалам. Оқыр­ман­дардың ойын қозғаған, әсiресе қаламгерлер қауымына тәп-тәуiр-ақ әсер еткен әуелгi жазбам Қазақстан жазушыларының ке­зектi құрылтайы алдындағы пленумнан соң жарияланып едi. Содан кейiнгi материалымда да Алаш идеясын көтерген арыстарды айналып өте алмай, айтар ойымның орайына қарай күйiн­генде, күйзелгенде...

Сейсенбi күнi Англияның апелляциялық соты Мұхтар Әблязовке қатысты сот шешiмiн өзгерiссiз қалдырды. Бұған дейiн судья Найджел Тир Әблязовтi “сотқа құрмет көрсетпедi” деп 22 айға қамау туралы үкiм шығарған болатын. Әблязовтiң заңгерлерi судьяның шешiмiне қарсылық танытып, оны iстен шеттетудi талап еткен. Алайда Әблязовтiң дегенi болмады.

Сәтбаев қаласындағы №3 байыту фабрикасында еңбек озаттары көптеп саналады. Солардың бiрi – Байғазы Мырзатайұлы Тұяқбаев. Байғазы осы ұжымның үздiксiз та­быс­қа жетуiне өзiнiң хал-қадерiнше үлес қо­сып жүрген үлкен бригаданы басқарады. Бри­гаданың құрамы да өз iсiне бiрыңғай берiл­ген хас шеберлерден тұрады десе болғандай. Бригадир Байғазының өзi еңбекпен шыңдалып өскен жан

Қазiргi мұғалiмдер мәр­тебесi жайлы мәселе қозғала қалса, екi түрлi пiкiрге тап боласыз. Бiрiншiсi, “би­лiк мұғалiмдердi қолбала, қуыршаққа айналдырып алды. Әлеуметтiк тұрғыдан аз қорғалады, жүктеме көп, жалақысы аз” дейдi. Екiншiсi, “мұғалiмдердi мүлдем мү­сiр­кемеу керек. Олар шала сауатты, бiлiмдерi таяз. Айт­са көнедi, айдаса жү­редi. Өз бастарын өздерi алып жүре алмайды” дейдi. Бiздiңше, осы екiншi пiкiр­дiң жаны бар, шындыққа жанасады.

Жақында “Еуразия” телеарнасы қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкiровпен болған қысқа сұхбатты көрсеттi.
– Қашан ендi қазақ ғарышкерi келесi сапарға аттанады?  – деген тiлшi сұрағына: – Құдай қаласа, ұшып қалар. Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймахановтар бар ғой. Егер олар ұшпаса, төрт жылдан кейiн, 70-ке толғанымда, өзiм ұшамын! Турист ретiнде! – деп күлдi.

Астаналық №66 мектеп-лицейiнiң химия пәнiнiң мұғалiмi Аятжан Ахметжанның “Оқулық олқы болса, оқушы қайдан оңады?” ((№87, 1 қараша, 2012 жыл) атты мақаласы жарық көрген едi. Бiз бүгiн осы мақалаға байланысты “Жас Алаштың” сайтына келген бiр топ пiкiрлердi газет бетiне жариялауды жөн көрдiк.

Бұл мақаланы жазуыма түрткi болған – Мәриям апайдың “Жас Алаш” газетiнде жарық көрген (№81,11 қазан, 2012 жыл) “Туыспен алыстан сыйласқан жөн” атты мақаласы. Қазақ қыздарының қазiргi қылығы онша мәз емес. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Оқу бiтiрiп, ақыл тоқтатқан қыздардың өзi жiгiттерге былай дейдi:
“Жас Алаш” газетiнде (№68, 30 тамыз, 2012 жыл) Б.Жолды­қожа­келiнiнiң “Жаралы құсқа тас атпа” атты мақаласы жариялан­ған болатын. Бiз осы мақалада айтылған кейбiр жайттармен келiсе алмаймыз. Айтары барға редакцияның есiгi қай кезде де ашық екенi белгiлi. Газет – сот емес, ақи­қат­қа апарар жолды меңзеушi. Жаңақорған аудандық сотының 2012
Талдықорған қаласында дзюдодан ел чемпионаты аяқталды. Бес күнге созылған ел бiрiншi­лiгiне елiмiздiң барлық аймағынан 500-ден аса балуан қатысты. Бүгiнде дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкерi қызметiн шетелдiк маман Флориан Велич атқарады. Бас бапкер Жетiсу жерiнде өткен чемпионатты жiтi қадағалап, балуандарымыздың бiлек күшi мен бiлiгiн байқап көрдi.
КIМГЕ БҰЙЫРАР ЕКЕН?
11 қараша күнi “Астана Арена” стадионында футболдан Қазақстан кубогының иегерi анықталады. Кубок үшiн тартыста жартылай финалға “Астана”, “Ертiс”, “Шахтер”, “Ақтөбе” шыққан-ды. Екi ойын қорытындысы бойынша финалға керекулiк “Ертiс” пен елордалық “Астана” жолдама алған.
ЖИЫРМА ЖЫЛ БОЙЫ ҚОҚЫС ТЕРГЕН
Ендi мұны махаббат демей не деуге болады?! Ол сүйiктi жарына сыйлық әперу үшiн әр жерде орналасқан қоқыс жәшiктерiн ақтарған. Бақандай жиырма жыл бойы осылайша қоқыс терген. Сөйтiп, 3600 долларға өлiм аузында жатқан әйелiне пианино сатып алып берген. Ал әйелi Хи бұл сыйлықтан кейiн ауруынан құлан-таза жазылып кетiптi.
БАҒА ЖЕТПЕС ҚАЗЫНА
Өмiрде ана мен бала денсаулығынан қымбат нәрсе бар ма? Әрине, жоқ. Ана мен бала денсаулығы баға жетпес байлық екенi бесенеден белгiлi. Алайда жүктiлiк дұрыс өтiп, дүниеге келген бала сау болып өсуi үшiн көл-көсiр қаржы керек екенi түсiнiктi. Медициналық қызметкерлер мен құрал-жабдықтарға халықаралық жоғары талап қойылады.
Осы аптада “Альянс банк” АҚ мен Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi стратегиялық серiктестiк орнату және ұзақмерзiмдi ынтымақтастық жөнiндегi меморандумға қол қойды. Бұл меморандумға сәйкес банк пен жергiлiктi атқарушы орган ұзақмерзiмдi жобаларды бiрлесiп iске асырмақ. “Бұл құжат бiз үшiн өте маңызды.