1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (15756) 13 қараша, сейсенбі 2012
Бiр жылдық кеңесi үшiн Тони Блэрге төлейтiн 3 млрд. 840 млн. теңгеге бес мектеп салуға болар едi
Қазақстан билiгi былтырғы жылы 8 миллион фунт стерлинг төлеп, кеңесшi ретiнде жалдаған Тони Блэрдiң бүгiнде айдарынан жел есiп тұр. Елiмiзде тағы бiр жыл кеңес беруге қалған ол қызметiне сұрайтын ақысын екi есе көтерiп жiберген. Ендi Қазақстан жағы Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрiне жылына 16 мил­лион фунт-стерлинг төлемек.

Бiздiң елде жемсауын толтыруды ғана көздейтiн, құлқынының ғана қамын ойлайтындардың бар жағдайын жасап қойған ғой. Басына iс түссе, жетi ұрпағына жететiн байлығын алып шекара асып, шетел қашатындарға етiмiз өлiп кеткелi қашан. Олар үшiн ұлттық мүдде, ел тағдыры дегенiңiздiң көк тиындық құны жоқ екендiгi анық.

“Оңтүстiк – қазақтың алтын құрсағы”. Қалың қазақ тығыз қоныстанған, елiмiздегi ең халқы көп өңiр — Оңтүстiк Қазақстан облысы жайлы ой қозғағанда бұл әдемi, әсерлi теңеудi айтулы азаматтар жиi тiлге тиек етедi. Өйткенi елiмiздегi бесiкке бөленетiн әрбiр бесiншi сәбидiң кiндiгi осы өңiрде кесiлiп келедi.

Бүгiнде әлемнiң төрт көзi Жаңаөзенге тiгiлген шақ. Ол жердегi басшының да, мұнайшының да әр қадамы қоғам бақылауына iлiнген. «Жас Алаштың» назары әрдайым осы жақта. Бұл жолы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндiру» акционерлiк қоғамының бас директоры Алик АЙДАРБАЕВТЫ ашық әңгiмеге шақырдық. Бас тартқан жоқ. Керiсiнше, «жасыратын ештеңем жоқ, бәлкiм, өндiрiстi бiрге аралармыз» деген ұсыныс бiлдiрдi.

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Әбдiханұлы Бекназаровтың назарына
2011 жылғы 18 желтоқсанда ұлым Рүстем Жұбаны­шевтi бес жiгiт 54 жерiнен пышақ сұғып өлтiрiп, ауылдың сыртына шанамен сүйреп апарып тастаған. Кешкiлiк үйден шығып кеткен Рүстем әскерден келген жолдасымен кездеспек болып, көршi ауылға беттейдi.
Cоңғы 20 жылдың iшiнде ұлтымыздың 1937-38 жылдары қуғын-сүргiнге ұшыраған көрнек­тi қызметкер­лерiнiң тағдыры туралы қаншама дерек, нешеме болжамдар жарияланды десе­ңiзшi?! Солардың iшiнде Сә­кенге қатысты қоғамда үлкен қозғау тудырған мақалалар мыналар ғой деп ойлаймын: 1. И.Н.Мудров. “Сәкен Сейфуллин қалай қаза тапты?”  2. А.Туғанбаев. “Сәкен қазасы туралы тағы бiр дерек”. Осы мақала жария болысымен, сол кездегi Жезқазған облыстық партия комитетi (Шардарбеков) Қазақстан Жазушылар одағымен байланыс жасап
“Жас Алаш” газетiнiң бетiнде Мағжанның сүйегi Магаданда қалғандығы туралы былтыр бiрнеше мақала жарияланып едi. Ендi, мiне, Сәкеннiң де сүйегi Магаданда жатқандығы жазыла бастады. жақында “Жас Алаш” газетiнен Шахизада Әбiлдин есiмдi ақсақалдың “Бiз Сәкен Сейфуллиннiң сүйегiн Магаданнан қалай iздедiк?”
ОҢТҮСТIК КОРЕЯ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ БАСЫ БӘЛЕГЕ ҚАЛДЫ
Оңтүстiк Кореяның президентi Ли Мен Бактың әйелi Ким Юн Окты тергейтiн болды. Ол прези­денттiк мерзiмi бiтуге жақындаған күйеуiнiң жағдайын жасап беремiн деп дауға шатылды. Жергiлiктi бұқаралық ақ­парат құралдарының хабарлауынша, арнайы кеңес­шi Ли Гван Бум же­текшiлiк ететiн тергеу тобы мемлекет басшысының жұбайынан түсiнiк­теменi
(«Шабыт» фестивалi және жастар поэзиясы жөнiнде)
“Шабыт” фестивалi маған қазақ жырының Шалкөде жайлауы секiлдi. Осы көкорай дүниеден жаңа туған құлындай Мұқағалилар кеудесiне жүрегiн ұстап, Алаш-Анасына құсша ұшып келе жатыр. “Шабыттан” шыққан шабандоздарға бiр сәт көз салып қараңыз. Күнi ертең қазақтың қара өлеңiнiң ауыр жүгiн арқалайтын арқалы ақындар, мiне, осылар:

Таяуда Астанадағы Қазақтың Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық драма театры белгiлi жазушы-драматург Думан Рамазанның қазақ көрермендерiнiң ыстық ықласына бөленген “Кенесары – Күнiмжан” атты тарихи драмасын түрiк тiлiнде қойды. Пьесаны қазақ тiлiнен түрiкшеге аударған – Астанадағы Юнус Эмре атындағы Түрiк мәдениет орталығы. Спектакльге Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкiлеттi елшiсi Өмер Бурхан Түзел және Түркия Үкiметi жанындағы Түрiк ынтымақтастық және даму басқармасының Қазақстандағы басшысы Эврен Рутбиль бастаған Астанадағы түрiк ағайындар түгел қатысты

Чупакабра – әлемнiң әр түкпiрiндегi тұрғындар өз көзiмiзбен көрдiк дегенiмен, ғылым дәлелдемеген құбыжықтардың бiрi. Криптозоологтар кiсiкиiк пен Лохнесс құбыжығымен қоса чупакабраны iздеп жүргендерiне алпыс жылдан асты. Чупакабра – үй малдарына шабуыл жасап, қанын сүлiктей соратын құбыжық. Үй құсы мен төлдерге қырғидай тиетiн құпия құбыжық соңғы рет Беларусьтiң Старобин ауылында лаң салған.
2012 жылдың 21 желтоқсанында Жер бетiнде алапат оқиға болуы мүмкiн. Ежелгi күнтiзбелер мен сәуегейлер дәл осы күнi ғаламшарымызда әлдебiр өзгерiс болатынын болжаған. Көпшiлiк 21 желтоқсанда ақырзаман орнайды десе, ендi бiрi керiсiнше жаңа өркениет дәуiрi басталады деп сенедi. Ежелгi майялар өз күнтiзбесiнде осы күндi ерекше белгiлеп кеткен көрiнедi.
ҮСТI-БАСЫН ТҮГЕЛ ТҮК БАСҚАН ҚЫЗ
Бангкоктың 11 жастағы тұрғыны Супатра Сасупфан әлемдегi ең жүндес қыз ретiнде әлемдегi Гиннестер рекордтар кiтабына енген. Кiшкене қызды алғаш көргендердiң бiрi оның құбыжық тәрiздес бейнесiнен зәре-құты қашып қорықса, ендi бiрi керiсiнше, бейбаққа шын жаны ашиды. Бiрақ Супатра өзiнiң бұл кейпiне әбден көндiккен. Тiптi Гиннестер рекорд­тар кiтабына енгенiне дән риза.
Немiс философы, заңгер, экономист, саяси қайраткер Фердинальд Лассаль көпес отбасында дүниеге келдi. Жалғыз ұлына әкесi жақсы бiлiм бердi. Ұзын бойлы, көрiктi жiгiт сөзге де шешен едi. Жүрiс-тұрысынан да сүйкiмдiлiктiң лебi сезiлiп тұратын Лассальға Берлиннiң қыз-келiншектерi тез ғашық болып қалатын. 1864 жылы Швейцарияда жүргенде Ф.Лассаль 16 жастағы Елена атты қызды сүйiп қалады
ҚАЗАҚТЫҢ ҮМIТI БҰЛАР
Мьянмеде өтiп жатқан жасөспiрiмдер арасындағы Азия чемпионатында бiздiң өрендер толағай табысқа қол жеткiздi. Әсiресе, қыздарымыз Азия құрлығында қарсыластарынан үстем екенiн тағы бiр дәлелдеп бердi.  69 келi салмақта Надежда Ногай ел үмiтiн ақтап, Азия чемпионы атанып, қоржынымызға алғашқы алтын жүлденi салып бердi.